Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
523 Кб
Скачать
☆

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Өлең — сөздің патшасы,сөз сарасы,  

Қиыннан қиыстырар ер данасы. 

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 

Ол — ақынның білімсіз бишарасы. 

Айтушы мен тыңдаушы көбі —надан, 

Бұл жұрттың, сөз танымас бір парасы.

Әуелі аят, хадис — сөздің басы,  

Қосарлы бәйітсымал келді арасы. 

Қисынымен қызықты болмаса сөз, 

Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.

Өлсем орыным қара жер, сыз болмай ма?

Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?

Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?

Махаббат, ғадауатпен майдандасқан

Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!

Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,

Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.

Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,

Етекбасты көп көрдім елден бірақ.

Ішім — толған у мен өрт, сыртым дүрдей,

Мен келмеске кетермін түк өндірмей.

Өлең шіркін — өсекші, жұртқа жаяр,

Сырымды тоқтатайын айта бермей.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Қос ақын қазағымда дара туған,

Мәңгі өлмес, өнегелі дана тұлғаң.

Ұрпағыңа өшпейтін із қалдырып,

Серпілткен ой асылын санатамын.

Әр сөзің санаға сай, киелі еді.

Жас талап, жетілсе деп, тілеп еді...

Жетсем деп, биігіңе қол созамын,

Шақырып, көк әлемнің көкжиегі.

Қара сөз, өлеңдерің бізге мәлім.

Жұртыма сабақ болар, сөзің-тәлім.

Қиыннан қиыстырып сөз сарасын,

Паш етем, ұрпағыңа жеткенше мәлім.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда,

Оза шауып, үзеңгі қағысқанда.

Жас талап келіп тұрған, саусақ жайып,

Тілейік сәттілік жол табыстарға!

Абай

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жан, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Ол – Абай, дара ақын, дана ақын.

Қалдырған дәмді, асыл сөздің парқын.

Әр сөзі үлгі – өнеге, жанға сая,

Жілге жеңіл, жүрекке өте жақын.

Абугалиева Аягул Куайбергеновна

БҚО, Зеленов ауданы Трекин жалпы

орта білім беретін қазақ мектебі

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ тақырыбы:

«Отыз бірінші қара сөз»

Сабақ мақсаты:

Отыз бірінші қара сөздің мазмұнын түсінеді.

Күтілетін нәтиже:

Қара сөздерді оқып, негізгі ойды табады;

Мәтін бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді;

Өз беттерімен қорытынды жасай алады.

Сабақтың түрі:

ЖБМ

Көрнекі құралдар:

Слайд, постер, маркер, стикерлер, бағалау парағы.

Әдіс-тәсілдер:

Поэзия минуты, мәнерлеп оқу, ойталқы, мәтінмен жұмыс, сатылай кешенді талдау

САБАҚ БАРЫСЫ:

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру бөлімі

(1 мин)

І. Сыныппен амандасу;

ІІ. Сабаққа қатысын тексеру.

Психологиялық кезең

(2 мин)

1.Оқушыларды топқа бөлу (ленталар арқылы)

2. Бағалау парағымен жұмысты түсіндіру

Оқушылар ленталар арқылы топқа бөлініп отырады.

Үй тапсырмасын тексеру

(10 мин)

«Поэзия минуты»

Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу

Абай өмірі мен шығармашылығына шолу.

(Үш топқа тапсырмалар жазылған парақтар таратылады).

  1. Абай шығармалары

  2. Абай нәр алған үш бұлақ

  3. Абай шәкірттері

Оқушылар өлеңді топ болып мәнерлеп оқиды.

Абай өмірі мен шығармашылығынан берілген тапсырмаларды орындап, әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Оқушылар бір-бірін шапалақ арқылы бағалайды

Мағынаны тану

(15 мин)

«Отыз бірінші қара сөзді» мәнерлеп оқу.

Мәтінмен жұмыс

1-топқа: Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: ----------------------------------------------------------- болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ---------------------------- керек, көңілденіп, тұшынып, -------------------------------------------- керек; 2-топқа: үшінші — сол нәрсені ішінен ------------------------------------------------------- көңілге бекіту керек; төртінші - ------------------------------------------ --------------------- керек.

3-топқа:Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: --------------------------------------- секілді. Бұл төрт нәрсе - --------------------- мен ------------------------ тоздыратұғын нәрселер.

Оқушылар мәнерлеп оқи отырып, әр бір жолының мағынасын ашады.

Оқушылардың оқығанын есте сақтай отырып, берілген тапсырманы толықтырады.

Бағдаршам түстері арқылы бағалайды.

Сергіту сәті

(3 мин)

«Саққұлақ»

Оқушылардың есте қалдыру есте сақтауларын анықтау үшін диагностика жүргізіледі.

12 сөз оқылады. Сөздерді оқушылар мұқият тыңдайды. Белгі бергенде параққа есте қалған сөздерді кез–келген қатарға жазады.

Жарық

Көңіл-күй

Жұмыс

Ауа-райы

Қанжар

Кітап

Машина

Үй

Әйнек

Ағаш

Қасқыр

Көру

Қорытынды : Дұрыс сөздер 8-9 болса, онда есту арқылы есте сақтау жақсы деп есептелінеді.

Сөздерді оқушылар мұқият тыңдайды. Белгі бергенде есте қалған сөздерді айтады.

Ойтолғаныс

(7 мин)

Сатылай кешенді талдау. «Отыз бірінші» қара сөзі Авторы: Жанры: Идеясы: Естігенді ұмытпаудың төрт түрлі себебі бар: 1. 2. 3. 4. Ой кеселдері: Тәрбиелік түйіні:

Оқушылар топпен жұмыс жүргізеді.

Кері байланыс

(3 мин)

«Чемодан»

Оқушылар бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен жақсы әсерлерін ақ чемоданға, ал керек емес дегендерін, нені түсінбегендіктері туралы пікірлерін қара чемоданға салады.

Үйге тапсырма

(1 мин)

«Отыз бірінші» қара сөзді жаттау. «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу.

Үй тапсырмасын жазып алады.

Бағалау

(3 мин)

Бағалау парағы бойынша оқушылардың бір-біріне берген бағасын тыңдау

Топбасшысы топ мүшелерінің бағасын хабарайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]