- •7.О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы ретіндегі үлесін, еңбектерін, қарастырған мәселелерін талдаңыз
- •8. О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз.
- •12.М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы талдаңыз
- •15. Г.Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі.
- •17.Экономикалық әлеуметтанудың пәні мен объектісі және атқаратын қызметтерін қарастырыңыз
- •25. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасын, оның құрылымы мен функцияларын жан-жақты талдаңыз.
- •26. Әлеуметтанудағы сауалнама әдісі: ауызша және жазбаша. Сауалнаманың қолданылу аясын, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырыңыз
- •34."Әлеуметтік мобилділік" терминін ғылымға п.Сорокин енгізіп, бұл түсінікке анықтама берді. Осы терминге анықтама беріп, әлеуметтік мобилділіктің тұрлерін бөліп көрсетіп, сипаттаңыз
- •35.Ауытқушылық мінез-құлық -үш форманы қамтиды:девиантты, деликвентті және криминалды мінез-құлық. Осы ауытқушылық мінез-құлықтың әрбіреуін жан-жақты талдап, өзара салыстырыңыз
- •40.Қазіргі уақытта қоғамда орын алып отырған отбасылардың тұрақсыздығына қандай факторлар әсер ететіндігін нақты дәлелдемелер, статистикалық мәліметтер арқылы қарастрыңыз
- •42. Анкетада қолданылатын ашық және жабық сұрақты көрсететін 3 мысал келтіріп жазыңыз (ашық сұраққа -3, жабық сұраққа – 3 мысал келтір).
- •43. Социологиялық бағдарламаның негізгі бөлімдерін құрайтын 2 бағаналы кесте құрыңыз. 1-ші бағанада негізгі бөлімдері, 2-ші бағанада сол бөлімдер сипаттамасына талдау жасаңыз.
- •51.Тұлғаның әлеуметтенуіне әсер ететін агенттеріне мысал келтіре отырып, жеке-жеке талдау жасаңыз.
- •52.Субмәдениет түсінігі және түрлері. Қазастанда субмәдениетті алып жүрушілерді және олардың қоғамдық ортаға тигізетін кері әсерін қарастрыңыз
- •54.Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
- •55.Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудің негізгі социологиялық аспектілерін талдаңыз
- •56.Мектепке дейінгі, орта білім, кәсіби техникалық және жоғарғы білім беру деңгейлеріне талдау жасаңыз
- •57.Тұлғаның әлеуметтену кезеңдерін атаңыз және әрқайсысына мысал келтіре отырып, сипаттама беріңіз
54.Эксперимент әдісінің қоғамда орын алып отырған белгілі-бір құбылысқа жүргізілуіне мысал келтіріп, талдау жасаңыз
Эксперименттік әдіс. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеушінің керекті құбылыстың көрініс беруін тосып отырмай, оны туғызатындығы. Эксперименттік әдістің 2 түрі бар:Лабораториялық эксперимент – арнаулы жағдайда, жайда өткізіледі. Табиғи эксперимент – табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді. Әңгімелесу әдісі. Бұл әдісті қолданғанда мақсатын алдын-ала анықтау қажет. Негізгі сұрақтарды дайындау қажет. Әңгіменің негізгі мазмұнын, мәнін сақтай отырып, берілген жауаптарға сәйкес оларды түрлендіру қажет. Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бұл әдіс адамның шамасы, дағдылары, жұмысқа деген қабілеті, білім деңгейі сияқты психикалық еркешеліктерін анықтайды.Анкета әдісі. Зерттелушілерге бірқатар сұрақтарға жауап жаздырады. Тест әдісі. Ағылшын тілінен енген сөз («сынақ») деген мағына білдіреді. Арнайы дайындалған, стандартталған сұрақтар тізбегін тест деп атаймыз.Интроспекция әдісі. Адамның өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, зерттеу жүргізуі.Егіздерді зерттеу әдісі. Егіздер 2 түрлі болады:
– бір жасушадан жаралған;
– екі жасушадан жаралған.
Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау және эксперименттің зерттеу әдістерін негіздеу мен сыналушыларға сипаттама.Зерттеудің теориялық талдауында біз отбасы, отбасылық шиеленіс, этностық құндылықтармен отбасылық қарым-қатынасты ғылыми негіздеп көрсеттік. Осы орайда, біз өз зерттеулерімізде нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындауды мақсат етіп қойдық.Жастардың отбасылық өмірге деген қатынасын анықтау арқылы болашаққа жоспарды құра білу дағдыларын дамыту бүгінгі күні өзекті болып отыр. Жастар сезімнің шырмауында қала беріп, алып-ұшпа көңілден жоспарсыз, яғни отбасын құрмай жатып балалы болып, оның өміріне жауапкершіліксіздік танытып жатқанын қазіргі ақпарат көздерінде көріп, өмірде куә болып жүрміз. Осы орайда, халқымыздың «жетімін жылатпаған» деген даналық сөзі еріксіз ойыңа келеді. Сондықтан жастарды ұлтымыздың қасиетті құндылықтарымен тәрбиелеп, өмірге бағыттау басты мәселелердің бірі болып табылады.Біздің зерттеумізде эксперимент үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде студент-жастардың отбасылық өмірге дайындығы психодиагностикалық әдістер арқылы зерттелді. Бұл кезеңде «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасы, «Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы, «Отбасында эмоциялық қатынасты анықтау» әдістері пайдаланылды. «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» сауалнамасының авторы К.Ғ. Жүнісова Елшібаева. Біз сауалнаманы зерттеу мақсатымызға орай модификациялап (авторлық) пайдалануды жөн санап отырмыз.«Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасы авторы Э.Г.Эйдемеллер және В.Юстицкис (2000) Әдістеменің мақсаты: Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көзқарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау.«Отбасында эмоциялық қатынасты анықтау» әдістемесі. Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген бір-біріне сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Тұлғаның қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады.Екінші кезеңде біз жастардың отбасылық құндылықтары анықталды. Мұнда төмендегі әдістемелер пайдаланылды:Эссе жазу: «Менің елесімдегі отбасылық өмір»;Үшінші кезеңде отбасылық психотерапия элементтері арқылы жастарды өмірлік жоспар құруға және отбасын құруға психологиялық жағымды қатынас орнату үшін төмендегі тренингтер ұйымдастырылды:«Менің отбасым –қазір және ертең»;
«Отбасын ойнайық»жаттығуы; «Өзінің болашақ отбасы жайлы түсініктері» жаттығуы;«Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.Біз жоғарыда зерттеу жұмысының бағытын анықтап, әдістемлерге сипаттама беріп өттік. Біз зерттуе жұмысымыздың сынлаушыларына студенттік кезеңді таңдадық. Студенттік шақ адам тұлғасының қалыптасуында аса маңызды кезеңі болып саналады. Ересектік кезеңге өту, тәуелсіздіктің басты баспалдағы осы студенттік кезеңнен бастау алады. Әрине, бұл кезең тәрбиелік қатынаста қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Педагогика және психология ғылымында студенттердің ерекшеліктерін зерттеу әртүрлі мазмұнда және сипатта жүзеге асып келеді. Эксперимент барысына сипаттама және оның нәтижелеріне талдау.Эксперимент барысына сипаттама беріп, осы бөлімде жүргізілген зерттеулерге талдау жасауға көшеміз. Эксперимент жүргізу жоспарлы түрде жүргізілді. Эксперименттік алаңға өзіміздің университетіміз алынды. Экспериментке қатысушы респонденттерге музыка-педагогикалық факультетінің «Педагогика және психология» мамандығының 3-4 курс студенттері (80 қатысушы) таңдалды. Респонденттер жоғары белсенділікпен қатысты. Оларға моральдық-психологиялық жағдайлар жасалды. Эксперимент тапсырмалары мен материалдары жеке таратылды. Нұсқау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жоғарыда атап кеткендей бұл кезеңде үш әдістеме пайдаланылды. Эксперименттің бірінші кезеңі 2011 жылдың қыркүйек- қазан айларында студенттерінің отбасылық өмірге дайындығы бойынша психодиагноситкалық зерттеулер арқылы жүргізілді. Келесі кезекте біз әрбір психодиагностикалық зерттеулерге талдау жасаймыз. Бірінші әдістеме К.Ғ. Жүнісова-Елшібаеваның «Сіз отбасын құруға дайынсыз ба?» атты 13 сұрақтан тұратын сауалнамасы жүргізілді. Бұл сауалнама студент-жастардың отбасын құруға қаншалықты дайын екендігі анықталды. Тапсырманы орындау барысында әрбір сұрақ бойынша пайыздық көрсеткіштері анықталып, оны баллдық жүйеге келтіріп алып отырмыз.
