- •Пәнді меңгеру жөнінде әдістемелік нұсқамалар
- •Пәннің жекелеген тақырыптарын оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1 Тақырып. Талап қоюмен іс жүргізу
- •2 Тақырып Сотта азаматтық істі қозғау
- •3 Тақырып Істі сотта қарауға әзірлеу
- •4 Тақырып Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау
- •5 Тақырып Бірінші сатыдағы соттың актілері
- •6 Тақырып Сырттай іс жүргізу және сырттай шешім
- •8 Тақырып Соттардың ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарауы
- •9 Тақырып Бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығы
- •7 Тақырып Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы
- •10 Тақырып Апелляциялық сатыдағы және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу
- •11 Тақырып Сотта қадағалау тәртібімен іс жүргізу
- •12 Тақырып Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау
- •13 Тақырып Соттың жойылған сот ісін және атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арызды қайта қарау
- •14 Тақырып Шетелдік құқық субъектілері қатысатын істер бойынша іс жүргізу
- •15 Тақырып Сот актілері мен өзге органдардың актілерін орындау
- •Глоссарий
7 Тақырып Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қарауы
Мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлау немесе сайлану, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азамат, қоғамдық бірлестік, сайлау комиссиясының мүшесі АIЖ 3-тарауы мен басқа да заңдарда белгіленген соттылыққа жататын іс бойынша арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Соттардың ерекше талап қоюмен жүргізілетін істерді қараудың тәртібі жөніндегі білімдерін қалыптастыру.
Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9
Бақылау сұрақтары
1 Ерекше талап қоюмен іс жүргізудін түсінігі
2 Ерекше талап қоюмен қаралатын істерді талқылаудың тәртібі
8 Тақырып Соттардың ерекше іс жүргізу тәртібімен істерді қарауы
Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:
1) заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы; 2) азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы; 3) азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы; 4) азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы; 5) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы; 6) жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы; 7) азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы; 8) нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша; 9) бағалы қағаздар көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарын қалпына келтiру туралы; 10) бала асырап алу туралы iстер жатады. Соттардың ерекше тәртіппен жүргізілетін істерді қараудың тәртібі жөніндегі білімдерін қалыптастыру.
Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9
Бақылау сұрақтары
1 Ерекше өндірістің түсінігі
2 Ерекше өндірістегі істерді қарау тәртібі
3 Ерекше тәртіпте қаралатын істредің тізімі
9 Тақырып Бұйрық арқылы іс жүргізу және сот бұйрығы
Сот бұйрығы өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады.
Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Ол бойынша өндіріп алу бұйрық берілгеннен кейін және сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Сот бұйрығы: 1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе; 2) егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса; 3) егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе; 4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса; 5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса; 6) егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса; 7) егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса; 8) егер кепіл беруші-борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу туралы ломбардтың талабы мәлімдеген болса, шығарылады.
Бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібі жөніндегі білімдерін қалыптастыру.
Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9
Бақылау сұрақтары:
1 Сот бұйрығының негізінде берешекті өндіріп алу
2 Сот бұйрығын шығару туралы арыздың нысаны мен мазмұны
3 Сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері
4 Сот бұйрығының мазмұны
