Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз. Отчет ОПС 2 кв каргалинский район.каз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆

21 Диаграмма. Қарғалы ауданының тұрғындарымен салыстырғандағы жастардың ұйымдастырылған наразылық акцияларына қатысуына байланысты жауаптар

Ұйымдастырылған наразылық акцияларына жастар арасынан қатысуы мүмкін – 29,7% (12,2% және 17,5%). Олар «иә» және «жоқ дегеннен гөрі иә» деп жауап бергендер. Қарғалы ауданы жастарының жартысынан көбі (57,9%) ұйымдастырылған наразылық акцияларына қатысуы туралы сұраққа жауаптары төмендегідей болды: «жоқ» - 38,6% және «иә дегеннен гөрі жоқ» - 19,3%. 12,4% респонденттер «жауап беруге қиналды».

30 жастан жоғары ересек тұрғындар арасында ұйымдастырылған наразылық акцияларына қатысуы мүмкін – 13,1% (4,1% және 9,0%). Олар «иә» және «жоқ дегеннен гөрі иә» деп жауап бергендер. Қарғалы ауданы ересек тұрғындарының жартысынан көбі (69,2%) ұйымдастырылған наразылық акцияларына қатысуы туралы сұраққа төмендегідей нәтиже көрсетті: «жоқ» - 43,3% және «иә дегеннен гөрі жоқ» - 25,9%. Респонденттердің 17,7% -ы «жауап беруге қиналды».

21 Кесте. Қарғалы ауданы тұрғындарының ұйымдастырылған наразылық акцияларына қатысуына байланысты жауаптары

иә

жоқ дегеннен гөрі

иә, дегеннен гөрі жоқ

жоқ

жауап беруге қиналамын

1.Жастар

12,2%

17,5%

19,3%

38,6%

12,4%

2. 30 және одан жоғары жастағы тұрғындар

4,1%

9,0%

25,9%

43,3%

17,7%

Қарғалы ауданы тұрғындарының наразылық потенциалы төмендегідей: жастар - 29,7%, ересек тұрғындар - 13,1%. Жастар арасындағы наразылық деңгейі 30 жастан асқан тұрғындарға қарағанда жоғары.

12. Қарғалы ауданы тұрғындарымен салыстырғандағы жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу шараларының деңгейі

22 Диаграмма. Қарғалы ауданы тұрғындарымен салыстырғандағы жастардың діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларының тиімділігі туралы пікірі

«Қарғалы ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары қаншалықты тиімді жүзеге асырылуда?» деген сұраққа жастардың басым көпшілігі 84,1% -ы: «иә, жеткілікті» (54,1%) және «жеткіліксіз дегеннен гөрі жеткілікті» (30%) деп жауап берді.

Қарама-қайшы пікірде болған жастар үлесі – 10,1%. Оның ішінде 4,6%-ы діни экстремизммен алдын алу шараларының жүзеге асырылуы «тиімді дегеннен гөрі тиімсіз» және респонденттердің 5,5%-ы «тиімсіз» деп санайды. Бар болғаны жастардың 2,1%-ы «ешқандай шаралар алынбайды» деп жауап берді.

Респонденттердің 3,7%-ы жауап беруге қиналды.

Барлығын қорытындылағанда жастар мен ересек тұрғындардың жауаптарында айтарлықтай айырмашылық жоқ.

Респонденттердің басым көпшілігі, соның ішінде, діни экстремизммен алдын алу шараларының жүзеге асырылуы тиімсіз деп санайтындар, мемлекет олармен күресте қатаң және күш әдістерді қолдануы тиіс деп есептейді.

22 Кесте. Қарғалы ауданы тұрғындарымен салыстырғандағы жастардың діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларының тиімділігі туралы пікірі

иә, тиімді

тиімсіз дегеннен гөрі тиімді

тиімді дегеннен гөрі тиімсіз

тиімсіз

жауап беруге қиналамын

ешқандай шаралар алынбайды

1.Жастар

54,1%

30,0%

4,6%

5,5%

3,7%

2,1%

2. 30 және одан жоғары жастағы тұрғындар

36,8%

42,5%

10,3%

4,2%

6,2%

-

Осылайша, жастардың (84,1%) және ересек тұрғындардың (89,3%) басым көпшілігі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын тиімді санайды. Аудан тұрғындарының түсінігі бойынша қазіргі заманғы қоғам өзара глобальді байланыста, сондықтан тек қана рухани ынтымақтастық арқылы тұрақтылық пен мемлекеттің бейбітшілікте өмір сүруіне жағдай жасауға болады.