Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӘЛЕУМЕТТАНУ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163 Кб
Скачать
☆

56.Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз

Білім беру өзінің құрылымы бар шағын жүйені көрсетеді. Негізгі элементтер ретінде әлеуметтік қауымдастық, әлеуметтік ұйым ретіндегі оқу-тәрбиелеу мекемесін (оқытушылар мен оқушылар) және әлеуметтің мәдени іс-әрекетінің түрі ретінде оқу процесін көрсетуге болады. Білім жүйесі мына принциптер бойынша құрылады, әрі бірнеше буындардан тұрады: мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі, жалпы білім беру мектебі, кәсіби-техникалық білім, жоғары оқу орыннан кейінгі кадрларды қайта даярлау мен біліктілікті жоғарылату жүйесі, т.б.Мектепке дейінгі мекемелер. Мектепке дейінгі мекемелердің адам тәрбиесінің, оның еңбекқорлығы мен басқа қасиеттерінің негізін қалау процесінде маңызы зор. Қоғамның маңызды институттарының бірі ретінде мектепке дейінгі мекемелердің әлеуметтік қызметтерін былай бөліп көрсетуге болады:Жас баланың тән және психологиялық денсаулығын қорғау және нығайту;Балалардың білім алуға, жан-жақты дамуға және мектепке оқуға жалпы мәдени психологиялық құқығын жүзеге асыру;Құрдастары ортасында әлеуметтік мінезін қалыптастыру (балалар ұжымында, қарым-қатынаста және белсенді өзара әрекеттесуде):Қоршаған әлеуметтік орта мен отбасының даму мүмкіндігінің шектелген себебі бойынша дамуды айрылғандардың орнын толтыру;Әйелдер мен балалардың тұлғалығын жетілдіру және қоғамдық еңбек үшін қолайлы жағдай жасау;Мектепке дейінгі және келесі өмір барысында баланың тұлға болып қалыптасуы мүддесі үшін ата-анамен және үлкен адамдармен психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-ағартушылық жұмыс.Мектеп. Мектептегі оқытудың тек балалардың жартысын ғана қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден айырмашылығы баршаға ортақтығында. Барлық жастарға орта білім беру мекемесін бітіруге мүмкіндік пен кепілдік беріледі. Жастар орта білім алған соң еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласады. Әлеуметтендіру институты ретінде мектептің рөлі әрқашан айтарлықтай жоғары болған, алайда индустриялы өндірісте ата-аналардың жұмыспен қамтылуы мен екі ұрпақтық отбасыдан қарапайым отбасыға өтуіне байланысты отбасының тәрбиелік рөлінің төмендеуі себебінен ол одан да ұлғая түседі.Жалпы білім беру мектебін аяқтау жас бала үшін болашақта өмірлік  жолын, мамандығын, айналысатын іс-әрекетін таңдауды білдіреді. Мектеп бітірушісі осы нұсқалардың біреуіне тоқтала  отырып, кәсіби білімнің қандай да бір  түріне жоғары баға береді.Кәсіби  техникалық білім өндірістің қажеттіліктерімен, жастарды өмірге жедел әрі тезірек енгізу нысанымен тікелей байланысты. Кәсіби-техникалық дайындық әр түрлі шығындарға қарамастан, білім алудағы маңызды арна болып қала береді. Білім беру әлеуметтануы үшін білім алушылардың білім себебі, оқытудың тиімділігі, оның мамандық жоғарылатудағы рөлі мен халық шаруашылығындағы мәселелерді шешудегі рөлі маңызды.Жоғары  білім беруге келетін болсақ, әлеуметтану үшін жастарды оқыту түрлерінің әлеуметтік мәртебесін анықтау, болашақтағы ересек өмірдің мүмкіндігі мен рөліне баға беру, қоғамдағы субьективті талпыныс пен объективті қажеттілігінің сәйкестігі, дайындықтың сапасы мен тиімділігі маңызды.Білім қоғамдық өмірдің барлық саласымен байланысты. Экономика  білім беру саласының материалдық  базасын анықтайды, оның мазмұнын пәндер құрылымы, мамандық және мамандану  тұрғысын, жоспарын негіздейді. Саяси  сала, сондай-ақ, білім жүйесіне тікелей  әрекет жасайды. Қоғамдағы режимге (демократиялық және тоталитарлық) және оның түрлеріне (ашық және жабық) байланысты білім беру жүйесінің  мазмұны мен оған сәйкес келетін  құрылымдары қалыптасады. Сонымен  бірге әлеуметтік-мәдени орта макро- және микро- деңгейде білім берудің  барлық жүйесіне әсер етеді. Бұл жерде  әңгіме қоғам мен отбасының өнегелі  және діни құндылықтары жайлы болып  отыр.Қазақстандағы білім беру жүйесі қазір өзінің элементтері  мен буындарына қатысты негізгі  өзгерістерді бастан кешіруде. Мемлекеттік  оқу орындарымен бірге баламалы, жеке меншік оқу орындары пайда болды. Білімнің нұсқалық нысандарын таңдау мүмкіндігі кеңеюде. Дәстүрлі бұқаралық  мектеппен бірге бір бағыт  ұстанған сыныптар мен пәндерді тереңдетіп оқытатын лицейлер, гимназиялар, колледждер, мектептер пайда болып келеді. Тегін білім беру жүйесімен қатар, барлық буындарда бала-бақшадан университетке  дейін ақылы білім беру өмір сүріп  келеді.