- •Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
- •Сабақ тақырыбы: Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі
- •Қазақ әдебиеті 8-сынып
- •Диаграмманы толықтырыңдар Ақын бойындағы жақсы қасиеттер
- •Үш кейіпкерге мінездеме жаза отырып, салыстырып қара.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту:
- •1.Сонымен Абайдың қара сөздерінде айтылған пікірлерін түйіндей келе, адам қандай болу керек деп келгенін топтастырып көрейік.
- •V. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. «Абай - біртуар, кемеңгер ақын»тақырыбына ой толғау жазу, Лирика туралы кесте толықтырып келу. Лирика туралы ұғым
- •Өлсем орыным қара жер, сыз болмай ма?
- •Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
- •Қысқа мерзімді жоспар
- •Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
- •Іх. Өлең құрылысы.
- •Х. Үйге тапсырма.
- •Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, а. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз
- •Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, а. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз
IV. Жаңа сабақты бекіту:
1.Сонымен Абайдың қара сөздерінде айтылған пікірлерін түйіндей келе, адам қандай болу керек деп келгенін топтастырып көрейік.
Адам
жігерлі
тәрбиелі
адал
зерек
төзімді
арлы
иманды
білімді
елжанды
2.Бүгінгі өтілген тақырыбымызды 5 жолды өлең стратегиясымен қорытындыласақ.
Кім?Абай-дана,ойшыл,философ
Қандай? Абай-ақылды,сауатты,көреген
Не істеді? Абай-қара сөз жазды.
Қашан? 1890-1898 жылдары
Не мақсатпен? Керегіне жаратсын.
Ол неше өлең,неше поэма, неше мақала, қара сөз жазған кісі?
Абай 3 поэма,176 өлең, 45 қара сөз,1 мақала жазған кісі.
V. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. «Абай - біртуар, кемеңгер ақын»тақырыбына ой толғау жазу, Лирика туралы кесте толықтырып келу. Лирика туралы ұғым
Лирикалық
шығарма
Мазмұнын
ашып жаз
Тақырыбы
Пайдаланған әдебиеттер.
Балдырған журналы. «Абай әндері»
8 сынып қазақ әдебиеті оқулығы мен хрестоматиясы.2011ж
Абай « Қара сөздері» Алматы-1993ж.
Қазақ тілі мен әдебиет журналы.
7.Буын саны-3 бунақты
8.Ұйқас түрі-қара өлең ұйқасы (ааба)
9.Шығарманың композициялық құрылысы:Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім-талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі. Шиеленісуі. Алтын қорған «Бұл-Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый. Шарықтау шегі. Алған сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
10. Шығарма кейіпкерлері:Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да , философ та-Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі-Ескендір, екіншісі-Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.«Ішке» Абай Аристотель есімін құрметпен айтады, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам» деп бағалайды.«Сыртқа» Ал Ескендір болса, дәріптелмей, сыналады. «Мақтан сүйгіш, қызғаншақ, қанішер, тойымсыз, қаһарлы, өзімшіл, тоқтау көрмей өскен жан, даңғой, долы, кекшіл, есер» деп суреттеледі.
11.Әдеби теориялық ұғымдар:Теңеу- дарияның суындай қандар ақты; таспадай бейне арықтан шыққан құлап. Эпитет-сар дала, мөлдір бұлақ, алтын қорған, қу өмір, жеміт көз, кәпір көз.
12.Түсіндірме сөздік:Жеміт-қанағатсыз, тойымсыз, озбыр;Араны ашылды-тойымсыз, ашқарақ, қанағат тұтпау, құнығу; Даңғой-елірме, есер, желікпес;Долы-ыза кернеген, булықпа, ызақор.Ант ұру-айтқанына тұрмайтын тұрлаусыз;
13.Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.Соңғы 4 шумақты оқу. Жауыздыққа жетелейтін нәрсе-күншілдік, тойымсыздық, мансапқорлық. Осындай жаман әдеттерден сақ болу. Иманды, қанағатшыл болуға үндеу.
III Ой қорыту:«Ойлаудың алты қалпағы»
«Қызыл қалпақ» -Түйсік
Эмоция: Менің түйсіктік реакциям қандай? Мәтін туралы өз ойыңызды жазыңыз.Ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
«Ақ қалпақ»- Фактілер
Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңыз бар, тарихта болған адам. Данышпан да , философ, Аристотель, грек ғалымы, математик.
«Сары қалпақ»- Позитив
Жағымды тұстары қандай болды?Оның артықшылығы қандай? Аристотельдің құрметті есімі, «ақылы мол», «жеке-дара», «хакім адам»
«Қара қалпақ»-Жағымсыз
Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз.Ескендір елде алмаған хан қоймады,Алған сайын көңілі бір тоймады.Араны барған сайын қатты ашылып,Жердің жүзін алуға ой ойлады.. Ескендір - Қанішер, қатыгез, тойымсыз, даңғой...
Жасыл қалпақ-Креатив
Менде қандай идеаялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын?Ескендір әлемді ақылымен, білімімен, данышпандығымен жауласа болар еді.
«Көк қалпақ» -шолу /үндеу/
Әлемде тек қана бейбітшілік салтанат құрсын!Лаңкестік болмасын!Соғыс болмасын! Адам қаны жазықсыз төгілмесін...
Үйге: «Ескендір дастаны мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.Шығармашылық тапсырма: «Рухани биіктік-ең жоғарғы биіктік» тақырыбына эссе жазу.
Абдурахманова Хулкар Арипжановна №81 Ұлықбек мектебі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы
Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы (7-сынып)
|
|||||
|
Мақсаты:
Сабақтың нәтижесі: (сабақтан нені күтемін) Нені үйренді? |
Абай Құнанбаевтің өмірі мен шығармашылығын туралы мәлімет бере отырып, өлеңдерінің ерекшеліктерін ұғындыру, басқа жазушылармен ұқсас жақтарын үйрету.
Абай өмірі мен шығармашылығын, өлеңдерінің тақырыптарын, басқа жазушылармен ұқсас жақтарын үйренеді. Топта жұмыс жасауды, өзгенің пікірін құрметтеуді үйренеді |
|||
|
Сілтеме: |
. Қазақ тілі 7 сынып Автор: Г.Тұрсынова, А.Қасымбек, А.Нұрғазы |
|||
|
Модульдердің кіріктірілуі: |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;Сыни тұрғыдан ойлау;Оқытуда АКТ-ны қолдану;Оқыту үшін және оқуды бағалау;Дарынды және талантты баланы оқыту;Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;Оқытудағы басқару және көшбасшылық. |
|||
|
Әдіс-тәсілдер: |
«Брейн- ринг», «Сұрақ – жауап»,«Аудио-визуалды», «Миға шабуыл»,«Синквейн», «Ассосация», «Т кестесі», «Тұжырым кестесі», «Кері байланыс», |
|||
|
Ұйымдастыру кезеңі: |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
|
Психологиялық дайындық |
1мин |
Сәлемдесу Қызығушылығын ояту. Слайдтан көрсетілген әдемі сөздерді қайталау |
Слайдтан көрсетілген әдемі сөздерді қайталап, көңіл күйлерін көтереді. |
АКТ |
|
Топка бөлу |
2 мин |
Оқушыларды Абай, Абай өлеңдері, қарасөздері бойынша 3 топқа болу, |
Оқушылар үш топқа топтасып, топқа лидер сайлап алды.
|
Сурет қиындылары. |
|
Үй тапсырмасын сұрау: |
5 мин мин |
Өткен тақырып бойынша «мен саған, сен маған» әдісі арқылы сұрақ –жауап әдісін қолдану. |
Топтар бір-бірлеріне сұрақтар қояды. |
Сұрақтар жазылған үлестірме материалдар |
|
Миға шабуыл |
2мин |
Үнтаспадан бір ән тыңдату |
Ән қай ақынның шығармасы екенін анықтайды.. |
АКТ |
|
Жаңа сабақ Білу:
|
10 мин |
. Брейн-ринг) ойыны: мұғалім окушыларға 3 түрлі тапсырма береді. |
І топ Абайдың өмірі туралы мәлімет береді ІІ топ Абай шығармашылығы туралы мәлімет ІІІ топ Қарасөздері туралы мәлімет береді |
АКТ дағы слайд пен видеорөлік |
|
Түсіну: |
7мин |
Топтарға слайдтан үш түрлі тапсырма беріледі |
І топ Эйлер шеңбері арқылы Абайдың бес асыл ісі мен бес дұшпанын атау ІІ топ Т кестесі арқылы Абайды басқа жазушымен салыстыру ІІІ топ синквейн әдісі бойынша Абайға бес жолды өлең құрастыру
|
АКТ, Түрлі түсті стикерлер, маркер |
|
Талдау: |
4 мин |
Кім жылдам ойыны арқылы сұрақтарға жауып беру |
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді |
АКТ |
|
Сергіту сәті |
2 мин |
Көзімнің қарасы |
Барлығы бірдей ән айтады. |
АКТ |
|
Қолдану:
|
5 мин |
Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс |
І топ Абай туралы өлең шығару ІІ топ Абайға ассосация құрады ІІІ топ Абайға сурет салу |
АКТ |
|
Қорытынды : |
4 мин |
Тұжырым кестесі бойынша сабақты қорытындылаймын. Рефлексия |
Тұжырым кестесін толтырады. Сабақтан алған әсерлеріне рефлексия жазады |
Түрлі-түсті стикерлер, маркер |
|
Бағалау: |
2 мин |
Бағалау парағы арқылы бағалау
|
Топ басшылары бағалайды.
|
Бағалау парақшасы |
|
Үйге тапсырма |
1 мин |
Деңгейлік тапсырма |
А. Қара сөздерін үйреніп зерттейді В. Жетінші қара сөзінің мағынасын зерттеу С.Абай шығармалары мәңгі жүрегімде атты эссе жазу. |
|
Сабақтың өзіндік талдауы |
|
Сабақ бойынша |
Оқушылар топпен жұмыс жасауды үйренді. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы дамыды. Ынтымақтастық атмосферасы құрылды |
Кездескен қиындықтар: |
Уақытпен жұмыс жасамауы. |
Ұсынысым: |
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне оқушыларды төселдіру.
|
К
өп
бейінді №3 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қасенова Гүлжан Ержанқызы
Өлмейтін сөздің иесі
Мақсаты: Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың «Абай жолы» романы эпопеясының жазылу тарихы мен идеялық – тақырыптық мазмұнын ашу, Аға дәрежесінде.
Ұлы адам дәрежесінде жеткен тамаша гумансит, ойшыл, философ, ұлы ақын, өмір сүрген заманның әлеуметтік сипатын айқындау. Абай, Зере, Ұлжан бейнесін таныту.
Шығарманы оқуға деген қызығушылығын тудыру, іздене білуге дағдыларын дамыту.
Сақана
1 Сақана Оқушы мен періште арасындағы әңгіме (Сақаналық қойылым)
1 бөлім
Кіріспе сөз
1 «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», - деп өсиет қалдырған қазақ халқының ғұлама ойшылы, данышпан ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына биыл 170 жыл.
Өлде деуге бола ма айтындаршы,
Өлмейтұғын артына із ңалдырған, - деп төрелегін өзі шешкен Абай бүгінде бүкіл қазақ елінің мәртебесін көтеріп, әлемге танытып отыр. Сондықтан да ұлы ақынның артында қалдырған еңбектерін жас ұпақтын санасына жеткізіп, асыл қасиеттерін бойына сіңіру әркімнің де парызы.
ІІ Сақана ашылады
Ұлжан,Зере,Абай көрінісі
Назерке сөзі
Көрініс -Кел,Абайжан,қоңыр қозым, қымыз ал!
-Әже, бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрыңғыда кім өткен?
-Е,балам, сенің арғы аталарың өз заманының беделдісі, ел басқарған, нағаашыларын да сөзге шебер болған дана адамдар. Адам баласы ақиқатқа жақын болса, ондай адамның қалдырған ізі де жарқын болмақ. Халқына жақын жақсы адам үнемі жарқырап тұратын асыл тас сияқты.Шын асылдық қасиеті жоғалмайды.
ІІІ.Балалардың дауысы: Қалашылар, қалашылар келеді!
1.Әйел:Анау Абай, Абай ғой, айналайын ай. Апасына айтайықшы.
2.Әйел: Бәсе-е, телғара ғой...(ойланып) жаным-ау, мынау ... нық үнмен Телғара!Әпкеме айтайыншы.Жиналған жұрт қалашыларды күтіп тұрады.Қасында Байтас пен Жұмабай Абай кіріп келеді де көзі бірден шешесіне түседі.
3.Абай:Апа.Абай өзіне қарай жүгіре бергенде, апасы әкесін нұсқайды.4.Апасы: Әй шырағым балам, әуелі ар жағында әкең тұр...!Сәлем бер!Құнанбайдың қасында 2-3 кісі бар олар өзара әңгімелесіп тұр.Байтас,Жұмабай,Абай үшеуі барып Құнанбайға сәлем берді.
-Ассалаумағалейкум!
-Уағалейкумассалам!
Құнанбай: балам.Бойың өсіп ержетіп қалыпсың-ау!Молда болдың ба? Бойыңдай болып білімің де өсті ме?
Абай: Шүкірлік әке! Біраз тұрып ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым.Шымылдық жабылады.
І Құнанбай мен Ұлжан әңгімесі.Абай жолы...
Ұлжан:
-Мырза, аталық арманыңды ақтар балаң болсын.Сен үшін де, өзің үшін де тілер бар тілегім осы ғана.Мынадай сапарына кінә түгіл наз ертсем, оным білместік.Мені дардай етіп көтеріп аттың.Бірақ мен ондай емеспін ғой.Әр кездегі ішімді ойласам өзімнің де кінәм көп. Жөн бе, теріспе білмеймін, мырза.
-Жастықта адамға төсек те, үй де, тіпті, дүние де тар екен. Ал егде тартып, зауал шағына бейімдеген сайын дүние кеңейе береді екен.Өзің салсаң, кішірейе беріп, айналаң қуыс дүниені көп тауып, суына бастайды екенсің. Осы көңіл мені жеңгеніне көп болған.
ІІ бөлім
І Абай сақанаға шығады
Назерке мен надираның орындауында «Айттым сәлем Қаламқас»
І қара сөз оқылады.
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
Абай ата!Қасиетті ұлы Абыз!Өзіңіз үміт артқан ұрпақтарыңыз өнегелі сөздеріңді тоғамақ.
ІІ Оқушылар сақанаға шығып,афоризм,өлеңдер оқиды.
37 қара сөзі
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.
Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.
Адамның баласы - бауырың.
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.
Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват.
Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?
Дүние-үлкен көл,заман-соққан жел,алдыңғы толұын-ағалар,артқы толқын-інілер,кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер.
