Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НВИЭ ШПОР.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120 Кб
Скачать
☆

18.Фотоэлементтің жұмыс принципі және вас-ы

Фотоэлемент — электрондар ағыны немесе электр тогы жарық арқылы басқарылатын электрондық прибор.  Оның жұмыс принципі металдан (калий, барий) немесе жартылай өткізгіштен жасалған электродтың (фотокатод) бетіне электрмагниттік сәуле түсіргенде фотоэффект құбылысының пайда болуына негізделген. Фотоэлементтің сыртқы фотоэффект және ішкі фотоэффект құбылыстарына негізделіп жасалған түрлері бар. Сыртқы фотоэффектіге негізделген фотоэлементте (электрвакуумды фотоэлемент) жарық әсерінен электрондар шығаратын фотокатод пен электрондарды жинағыш анод вакуум немесе газ толтырылған баллонға орнатылады.Фотосезгіш қабат шыны баллонның ішкі бетіне немесе баллон ішіне орнатылған металл пластинканың бетіне жалатылады. Түсетін жарық ағынының (фотондардың) әсерінен катодта фотоэлектрондық эмиссия (электрондардың ұшып шығу құбылысы) пайда болады. Сөйтіп, электрондар ток көзінің оң полюсіне жалғанған анодқа қарай қозғалады да, тізбек тұйықталады.

20. Концентрациялайтын Күн энергетикалық жүйелер

Шоғырландырғыш гелиоқабылдағыштар

Шоғырландырғыш гелиоқабылдағыштар сфералық немесе параболалық айналардан тұрады, параболоцилиндрлер (9 – сурет), өңделген металдан жасалған, олардың фокусына жылуқабылдағыш элементі (күн сәулелі қазан) орналастырылады, ол арқылы жылутасығыш айналады. Жылутасығыш ретінде суды немесе қатпайтын сұйықтарды қолданады. Түнгі уақытты және суық кезеңде суды жылутасығыш ретінде қолдану кезінде міндетті түрде оның қатпауын алдын-алу үшін жүйені босатады.

Қабылдау және күн сәулелі радиацияны түрлендіру процестерін жоғары тиімділікті қамтамасыз ету үшін шоғырландырғыш гелиоқабылдағыш әрдайым міндетті түрде Күнге бағытталады. Осы мақсатта гелиоқабылдағышта қадағалау жүйесімен жабдықталады, ол (қадағалау жүйесі) күнге бағыттау датчигінен, сигналдарды түрлендірудің электронды блогынан, екі жазықтықта гелиоқабылдағыш конструкциясын қайталауға арналған редукторы бар электроқозғалтқыштан тұрады.

21. Бу турбиналы Күн энргетикалық станциясы

1-гелиостат, 2-башня, 3-солнечный котел, 4-теплоаккумулятор, 5-трубопровод острого пара, 6- трубопровод питательной воды.

Гелиостат айнасы арқылы жиналған күн сәулесі котелда фокусталады. Гелиостат көкжиектегі күн қозғалысының ізін анықтайды. Әр гелиостатың айнасы бірнеше квадрат метрді құрайды, олар күн сәулесін тікелей котелдің жылу алмастырғашына бағыттайды. Онда 510градуста бу шығарады. Бу паропровод арқылы электроэнергиясын шығаратын машинный залға барады)) за перевод без обид ахаха Гелиостат айналары қымбат болғандықтан,бұл қондырғы да қымбат.

1985 жылы АҚШта гелиостат айнасының орнына диаметрі 1,5 м болатын пленка қолданылып табылды, пленканың асты вакуум болғандықтан ол параболалық форма тәріздес. Бұл ойыс айналар күн сәулесін бу турбиналы қондырғының су қызатын және буланатын трубаларға фокустайды.

Әр-түрлі қуатты бу турбиналы қондырғылар Франция мен Италияда жасалған. Гелиймен жұмыс істейтін жабық газ турбиналы қондырғылардың проекттері жасалуда. Жылу тасығыш гелийдің параметрлері: Т=600градус , P=0,8МПа. Қондырғының ПӘК-і: 25%

22. Күн коллекторлық жылыту жүйелері Ерте кезден бастап адамзат Күн сәулесін су жылыту мақсатында пайдаланды. Көпшілік Күн энергиясын түрлендіретін жүйелердің жұмысы күн коллекторларына негізделеді. Коллектор Күн энергиясын жұтып, оны жылуға айналдырады. Ал, содан кейін жылу ары қарай сұйықтық немесе газ арқылы тасымалданып, кейін ғимараттарды жылыту, су жылыту, электр энергиясын генерациялау, шаруашылық өнімдерін кептіру, тамақ дайындауға пайдаланылады. Күн коллекторларын жылу пайдаланатын кез келген орында қолдануға болады.

Күн коллекторларының түрлері Қарапайым күн коллекторы ғимараттардың шатырына орнатылған құбырлар немесе металдан жасалған пластина арқылы күн сәулесін жинақтайды. Әдетте оларды қара түске бояп қояды, оның себебі, қара түс өзінің спектрлік қасиетіне орай жарықты және жылуды өзіне жақсы тартады. Жылу мөлшерін көбейту үшін құбырларды көбінесе шыны конустарға орнатып, сәл оңтүстікке бұрып қояды. Немесе басқаша айтсақ, күн коллекторлары бұл жылыжайлардың шағын үлгісі, шыны астында жылу жиналады да, кейін ол суды жылытады. Ал, түсетін сәуленің мөлшері арту үшін коллектордың ауданы үлкен болғаны тиімді.