- •Пәнді меңгеру жөнінде әдістемелік нұсқамалар
- •Пәннің жекелеген тақырыптарын оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1 Тақырып. Талап қоюмен іс жүргізу
- •2 Тақырып Сотта азаматтық істі қозғау
- •3 Тақырып Істі сотта қарауға әзірлеу
- •4 Тақырып Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау
- •5 Тақырып Бірінші сатыдағы соттың актілері
- •6 Тақырып Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім
- •8 Тақырып Соттардың ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарауы
- •9 Тақырып Бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығы
- •7 Тақырып Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы
- •10 Тақырып Апелляциялық сатыдағы және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
- •11 Тақырып Сотта қадағалау тәртібімен іс жүргізу
- •12 Тақырып Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау
- •13 Тақырып Соттың жойылған сот ісін және атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қайта қарау
- •14 Тақырып Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу
- •15 Тақырып Сот актілері мен өзге органдардың актілерін орындау
- •Глоссарий
13 Тақырып Соттың жойылған сот ісін және атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қайта қарау
Азаматтық іс бойынша толық не бөлігінде жойылған, шешім шығару немесе қысқарту арқылы аяқталған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді сот осы бөлімде белгіленген тәртіппен жүргізеді. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы іс іске қатысушы адамдардың не прокурордың арызы бойынша қозғалады. Сот ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз даудың мәні бойынша шешім не іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарым шығарған сотқа беріледі.
Жойылған атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз атқарылатын жеріндегі сотқа беріледі.
Жойылған сот ісін және атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қайта қарау тәртібі жөніндегі білімдерін қалыптастыру.
Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 11; 12
Бақылау сұрақтары
1 Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз беру тәртібі
2 Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қарау тәртібі
3 Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз бойынша сот шешімі.
14 Тақырып Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу
Шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар мен халықаралық ұйымдар (бұдан әрі - шетелдік тұлғалар) өздерінің бұзылған немесе дау айтылып отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқылы. Шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және ұйымдарымен бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін орындайды. Соттарда шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша сот ісін жүргізу осы Кодекске және өзге де заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу тәртібі жөніндегі білімдерін қалыптастыру.
Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 11; 12
Бақылау сұрақтары
1 Шетелдік тұлғалардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
2 Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық іс
жүргізуге әрекет қабілеттілігі
3 Шетелдік тұлғалар қатысатын істер бойынша Қазақстан Республикасы
соттарының құзыреті.
15 Тақырып Сот актілері мен өзге органдардың актілерін орындау
Сот актілері мен өзге органдардың актілерін орындау азаматтық іс жүргізудің сатысы ретінде. Атқарушылық өндірістің органдары. Соттың атқарушылық өндірістегі рөлі. Атқарушылық өндірістің тараптары мен өзге қатысушылары, олардың процесуалдық құқықтары мен міндеттері. Атқарушылық өндірісті тоқтата тұру және жою. Атқарушылық өндірістің аяқталуы.
Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 11; 12
Бақылау сұрақтары
1 Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау сатысының түсінігі, мерзімдері
2 Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қараудың процессуалдық тәртібі
3 Істі қайта қарау туралы сот ұйғарымы
Глоссарий
Азаматтық процесс |
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексімен реттелген азаматтық істерді талқылау және шешу жөнінде сот пен азаматтық процестің субъектілерінің арасында пайда болатын құқықтық қатынастар және процессуалдық іс-әрекеттер |
Азаматтық іс жүргізу құқығы |
азаматтық істерге сот төрелігін атөарған кезде сот және процестің басқа қатысушылардың арасында пайда болатын азаматтық іс жүргізушілік әрекетін және құқықтық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларының жүйесі |
Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптерi |
ол азаматтық іс жүргізу құқық саласының маңызы мен бірлігін білдіретін құқықтық негіздері |
Азаматтық іс жүргізушiлiк құқықтық қатынастарының түсiнiгi |
Азаматтық іс жүргізушiлiк құқығы нормаларымен реттелетін азаматтық істерді талқылап, шешу жөнінде сот және басқа іске қатысушы тұлғалардың арасында пайда болатын қоғамдық қатынастар |
Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі |
талап қоюшы және жауапкер |
Iс жүргiзуге тең қатысудың түсiнiгi |
талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін |
Тиісті емес жауапкердің түсінігі |
талап қойылған, бірақ талап бойынша жауап беруге тиісті емес адам |
Олардың түрлері |
даудың насанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшiншi түлғалар және даудың насанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшiншi түлғалар |
Соттағы өкілдіктің өкілеттіктері |
көлемі және ресімделуі. Соттағы өкілдіктің өкілеттіктерінің көлемі: өкіл өкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқылы |
Соттағы өкілдіктң өкілеттіктерінің ресімделуі |
өкілдің өкілеттіктері заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта көрсетілуге тиіс |
Ерекше |
берілген азаматтық іс тек қана сотпен қаралып, шешілуі мүмкін деп белгілейді |
Балама |
құқықтық дау заң бойынша тек сотпен ғана емес, басқа да органдармен шешілуі мүмкін (әкімшілік, аралық соттар, нотариат органдарымен) |
Шартты |
кейбір даулар немесе басқа құқықтық мәселелер сотта шешілу үшін, ең алдымен соттан тыс тәртіппен шешілуге тиіс |
Топтық соттылық |
істердің сот жүйесінің әрбір бөлігіне жататын соттарға соттылығы |
Аумақтық соттылық |
істің сотқа соттауға жатқызылуы осы сотың әрекеті жайылатын аумаққа байланысты |
Соттық дәлелдеу |
соттық дәлелдмелер көмегімен істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайлардың не заң деректердің бар не жоғын анықтауға жіберілген субъектілердің іс-әрекеті |
Сот дәледеудің мақсаты |
азаматтық істің мән-жауларын анықтауы болып табылады, яғни дәлелдемелер көмегімен заң деректерідің бар не жоғын анықтау |
Талап |
әр мүдделі тұлғаның бұзылған не даулы құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін қорғайтын процессуалдық тәсіл |
Талаптың нысанасы |
даулы құқықтық қатынастардан туындайтын және ол туралы соттың шешімі қажет талапкердің жауапкерге деген нақты материалдық-құқықтық талабы |
Талаптың негіздемесі |
талапкер өзінің материалдық-құқықтық талабың дәлелдейтің нақты заң фактілері |
Материалдық маңызда |
ол материалдық-құқықтық талапты жауапкерге күштеп орындатуға құқығы |
Процессуалдық маңызда |
ол соттың қорғауы үшін сотқа жүгіну құқығы |
Талапқа қарсылық білдіру |
ол талапты материалды- құқықтық не процессуалдық тарапынан жоққа шығаратын жауапкердің дәлелдері |
