- •Дамуында күрделі бұзылыстары бар балалардың дамуы мен білімі.
- •7.1. Ауыр бұзылудың дамуы туралы түсінік.
- •7.2. Берілген бұзылыстары бар негізгі топтардағы балаларды психологиялық-педагогикалық зерттеу маңыздылығы.
- •7.3. Күрделі дефектісі бар балалардың дамуындағы психолог-педагогтардың міндеттері.
- •7.4. Күрделі кемісті бар тұлғаларды оқыту және психология-педагогикалық даму негіздері.
- •7.5. Дамуында күрделі бұзылыстары бар тұлғаларға арналған ұйымдық арнайы оқытудың жолдары мен әдістері.
- •Арнайы педагогика негізгі түсініктері.
- •Арнайы педагогиканың объектісі, субъектісі, пәні, мақсат – міндеттері.
- •Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары.
- •Білім алуға арналған арнайы шарттар.
- •Арнайы педагогиканың систематикасы және статистикасы. Кемістік классификациясы.
- •Арнайы педагогиканың статистикасы.
- •Қазіргі арнайы педагогиканың пәндік аймақтары.
Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары.
Арнайы білім беру: мектепке дейінгі, жалпы, кәсіби білім беру, оны денсаулық мүмкіндігі шектелген тұлғалар алуы үшін арнайы жағдайлар құрылған.
Денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлға – білім алу үшін арнайы жасалған білім беру бағдарламаларын меңгеруіне кедергі келтіретін физикалық және психикалық кемшіліктері бар тұлға.
Кемшілік – балаларға қарауда психолого – медико – педагогикалық комиссиямен және үлкендерге қарауда медико - әлеуметтік эксперименттік комиссиямен бекітілген физикалық және психикалық кемшілік.
Физикалық кемшілік. Адамның мүшесінің жұмыс істеу және дамуындағы орнықты тәртіпте бекітілген уақытша немесе тұрақты кемшілік, созылмалы соматикалық немесе инфекциялық ауру.
Психикалық кемшілік – орнықты тәртіпте бекітілген психикалық дамуындағы уақытша немесе тұрақты кемшілік, сонымен қатар оқуына кедергі келтіретін сөйлеу бұзылуы, эмоциялық – ерікті сфера, аутизм, ми зақымының нәтижесі, ақыл – есі кем, психикалық дамудың тоқтауы.
Күрделі кемістік – физикалық және психикалық кемшіліктің жиынтығы.
Ауыр кемшілік – білім беру мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес түсініксіз, қиын болатын және білім алу мүмкіндігі қоршаған орта жайлы қарапайым мәлімет алумен, өз - өзіне қызмет ету, қарапайым еңбек дағдыларына ие болуымен және қарапйым кәсіби дайындық алумен шектелген білім берудің мүмкіншілігі деңгейінде көрсетілетін физикалық немесе психикалық кемшілік.
Білім алуға арналған арнайы шарттар.
арнайы білім беру шарты – оқыту (тәрбиелеу) шарттары, сонымен қатар арнайы білім беру бағдарламалары және оқыту әдістері, оқытудың жеке техникалық құралдары және педагогикалық, медициналық, әлеуметтік және басқа да шарттар. Оларсыз денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жалпыға білім беру және кәсіби білім беру бағдарламаларын игеру мүмкін емес.
Арнайы (коррекциялық) білім беру мекемлері: денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған білім беру мекемелері.
Жоғарыда келтірілген педагогикалық қызметтің бірдей құбылысының, объекті және субъектісінің әр түрлі белгілері бірдей терминдердің және бірден олардың түсінігі қазір жоқ, болмайды да, өйткені, әр кәсіби орта өзінің кәсіби тілінде сөйлегенді бағалайды.
Көпжылдық дәстүрге сәйкес, барлық әлеуметтік ортада таралған, дамуында кемістігі бар тұлғалардың 9 категориясы бар: естімейтін (кереңдер), нашар еститін, көрмейтін, нашар көретін, сөйлеуі бұзылған тұлғалар, ақыл – есі кем, психикалық дамуы кешеуілдеген тұлғалар, тірек – қозғалыс аппараты бұзылған тұлғалар.
Осы терминдердің негізінде медициналық және педагогикалық семантика жатыр.
Арнайы педагогиканың объектісі, субъектісі, пәні, мақсат – міндеттері.
Арнайы педагогиканың объектісі болып арнайы білім беру қажеттіліктері бар тұлғалардың арнайы білім алуы.
Арнайы білім беру жүйесінде көрсетілетін педагогикалық көмектің және зерттеудің субъектісі болып денсаулық және тіршілік әрекетінің мүмкіндігі шектеулі, соның салдарынан ерекше білім беру қажеттіліктеріне ие адам табылады.
Арнайы педагогиканың пәні арнайы білім беру теориясы мен тәжірибесі, ол тіршілік ету мүмкіндігі шектеулі адамның білім беру және дамуындағы ерекшеліктерін зерттейді. «Егер соқыр немесе керең бала дамуында дені сау бала сияқты табыстарға жетсе, онда кемістігі бар балалар бұған басқа әдіспен, басқа жолмен, басқа құралдармен жетеді және педагог үшін баланы алып жүрудің жолын білу ерекше қажет»,- деп жазды Л.С. Выготский.
Арнайы педагогика мүмкіндігі шектеулі адамның әлеуметтану, өзін - өзі реттеуі онсыз мүмкін емес мақсат жүйесін иеленеді. Жалпы деңгейдегі мақсат қатарына жатады: келешектің коррекциясы, педагогикалық құралдармен оның компенсациясы; абилитация (ерте және кіші жастағы балаларға сәйкес) және реабилитация, бірінші кезекте әлеуметтік және жекелік. Арнайы педагогиканың бұл мақсатына жету, оқыту және тәрбиелеудің толықтай білім берудің айқын нақты мақсатына жеткенде, яғни кемшіліктің коррекциясы және компенсациясының нәтижелері көзалдына жағымды, дұрыс болғанда ғана мүмкін болады.
Спецификалық нақты мақсаттарға жеке реабилитацияның компоненттерін де өзі қасиетінің сезімін тәрбиелеу, өзін - өзі бағаламау сезімін жеңу, әлеуметтік, мінез – құлық адекватты формаларының қалыптасуын жатқызуға болады.
Көрсетілген мақсаттарға жету үшін арнайы педагогика келесі тапсырмалар жүйесін шешеді: тіршілік әрекетінің мүмкіндігі шектеулі жағдайда жеке тұлғалардың дамуының педагогиканың заңдылығын зерттейді.
Оның көрінісін кемшіліктің құрылысымен және әлеуметтік – жеке шарттармен нақты кемшіліктері бар нақты адамның коррекциялық және компенсаторлық мүмкіндіктерін оның көріністері анықталады.
Денсаулық және тіршілік ету мүмкіндігі шектелген тұлғаның педагогикалық классификациясының құрылысының негізін салады және анықтайды.
Арнайы білім беру заңдылығын зерттейді, жаңа педагогикалық жүйенің дамуын және пайда болуын болжайды.
Дамуында кемістігі пайда болу профилактикасының педагогикалық құралдарын және механизмін өңдейді, жүзеге асырады және зерттейді.
