Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘЛЕУМЕТТАНУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163 Кб
Скачать
☆

52.Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілерді және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсерін қарастрыңыз

Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды. Субмәдениетке  готтар, фэндом, хиппи, растофары, металист және панктер т.б ағымдар осы мәдениетті құраушы өкілдері жатады. Жастардың субмәдениетіне сондай-ақ протест, эскапизм тән боп келеді. Эскапизм дегеніміз – шындықтан қашу, яки, басына түскен қиындықтан қашқандар көбіне осы мәдениет өкілдеріне еріксіз еріп кететінге ұқсайды.  Субмәдениеттің мынадай түрлерін жіктеп көрсетуге болады:  1. Музыкалық-субмәдениет – белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай біріккен топ;  2. Арт-субмәдениет – әннен басқа өнер түріне, анимация, жалпы хобби турасында қауымдасқан топ; 3. Интернет-субмәдениеті – Интернет қауымдастық, жалпы виртуалды кеңістікте ортақ тіл табысқандар; 4. Индустриалды және спорттық субмәдениет – қалалану процесінде байланысты және футбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ.Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән үлгiлерiне, әуендерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салт-дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.Өкiнiштiсi сол, сырттан енген субмәдениеттiң кең қанат жаюына жағдай жасап, есiктi айқара ашқанымыз соншалық, соңғы кезде облыс, республика орталықтарында оның өкiлдерi бас қосуды дағдыға айналдырды. Мәселен, Павлодар қаласында 3 жыл қатарынан Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында субмәдениет өкiлдерi арнайы фестивалiн өткiздi. Бұл шараға республиканың түкпiр-түкпiрiнен жастар арадай жиналды. Бiле бiлсек, мұндай жиындар қауiптi екенiн ескерiп, қоғам алаңдауы қажет.Жалпы алғанда, Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің қаншалықты болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар) айрықша даму үстінде. Готика, эмо, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен, Ресей және басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Түрлi музыкалық жанрлармен әуестенiп, өзiндiк «стиль» қалыптастыратын, бейнесi мен келбетi арқылы ерекшеленiп тұратын, сондай-ақ, iс-қимылдарында да белгiлi бiр өзгеше тұстары бар субмәдениет өкiлдерi қоғамның толық белсендiлерi болғысы келедi. Батысқа елiктегiш жастар қазiргi заманнан қалғысы келмейдi. Олардың барлығы, яғни бейформалдық бiрлестiктер өздерiне тән шаралар ұйымдастырып отырады. Соңғы аталған ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.

53.Сұхбат әдісінің басқа әдістермен салыстырғандағы ерекшелігін және түрлерін сипаттаңызСухбат — бул сухбатшының сауалнамага жауап беруімен тікелей  байланысын  көздейтш,  белгш  жоспар  бойынша өткізілетш әнгіме. Сухбаттың негізгі ерекшеліктері, біріншіден, зерттеушінің сауалнамага жауап беруппмен тікелей байланысы (сауалнамалык пікіртерімде соган гана катысты) болса, екінші ден,  байланыстың  ауызша  түpi  (сауалнамалык  пікіртерімде байланыстың жазбаша Typi болады) болып табылады.Сұхбат

1) бағытталған диалог. Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері:клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат. Сұрақ — 1) оқушылардың, студенттердің білім деңгейін анықтау үшін қойылатын сұрау; 2) адамдар бір-бірімен қарым-қатынас барысында ойларын айқындау үшін қойылатын сұрау. Сұхбат оқушылардың, студенттердің білімін әр қырынан тексеру үшін қойылады. Әлеуметтанымдық ақпаратты жинау үшін қолданылған сұхбат әдісі зерттеушінің тұрғындармен мақсатты тікелей сұрақ-жауап жүргізу жолымен ақпарат жинау әдісі болып табылады. Бұл әдіс адамдардың пікірін, олардың мінез-құлық уәждемелерін, тілдерді меңгеру деңгейін, қоршаған ортаны, олардың діни дүниетанымын, өмірлік жоспарлары мен мақсат-бағыттарын, белгілі бір мәселе жөнінде хабардарлығын т.с.с. анықтау және бағалау мақсатында қолданылады.  Тереңдетілген сұхбат әдісі алдын ала әзірленген сценариймен және дайындалған сұрақтар бойынша жүргізілді. Әдетте тереңдетілген сұхбат сұхбаткерлерден сауалнамада ескеру қиын болатын сұрақтарға толық жауап алуға мүмкіндік береді. Сұхбаттың бұл түрінде сұхбаткерге жағымды әсер етіп, таңдап алынған тақырыпта ұзақ әрі толық пайым жасауға бағытталған техникалар мен әдістемелер қолданылады. Өз кезегінде бұл жалпы алғанда елеусіз болып көрінгенімен, зерттеу міндеттерін шешу үшін аса маңызды болып табылатын мәселелерді және сұхбаткердің көзқарастарын айқындауға мүмкіндік туғызады. Сұхбаттың бұл түрі сұхбаткермен бөгде адамдарсыз жеке кездесу немесе, зерттеу сипатына қарай, телефон арқылы жүргізіледі.