Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
+Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133 Кб
Скачать
☆

10 Тақырып Апелляциялық сатыдағы және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу

Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің мәні және маңызы

Заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешiмдерiнен басқа, бiрiншi сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және олара теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардық прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.

Шағымдар, наразылықтар шешім, қаулы шығарған сот арқылы беріледі (келтіріледі). Шағым, наразылық сот түпкілікті түрде шешім шығарғаннан кейін он бес күн ішінде берілуі (келтірілуі) мүмкін.

Апелляциялық өндірістің ұғымын қалыптастыру.

Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9

Бақылау сұрақтары

1 Заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау сатысының ұғымы

2 Сот актілерін апелляциялық тәртібінде қайта қарау

3 Апелляциялық сатысы сотының шешімдері

11 Тақырып Сотта қадағалау тәртібімен іс жүргізу

Соттық қадағалау тәртібімен сот актілерін қайта қарау сатысының мәні және маңызы.

Қадағалау тәртібімен азаматтық істі себептер мен негіздер болған жағдайда ғана АIЖ 385-бабының екінші бөлігінде аталған прокурорлар және АIЖ 393-бабында аталған судьялар тиісті соттан тексеру үшін талап етуі мүмкін. АIЖ 385-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдардың шағымдары, өтінімдері, сол сияқты прокурорлардың өз құзыреті шегіндегі бастамасы істерді талап етуге себеп болып табылады.

Қадағалау өндірістің ұғымы жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 12

Бақылау сұрақтары

1 Қадағалау сатысынын түсінігі

2 Қадағалау шағымды алдын ала қараудың тәртібі

3 Қадағалау тәртіпте сот актілерін қайта қараудың себептері мен негіздері

4 Қадағалау сатысы сотының шешімдері

12 Тақырып Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау

Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қараудың негіздері.   Заңды күшіне енген шешімдер, ұйғарымдар мен қаулылар жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін. Шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін: 1) арыз берушіге белгілі болмаған және белгілі бола алмаған іс үшін елеулі мән-жайлар; 2) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз шешім шығаруға әкеп соққан, куәнің көрінеу жалған жауаптары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс аудармау, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы; 3) заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкілдерінің қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол істі қарау кезінде жасаған қылмысты әрекеттері; 4) белгілі бір шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығаруға негіз болған сот шешімінің, өкімінің немесе қаулысының не өзге де орган қаулысының күшін жою негіздер болып табылады.

Заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөніндегі өндірістің ұғымы жөніндегі білімдерін қалыптастыру.

Әдебиеттер: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 11; 12

Бақылау сұрақтары

1 Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау сатысының түсінігі, мерзімдері

2 Жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қараудың процессуалдық тәртібі

3 Істі қайта қарау туралы сот ұйғарымы