Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Каз. Отчет ОПС 2 кв каргалинский район.каз.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

1.) Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің қарым-қатынасына жақсы баға берген жастар үлесі - 90,8%. , ал 79,1% - 30 жастан жоғары ересек тұрғындар үлесі

2.) Этносаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатқа жақсы баға берген жастар үлесі - 95,2% , ал 88,9% - 30 жастан жоғары ересек тұрғындар үлесі

3.) Конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатқа жақсы баға берген жастар үлесі - 94,1% ал 89% -30 жастан жоғары ересек тұрғындар үлесі

4.) 14-20 жас аралығындағы жастардың Қарғалы ауданындағы мемлекеттік жастар саясатының жұмысына қанағаттану деңгейі жоғары деп көрсеткен жастар 73,1 және 30 жастан жоғары ересек тұрғындар үлесі - 76,7%.

5.) 29 жасқа дейінгі жастардың жастар ұйымдарының қызметіне қатысу үлесі - 34%.

6.) Жастардың еліміздің негізгі даму басымдылықтары мен жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы мемлекеттік тапсырысты орындайтын БАҚ арқылы ақпараттануының жоғары деңгейін көрсеткендер үлесі (70,5% - жастар және 81,5% ересек тұрғындар)

7.) Қарғалы аудандарының барлық тұрғындары өздерін патриот деп санайды. Жастар арасындағы қазақстандық патриотизм деңгейі жастар арасында да, ересек тұрғындар арасында да жоғары: сәйкесінше - 94,4% және 93,3%.

8.) Қарғалы ауданындағы саяси жағдайды тұрғындардың көпшілігі тұрақты, тыныш деп бағалады: оның ішінде жастар -74,2% және ересек тұрғындар 77,1%.

9.) Өскелең ұрпақтың пікірі бойынша жастар арасындағы қылмыстың негізгі себептері болып қарастырылады: ата-аналар тарапынан бақылаусыздық (53,4%), сәтсіз әлеуметтік орта (33,2%), жастардың жұмыссыздығы (55,7%), өмірлік мақсаттың болмауы (46,7%), жазасыздық (19,4%) және әлеуметтік теңсіздік (11%). Жастар арасындағы қылмыстың өсуіне қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдай да себепші болуы мүмкін.

Қарғалы ауданы тұрғындарынан жастар мен 30 жастан жоғары респонденттердің басым көпшілігі есірткіге қарсы. Жастардың 0,8%-ы және ересек тұрғындардың 0,1%-ы есірткіні қолданады және онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайды.

10.)Қарғалы ауданындағы наразылық потенциалы жастар арасында 29,7%-ды және ересек тұрғындар арасында 13,1%-ды құрайды. Жастар арасындағы наразылық потенциал 30 жастан жоғары тұрғындарға қарағанда жоғары деңгейде.

11.) Жастардың 84,1%-ы және ересек тұрғындардың 79,3%-ы діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарының тиімділігін көрсетеді.

12.) Жастардың басым көпшілігі – 88,7% және ересек тұрғындардың 95,1% -ы Қарғалы ауданындағы мемлекеттік рәміздерді насихаттау жұмыстарының тиімділігін атап көрсетті.

13.) Қарғалы ауданындағы ересек тұрғындардың басым көпшілігі 57,1%-ы және жастардың 73,7%-ы жемқорлыққа қарсы күрес саясатының тиімді жүргізіліп отырғанын көрсетті.

Бұл мәліметтер сыбайлас құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу шараларының жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.

ҚОСЫМША 1.

№______ САУАЛНАМА

Сауалнама Құрметті Қарғалы ауданының тұрғыны!

«You&Me» қоғамдық пікірді зерттеу орталығы Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайды зерттеу мақсатында сауалнама жүргізеді. Біз Сізден осы сауалнаманы толтыруды сұраймыз. Біздің зерттеуіміз толық жасырын жүргізіледі: барлық жауаптар жеке тұлғалар атынан емес, жалпылай қолданылады.

Сіздің назарыңызға бірқатар сұрақтар ұсынылған. Сізге ұсынылған сұрақтарды жауаптарының нұсқаларымен бірге аяғына дейін оқып шығуыңыз сұралады. Сізді қанағаттандыратын жауапты таңдаңыз және оның реттік нөмірін дөңгелектеп белгілеңіз. Егер ұсынылған жауаптардың ешқайсысы Сізді қанағаттандырмаса, «басқалары» бағанындағы өз нұсқаңызды көрсетіңіз.

1. Еліміздің негізгі даму басымдылықтары және жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қаншалықты хабардарсыз? (бір жауап)

01. иә, жеткілікті хабардармын

02.жеткілікті хабардармын деуге болады

03. жеткіліксіз хабардармын деуге болады

04. жоқ, жеткіліксіз хабардармын

05. жауап беруге қиналамын

2. Қарғалы ауданындағы саяси жағдайды қалай бағалайсыз?

(бір жауап)

01. тұрақты, тыныш

02. шыдарлық

03. шиеленіскен

04. өте қиын жағдай

05. жауап беруге қиналамын

3. Өзіңізді Қазақстан патриоты деп санайсыз ба?

01.иә

02.жоқ дегеннен гөрі иә

03.иә дегеннен гөрі жоқ

04.жоқ

05.жауап беруге қиналамын

06. басқасы (көрсетіңіз)___________

4. Сіз Азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ынтымақтастығының деңгейін қалай бағалайсыз? (бір жауап)

01. иә, толық қанағаттандырады

02. қанағаттандырмайды дегеннен гөрі қанағаттандырады

03. қанағаттандырады дегеннен гөрі қанағаттандырмайды

04. жоқ, қанағаттандырмайды

05. жауап беруге қиналамын

5. Сіздің Қазақстандағы этносаралық келісімді сақтау бойынша жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа көзқарасыңыз қалай? (бір жауап)

01.Толық қостаймын, ойластырылған, белсенді саясат және Қазақстан халқының бірлігін сақтауға ықпал етеді

02. Ішінара қостаймын, дұрыс саясат, бірақ сөз жүзінде ғана, іс жүзінде – басқаша

03. Қостамаймын, себебі басынан дұрыс ойластырылмаған саясат, этносаралық қатынастардың шиеленісуіне әкеліп соғады

04. Басқа жауап (жазыңыз)_________________________________

6. Сіздің Қазақстандағы конфессиясаралық келісімді сақтау бойынша жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа көзқарасыңыз қалай? (бір жауап)

01.Толық қостаймын, ойластырылған, белсенді саясат және Қазақстан халқының бірлігін сақтауға ықпал етеді

02. Ішінара қостаймын, дұрыс саясат, бірақ сөз жүзінде ғана, іс жүзінде – басқаша

03. Қостамаймын, себебі басынан дұрыс ойластырылмаған саясат, конфессиясаралық қатынастардың шиеленісуіне әкеліп соғады

04. Басқа жауап (жазыңыз)_________________________________

7. Жергілікті атқарушы органдар тұрғылықты жердегі жастар проблемаларына жеткілікті деңгейде назар аудара ма? (бір жауап)

01. иә, үнемі

02. мүмкіндігінше назар аударады

03. жеткіліксіз

04. мүлдем назар аудармайды

05. жауап беруге қиналамын

8. Сіздің ойыңызша Қарғалы ауданында жастар саясаты қаншалықты тиімді жүргізілуде? (бір жауап)

01. иә, тиімді

02. тиімсіз дегеннен гөрі тиімді

03. тиімді дегеннен гөрі тиімсіз

04. тиімсіз

05. басқасы (көрсетіңіз)______________________

9. Сіз жастар ұйымының мүшесі болып саналасыз ба? ( бір жауап )

01. иә, (көрсетіңіз, қандай)_____________________

02. жоқ

03. жақында жастар ұйымына мүше боламын деп ойлаймын (көрсетіңіз, қандай)_____________________

10.Жастардың есірткі мен ішімдікке үйір болуына басты себеп неде деп ойлайсыз? ( кемінде үш жауап)

01. күшті әсер алу

02. қорқақтығы үшін басқаға күлкі болу қауіпі

03. зиянды заттардың салдары туралы дұрыс білмеуі

04. психотроптық заттардың қолжетімділігі

05. өзін еш жерде көрсете алмайды

06. Күйзелістен құтылу қажеттілігі

07. Ішімдіктің қолжетімділігі

08. Сәтсіз отбасылар

09. Еліктегісі келеді

10.Басқасы (көрсетіңіз)__________

11. Сіздің ішімдікке көзқарасыңыз қандай? (бір жауап)

01. ішемін және онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын

02. мереке күндері ғана ішемін

03. мүлдем ішпеймін

04. басқасы (көрсетіңіз)______________________

12. Есірткіні қолдануға қалай қарайсыз? (бір жауап)

01. қолданамын және онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын

02. «жеңіл есірткілерді» қолданамын

03. мүлдем қолданбаймын

04. басқасы (көрсетіңіз)______________________

13. Есірткіні қолдануға қалай қарайсыз? (бір жауап)

01. қолданамын және онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын

02. «жеңіл есірткілерді» қолданамын

03. мүлдем қолданбаймын

04. басқасы (көрсетіңіз)______________________

14. Сіз жастар арасындағы қылмыстың өсуіне не себеп деп ойлайсыз? ( кемінде үш жауап)

01. ата-аналар тарапынан бақылаудың болмауы

02. сәтсіз әлеуметтік орта

03. өмірлік мақсаттың болмауы

04. әлеуметтік теңсіздік

05. жастардың бос жүруі

06. жазасыздық

07. басқасы (көрсетіңіз)______________________

15. Жастар арасындағы қылмысты жоюдың қандай шараларын алу керек? ( кемінде үш жауап)

01. формальді емес жастар ұйымдарын құру

02. жастардың бос уақытын ұйымдастыру

03. адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру

04. жастар арасындағы қылмыстың алдын алу

05. басқасы (көрсетіңіз)______________________

16. Сіздің пікіріңізше, Қарғалы ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары қаншалықты тиімді жүзеге асырылуда? (бір жауап)

01. иә, тиімді

02. тиімсіз дегеннен гөрі тиімді

03. тиімді дегеннен гөрі тиімсіз

04. тиімсіз

05. басқасы (көрсетіңіз)______________________

17. Сіздің елді мекендегі наразылық акцияларының себебі неде болуы мүмкін? (кемінде үш жауапты белгілеңіз)

01.этникалық құқықтың бұзылуы

02. дін тұту еркіндігі құқығына шек қойылу (діни жағдай)

03. еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы және шәкіртқақының уақытылы төленбеуі

04. жұмыс беруші тарапынан құқыққа шек қойылу

05. тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық проблемалары

06. банк салымшыларының, құрылыс үлескерлерінің алдануы

07. әділетсіз шешімдер, жергілікті үкімет органдарының әрекетсіздігі

08. жемқорлық, азаматтар құқығының мемлекеттік органдар тарапынан бұзылуы

09. қоршаған ортаның ластануы

10. медициналық қызмет сапасының төмендігі, денсаулық сақтау проблемалары

11. басқасы (көрсетіңіз)______________________

12. жауап беруге қиналамын