- •Суреттер тізімі
- •Жоба тұжырымдамасы
- •2. Өнім (қызмет) сипаттамасы
- •Өндірістер бағдарламасы
- •Маркетингілік жоспар
- •4.2 Нарықты саралау
- •3 Баға саясаты
- •Нарықты және бәсекелестерді талдау
- •Swot-талдау
- •Техникалық жоспарлау
- •Маркетинг стратегиясы
- •Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер құрамы
- •Жобаны жүзеге асыру
- •Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •Қаржыландыруды қажетсіну
- •9.1 Инвестициялар, жобаның табыстық-шығындық құрылымы және өзіндік құн
- •9.2. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын қамтамассыз ету бойынша іс-шаралар
- •Жоба тиімділігі
- •10.1. Жобаның қаржылық-экономикалық тиімділік көрсеткіштері
- •10.2 Жалпы тәуекелдерді бағалау
- •Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ықпал
Жалпы және әкімшілік шығыстар
Кесте 10– Жоба шығындарының құрылымы
Жалпы алғанда жоба бойынша күтілетін қаржылық ағындар жағымды. Жалпы ақшалай түсімнің жоспарланатын деңгейі жобаның операциялық қызметімен байланысты барлық шығындарды өтейді және жобаның қолайлы түсімділік деңгейін жорамалдауға мүмкіндік береді.
Қаржыландыруды қажетсіну
9.1 Инвестициялар, жобаның табыстық-шығындық құрылымы және өзіндік құн
Жоба бойынша қорытынды қаржы жұмсауы 210 000 мың теңге құрайды. Олардың ішінде 121 512 мың теңге (ҚҚС қоса алғанда) – бөлмені сатып алу шығындарын құрайды. 88 488 мың теңге (ҚҚС қоса алғанда) – таксоматорлы паркті сатып алу шығындары және ілеспелі шығындар (тех. тексеру, сақтандыру және т.с.с.) құрайды.
Кесте 11– Инвестициялық қаржы бөлу
Несиелік желі 4 жыл мерзіміне ашылады және жылдық 14% мөлшерінде сыйақы жорамалдайды. Несиелік желі екінші деңгейлі банктармен немесе «Даму» қорымен ашылады, өйткені берілген жобаның жүзеге асырылуы бизнес дамуын қолдауына бағытталған аталған қор жұмысының басты бағыттарымен келістірілген. Жобаның табысты бөлігі компанияның негізгі қызметінің есебінен, сондай-ақ құруға жоспарланған фитнесс, бассейн, кинозал және т.с.с. сынды қосымша объектілер есебінен қалыптасады. Жобаның қаржылық моделінің табыстық бөлігінің есебі базаның жалпы аумағы шамамен 1 га құрау есебінен жүргізілді. Табыс нормасы салықтық, пайыздық және инфляциялық күтілімдер есебімен түзетілген.
Кесте 12– Жоспарланатын табыстар
Табыс тармағы |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
Барлығы |
Нөмірлерді жалға беруден келетін табыстар (3 реттік тамақтанумен) |
172 800 |
184 896 |
197 838 |
211 687 |
767 222 |
Жаттығу залынан табысы (+500 теңге) |
7 200 |
7 704 |
8 243 |
8 820 |
31 967 |
Бассейннен түсетін табыстар (+500 теңге) |
7 200 |
7 704 |
8 243 |
8 820 |
31 967 |
Саунадан түсетін табыстар (+1000 теңге) |
14 400 |
15 408 |
16 486 |
17 640 |
63 935 |
Велосипедтер мен қайықтар мен катамарандарды жалға беруден түсетін табыстар (+1000 теңге) |
14 400 |
15 408 |
16 486 |
17 640 |
63 935 |
Бильярд залынан түсетін табыстар (+500 теңге) |
7 200 |
7 704 |
8 243 |
8 820 |
31 967 |
Кинотеатрдан түсетін табыстар (+800 теңге) |
11 520 |
12 326 |
13 189 |
14 112 |
51 148 |
Барлығы |
234 720 |
251 150 |
268 730 |
287 542 |
1 042 143 |
Осылайша, кәсіпорынның негізгі қызметінен күтілетін табыстылық жыл сайын 230 – 260 млн. теңге деңгейінде жоспарлануда. Жалға берілетін нөмірлерден түсетін күтілетін табыстылық 170-190 млн. теңге құрайды. Табыстың қалған бөлігі туристік кешеннің екінші дәрежелі сервистік қызметтерімен қамтамассыз етіледі. Жобаның шығыс бөлігіне салықтық төлемдер (жалпы шығысынан 16%), сервистік қызмет көрсету, коммуналдық төлемдер, ФОТ және өзге шы,ыстар бойынша шы,ындар жатады.
