Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Абай.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
523 Кб
Скачать
☆
  1. Іх. Өлең құрылысы.

  2. Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.

  3. Өлең 6 шумақтан, әр шумақ 4 тармақтан құралған.

  4. Шалыс ұйқаспен жазылған.

  5. Ә-сем-паз//бол-ма//әр-не-ге 8 буын а)

  6. Ө-нер-паз//бол-саң//ар-қа-лан, //-// б)

  7. Сен-де бір//кір-піш//дү-ние-ге, //-// а)

  8. Ке-ті-гін//тап та//бар қа-лан! //-// б)

  9. Х. Үйге тапсырма.

  10. Өлеңді жаттау.

Ойтолғаныс. Дәптермен жұмыс.

7- слайд Қыс 1. Табиғат сипаты

2. Адам бейнесі

3. Балалар күйі

4. Малшылар күйі

5.Қасқырға мал бермеуі

Дәптерлеріне топ ішінде ақылдаса отырып тақырыпшаларға сай үзінді жазып шығады:

1)Соқыр мылқау, үскірік аяз бен қар, сықырлап келіп қалды 2)Ақ киімді денелі, ақ сақалды, үсті ақ қырау, бұлттай қасын жапқан 3)Балалардың беті - қолы домбығып, үсік шалды 4) Шидем тон киген малшы-лар суықтан теріс айналды

5) Аш қасқырлар ауыл маңына

келіп, малға ашабуыл жасайды.

V. Қорытынды.

- Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық? - Авторы кім? - Өлеңде қай мезгіл суреттелген?

-Қысты қалай суреттеген?

-Неге қатал деп суреттеп отыр?

Сұрақтарға жауап береді.

VІ. Үйге тапсырма

«Қыс» өлеңін жаттау, өз бетінше «Жазғұтыры» өлеңін оқып келу.

Күнделіктеріне жазып алады.

VІ. Бағалау

Оқушылар білімін бағалайды.

Рефлексия: смайликтерге өздері алған әсерлерін жазып қалдырады.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, а. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз

Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1.«Қараңғы түнде тау қалғып»өлеңі туралы білу;

2.Өлеңнің мазмұның мәтіндік талдау арқылы түсіну;

3.Өлеңнің мәтінін Лермонтовтын орыс тіліндегі нұсқасымен салыстырып, талдауға үйрену;

Күтілетін нәтиже

1.«Қараңғы түнде тау қалғып»өлеңі туралы біетін болады;

2.Өлеңнің мазмұнын мәтіндік талдау арқылы түсінеді;

3.Өлеңнің мәтінін Лермонтовтын орыс тіліндегі нұсқасымен салыстырып, талдауға үйренеді;

Негізгі идеялар

А.Құнанбаевтың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі аудармаларының шоқтығы биік озық үлгісі . Бұл өлең дүние жүзіне танымал болған , сан-алуан тілдерге аударылған әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» еді.

Тапсырмалар

1.Концептуалды кесте(үй тапсырмасын сұрау)

2.Сұрақ қою технологиясы 3 .АКТ-ні пайдалану(жаңа тақырыпқа байланысты үнтаспадан ән тыңдату)

4. Топтық жұмыс

5. Жұптық жұмыс

6. Жеке жұмыс

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

Мақсаты : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін нақтылау

3 минут

2 минут

3минут

1.Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру;

2. Қазақтың бас ақыны - ұлы Абай Құнанбайұлы жөнінде осыған дейінгі алған білімдеріне сүйене отырып нені білетіндіктерін анықтау мақсатында концептуалды кесте арқылы үй тапсырмасын сұрау

3. Тақырыпты анықтау мақсатында үнтаспадан Абай Құнанбайұлының «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін тыңдату

5. Ой қозғау кезеңі

1.Абай аудармаша дегенді қалай түсінесіздер?

2. Неліктен олай ойлайсыздар ?

(оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру)

Оқушыларды топқа бөлу

Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінен алған білімдерін ортаға салады.

Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.

Сынып оқушылары біріншісі қазақша «бір» , екіншісі орысша «екі» , үшіншісі ағылшынша «үш» деп алып, үш топқа бөлінеді

Түсіну

Мақсаты : оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау

10 минут

Абай Құнанбайұлының "Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңінің мағынасын ашу,түсіну мақсатында оқулықты пайдалану. Оқулықпен жұмыс

Әр топқа мәтінді бөліп беремін:

1-топ өлеңнің 1- ші шумағын мәнерлеп оқиды, өлеңнің авторын, тақырыбын, жанр түрін, идеясын табады;

2-топ өлеңнің 2-ші шумағын оқиды, мазмұндайды, шумағын, тармағын, бунағын, ұйқасын табады

3-топ өлеңнің ішінен әдеби теориялық ұғымдарды табады.

Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды. Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі.

Қолдану

Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу

10минут

1-топ ­Өлеңді әуеніне салып айтады

2-топ Интернет желісін пайдалану арқылы ақынның басқа аударма өлеңін тауып, мәнерлеп оқып береді

3-топ «Мен қылқалам шеберімін» алған әсерлері бойынша сурет салу

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды,өлеңді әуеніне салып айтады, интернет желісін пайдалану арқылы жаңа өлеңмен таныстырады, өз ойларын сурет арқылы еркін жеткізеді.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Талдау

Мақсаты: оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру

7 минут

Кестемен жұымыс (жұптық жұмыс)

«Шын немесе жалған»

Абай қазақ халқының ұлы ақыны шын жалған

Абай сазгер болмаған шын жалған

Қараңғы тнде тау қалғып өлеңі

аударма шын жалған

өлеңді абай Пушкиннан аударған шын жалған

өлеңнің құрылысы барлығы

12 жолдан тұрады шын жалған

Оқушылар берілген кестені толтырады.

Берілген тапсырманы ой елегінен өткізіп, салыстырады.

Ұсынылған дайын жауап арқылы , жұптарда өзара бағалауы жүзеге асады.

Жинақтау

Мақсаты: оқушылардың салыстыру және ажыра алуын қадағалау

7минут

.”Болмасаң да ұқсап бақ...”

(шығармашылық жұмыс).

Жеке жұмыс. Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген тапсырманы орындауға тырысады.

Бағалау

Мақсаты: алған білімдерін саралау

3 минут

Рефлексия

Критериалды бағалау жүзеге асады

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді ?

Рефлексия

Не үйрендім?

Қайсысы оңай болды?

Қайсысы қиын болды?

Тағы не үйренгім келеді?

Оқушылар өздерін бағалау парақшалары арқылы шынайы бағалайды

Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз

Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1.«Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңі туралы білу;

2. Өлең құрылысын талдау арқылы мазмұнын түсіну;

3. Өлеңді мәнерлеп оқу техникасын қолдану арқылы үйрену;

Күтілетін нәтиже

1.Ақынның өмірі мен шығармалары туралы білетін болады.

2.Өлеңді бунағына, ұйқасына, тармағына талдау арқылы түсінеді;

3.Өлеңге әдеби- теориялық талдау жасап және мәнерлеп оқу

техникасын меңгеру арқылы оқып үйренеді;

Негізгі идеялар

Қазақ халқы бүркітті киелі құс санап, оларға «Аспан еркесі», «Құс патшасы», «Қанаттылар ханы» деп мақтау мадақтау айтқан.

Тапсырмалар

  1. Ойқозғау (сұрақ-жауап)

  2. Топтық жұмыс (мәтінді талқылау)

  3. АКТ-ны пайдалану (бейне сюжет көрсету)

  4. Жұптық жұмыс (кесте толтыру)

  5. Жеке жұмыс (блум таксономиясы)

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

Мақсаты : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін нақтылау

3 минут

2 минут

6 минут

1.Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру;

2.Түрлі түсті қағаз қиындылары арқылы оқушыларды топқа бөлу;(жасыл, қызыл, сары)

«Айнымалы бекеттер» (топтық жұмыс)

«Ой қозғау» кезеңі

  • Балалар қандай жыртқыш құстарды білесіздер?

  • Не себепті бүркітті қазақ халқы киелі құс санаған?

  • Ендеше , бүркітке байланысты қандай өлең шумақтарын білесіздер ?

(оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру

А. Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңі

Оқушылардың назарын интер белсенді тақтасына аударып, бүркітке байланысты бейне сюжет көрсету.

Алған сурет қиындылары арқылы топтасып, топқа бөлінеді

Оқушылар Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша білетіндерін ортаға салады.

Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.

Түсіну

Мақсаты : оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау

7 минут

«Мағынаны тану »

1.Оқулықпен жұмыс

Әр топқа мәтінді бөліп беремін:

1-топқа 2-топқа 3-топқа

Мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, өз ойларын постер арқылы жеткізу.

Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды. Топта бес рөлді анықтайды:көшбасшы,баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі.

Қолдану

Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу

10минут

  1. Дәптермен жұмыс

1-топ А.Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңіне композициялық талдау жасайды.

2- топ ­Өлеңді құрылысына қарай талдайды

3-топ А.Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңі бойынша сурет салады

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды,өлеңді композициясына, шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін ажыратады,өз ойларын еркін жеткізеді.

Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.

Талдау

Мақсаты: оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру

7 минут

Өлеңнің атауы

Жыр жолдарын жалғастырыңыз

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы»

«Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Оқушылар берілген кестені толтырады.

Ұсынылған дайын жауап арқылы , жұптарда өзара бағалауы жүзеге асады.

Жинақтау

Мақсаты: оқушылардың салыстыру және ажыра алуын қадағалау

7 минут

Ойлау деңгейлері

Сұрақтармен тапсырмалар

Оқушының жауабы

Білу

А.Құнанбаев кім ?

Түсіну

Қазақ халқының өмірінде аңшылық, саятшылық, құсбегіліктің мәні неде ?

Қолдану

Түсіндірме сөздік бойынша дұрыс жауабын жазыңыз

Қансонар -

Томаға –

Қырық пышақпен қыржыңдап –

Сегіз найза -

Талдау

Өлеңнен мүлде қарама-қарсы ұғымдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын көркемдік әдіс турін табыңыз ?

Жинақтау

«Қансонарда бүркітші шығады аңға » өлеңіне кешенді талдау жасаңыз?

Бағалау

Абай шығармашылығымен танысу сіз үшін қаншалақты маңызды?

Жеке жұмыс. Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген кестені толтыруға тырысады.

Бағалау

Мақсаты: алған білімдерін саралау

Рефлексия 2минут

Не үйрендім?

Қайсысы оңай болды?

Қайсысы қиын болды?

Тағы не үйренгім келеді?

Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]