- •Суреттер тізімі
- •Жоба тұжырымдамасы
- •2. Өнім (қызмет) сипаттамасы
- •Өндірістер бағдарламасы
- •Маркетингілік жоспар
- •4.2 Нарықты саралау
- •3 Баға саясаты
- •Нарықты және бәсекелестерді талдау
- •Swot-талдау
- •Техникалық жоспарлау
- •Маркетинг стратегиясы
- •Ұйымдастыру, басқару және қызметкерлер құрамы
- •Жобаны жүзеге асыру
- •Жалпы және әкімшілік шығыстар
- •Қаржыландыруды қажетсіну
- •9.1 Инвестициялар, жобаның табыстық-шығындық құрылымы және өзіндік құн
- •9.2. Инвестициялық жобаның қаржылық тұрақтылығын қамтамассыз ету бойынша іс-шаралар
- •Жоба тиімділігі
- •10.1. Жобаның қаржылық-экономикалық тиімділік көрсеткіштері
- •10.2 Жалпы тәуекелдерді бағалау
- •Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ықпал
Маркетинг стратегиясы
Аталған салада қызмет атқаратын көптеген компаниялар қызметтер спектрін кеңейтіп, клиенттерді тартуға тырысады. Мысалға, ойын оралықтарының қызметтері, әуе шарымен көтерілу, қорықтарда серуендеу, және т.с.с. сынды қосымша сервис түрлерін ұсынады. Аталған қызметтер спектріне қоса кейбір иеленушілер қонақүйлік үйдің толық автоматтандырылуын көздейтін «ақылды үй» сынды қосымша сервисті енгізуге тырысуда. Бұл жүріс клиенттер көпшілігінің ұстанымынан бірегей болып табылады, және клиенттердің үлкен санын қызықтыруы мүмкін. Алайда Қазақстанда, мысалы, Ресейдегідей – әйелдерге арналған демалу үйлері сынды демалу үйлерінің форматы әзірше жоқ. Қапшағай және Бурабай қалаларындағы көптеген турбазалар жаңа қызметтерді енгізбей, клиенттерге қызмет көрсетудің дәстүрлі станциясының негізгі желісімен айналысқанды қалайды. Қорық аймақтарында ашылатын базалар үлкен танымалдыққа ие, және ие болатындығын жорамалдауға негіз бар. Бұл үйлесім клиенттер үшін өте ыңғайлы болып табылады, өйткені үйреншікті демалысты өсімдіктер мен хайуанаттарды зерттеу бойынша пайдалы іспен үйлестіруге мүмкіндік береді. Жобаға жұмсалатын инвестициялар кереует-орындар санынан, қызметтер спектрінен, турбаза аумағынан, сондай-ақ көрсетілуі жоспарланған қосымша қызметтерден (спорттық құрал-сайман) тікелей тәуелді. Қызметтердің бірдейлігі компанияның танымалдығын қамтамассыз етеді және өзіндік маркетингілік құрал болып табылады. Компания жұмысының әдістерін жетілдіру мен көрсетілетін қызметтер спектрінің кеңейтілуімен қатар нарық болашағын жоба бастамашысы материалдық-техникалық базаның алынуы мен тұрақты жетілдірілуінде көреді. Материалды-техникалық базаға шаңғымен сырғанауға арналған аймақтар, спорттың қайықтық түрлері, рафтинг, картинг, дайвинг жатады, бұны іс-шаралар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Сондай-ақ компания – жоба бастамашысы, берілген облыста 6 айдан артық тәжірибесі бар, қатаң кесте бойынша жұмыс істеуге дайын, өз ісін білетін және қарапайым емес жағдайларда қолайлы құралдарды таңдай алатын қызметкерлер құрамын жалдауды жоспарлауда, ол компания имиджіне жақсы әсерін тигізеді, бұл Баянауыл ауданының дамыған нарықтық инврақұрылымында аса маңызды
Swot-талдау
Кесте 6– SWOT- талдау
Күшті жақтары |
Әлсіз жақтары |
Жаңа жабдық, жылдам қызмет көрсету, клиентке даралап тіл табу, көрсетілетін қызметтердің кең спектрі. |
Қалыптаспаған база имиджі, тұрақты клиенттердің жоқтығы. |
Мүмкіндіктері |
Тәуекелдер |
Қосымша қызметтерді енгізу, инвесторларды тарту, тұрақты клиенттер. |
Инфляция өсуі, бәсекелестердің қарқынды дамуы, қолайсыз салықтық саясат, жанармай бағасының көтерілуі. |
Техникалық жоспарлау
Алынатын жер телімінің жалпы көлемі 1 Га құрайды. Құрылыстардың жалпы көлемі 2400 ш.м. құрайды. Бұған қоса, сатып алынған телімнің территориясын саймандар, бассейн, сауналар, кинозалдар орналастырылатын арнайы құрылыстар үшін пайдалану жоспарлануда. Іргелес аумақты автокөліктік құралдардың (автотұрақ) тұруы үшін қолдану жоспарлануда. Құрылыстар ағаштан (шеген) жасалынады. Осылайша, берілген туристік кешеннің қызметін жүзеге асыру үшін барлық қажетті құралдарды сатып алу жоспарлануда. Құрылыстардың сыртқы фасады монолитті және қарауға жағымды болады. Белгіленген іс-шаралардан кейін кешеннің түстік гаммасы айтарлық тай кіршіксіз және үйлесімді шамада болады.
.
Сурет 2– Турбазаның сыртқы фасады
Үйшіктер толығымен жиһаздалған болады. Бір құрылыс нышанында әр түрлі сыймдылықты 4-тен 6 нөмірге дейін орналастыру жоспарлануда.
