- •Дамуында күрделі бұзылыстары бар балалардың дамуы мен білімі.
- •7.1. Ауыр бұзылудың дамуы туралы түсінік.
- •7.2. Берілген бұзылыстары бар негізгі топтардағы балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу маңыздылығы.
- •7.3. Күрделі дефектісі бар балалардың дамуындағы психолог-педагогтардың міндеттері.
- •7.4. Күрделі кемісті бар тұлғаларды оқыту және психология-педагогикалық даму негіздері.
- •7.5. Дамуында күрделі бұзылыстары бар тұлғаларға арналған ұйымдық арнайы оқытудың жолдары мен әдістері.
- •Арнайы педагогика негізгі түсініктері.
- •Арнайы педагогиканың объектісі, субъектісі, пәні, мақсат – міндеттері.
- •Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары.
- •Білім алуға арналған арнайы шарттар.
- •Арнайы педагогиканың систематикасы және статистикасы. Кемістік классификациясы.
- •Арнайы педагогиканың статистикасы.
- •Қазіргі арнайы педагогиканың пәндік аймақтары.
Арнайы педагогика негізгі түсініктері.
Арнайы педагогика (біздің елімізде дефектология, коррекциялық педагогика деп аталады) педагогиканың құрамдас бөлігі, оның тармақтарының бірі болып табылады (лат. - specialis түр деген мағынаны білдіреді). «Арнайы педагогика» атауы халықаралық педагогикалық термин ретінде қолданылады, өйткені дүниежүзілік білім беру жүйесінің қазіргі заманның гуманистік бағдарламаларымен сәйкес келеді.
Мамандардың көбісі арнайы педагогикада арнайы білім беру психофизикалық даму жетіспеушілігі, бұзылулары бар тұлғалардың білім беру сферасы деп түсінеді. Шындығында, ерекше балалардың педагогикасы педагогиканың шектеулі сферасы, ол белгілі бір категориядағы балаларға шектеулі кезеңде педагогикалық көмек көрсетуге есептелген. Арнайы педагогика мүмкіншілігі шектеулі адамдардың барлық өмірлік циклын қамтиды.
Арнайы педагогика педагогиканың құрамдас бөлігі болғандықтан, жалпы педагогикалық терминдермен қолданылады және арнайы педагогикада өзінің жеке түсіндірмелік аппаратын, терминологиясын иеленеді. Арнайы педагогиканың ұғым және терминдерінің шеңбері кең. Арнайы педагогикада кімге бағытталғанын білдіретін ұғым топтары бар; оның мақсаты және міндеттерінің, принціптерінің, әдістерінің, құралдарының және арнайы білім беру процесін ұйымдастырудың түсіндірмелі аппараты өңделген. Арнайы педагогиканың білімінің жиынтығы әр түрлі физикалық немесе психикалық кемшіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеудегі тәжірибесінің ұзақ даму процесінде жиналған және құрылған. Алғашқы кезде жеке педагогикалық терминология болмағанда жалпы медициналық терминдер қолданылған. Арнайы педагогиканың түсіндірмелі аппаратын құруда және тіршілік ету мүмкіндігі шектелген балаларға педагогикалық қатынасында басты ұғым болып этиология мен симптоматика табылады, бірте – бірте медицинамен байланысты ғылыми ұғымдар пайда бола бастады: «диагностика», «коррекция», «аномалия», «кемістік», «ақыл – есі кем», «мылқау», «мүкісқұлақ», «соқыр» т.б.
Психологияның дамуымен байланысты арнайы педагогикада «диагнозды» деп аталатын ұғымдар және терминдер, мысалы, «психикалық дамудың уақытша тежелуі бар балалар» қолданылады.
Әр тарихи кезеңнің, әр дәуірдің педагогикалық болмысы басқа ғылымдардың (медицина, философия, мәдениеттану, психология, әлеуметтану) дамуы әсерімен арнайы педагогиканың теориясының негізін құрса әрқайсысы өзінің ұғымдарын қосып, жаңа ұғымдармен ескі ұғымдарды ауыстырды. Бірақ, бұл процесс бірқалыпты болмады, арнайы педагогиканың дамуында жаңа этап оның терминологиясын уақтылы анықтау және дамытуымен сәйкес келмеген, бірақ, кейбір терминдер және белгілер уақыт өте келе педагогиканың бұл аймағының ғылыми мен тәжірибелік білімінің барлық жиынтығын бейнелеуін тоқтатты.
Ғылыми білімнің дамуы белгілі бір тарих кезеңінде жаңа ұғымдар ескі ұғымдардан тыс қалды.
Қазіргі уақытта арнайы білім беру аймағында педагогикалық терминология мынадай кезеңді бастан өткізуде: басқа білім аймақтарынан (психология, медицина т.б.) терминдерді ретсіз қолдану.
Арнайы педагогикамен байланысты көптеген білім беру тармақтары (психология, медицина, педагогика, құқықтану, әлеуметтік қорғау) бүгінде осы аймақтың мамандары өзара қатынаста қолданылатын орнатылған түсіндірмелі – терминологиялық аппарат иеленеді.
Әр ғылыми аймақ бір объектіні немесе құбылысты өзінің термині деп атайтыны белгілі.
Мысалы, клиницист балада «минимальды ми дисфункциясы», психолог бала жағдайын «психикалық дамуының тежелуі», педагог бұл балаға «оқуында қиындығы бар» десе, мектеп әкімшілігі оны, артта қалған «үлгере алмаушылық» дейді. Егер клиницист диагноз қоюда «оқуында қиындығы бар бала», «үлгере алмаушылық» деген терминдермен қолданса, онда мұндай балаға медициналық көмек дұрыс көрсетілмейді.
Сондай – ақ, педагог баланы «Психикалық дамуында тежелуі бар бала» («кемістігі бар», «аномальды», «ауру») деп атап, басқа кәсіби терминологиямен қолданады. Кәсіби тілді игермей, ол бұл жерде өзінің педагогикалық пән аймағының атауын айтпайды, содан соң олармен қолданылған белгілер педагогикалық көмек көрсетуге жарамайды.
Мамандар бүгінгі таңда арнайы педагогикада қолданылатын түсіндірмелі – терминологиялық ғылыми талдау жүргізуде. Олар арнайы педагогиканың түсіндірмелі – терминологиялық аппаратының ХХI ғасырдағы педагогикалық білім тармағы дамитын қазіргі заманғы концептуальды негіздермен үйлесімділігін анықтайды, арнайы педагогиканың түсіндірмелі–терминологиялық сөздіктің реттеу жұмысын жүргізеді. Арнайы педагогиканың түсіндірмелі– терминологиялық аппаратын ретке келтіру жолының мағынасы мыналарда:
- қолданбалы ұғым қатары біртіндеп жаңа тәжірибе енгізуді тоқтатады. Арнайы педагогиканың және онымен байланысты білім тармақтарының дамуымен оқытуды сөзсіз ғылыми бірлестікте талқылау және келісімділік негізінде терминдермен алмасуы керек болады;
- арнайы педагогикамен байланысты басқа білім тармақтарындағы алынған белгілермен арнайы педагогикаға ене алады;
Бұл байланыста арнайы педагогикада және онымен байланысты
пәндерде салыстырмалы терминологияның объективті тіршілігі туралы айтуға болады;
Сол не басқа терминді қолдану проблемалы – пәндік сөйлем құрамына сәйкес келу керек.
Арнайы педагогиканың дамуының соңғы он жылдығында біздің елімізде дамуында ауытқу бар тұлғаларға арнайы білім берудің теориялық және тәжірибелік аймағында «дефектология» термині қолданылады.
«Дефектология» терминінің пайда болуы және бекітілуі педагогика тарихында анықталған оқиғалармен қамтамасыз етілген. Дефектологияның пайда болуы және ғылыми дайындығы жалпы педагогика педалогияның дамуын бастан кешірген тарихи кезеңге сәйкес келді. Педология мен дефектология концептуальды білім беру тәжірибесімен тығыз байланысты.
Дефектология кейінірек педалогиядан бөлініп шықты. Жарты ғасыр бойы дефектологияның құрамында психологиялық білімнің дербес сфералары арнайы педагогика өз дамуын жалғастырды.
«Кемшілік туралы ғылымнан» дефектология өзара байланысты ғылыми тұлғаларға, бірінші кезекте медициналық және арнайы психологияға сүйенетін педагогикалық білімнің өзіндік тарауына айналды.
Дефектологияның ғылым жүйесіндегі орнын, әсіресе педагогика құрамында, анықтаудың қажеттілігі пайда болады. Педагогика педагогикалық ғылымның жалпыға ортақ тізімінде арнайы педагогикалық ғылым болып сурдопедагогика, тифлопедагогика, логопедия табылады.
«Коррекциялық педагогика» термині жалпыға белгілі және кеңінен қолданылады.
Қоғамдық сананың гуманизациясы бүгінгі таңда адамды немесе оның кейбір сапасын және қасиетін коррекциялау (түзету) терминологиясын қолдану дұрыс емес деп тапты. Ол мүмкіншілігі шектеулі адам болса да, ол өзіндік өміріне көзқарасын білдіруге құқылы. Қоғам мұндай адамдарға көмек (медициналық, әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық) көрсету керек, бірақ, тек «коррекция» емес.
Сонымен қатар психология және медицинаның әлеуметтік контексінде «медициналық коррекция», «психологиялық коррекция» деген сөздердің орнына кең мағынада «медициналық көмек», «психологиялық көмек» деген сөздерді қолдануға болады.
Адамға, индивидке сәйкес тұтас алғанда сөз адам немесе тіршілік әрекеті және денсаулық мүмкіндіктері шектелген баланың ата – аналарына таңдай алатын, қабылдайтын тек педагогикалық көмек, арнайы білім беру қызметі туралы болып отыр. «Коррекция» термині арнайы педагогикалық көмектің бөлек техникалық компоненттерге немесе мүмкіншіліктері шектелген адамдардың қоршаған ортасына қатысты болуы мүмкін.
«Емдеу педагогикасы» термині негізінен ауруларды педагогикалық әдістермен емдеу дегенді білдіреді. Бірақ, педагогика оған тән емес қызметті орындай алмайтыны және медицина қызметіне талаптанбайтыны түсінікті, солай бола тұра кейбір жағдайда денсаулық мүмкіндігі шектелген тұлғалар медициналық көмекті де қажет етеді.
Жалпы, әлеуметтік қорғау ортасында «мүгедек» деген термин қолданылады.
Соңғы кезде құжаттарда мүмкіндігі шектелген адам деген термин қолданылып жүр.
Медицинада педагогиканың арнайы терминдері қолданылады: аномальді (балалар, тұлға), дамуында ауытқуы бар балалар және т.б.
Үлкен адамдардың, балалардың және олардың ата – аналарының абыройына, намысына тиетін әдепсіз, диагнозды сияқты қолайсыз медициналық терминдер қазіргі уақытта педагогикалық және әлеуметтік ортада түсінікті болып келеді. Мұндай мағынада ең тиімді термин болып 70-ші жылдың аяғында ағылшын мамандары ұсынған «ерекше білім беруді қажет ететін балалар (тұлға)» табылады.
Арнайы педагогика мүмкіншілігі шектелген тұлғалар: білім беруге сәйкес – ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалар сияқты терминдермен қолданылады, өйткені дәстүрлі білім беру процесінде дамуында ауытқуы бар адамдардың қатысу мүмкіншігі шектелуі ол адамдарда бұл шектеулерді, қиыншылықтарды жеңетін арнайы педагогикалық көмектің ерекше қажеттілігін тілейді.
Арнайы білім беруде көбінесе «реабилитация» деген термин қолданылады.
«Реабилитация» - бұл адамның, оның функциональды қабілетінің ең жоғарғы деңгейіне дайындық және қайта дайындық мақсатымен медициналық, әлеуметтік, білім беру және кәсіби мінез өлшемдерінің толық кешенін қолдану. «Реабилитация» термині «абилитация» терминінің туындысы.
