Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арнайы пед.жалпы сратар.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109 Кб
Скачать
☆

Арнайы педагогиканың систематикасы және статистикасы. Кемістік классификациясы.

Адамда түр бұзылуының көптігі олардың универсалды классификациясын құруды қиындатады. Дамудың бұзылуы кемістігі жазатайым жағдайдан, аурудан кейін пайда болуы, ал ұзақ уақыт бойында дамуы және күшеюі мүмкін, мысалы, қоршаған ортаның жағымсыз факторының әсер ету, созылмалы ұзақ ағымды ауруының нәтижесінде.

Кемістік, бұзылу медициналық және педагогикалық құралдармен (толық және жартылай) жойылуы мүмкін.

Алдыңғы тарауларда көрсетілгендей адамның психикалық және физикалық кемістіктерін білдіретін универсалды, жинақтаушы, қолданбалы кең мағынадағы термин ретінде бүгінде шектеу деген термин қабылданған, ағылшынша – handicap (шектеу, кедергі). Шектеу ұғымы әр түрлі көзқарастар жағынан қарастырылған және әр түрлі кәсіби ортада әр түрлі мағынада болады: медицинада, әлеуметтануда, педагогикада, психологияда.

Берілген пәнге әр түрлі кәсіби амалдарға және системетика үшін әртүрлі негіздерге сәйкес әртүрлі классификация болады. Ең көп тараған келесілері:

бұзылу себептері;

олардың мінез – құлығын келесі дәлелдеуінен болатын бұзылу түрлері;

Кейінгі өмірдегі бұзылу нәтижесі айтылады.

Сонымен, педагогикада дамуында ауытқуы бар балаларға арналған білім беру мекемелердің тарихи жүйесімен сәйкес, сонымен қатар арнайы педагогиканың пәндік аймағының жүйесімен сәйкес дәстүр бойынша классификация негізіндегі кемістік, бұзылу тән. Соған сәйкес, мүмкіндігі шектеулі тұлғаның келесі категориялары болады:

керең;

нашар еститіндер;

соқырлар;

нашар көретіндер;

тірек – қимыл аппараты функциясы бұзылған тұлға;

эмоциялық – ерік сферасы бұзылған тұлға;

интеллектісі бұзылған тұлға;

психикалық дамуы кешеуілдеген балалар;

сөйлеу3 ауыр бұзылған балалар;

дамуында күрделі кемістіктері бар тұлғалар;

Мұнfy да ерекше талданған классификация бар. Бұзылудың келесі топтамалары:

денелік (соматикалық) бұзылулар (тірек – қимыл аппараты, созылмалы аурулар);

сенсорлық бұзылулар (есту, көру);

ми қызметінің бұзылуы (ақыл – есі кемдік, қозғалыстың бұзылуы, психикалық және сөйлеу бұзылулары).

Берілген классификация педагогикаға тек даму бұзылуының барлық жиынтығының талданған жүйелік ұжымы ретінде маңызды. Медициналық орта үшін бұл классификация тым маңызды, ал медицинада дифференцияланған классификациясын иеленеді.

Арнайы педагогиканың әр пәндік облыстарының өзінің классификациясы болады.

Арнайы педагогиканың статистикасы.

Халықаралық қоғамдық ұйымдар (ЮНЕСКО, ВОЗ) дамудың бұзылуының түрлері және жиілігі туралы статистикалық берілгендер жинау жөнінде систематикалық жұмыс жүргізеді.

Әр елдің статистикалық берілгендері оның өркениеттілігінің деңгейімен, медициналық қасиетімен, әлеуметтік және педагогикалық көмегімен анықталады. Дамуы төмен елдерде көбіне тұрпайы органикалық бұзылулар көру және естудің бұзылуы орын алады. Ал, білім беру деңгейі жоғарғы елдерде (Финляндия, Швеция, АҚШ, Германия) спецификалық оқыту қиыншылықтары жиілігі бойынша бірінші орын алады – сөйлеудің бұзылуы, оқудағы, жазуда, математикадағы қиыншылықтар.

Біздің елімізде мүмкіншілігі шектеулі тұлғалардың статистикалық есебі жүргізіліп жатыр. Оқыту сферасына сәйкес есеп ерекше оқыту қажеттілігі бар жасөспірімдер мен балалардың білім беру мекемелеріне келушілер саны бойынша жүргізіледі. Мектепке дейінгі балалар туралы толық статистикалық берілгендер денсаулық сақтау, яғни диагностика этапында ғана бар мектепке дейінгі оқыту сферасы тек мектепке дейінгі білім беру мекемелерге баратын балалар туралы статистикалық берілгендермен иеленеді.