Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НВИЭ ШПОР.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

15. Термоэлектрикалық түрлендіргіштер.

Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына түрлендіру Зеебек эффектісіне негізделген. Зеебек эффектісі 1821 жылы ашылған. Егер химиялық құрамы әр-түрлі екі өткізгіштің шеттерін жалғап, жалғанған жерлерін әр-түрлі температуралы жерге орналастырсақ, олардың арасында термоэлектрқозғаушы күш пайда болады: E=α (T1-T2) , T1- ыстық жалғанған жердің абсолюттік температурасы, T2- суық жалғанған жердің абсолюттік температурасы, α-пропорционалдық коэффициент

Өткізгіштер бойында І ток пайда болады, ыстық жалғанған жер қызған көзден Q1=αT1I жылуды алады, ал суық жалғанған жер төментемпературалы денеге Q2=αT2I жылуды береді. Сонда екеуінің арасындағы жылудың айырмашылығы: L=α(T1-T2)I, Вт.

ПӘК: η= - термоэлектрикалық түрлендіргіштің ПӘК-і.

Термоэлектрикалық түрлендіргіштің ПӘК-і Карно циклінің ПӘК-імен сәйкес келеді.

Негізгі ПӘК: η=ηоэ , ηоэ<1

Термоэлектрлік генераторларда жартылай өткізгішті термоэлементтерді тізбектей жалғауға болады.

16. Күнмен жылу қамтамасыз ету жүйелерінің классификациясы.

Күн сәулелі жылыту жүйелері деп жылу көзі ретінде күн радиациясының энергиясын қолданатын жүйелерін айтады. Басқа төмен температуралы жылу беру жүйелерінен сипаттамалық айырмашылығы – арнайы гелиоқабылдағыш элементтің қолданылуы болып табылады. Гелиоқабылдағыш күн радиациясын қабылдауға және оны жылу энергиясына түрлендіруге арналған.

Күн радиациясын қолдану тәсіліне байланысты төмен температуралы жылу берудің күн сәулелі жүйесі пассивті және активті болып бөлінеді.

Пассивті деп күн сәулелі жылыту жүйесі аталады, онда күн радиациясын қабылдайтын және оны жылуға түрлендіретін элемент ретінде ғимараттың өзі немесе оның жеке қоршаулары қызмет етеді (ғимарат-коллектор, қабырға-коллектор, шатыр-коллектор және т.б.

Активті деп төмен температуралы жылу берудің күн сәулелі жүйесі аталады, онда гелиоқабылдағыш ғимаратқа қатысы жоқ жеке тәуелсіз құрылғы болып табылады.

17.Күн энергиясын пайдаланатын транспорт жүйелері

Күн энергетикасы (Гелиоэнергетика; гр. helios — күн, жәнеэнергетика) — күнэнергиясынәртүрліамалдарарқылы (электрэнергиясын жәнежоғарытемпературалыжылуөндіретін гелиоэлектростанциялар, күнэлементтері менбатареялары, үй-жайларды, жылыжайдыжәнет.б. жылытумақсатыментөментемпературалыжьшуалуүшінқолданылатынкүн коллекторлары жәнет.б.) пайдалану. Мысалы, БатысЕуропадатұрмыстакүнколлекторынпайдалану.  Күн батареялары мен фотоэлементтерден бөлек Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын адамзат ойлап тапқан құрылғыларға Күн коллекторлары, Күн электр станциялары, гелиожүйелер, т.б. жатады.Сондай-ақ бүгінгі кезде фотоэлементтерді әр түрлі көлік түрлеріне – қайықтарға, электромобильдерге, гибридті автокөліктерге, ұшақтарға, дирижабльдерге, т.б. орнату мүмкіндігі бар. Италия мен Жапония сияқты мемлекеттерде фотоэлементтерді темір жол поездарының шатырына орналастырады. Соның ішінде Solatec LLC компаниясы  Toyoto Prius гибридті автокөлігінің шатырына орналастыруға арналған жұқа қабыршақты фотоэлементтерді сатумен айналысады. Жұқа қабыршақты фотоэлементтердің қалыңдығы 0,6 мм ғана