Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘЛЕУМЕТТАНУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163 Кб
Скачать
☆

26. Әлеуметтанудағы сауалнама әдісі: ауызша және жазбаша. Сауалнаманың қолданылу аясын, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырыңыз

Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты (алдын ала дайындалған сұрақтар көмегімен). Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Жалпы сауалнама нәтижелері тек ғалымдарға ғана емес, сонымен бірге өкіметтік және қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, жалпы қауымға да белгілі болады.Сауалнама әдісінің жазбаша және ауызша түрлері де бар.Респоденттермен жазбаша және ауызша сауалнама жүргізудің анкета және сұхбат деген 2 түрі бар.  Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: ундеулік, негізгі, төлқұжаттық.Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі, Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады.Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін , оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респоденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады.Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады.. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде.Әлеуметтанымдық ақпаратты жинау үшін қолданылған сұхбат әдісі зерттеушінің тұрғындармен мақсатты тікелей сұрақ-жауап жүргізу жолымен ақпарат жинау әдісі болып табылады. Бұл әдіс адамдардың пікірін, олардың мінез-құлық уәждемелерін, тілдерді меңгеру деңгейін, қоршаған ортаны, олардың діни дүниетанымын, өмірлік жоспарлары мен мақсат-бағыттарын, белгілі бір мәселе жөнінде хабардарлығын т.с.с. анықтау және бағалау мақсатында қолданылады. 

27. Анкеталық әдіс. Анкета құру техникасы мен сұрақтардың түрлерін сипаттаңызАнкеталық әдіс - қоғамдық тұрмыс пен әлеуметтік жағдайды зерттеудің нақтылы социологиялык эдісінін бірі. Анкеталық әдіс көпшіліктің белгілі бір мәселеге қатысын немесе пікірін анықтау үшін қолданылады.Анкеталық әдістің екі түрі бар: 1) интервью-анкета (анкеталарды белгілі бір адам арқылы таратып, ондағы сұрақтарға жауап алу); 2) сырттай сұрастыру (сұраққа жауап берушілер анкеталарды интервью алушылардың қатысуынсыз толтырады).Анкеталық қолдануда сұрақ қоюдың бірнеше түрі болады. 1) Дихотомиялық сұрақ (жауап берушілерден "ия", "солай", "жоқ", "олай емес" т.б. сөздердің астын сызу немесе тұсына белгі қою арқылы өзінің пікірін білдіру талап етіледі). 2) Жабық анкета (сұраққа беретін жауаптардың бірнеше нұсқалары тізіледі де, жауап беруші солардың бірін белгілеу арқылы өз пікірін білдіреді). 3) Ашық анкета (жауаптын мазмұнына ешбір шек қойылмайды) - неғұрлым мазмұнды, толық мәлімет алудын тиімді жолы.Анкеталық әдіс қолданылғанда жауап берушілердің аты-жөніне ерекше мән беріледі. Егер бұл шарт дұрыс орындалса, зерттеуде қажетті мәліметтің алынуы қамтамасыз етіледі. Анкеталық әдіс арқылы жиналған мағлұматтарды талдау кезінде алынған мәліметтердің объективтік шындыққа сәйкестігіне көп мән беріледі. Сондықтан зерттеуге тиісті әлеуметтік топтардың бір типті болуын мұқият қадағалаған жөн. Ол үшін анкеталарды таратпастан бүрын зерттелетін объектінің (әлеуметтік топ, ұжым т.б.) белгілі бір қоғам құрамындағы алатын орнын анықтау қажет және сұрақтардың қисынды болуы, соңғы сұрақтар алдыңғы сұрақтармен ұштасып, объектінің мәнін тереңірек қамтуы тиіс.Нақтылы социологиялық зерттеулерді жүргізгенде, анкеталарды қанша адамға тарату керек екендігі, зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай адамдарды сұрыптау, олардың білім дәрежесін, әлеуметтік күйін т.б. жағдайларын алдын ала анықтау, осыған байланысты анкеталар таратылатын адамдарды топтарға бөлу мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу қажет.Анкеталық әдіс қолданылғанда, синтетик, (жинақтау), демограф, (халық құрамын зерттеу) әдістер қажетіне қарай пайдаланылады. Ғылыми зерттеу практикасында анкеталық әдіс дербес қолданылмайды. Бүл әдіс нақтылы социолог, зерттеулердің басқа әдістерімен тығыз байланысты болғандықтан, соларды бірге пайдаланудың нәтижесінде ғана объектінің жан-жақты зерттелуі қамтамасыз етіледі.

28. Бақылау әдісі, негізгі сипаттамасы,оның кезеңдері мен түрлерін талдаңыз.Бақылау – оқиға  куәгерінің   оқиға  өтіп  жатқан  кездегі оқиғаны тікелей  тіркеу  әдісі.  Ол статистика  әлсіз, бастапқы  таным  пункті  ретінде  бағдарламаны  жасау  кезеңінде;  индивид  пен  топтардың  сөйлесу,  мінез-құлық  формаларын   зерттеу  кезінде  қолданылады.  Мамандар  бақылаудың мынадай  түрлерін  бөліп  көрсетеді:  бақылау  зерттеушілердің  зерттелетін оқиғаға  араласпауынсыз  жүзеге  асырылған  кездегі  қалыпқа  келтірілген  және  қалыпқа  келтірілмеген,  қосылған ( мысалы, социолог митингтің  қатысушысы  болады) және  қосылмаған. Табиғи  ортада, табиғи  жағдайда  және  лабораторияда  (  мысалы, әлеуметтік – психологиялық тәжірибелерде) жүретін  далалық  бақылау да кездеседі. Бақылаудың бірліктерін топтастыру - әлеуметтік ақпаратты бейнелеудің алғашқы және қарапайым түрі. Бақылау әдісінің қолдану аясы айтарлықтай кең - маркетингтен бастап ғылым әлеуметтануына дейін – кіші топтарды зерттеуден бұқаралық сана мен мінез-құлықты зерттеуге дейін болады. Сонымен қатар,  әлеуметтану ғылымында түйсіну арқылы ақпаратты жинау және обьект жөнінде барлық фактілерді тіркеу әдісін бақылау деп атайды. Ол қарапайым бақылаудан мынандай белгілері арқылы ерекшеленеді:

1) Нақты зерттеу мақсатында бағындырылады.

2) Белгілібір әдістеме арқылы жүргізіледі

3) Бақылаудың мәліметтері белгілі бір әдістемемен хаттамаларға, күнделіктерге көшіріледі

4) Бақылау жолымен алынған ақпараттың сенімділігі және негізділігі тексерістен өтеді.

Бақылаудың бірнеше түрлері бар. Оны жүргізу техникасына, кімді бақылау қажеттігіне орай бақылау – бақылаулық және бақылаусыздақ, яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақты жоспарына және реттілігіне сәйкес жүргізіледі. Тұрақтылығына қарай бақылау жүйелі және кездейсоқ болып бөлінеді. Жүйелі бақылауда, айталық, айдың күніндегі қимыл – әрекет ұқыпты түрде күнделікке түсіріліп отырады, кездейсоқ бақылауда ақпарат жоспарсыз жүргізіледі. Бақылаушының қолданатын әдісіне орай бақылаудың іштен және сырттан бақылау деп те ажыратылады. Іштен және сырттан ашық түрде немесе жасырын (бүркеніш) атпен жүргізуге болады.

29. Іріктеу жиынтығы, квоталық және кездейсоқ іріктеуді сипаттаңыз.Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық  және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп проблемаға қатысты бақылауға алынған бүкіл бөліктің тұтастай жиынтығын айтады. Бас жиынтық аймақтық, мерзімдік, өндірістік салаларды немесе кәсіптік, қызметтік шеңберді қамтумен шектелген. Іріктелген жиынтық бас жиынтықтың бір бөлігі бола отырып, әзірленген әдістемеге немесе іріктеліп, таңдап алу бағдарламасына сәйкес зерттелген обьектінің есебіне жатқызылады. Әлеуметтануда бас жиынтықтың сауалнамаға қатынасатын адамдарды таңдап алудың әр түрлі әдістерін сұрыптау қалыптасқан. Ол әдістер бір ғана мақсатты көздейді: іріктелген жиынтық бас жиынтықты ұдайы дамытып, жетілдіруіме, дәлірек айтсақ, репрезентативтілікпен (өкілдік) сипатталуы тиіс.Іріктеме әдістерін кездейсоқ және кездейсоқ емес деп 2 үлкен топқа бөлуге болады:

1. Кездейсоқ іріктемеге жиынтықтың әрбір мүшесі берілген нөлдік емес ықтималдықпен енуі мүмкін. Кездейсоқ іріктеме түрлері: 1) Кездейсоқ іріктеменің кең тараған түрі қарапайым кездейсоқ іріктеме. Мұнда жиынтықтың барлық элементтерінің зерттелетін іріктемеге түсу мүмкіндігі бар. Мұндай іріктемеде таңдау лотереядағыдай кездейсоқ сандар көмегімен жүргізіледі.2) Топтық іріктеме – адамдарды әр түрлі категорияға бөле іріктеп, содан соң әр топ ішінде қарапайым іріктеме жүргізіледі. 3) Стратификацияланған іріктеме – бас жиынтықты бірқатар қиылыспайтын бөліктерге (қабаттар, страталар) бөліп, әр бөлшекте қарапайым кездейсоқ іріктеме жүргізіледі. 4) Территориялық іріктеме бірлігі ретінде территориялар (аудан, бөлімше) алынады. Басты жиынтық қиылыспайтын көп бөліктерге бөлінеді. Олардың әрқайсысында кездейсоқ іріктеме жүргізіледі.

2. Кездейсоқ емес іріктемеде жиынтықтың кез келген элементін енгізу ықтималдығын бағалау мүмкін емес. Кездейсоқ емес іріктеменің түрлері: 1) Еркін іріктеме – мұнда элементтер жоспарсыз стихиялық түрдетаңдалынады. Бұл әдіс өте қарапайым және шығынды аз қажет етеді. 2) Арнайы іріктемеде – зерттеуші іріктеме элементтерін мақсатқа сәйкес таңдайды. 3) Квоталық іріктеме – іріктеме элементтерінің үлесі зерттелетін популяция үлесіне сәйкес келуі қажет. 4) Типтік іріктеме – мәліметтерді белгілі бір типтік элементтерден жинау немесе халықтың белгілі бір категориясын зерттеу. Іріктеуді  анықтау – социологиялық  зерттеу  кезіндегі  бірден-бір  күрделі сәттердің  бірі (жұмыс  гипотезасын  әзірлеумен  қатар),  өйткені  ол  объектінің  бүкіл  элементінің    ерекшеліктері  мен  ара  қатынастарын  қатаң  көрсетуі  тиіс. Іріктелген жиынтық – берілген  ережеге  сәйкес  қатаң  іріктеліп  алынған  басты  жиынтық  элементтерінің  белгілі – бір саны.  Зерттеуге  жататын  ( сауалнама,  интервью алу және с.с ) іріктелген  жиынтықтың элементтері ( респонденттер,  талданатын құжаттар  және с.с ) талдау  бірлігі  болып  табылады.  Олар  жекелеген  адамдар  да,  сол  сияқты  тұтас  топтар  да  (студенттік ), жұмыс  ұжымдары  да  болуы  мүмкін. Ең  бірінші  кезекте  барлық  топқа  тән  элементтер іріктеу  бірліктері  деп  аталады.  Осы  әдісті  негізінен  механикалық  іріктеме  деп  атайды.  Мұндай  іріктеме  кезінде  іріктеу  10, 20, 50  және т.б  адам  арқылы  жүргізілуі  мүмкін. Ірітілетіндер  арасындағы  аралық  іріктеу  қадамдары  (таңдау  қадамдары) деп  аталады.    Іріктеме  мақсатты  болуы  да  мүмкін,  мұнда  зерттеуші  адамдарды  топты  зерттеудің  қойылған  мақсаттарына  орай  сауалнама  үшін  іріктеп  алады.  Кездейсоқ  іріктеу  -  халық  құрылымының  әрбір  элементі  оған  біркелкі ықтималдылықпен  қосылуы  мүмкін.  Әрине, іріктеу  көлемі  репрезентация  қателігіне әсер  етеді.  Іріктеу  шамасы  қаншалықты  көп болса,  ықтимал  қателесу  соншалықты  аз  болады.   Үлкен  іріктеумен  сауалнама  жүргізу  өте  қымбатқа  түседі,  мамандардың  дәлелдеуінше,  басты жиынтықтың 10%-ін  іріктеме  жиынтыққа  қосу іс  жүзінде  өзін-өзі  ақтаған.  Мұндайда  респонденттердің ( ағылш. Response – жауап ) саны 2-2,5 мың адамнан  аспауы  тиіс.  Телефонмен сауалнама  жүргізу кезінде  миллион  тұрғыны  бар  қалада  300  адамға  сауалнама  жүргізсе  жеткілікті.  Шағындау  қалаларда  іріктеме  көлемі  150-200  адам  болса  да  болады. Басты  жиынтықтың  сипаттамасынан  анық  ауытқулардан  қашқан  жөн.  Мұндай  жағдайда  зерттеу  нәтижелері  жалған  болуы мүмкін.    Социологиялық зерттеу жүргізуде ұғымдық аппараттарды, яғни зерттеу тілін әзірлеудің маңызы зор. Мұндайда маңызыды ерекшеліктер негізгі ұғымдарда түсіндіру рәсімі болып табылады, осы ұғымдар арқылы олар оның мазмұның сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді. Ғылыми талдау және теориялық бағалау нәтижелері, әдетте, жинақталады және ғылыми есепте баяндалады. Мұнда алынған зерттеу нәтижелерінің мәніне теория мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі

30. Эксперимент әдісі және оның ерекшеліктерін, түрлерін қарастырыңыз .Эксперимент әдісі ойлауды зерттеулерде жеткілікті кең қолданыс тапты. Ол арнайы жағдайлардағы зерттеліп отырған құбылыстың белсенді түрде қайта жаңғыруын қамтамасыз етеді, бұл ойлау процесінің ашылуына әсер ететін факторларды айқын анықтауға, зерпттеудің жағдайларын қайталауға және онымен статистикалық мәліметтерді жинақтауға, жағдайларды түрлендіруге және сонымен себеп–салдарлық қатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Мысал ретінде жасанды түсініктердің (әр түрлі модификациялардағы) қалыптасуы, сондай-ақ шешуге берілген ойлау тапсырмаларын шешуде көмек сөздерді қолданумен байланысты тәжірибелер алынуы мүмкін.Эксперимент табиғи және лабораториялық болады. Мәні бойынша, табиғи эксперимент оқытудың жаңа әдістерін енгізу жағдайлары, ғылыми зерттеуде жаңа приборларды қолдану жағдалары болып табылады. Барлық саналуандықта бұл жағдайларға бір жалпы ерекшелік тән: оларда ойлау іс- әрекеттің мәнді өзгеруіне жағдайлар жасалады. “Табиғи эксперименттің” өзіне тән нұсқалары адамның ойлау іс-әрекетіне мәнді өзгерістер енгізетін ауру, ми жұмысының бұзылуы болып табылады.Эксперименттерді жүргізуде зерттелушінің эксперимент жағдайына реакциясын, оның эксперинтатормен қарым–қатынасын ескеру маңызды.Лабораториялық та, табиғи да эксперименттерді қалыптастырушыға және тұжырымдаушыға бөледі. Қалыптастырушы эксперименттер, өз кезегінде, қалыптасу процедурасының бағытталғанымен ажыратылуы мүмкін: бір жағдайда операциялық–техникалық жаққа, ал екіншісінде–қажеттіліктік– мотивациялыққа. 

 31.Девиантты мінез құлық әлеуметтануының зерттеу саласын сипаттаңыз.Ч.Ломброза, Э.Дюркгейм, Р.Мертон, С.Шелдон концепцияларындағы девиантты мінез құлықтың шығу себептерін көрсетіңіз.Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды. Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.  Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметттік санкцияға жатқызылады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасынадағы қатынасқа(өтірік, дөрекілік) байланысты түзетулер девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және қатысушыларлың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады. Мұнда евиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі(қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі) Сондықтан мінез құлықты кең және шағын мағынада алып қарастырады. Тар мағынада алғандағы  девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын,яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтіе ауытқулар ретінде түсініледі. Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құлыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру-девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез құлық деген атқа ие болады. Бұл екі мән де социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады. Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа жатады. Мұндай мінез құлыққа ұрлық, алаяқтық, тонау,пара, құжаттарды қолдан жасау, өндірістік шпионаж жатады. Заңды социологияда халықтың мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөліп көрсете алады. Оларға, мысалы қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады. Потология-әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады, оған: қылмыс, маскүнемдік,нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар дисфункционалды, оларға қоғамға бүтіндей және нақты жеке тұлғаға зиян әкеледі.  Құқық бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы-қылмыс өзінің әркелкілігімен, сондай-ақ қоғамдағы келеңсіз көрінісімен тіпті қауіптілімен ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға социологиялық тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын,себебің және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттасқан қоғамдық құбылыстармен байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жодарын айқында.

Адамдардың мінез-құлқына қоғамдық үрдістер мен əлеуметтік топтардың ықпалы, ең алдымен, əлеуметтік тəсіл аясында қарастырылады. Бұл бағыттың ең танымал өкілдері: О.Конт, Г.Тард, А.Кетле, Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т. Парсонс, Р. Мертон.Аномия теориясында Э. Дюркгейм əлеуметтік девиацияны алғашқы болып толық түсіндірген  "Аномия» термині француз тілінен аударғанда «заңның, ұйымдастырудың жоқтығы» деген мағынаны білдіреді. Бұл ескі нормалар мен құндылықтар шынайы қарым-қатынастарға сай келмеген, жаңалары əлі бекітілмеген əлеуметтік бос кеңістіктің — əлеуметтік тəртіпсіздікті туғызу күйін түсіндіреді. Бұл теорияны ол өзіне-өзі қол жұмсау болмысы  туралы классикалық зерттеуінде қолданады (1897).Ғалымның пікірінше, өзіне-өзі қол жұмсаудың саны тұлғаның ішкі қасиеттеріне ғана байланысты емес, адамдарды басқаратын сыртқы себептерге де байланысты. Э. Дюркгейм əлеуметтік ауытқулардың объективті табиғатына еш күмəнданбағаны соншалықты, ол қылмысты «əдетті жағдай» деп пайымдады. Оның пікірінше, əдетті құбылыстың даусыз белгілері бар басқа ешқандай құбылыс жоқ, «қылмыс қоғамның барлық түрінде кездеседі…қылмыс деңгейі адамзаттың дамуымен азаймайды». Осылайша Э. Дюркгейм əлеуметтік ауытқуларды қоғамның нормативті-құндылықтарының шырқы бұзылуының салдары ретінде қарастырады. Оның ойлары əртүрлі əлеуметтік топтар мен əлеуметтік күштердің арасындағы қарама-қайшылықты девиантты мінез-құлықтың басты себептері деп есептейтін зерттеушілердің еңбектерінде жалғасын тапты, мысалы: жаңашылдық пен кертатпалық новаторлық пен консервативтік. Р. Мертон, Э.Дюркгеймнің ең көрнекті өкілдерінің бірі, девиантты мінез-құлықты — мəдениетпен анықталатын ұмтылыстар мен оларды қанағаттандыру құралдарын беретін əлеуметтік құрылымның арасындағы келіспеушіліктің нəтижесі ретінде қарастырады. Мəселен, қазіргі американ мəдениетінде ауқаттылық  идеясы басым, бұл өз кезегінде сəттіліктің жоғары индивидуалды маңызын анықтайды. Əлеуметтік нормалар арқылы мəдениет мақсаттарды ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар оларға же-тудің заңды тəсілдерін де анықтайды. Сонымен, егер адам табанды еңбек етсе, оның «американдық арманы», əйтеуір, бір орындалуы тиіс. Жетістікке жету үшін барлық адамда жағдайлар бірдей емес, бірақ олар кездесетін кедергілерге бірнеше тəсілдің көмегімен бейімделе алады. Бұндай бейімделу тəсілдерін Р.Мертон анықтап көрсетті:

-Конформизм (əлеуметтік тұрғыдан мақұлданған мақсаттар мен оларға қол жеткізу тəсілдерін толық қабылдау);

-Инновация (мақсаттарды қабылдау, оларға жетудің заңды тəсілдерінен бас тарту);

-Ритуализм (берілген немесе үйреншікті тəсілдерді олқы қайталап қолдану);

- Ретризм (əлеуметтік нормаларды орындаудан пассивті бас тарту, мəселен, нашақорлық);

- Бүлік (белсенді бүлік — əлеуметтік нормаларды мойындамау).

тарихы бар. ХІХ ғасырда итальяндық  дəрігер-психиатр əрі криминалист Чезаре Ломброзо (1836—1909) биосоциологиялық теория ұсынды, бұл теорияда ғалым адамның қылмыстық іс-əрекетін оның анатомиялық құрылымымен байланыстырды. Басты назар аударылған объектілер: бас сүйегі, ми, мұрын, құлақтар, шаштың түсі, татуировка, қолтаңба, терінің сезімталдығы, қылмыскерлердің психикалық қасиеттері. Уильям Шелдон (1898—1984) темперамент түрлері (жəне мінез-құлық) арасындағы, сонымен қатар, адамның соматикалық құрылымының түрлері арасындағы байланыстарды анықтады. Ғалым дене бітімнің үш түрін бөліп көрсеткен: эндоморфты, мезоморфты, эктоморфты. Дене бітімнің бұл үш түрі темпераменттің: висцеротония, соматотония, церебротония секілді үш түрімен байланысады.

32.Мәдениет әлеуметтануының құрылымы және негізгі элементтерін қарастырыңыз.Субъмәдениеттің қазіргі қоғамдағы көріністерінің пайда болуы мен ерекшеліктерін сипаттаңыз “Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның  қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:Әлеуметтік институт ретінде мәдениеттің құрамы күрделі, ол   туралы әр түрлі көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – мәдениет негізгі төрт элементтен тұрады деген пікір. Біреуі - адамдардың қоршаған ортада бағдарға алатын түсініктері мен ұғымдары. Екіншісі – адамдардың қарымқатынас деңгейі, яғни кеңістік мен уақыттағы өзара байланыс деңгейі. Үшінші – құндылықтарға қатынас, яғни адам нені және қалай игеру қажет. Төртінші – белгілі бір мәдениеттің құндылықтарына сәйкес адамдардың мінезқұлқын реттейтін нормалар мен ережелер. Ал Ресей әлеуметтанушы Геннадий   Иванович Козырев мәдениетті төмендегідей құрылымдардан тұрады деп есептейді:

1. Сана – бұл адамдарды басқа мақұлықтардан айыратын басты белгі. Сана (жады, ойлау) адамға әлемді, бүкіл қоршаған ортаны және өзін ғана танытып қоймайды, сонымен қатар өзі де білім және тәжірибемен толығады, бар жинаған құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізеді.

2. Қоршаған әлемді бағалай білу, қабылдау және оны игеру әдістері. Адамның жануарлардан айырмашылығы өзінің де, басқаның да әрекеттері мен ниетін жақсы не жаман деп бағалай алатындығында.

3. Тіл – адами қарымқатынастың ойлаумен бірліктегі аса маңызды көрінісі. Бұл - коммуникацияның дыбыстар мен симболдардан тұратын ерекше жүйесі. Тіл - мәдениетті сақтаудың, келер ұрпаққа оны жеткізудің  негізгі құралы. Тілдің бірлігі жалпы мәдениеттің бірлігі  сияқты адамдардың тұтаса түсуіне игі ықпал етеді. Сондайақ тілдің бөлектігі адамдар арасындағы өзара жек көру мен алауыздықтың себептері де болуы мүмкін. Сол себепті тіл мәселесінің өте нәзік екенін қандай бір қоғам мүшелері болмасын жақсы білгені, тиісінше көңіл бөлгендері жөн.  

4. Қызмет – бұл адамдардың өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатындағы, қоршаған әлемді  және өз табиғатын өзгертуге бағытталған саналы әрекет.

Мәдениеттің негізгі элементтері

Мәдениеттің негізгі элементтерінің ең бастысы және осыған сәйкес басты атқаратын қызметі таным, яғни таңба-символдық элемент болып саналады. Халықта «күш-білімде» деп босқа айтылмаған.Білім әр уақытта белгілі бір ұғымдар, түсініктер, т.б. арқылы қалыптасып, тілде  көрініс тауып, анықталады. Тіл-адамзаттың білімі мен тәжрибені сақтап, оны  ұрпақтарға жеткізу құралы. Ол адамның  ой-пікірін және адамдардың бір-бірімен  байланыстыратын құрал. Танымды  білдіретін әрбір таңба, символдың, элементтің өзінше маңызы бар. Осы таңбаларды, символдарды адам оқу, тәрбие прцестерінде біліп ұүйренеді, сонан кейін  оларды жаңа мәлімет, хабар арқылы сақтауға, өзгертуге, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа  мирас етіп қалдырып, жалғастырып  отыру үшін қолданады.Мәдениеттің екінші элементі-ол құндылық, танымдылық жүйесі. Құндылық деп, әрбір қоғамдағы  әлеуметтік субъектінің (адамдардың немесе әлеуметтік алуан түрлі топтар мен  жіктердің, бірлікткрдің) мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілектерін, қажеттілігін қанағаттандырытын құбылыс, процестердің, т.б. қасиеттерін айтамыз.Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі - фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады.

33.Іріктеу  әдісі: іріктеу, жиынтық, бас жиынтық, іріктелген жиынтық. Аталған іріктеу түрлерін мысал келтіре отырып талдаңызІріктеу әдісі - объектінің потенциалды жиынтығының (негізгі жиынтықтың) бір бөлшегін зерттеуге арналған және нәтижелері объектінің барлық жиынтығына тарайтын ақпарат алудың әдісін айтады.Іріктеуді жобалау: негізгі жиынтықтың құрамы мен шекарасын анықтау (тұтастай немесе іріктеулі зерттеу); іріктеудің түрін анықтау (кездейсоқ, квоталы, ұялы, қарапайым және көпсатылы); іріктеудің көлемін анықтау; іріктеудің шектеулі қателерін есептеу (репрезентативтілік); объектіні таңдау технологиясын анықтау.

Репрезентативтілік (өкілеттілік) - негізгі жиынтықтың мазмұнын көрсететін іріктеудің қасиеті.Іріктеудің көлемін анықтайтын формулалар: п=2

n =(0,25t2N)/(А2N+0,25t2),

Бұл жерде n - дегеніміз іріктеуші жиынтық;

N - негізгі жиынтықтың көлемі;

Т2 - арнайы кестелермен анықталатын іріктеудің шектеулі кателерінің және сенуге болатын ықтималдылықтың саны;

А - іріктеудің шектеулі қателері;

Әлеуметтанудагы ipіктеу әдісі туралы сурактарды ашатьш негізгі ұғымдык аппараттарды аныкгап керейік.Жиынтык — бул салыстырмалы турде олар туралы корытынды жасагымыз келетін кез-келген адамдар тобы, уйымдар, 6iзді  кызықтырушы окигалар.Heгізгі жиынтык — бул зерттелуге жататьш адамдардьң кез-келген топтары. Мысалы когамдык пікір туралы мониторингтің  бастапкы косьшдысы - республикадагы кәмелетке толган барлык тургындар.Іріктеу — сараптау үшін бөлініп  алынган объектілер косындысының топшасы.Іріктеуді  негіздеу ушін бастапкы жиынтык туралы толык акпарат алу кажет. Бул статистикалык жинактар,әртурлі облыстык бөлімшелер (жумыспен каматамасыз ету орталыктары) болуы мумкш.Іріктелген  жиынтык - катан турде бершген ереже бойынша ірктелген бас жиынтык элементтерінің белгілі 6ip саны. Зерттеу сәтінде ол бас жиынтыктьщ микромоделін курайды, ягни ipiктелген жиьштык непзі зерттелетін касиеттері жэне бакьлану белгілері бойьшша негізгі жиынтык курылымымен сэйкес келуі тиіc. Әр зерттеудің өзінің объектісі  болады, ал объект ол зерттелетін проблеманың  иелері. Зерттеу объектісі жалпы  жияынтықты құрайды, оның көлемі кең  және күрделі болуы мүмкін. Сондықтан, іріктелген жиынтықты құру керек.Іріктеудің көлемі  зерттеудің аналитикалык міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі - багдардьщ максаттык  устанымымен аныкталады. Ipiктеу колемі — бул зерттелшетш респонденттердің жалпы саны. Зерттеудің ipiKTeyi репрезентативтілік иринцишне жауап 6epyi кажет. Іріктеудің репрезентативтілігі — зерттеу міндеті тургысынан манызды, іріктеудің бас жиьштык параметрлерін керсете білу касиеті. Іріктеудің репрезентативтілігі деген ол жалпы   жиынтықтың барлық параметрлері бойынша  іріктелген  жиынтықтың сәйкес  келуі. Іріктеудің жалпы жиынтыққа  сәйкестендірілуі іріктеу қатесі  деп аталады. Іріктеу  қатесінің  шектеулері зерттеудің мақсатына  байланысты. Іріктеу қатесінің көлемі  зерттеудің сенімділігі  анықталады.Жоғары сенімділік – іріктеу  қатесі  3% дейін, қалыпты –  3 – тен 10% дейін (көбінесе 5%), жақындатылған   – 10 – нан  20% дейін және  бағыттаушылық – 20-дан 40% дейін.  Сынау зерттеулерде іріктеудің  қатесі жақындатылған  немесе бағыттаушы болса, аналитикалық  және бейнелеу  зерттеулерде кем  дегенде қалыпты болуы тиіс (5%).

Әлеуметтануда  келесідей ipiктеу  эдістері колданылады. Механикалыи, ipiктеу әдісі — бас жиынтыктан тен арадан  кейін кажетті респонденттер саны ipiктелініп  алынады (мысалы, әрбір ойыншы).Сериялық  ipіктеу adici — бас жиынтык 6ipкелкі бөлшектерге белшеді  жэне әр белшектен пропорционалды зерттеу 6ipліктеріi теріліп алынады. Ұялық зерттеу adici - терілу бірлігі ретінде дара респонденттер емес, одан әрі тутастай сауалнамаланатын  топтар болады.Heгізгі  массив adici - бул бас жиынтыктын 60-70% -н сауалнамалау.Квоталық ipiктеу  adici — ipi бас жиынтыкга колданылатын негурлым курделі әдіс.Квоталык ipiктеу — бул берілген пропорцияга сәйкес накты сипаттамалар жиынтыгы бар адамдарды ipiKTey.Квоталык ipiKTey әдісі — респондентгерді тандап алудагы  6ipнеше белгілерді  анықтауды кажет етед1 (мысалы, төрт — жынысы, улты, жасы, білімi, элеуметік-кәсіптік статусі). Бул әдіс зерттеу басталганга дейін негізгі жиынтыктын бакылану белплері  жайындастатистикалык  мәліметгер болган жагдайда колданылады. Барлык бакылану белгілері жайындагы  мәліметтер квота ретінде, ал олардың белгілі-бір сандык мәндері — квота параметрлері ретінде болады. Квоталык ipiктеуде интервьюерлер респондеттерді максатты турде квота параметрлерін сактай отырып таңдап алады.Ipiктеу жиынтығының  элементтерінің  кaжeттi белгілірінің курылымын пайыздык салмакта негізгі жиынтык элементтерінің бөлшектенуінің курылымына тен, пропорционалды етіп калыптастыру кажет. Ойланып жэне жауапты курылган іріктелген жиынтык — зерттеудеп оның табысты өтуіне  ыкпал етуш мацызды  этаптардыц 6ipi.