Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

Пәннің жекелеген тақырыптарын оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар

1 Тақырып. Талап қоюмен іс жүргізу

Талап өндірісі құқық қорғаудың ең негізгі түрі, ал талап арыз өндірістің осы түрін қозғаудың құралы болып табылады.

Талап өндірістің ерекше белгілері – құқық жөніндегі дау және тараптар.

Талап өндірісінің ерекшеліктері -материалдық-құқықтық талап; құқық жөніндегі дау; екі тарап.

Талап - әр мүдделі тұлғаның бұзылған не даулы құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін қорғайтын процессуалдық тәсіл.

Талаптың нысанасы – даулы құқықтық қатынастардан туындайтын және ол туралы соттың шешімі қажет талапкердің жауапкерге деген нақты материалдық-құқықтық талабы.

Талаптың негіздемесі – талапкер өзінің материалдық-құқықтық талабың дәлелдейтің нақты заң фактілері.

Тараптар теңдігі қағидасына сәйкес жауапкер көрсетілген талап арызынан қорғалатын тәсілдерге ие:

  • талапқа қарсылық білдіру;

  • қарсы талап қою.

Талапқа қарсылық білдіру – ол талапты материалды- құқықтық не процессуалдық тарапынан жоққа шығаратын жауапкердің дәлелдері.

Талаптың ұғымын, талап қою құқығың қалыптастырып, анықтау

Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9

Бақылау жұмысы

1 Талап өндірісінің түсінігі және маңызы

2 Талап, оның түсінігі, элементтері және түрлері

3 Талапты өзгерту, талаптан бас тарту

2 Тақырып Сотта азаматтық істі қозғау

Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі. Арыздың мазмұны:

1) арыз берілетін соттың атауы;

2) талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;       3) жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер жауапкер ұйым болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері;       4) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қаупінің мәні;т.б. (АІЖК 150 бабы).

Судья талап арыз түскен күннен бастап бес күн мерзімде оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқылы.  Талап арызды қабылдай отырып, судья азаматтық іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

Азаматтық істі қозғаудың тәртібін қалыптастыру.

Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9

Бақылау сұрақтары

1 Талап арыз және оның реквизиттері.

2 Талап арызды қабылдау. Талап арызды қабылдаудан бас тарту.

3 Талап арызды қозғалыссыз қалдыру.

4 Талап арызды қайтару.

3 Тақырып Істі сотта қарауға әзірлеу

Істі сотта қарауға әзірлеудің түсінігі, мақсаты, міндеттері және мерзімдері.

 Арызды қабылданғаннан және азаматтық істі қозғағаннан кейін судья оны уақытылы және дүрыс шешуді қамтамасыз ету мақсатымен сотта іс қарауға істі әзірлейді. Сотта іс қарауға істі әзірлеудің әрбір іс бойынша міндетті міндеттері мыналар: 1) істі дұрыс шешу ұшін маңызы бар мән-жайларды айқындау; 2) тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуға тиісті заңды анықтау; 3) іске қатысатын адамдардың құрамы мен процестің басқа да қатысушылары туралы мәселені шешу; 4) әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау.     

Сотқа қатысушы адамдар, олардың өкілдері, сондай-ақ куәлар, сарапшылар, мамандар және аудармашылар сот отырысыныңнемесе жекелеген іс жүргізу әрекеттерін жасаудың уақыты мен орны туралы хабарландырылады және соттыңшақыру қағааздарымен сотқа шақырылады.

Істі сотта қарауға әзірлеудің тәртібін қалыптастыру.

Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9

Бақылау сұрақтары

1 Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу – азаматтық іс жүргізу құқығыны сатысы ретінде

2 Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен жасайтын іс жүргізушілік әрекеттері

3 Істі сотта қарауға тағайындау