- •1.Бейдәстүрлі және жаңартылмалы көздері түсінік
- •2. Дәстүрлі энергия көздерінің типтері
- •3. Дәстүрлі энергия көздерінің жақсы жақтары мен кемшіліктері
- •4. Жылу электр станциясы(жэс) классификациясы
- •5. Гидро электр станциялары классификациясы
- •6. Ядролық реакторлардың типтері және ерекшеліктері
- •7. Бейдәстүрлі және жаңартылмалы энергия көздерінің келешегі
- •10.Қазақстандағы актуалды бейдәстүрлі және жаңартылмалы көздері
- •11. Әлемдегі жаңартылмайтын көздер қорлары
- •8. Жаңартылмайтын энергия көздері түсінік, классификация
- •9.Жаңартылмалы көздері, жақсы жақтары мен кемшіліктері
- •12.Бейдәстүрлі және жаңартылмалы көздері қоры.
- •13.Дүние жүзіндегі экологиялық проблема және Киот протоколы
- •14. Күн энергетикалық қондырғылардың классификациясы
- •15. Термоэлектрикалық түрлендіргіштер.
- •16. Күнмен жылу қамтамасыз ету жүйелерінің классификациясы.
- •17.Күн энергиясын пайдаланатын транспорт жүйелері
- •18.Фотоэлементтің жұмыс принципі және вас-ы
- •20. Концентрациялайтын Күн энергетикалық жүйелер
- •21. Бу турбиналы Күн энргетикалық станциясы
- •23. Желдердің пайда болу табиғаты. Желдердің түрлері
- •24.Желдердің потенциалы және желге бай аймақтар
- •25.Шет елдердің жел энергиясын пайдалану тәжірибелері
- •26.Қазақстанда жел қондырғыларын пайдалану ерекшеліктері
- •27.Жел қондырғыларының кластары қозғалтқыштары бойынша
- •28. Жел қондырғысының схемасы мен жұмыс принципі.
- •29. Идеалды жел қондырғысының теориясының негізгі шарттары
- •30.Жел қондырғыларының жұмыс істеу режимдері
- •31.Желдің энергиясын пайдалану перспективалары
- •32.Жел қондырғыларының теріс құбылыстары және экологиялық проблемалары
- •34.Геожылу аудандарының классификациясы
- •35.Геожылу энергияны пайдалану артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •36. Геожылу энергиясын пайдалану әдістері мен әрекеттері.
- •37.Жылумен қамтамасыз ету жүйесінде геожылуды пайдалану әдістері
- •38.Жылу ауысқышпен геожылу энергиясымен қамтамасыз ету приципиалдысхемасы
- •39.Параллельді контурлы геожылу энергиясымен қамтамасыз ету принципиалды схемасы
- •40.Қарапайым геожылу станциясының схемасы
- •41.Төменде қайнайтын затпен геожылу станциясы
- •42. Бір контурлы гео жылу станциясы және ерекшеліктері
- •43.Екі контурлы гео жылу станциясы және ерекшеліктері
- •44.Екілік энергия көздерін(еэк) пайдалану әдістері
- •Бейдәстүрлі және жаңартылмалы көздері түсінік
29. Идеалды жел қондырғысының теориясының негізгі шарттары
Идеалды жел қондырғыда:
айналу осі параллель
қалқандарының саны шексіз, ауданы кіші
қанаттың кедергісі ноль, циркуляция тұрақты
қалқанның кез келген жерінде ауаның жылдамдығының мәні тұрақты
бұрыштық жылдамдық шексіздікке ұмтылады.
XX ғасырдың басында Н.Е. Жуковский жел қондырғысы теориясының негізін қалады, осы теорияны негіздей отырып әлсіз желдің ырғағынан жұмыс істелетін жоғары өнімді жетілдірілген желагрегаттардың конструкциялары жасалынды, барлық елдің ғалымдары мен самолет жасаушы конструктор мамандары өз үлестерін қосты.
Қорыта келгенде, идеалды жел қондырғысының классикалық теориясынан келесі мәндер шығады:
энергияны
пайдалану коэффицентінің максимал мәні
=0,593
жел
дөңгелегінің қимасына құлайтын жылдамдық
30.Жел қондырғыларының жұмыс істеу режимдері
Параметрге байланысты жел қондырғысының
немесе бұранданың жұмыс істеу режимдері:
а<0 , η теріс болады. Бұл тарту күші пайда болатын авиациялық пропеллер режимі. Бұл режимде, осьтік жүктеме жел бағытына қарсы бағытталады да, аппаратты алға қаай тартады;
0<a<0.5 , η диапазонында оң болады және максимум мәніне жетеді. a=0 u1=u0 болғанда η=0 . Бұл режим жүктеме болмаған кездегі жел дөңгелегінің еркін айналу режимі.Қондырғыға жүктеме түскенде u1 азайып,қуат коэф оңға озгереді.Максимум мәнге a=1/3 u1= 2*u0/3 болғанда жетеді.Ал a=1/2 мәнінде сызықты теория бойынша оське түсетін жүктеме максимум мәніне жетеді және айналу моменті CТ =1 болады.
0,5<a<1 болғанда η әрдайым 0 ге дейін төмендейді.Тәжірибеден коргенимиздей a=0,5 мәнінде турбулентті ағысты режимнің басы деп санауға болады.Ол режимде айналу жиілігінің жел жылдамдығынан сызықтық тәуелділігінің жойылу салдарынан қуат коэф төмендейді.
31.Желдің энергиясын пайдалану перспективалары
Қазіргі уақытта әлемде жел энергиясын пайдалану үлкен жолға қойылып отыр оның көшбасшысы АҚШ, мұнда жел энергетикалық қондырғылардың (ЖЭҚ) саны шамамен 18 мың, қуаты 1500 МВт құрайды. Қуаттылығы бірнеше кВт-тық жел электр станциялары (ЖЭС) АҚШ-та, Данияда, Ұлыбританияда, Канадада, Германияда, Швецияда, Нидерландыда, Францияда салынған. Қазақстан териториясында жел ресурстары бар аймақтар жеткілікті. Кейінгі мәліметтерге қарағанда жонғар және Қаратау аймақтарында желдің энергетикалық ресурстары өте жоғары. Міне осы салада ғылыми-техникалық ізденіс жұмыстары кеңінен жүргізілетін болса болашақта Қазақстанның энергетикалық тәуелділігін төмендетуге және экономикалық мәселесін шешуге толық мүмкіндік бар.Европалық жел станциялары желдің орташа жылдамдығы 4-5 м/с болғанда жұмыс істей бастайды, ал Қазақстанда орташа жел жылдамдығы 8-10 м/с болатын 10 аймақ бар. Жоңғар қақпасындағы жел тұратын аймақтың ұзындығы 20 км және ені 10-15 км болатын тау аралық алқапты құрайды. Күшті және ұзаққа созылған дауылдар көбінесе жылдың суық кезеңінде байқалады.
32.Жел қондырғыларының теріс құбылыстары және экологиялық проблемалары
Ең алдымен жел қондырғыларының жұмысы теледидар желісіне кері әсерін тигізді. Берілген мәліметтер бойынша, қуаты 0,1 МВт болатын жел энергетикалық қондырғысы 0,5 км-дегі теледидар дабылын бұзады екен.
Жел қондырғысының тағы бір кемшілігі интенсивті инфрадыбыстық шуды шығарудың қайнар көзі болып табылады, ол адам ағзасына кері әсерін тигізеді, әрдайым еңсенің түсуі мен себепсіз қолайсыздыққа әкеледі. АҚШ-та жел қондырғысының үлкен мөлшердегі эксплуатациясы кезінде, осы шуға төзе алмай станция орналасқан аудандардағы құстар мен аңдар орын ауыстырады, бұдан жел станциясы орналасқан территория адамға да, құстарға да, аңдарға да өмір сүруге қолайсыз болып келеді деп тұжырым жасалынады.
Бірақ осы энергия түрінің негізгі кемшілігі жел жылдамдығының өзгергіштігі – бұл төмен интенсивтілік, яғни жел қондырғысын орнату үлкен территорияны қажет етеді. Мамандардың есептеуі бойынша, қолайлы жел дөңгелегінің диаметрі 100 м болуы керек.
33.Геожылу энергиясы көздерінің түрлері
Геотермиялық ресурстар төрт топқа жүйеленеді:
1)жер асты құрғақ бу – бұл ресурстар тез ортаға бейімделеді, бірақ сирек кездеседі;
2)жер асты ылғалды бу – кең таралған, бірақ коррозияға және құрамындағы тұз мөлшерінің ұлғаюына байланысты ортаға бейімделу қиындықтар тудырады;
3)жер асты ыстық су – ресурстары үлкен және негізінен жылулық шаруашылықта жылу беру мақсатында қолданылады;
4)құрғақ тау жынысының жылуы – ресурстары үлкен, бірақ қолдану технологиясы әлі алғашқы сатыда.
Жиналған термиялық су мінездемесі бойынша жарықшалы жыныстар және қыртыс түзеді. Термиялық судың жарықшалы жынысары таудың қабатты аймақтарында кездеседі және жергілікті термиялық қайнар көзімен және температурасы 370 К-нен жоғары бугидротермиясымен сипатталады. Термиялық судың қыртысы құрлықтық платформаларда, қисық майысқан жерлерде және тау ойыстарында болады. Мұндай бассейндер жүз мыңдаған және миллиондаған шаршы километр аудандарды алып жатуы мүмкін.
