- •Дамуында күрделі бұзылыстары бар балалардың дамуы мен білімі.
- •7.1. Ауыр бұзылудың дамуы туралы түсінік.
- •7.2. Берілген бұзылыстары бар негізгі топтардағы балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу маңыздылығы.
- •7.3. Күрделі дефектісі бар балалардың дамуындағы психолог-педагогтардың міндеттері.
- •7.4. Күрделі кемісті бар тұлғаларды оқыту және психология-педагогикалық даму негіздері.
- •7.5. Дамуында күрделі бұзылыстары бар тұлғаларға арналған ұйымдық арнайы оқытудың жолдары мен әдістері.
- •Арнайы педагогика негізгі түсініктері.
- •Арнайы педагогиканың объектісі, субъектісі, пәні, мақсат – міндеттері.
- •Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары.
- •Білім алуға арналған арнайы шарттар.
- •Арнайы педагогиканың систематикасы және статистикасы. Кемістік классификациясы.
- •Арнайы педагогиканың статистикасы.
- •Қазіргі арнайы педагогиканың пәндік аймақтары.
7.3. Күрделі дефектісі бар балалардың дамуындағы психолог-педагогтардың міндеттері.
Науқасы бар балалар өз қатарларынан бөлініп арнайы мекемелерге барғанда олардың қасында ата-аналары мен мамандар болады. Ондай жағдайда балалар өздерін қатарларынан кем және төмен санайды. Олардың ми қабатының дамуы төмендеп эмоциональды тұрғыда қатты нашарлайды, мұндай жағдайда балаларға психологтардың көмегінің мәні өте зор. Баланың құлақ естімей, көз көрмеуі баланы жалпы әлемнен едәуір алыстатады және оның психикасында едәуір өзгеріс болады, ол баланың қоршаған ортамен қарым - қатынасы үзіледі. Педагог-дефектологтың басты мақсаты баланың денінің ауруының неден басталатынын анықтау. Баланың дамуының басты факторы баланың оқуға, өмірге деген талпынысы. Баланың тығырықтан шығуына себеп бола алатын нәрсесі материалды - затты және әлеуметтік ең бірінші мақсат. Мұның бәрі арнайы педагогикалықты қажет етеді. Көптеген елдерде ауыр науқас балаларды қатардан қалдырмау, бала өзін - өзі психологиялық жағынан ерекше дамуының жақсаруына қатты көңіл бөлінеді.
7.4. Күрделі кемісті бар тұлғаларды оқыту және психология-педагогикалық даму негіздері.
1974 жылы профессор А.И. Мещеряков көрмейтін, естімейтін балалардың меңгеруін қамтамасыз ететін бір топ шарттар ойлап шығарған.
Біріншіден бұл затпен жұмыс істейтін практикалық қимыл, құнсыз заттың толық бейнесін құрастыру мүмкін емес.
Екіншіден адамды қоршаған ортасы іс - әрекет заттарымен әлеуметтік тәсілдерді пайдалану.
Үшіншіден баланың қажеттілігіне қанағаттануына қарай бағытталуы.
Алғашында бұл баладағы органикалық қажеттіліктің барлығы (ұйқыда, тамақтанғанда, суықтан қорғанғанда т.с.с.). Содан кейін заттық қызметінің дамуы, балада жаңа қажеттіліктердің пайда болуы, жаңа қажеттілікті қанағаттандыру баладан жаңа іс-әрекеттерді меңгеруді талап етеді. Кішкентай соқыр естімейтін балаға маңызды нәрселердің бірі ол қолды еңбек және өзіне өзі қызмет етуі (өз - өзіне қызмет етуді үйренуі). Балада алғашқы формадағы мәдениетті тәрбие пайда болады.
Ересек адаммен (ата - ана, педагог) соқыр естімейтін баланың социальды - эмоциональды байланысы баланы адамның байланысу әлеміне енгізеді. Әрине ары қарай бала коллективті өз - өзіне қызмет ету, коллективті тұрмыстық еңбек баланың даму үйрену әлемін байыта түседі.
Соқыр естімейтін баланың ақыл-есінің дамуында сенсомоторлы тәрбиенің маңызы өте зор болып келеді. Ауыр науқас баланың вербальды емес қарым-қатынасы туралы белгілі мәдениетті күтім, нәрестелік шақта тәрбиелеу Батыста баланы аналық тәрбиелеу мәдениетінің салдарынан туды. Ал біздің елде қазіргі кезде баланы қоғамдық - тәрбиелеуден отбасылық тәрбиеге ауысып жатыр. Бұл тәрбие ауру баланың психологиялық дамуына баға бере алады.
Әр түрлі қимыл - қозғалыстар арқылы баланың қарым - қатынас жасауына көмектесу арқылы балаға әртүрлі нәрселерді түсіндіруге болады (Т.А. Басилова 1987 ж). Алғашында мамандар әртүрлі қимыл-әрекеттердің мағынасын науқас балаға түсіндіреді (іс-қимыл арқылы). Кейіннен бала өзара сондай іс - қимыл арқылы басқаларымен түсінісе алатын болады.
