Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ад жауаптар.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆
  1. Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, оқуәдістемелік кешені

Әрбір тілдік материалдар методикалық жүйе теориясы бойынша орналасады. Әр сыныптың шамасына қарай сұрыпталған тілдік материалдардың өзіндік белгілерін оқыту тәртібін жүйе деп атайды. Қазақ тілі бағдарламасындағы тілдік материалдар белгілі бір тәртіп бойынша орналасады. Алдымен орта мектепте фонетика оқытылады. Фонетикалық материалдардан кейін лексика саласы өтіледі. Лексика сөзінің түрлі мағыналық ерекшелігін қарастырады. Дыбысты және сөзді білген оқушы әр сөзге қосылатын қосымшалардың ерекшелігін білуге талпынады, осыдан кейін морфология саласы өтіледі. Алдымен сөз құрамдары, тақырыптары, содан соң сөз таптары материалдары оқытылады. Сөзді және қосымшаларын білген оқушыға сөз бен сөздің байланысын, сөйлем мен сөйлемнің үйлесімін білдіру қиынға соқпайды. Сондықтан да, синтаксис тақырыптарының оқытылуы осы орында беріледі.

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беруде тілдік материалдарды меңгертудің сатылы басқыштары зор қызмет атқарады: 1. Меңгертудің аналитикалық басқышы. Әр сөйлемде немесе мәтінде неше дыбыс, неше әріп бар екендігін меңгерту үшін, әуелі жеке сөздерді буынға бөлдіреді, сонан соң дыбысты буынға, буынды сөз, сөздерге бөледі. 2. Меңгертудің синтетикалық басқышы. Бұл кезде оқушылар сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа қарай талдап, жинақтау дағдысын үйренеді. Жазу мен оқу нәтижесінде сөздерді есту мен көру бейнелері біріне бірі ықпалын тигізіп, есту бейнесі көру бейнесінсіз жұмсалмайтындығы аңғарылады. Белгілі бір сөздерді көргенде, оған есту бейнесінің де қосылатындығы байқалады. 3. Меңгерудің аналитикалық-синтетикалық басқышы. Бұл процес кезінде оқушылар кез келген объектіні талдап, жинақтау дәрежесіне көтеріледі. Қазақ тілі материалдарын меңгертудің негізгі процестері мыналар: 1. Қазақ тілі материалдарын еске түсіру. Қазақ тілі тақырыптарын оқушыларға танытуда және оны оқушылар ойына қалыптастыруда психикалық әрекет пайда болады. Осы сезімнің негізінде қазақ тілі тақырыптарын оқушылар ойында қалыптастырудың дағдылары пайда болады. 2. Қазақ тілі материалдарын түсіндіру. Жаңа құбылысты таныту арқылы оқушылардың дыбыс жүйесінің ой-өрісі, білім аясы, білімдік дәрежесі кеңейеді. Оқушыларға жаңа материалдардың өзіндік белгілерін қалыптастыруда, оларда мынадай түсінік пайда болады: 1. Өтіліп отырған материалдардың тақырыбын біледі. 2. Өткен материалмен жаңа тақырыптың байланысын табады. 3. Жаңа тақырыптың жасалу жолдарын, ережелерін меңгереді. 3. Қазақ тілі материалдарына дағдыландыру. Бұл процесте қазақ тілі материалдарының өзіндік белгілерін түгел қамтитындай дағды түрлері іске асырылады. Бұл жұмыс процесі негізінде оқушыларда толық түсінік қалыптасады. Қазақ тілі тақырыптарын дағдыландыру, пысықтау, қайталау сияқты жұмыс процестерін өз ішінде қамтиды. Оқушылардың дағдысын қалыптастыруда жұмыстың мынадай түрлері орындалады: Мұғалімнің дайындаған карточкелері іске асырылады, жаттығулар орындалады, ауызша мысал, сөйлемдер құрастырылады, жазба жұмыстары жазылады, сөздіктер пайдаланылады. Дағды жұмыстарын орындау үстінде оқушылар белсенді түрде қазақ тілі фактілеріне бақылау жасайды, өзіндік белгілерін салыстырады, ой қорытындысын жасайды. Қазақ тілінен берілетін білімді жүйелі меңгертуде оларды оқушылар ойында сақтауда дағдыландыру процесінің мәні күшті.

Қазақ тілінен өтілетін сабақтың негізгі топтары – сабақ құрылымдары элементтерінің жиынтығы. Сабақтың бұл құрылымы әртүрлі методикалық жүйе бойынша іске асырылады. Сабақтың құрылымдық элементтері тәлім-тәрбие беру мақсатына, материалдың өту тәртібіне, өсімдік белгілерінің санына, оқушының дайындық дәрежесіне қарай ауысып отырады. Мұғалім әр сабақтың құрылымдық элементтерін түрлі бағытта іске асырады. Мысалы, жаңа материалдың өзіндік белгілері ауырлау болған кезде, мұғалім материалды бірден, тақырыптың жасалу жолы, айырмашылықтары, дидактикалық мысалдарын түсіндіруден бастайды. Содан кейін тақырыптың анықтамалары мен ережелерін шығарады. Оқушыларды іздендіріп, практикалық жаттығулар жүргізеді. Мұғалім өткен материалдарды еске түсіріп, үй тапсырмасын тексереді. Өткен материалдармен байланыстырып, жаңа материалдың өзіндік белгісін түсіндіреді. Қазақ тілі сабағының құрылымдық элементтері мыналар:

  1. Өткенді еске түсіру

  2. Тақырыптың көлемі мен жүйесін түсіндіру

  3. Бекіту және қайталау мақсатындағы жаттығу жұмыстары

  4. Үй тапсырмасын беру

  5. Үй тапсырмасын тексеру

  6. Оқушылар жұмысын бақылау

  7. Оқушылар еңбегін бақылау.

  1. Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі

Фонетика - тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Әрбір тілдің дыбыстық жүйесін, түрлі заңдарын білудің маңызы зор. Тіл дыбыстарының қолданылу, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Фонетика тек тіл дыбыстарын ғана тексереді. Мектеп окушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы өту арқылы әдеби тілдің жазылу нормасы мен айтылу нормасын игереді. Адам баласы бір-бірімен сөйлесім әрекеті арқылы қатынас жасайды, пікір алысады.

Қазақ тілін үйренуде тілдің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айта білу -түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты. Демек, тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше. Фонетикалық дағдыларды жете меңгермей қатынас та жүзеге аспайды. Фонетикалық дағдыларды меңгеру - сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Яғни, бұл дұрыс сейлей білу мен сөйленген сөзді дұрыс түсіне білу дағдыларын меңгеру дегенді білдіреді. Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де бірдей, ортақ. Өйткені әрбір тілдің дыбыстық материалы мен оның жазылуы, айтылуы сол тілде сөйлеушілердің барлығына бірдей. Әр тілдің дыбысталу заңдылықтары мен ерекшеліктері - тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған, табиғи қасиеті сақталған күрделі кұбылыс. Оны жеке адамдар өзгерте алмайды. Фонетикалық материалдардың жазылу, оқылу, айтылу ережелерінің дұрыс қолданылуы сөйлеуші үшін, тыңдаушы үшін де ортақ.

Фонетикалық дағдылар тілдік дыбыстардың екі жағына сәйкес келеді:

  1. Тілдік дыбыстардың айтылуы.

  2. Тілдік дыбыстардың естілуі.

Осы екеуінің бірігуінен дыбысталу түзілімі жүзеге асады. Дыбысталу түзілімі ауызша сөйлеумен тікелей қатысты. Демек, ауызша сөйлеуді үйрену үшін, сөздер мен сөйлем құрамындағы дыбыстардың айқын және дұрыс дыбысталуын білу керек. Тілдік дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын меңгеру қажет. Тілдік дыбыстың материясы сөздің негізгі кірпіші, басты кұралы болып табылады.

Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады. Басында сөздердің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе оны кейін түзету өте қиын. Ол әдетке айналады да, оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды.

Сонымен қатар фонетикалық дағдыларды игеру әдістері қанша жақсы нәтежеге жетсе де, кейіннен тоқтап қалмай, үнемі қайталанып, іске асырылып отыруы керек. Фонетикалық дағдыларды игеруді күн сайын, сабақ сайын жетілдіріп отырған жөн. Бұл мәселелер әсіресе сөйлеу кезінде анық байқалады. Сондықтан сөйлесім әрекетінің тілдесім, айтылым, тыңдалым түрлері арқылы іске асуы дыбыстардың артикулациялық базасына қатысты болады. Дыбыстардың айтылуына байланысты ерекшеліктері фонациялық ауаның қозғалысына қарай танылады. Дыбыстарды айту, сөздерді дауыстап жеткізу фонациялык ауаның жиілігін, ықпалын, әуезін ескеруді талап етеді.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың айтылуы мен жасалуын үйрету мүгалімнің шеберлігін ғана емес, бірнеше тәсілді қатар меңгерген әдісқойлығын да қажет етеді. Өйткені сабақта оқытушы тек дыбыстардың айтылуымен шектелсе, сөйлеуді үйрету мақсатына жетпейді. Сондыктан ұстаз дыбыстардың ерекшеліктерін сөз ішінде, буын құрамында, сөйлем арасында меңгерте отырып, жалпы тілдік қатынастың қағидаларын естен шығармайды және тілді үйретудің жинақтық әдісін пайдаланады.

Дыбыстардың естілуіне қатысты ерекшеліктер олардың жасалуы мен айтылуынан келіп шығады. Дыбыс алдымен жасалып, сонан соң айтылғаннан кейін барып естіледі. Естілген дыбысты дұрыс қабылдағанда, оның айтылу ерекшелігін білгенде ғана сөз түсінікті болады.

Осыдан кейінгі өтілетін күрделі тақырыптардың бірі – буын. Буын туралы мәлімет және оның түрлері оқытылады. Тасымал – буынға тығыз байланысты. Сондықтан оның буыннан соң өтілуі заңды. Сөз бөлшектерінің тасымалдануы буынның түрлеріне тікелей қатысы бар. Қазақ тіліндегі сөздердің екпіні әрқашан сөздің соңында, соңғы буында болады. Екпіннің, негізінен, буынға түсуіне, буында болуына байланысты буын мен тасымалдан кейін өтілгені мақұл. Екпін көптік жалғауында тұрсын немесе басқа қосымшаларда болсын соңғы буында болады. Сондықтан екпін буын мен тасымалдан кейін оқытылады.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың емлесін және буын мен тасымалды, екпінді өтіп болған соң, осыларға жанастыра үндестік заңы өтіледі. Үндестік заңы мынадай мәселелерді қамтиды: 1) кейбір орфографиялық мәселелер; 2) орфоэпиялық мәселелер; 3) буынға және 4) екпінге қатысты мәселелер. Сондықтан үндестік заңының дыбыс жүйесі материалдарының ақырында оқытылуы орынды.

Фонетикалық тұлғалардың естілуі дыбыс ырғағы, күші, созылыңқылығы, әуені сияқты ерекшеліктерімен ажыратылады. Олар лингвистикалық әдебиеттерде талданып көрсетілген. Жоғарыда атап өтілген тілді үйретудегі дыбыс белгілерінің барлығы сайып келгенде оның ең басты ерекшелігін - дыбыстарды сөздің, сөйлеудің құрамында дұрыс қолдана білу ережелерін меңгерудің алғы шарттары болып табылады. Қазақ тілінің жалғамалы тіл ретіндегі заңдылықтарының бәрі түбір мен қосымшаның қандай дыбыс, фонема, буында аркылы жалғануына байланысты екенін мұғалімдер білуі қажет.

Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшіі графикалық талдау ойдағыдай жүргізілуі қажет. Мұғалім оқушының жазбаша да, ауызша да сауатын арттыруға ерекші көңіл бөлгені жөн. М.Дүйсебаева фонетикалық талдауға мынадай талаптар қояды:

  1. Фонетиканы оқытумен орай мысалды үнемі сейлем түрінде алмай, жеке сөз, сөз тіркесі арқылы да айтайын деген ойын дәлелдеуге бағыт беру тиімді.

  2. Оқушыларға берілетін мысал мен жаттығуларды прозалық, поәзиялық шығармалардан алған тиімді. Поэзиялық шығармалармен қатар мақал-мәтелдер, жұмбақтар алу оқушыны өте қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді.

Дыбыс пен әріпті үйреткенде бастауыш сыныптарда алған білімдерін естеріне түсіре отырып, түсіндірген тиімді. Көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да өз нәтижесін береді.

  1. Қазақ тілінің лексикологиясын оқыту әдістемесі

Қазақ лексикологиясын меңгеру арқылы оқушы тілдің не бір терең қабаттарындағы тылсым қырларын меңгеруге мүмкіндік алады. Сөз мағынасындағы түрлі мағыналық реңктерді меңгерген оқушының сөйлеу мәдениеті де жоғары болмақ.

Әдіскер А. Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын былайша дәйектейді: "Ана тілінде сөйлей білген адамның барлығы да сол тілдің заңдылықтарын, қыр-сырын, сыр-сипатын толық біле береді деуге болады. Сондықтан лексиканы оқытудың практикалық маңызы зор. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы оның айтылу (орфоэпиялық), жазылу (орфографиялық) нормасын саналы түсінуге, әр сөздің орынды қолданылуы арқылы ойды толық және дәл жеткізуге, қызмет ететін сан алуан мағыналы сөздерді түсініп талдап, таңдап қолдана білуге, мәнерлі сөйлеуге, көркем әдеби тілдің бейнелі әуезділігін, әсерлілігін түсінуге дағды алады. Лексиканы оқудағы мұндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды. Өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды үйрете отырып, тілдік фактіні меңгерту бар. Сондай-ақ оның күнделікті қатынас құралы ретінде қажет болатын қыр-сырын түсіндіру керек."

Лексиканы оқытуда сөзге үлкен мән беріледі. Тілдің ең кіші бөлшегі сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксис және стилистикамен байланысын жете түсіндіру қажет. Оқушы сөз жүйесін түсіну арқылы тілдің орфоэпиялық және орфографиялық нормаларын саналы түсінуге, әр сөзді орынды қолдану арқылы өз ойын жүйелі, түсінікті жеткізуге үйренеді. Тілдегі сан алуан мағыналы сөздерді түсініп, талдап, таңдап қолдануға тырысады. Көркем әдеби тілдің әуезділігін, әсерлігін түсінуге дағдыланады. Лексиканы өткен кезде сөздің тура және ауыспалы мағынасына ерекше мән беріледі. мынадай мысал келтіре отырып, салыстыру әдісін пайдалана отырып түсіндіруге болады: 1) Ол ата-анасын құрмет тұтады (тура мағынада). 2) Отан ананы қорғайық! (ауыспалы мағына) Сөз мағынасын түсіндіргенде сөз бен ұғымды түсіндіру, олардың тепе-тең екендігін мысалдар келтіре отырып түсіндірген жөн. Сөз біткеннің бәрі мағына бере бермейтіндігін де айтып түсіндіру қажет.

Лексиканы оқытудағы мүндай талаптар жастарды дұрыс сөйлеу, ойын жеткізіп айта білуге тәрбиелеу мақсатын қояды. Өйткені тіл заңдылықтарын, ережелер мен анықтамаларды үйрете отырып, тілдік фактіні меңгерту бар. Сондай-ақ оның күнделікті қатынас құралы ретінде қажет болатын қыр-сырын түсіндіру керек. Омоним, антоним, синонимдерді өткен кезде көбінесе салыстыру әдісін пайдалануға болады.

Мұғалімнің көркем әдебиеттен мәтіндерді оқып, синоним сөздерді тапқызып, орнына басқа синонимдес сөздерді қойғызып, мәтіннің көркемдік ерекшелігіне талдау жасатқызуы да өз нәтижесін береді. Синоним сөздерді мағыналық реңкінің өзгеруіне қарай қойғызу,сөйлем ішіндегі синонимді басқа сөзбен алмастыру, оның өзгеру процесін дәлелдету тәрізді жұмыстарды орындатқан тиімді. Лексиканы оқытуда әрбір лексикалық категорияны түсіндіру лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны қатар қойып салыстыру арқылы жүрсе ғана ұтымды.

Бұлайша түсіндіру - лексикалық мағынаны ашуға көмектесумен бірге, оқушылардың грамматикалық ұғымдарды дұрыс ажыратып, сөздердің қолданылу аясын терең түсінуге мүмкіндік жасайды. Лексиканы оқыту кезінде мұғалім оқушыларды сөздікпен жұмыс істеуге үйрету керек. Сөздіктерді қолдана отырып, сөздердің шығу тарихын, мағыналарын меңгерткізу, сабаққа деген қызығушылықты арттырады. Сабақтарда өткен тақырыптың ішінен түсініксіз сөздерді таптыртып, мағынасын сөздіктен таптырып отырса, пән аралық байланыс жүзеге асып, белсенділігі артады.

Қазіргі қазақ тілі лексикасының шығу арналары. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай актив және пассив сөздер болып екіге бөлінеді. Негізгі сөздік қор қазақ тілі шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Негізгі сөздік қордың басты белгілері көрсетіледі.

Қазақтың байырғы төл сөздері. Төл сөздер тек қазақ тіліне тән және түркі халықтарына ортақ сөздерден тұрады. Байырғы төл сөздер дегеніміз халқымыздың

шаруашылығы, дүниетанымына байланысты жалпы халықтық сипат алған сөздер екендігі түсіндіріледі. Қазіргі қазақ төл сөздерінің жасалу жолдарына тоқталады.

Сөздік жұмысы ұғымы қазақ тілінде Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, С.Көбеев, Т.Шонанов, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев сынды әдістемеші-ғалымдардың әдістемелік еңбектерінен бастау алған. Бұл еңбектерде сөздік жұмысын жүргізудің нысаны ретінде мағынасы түсініксіз сөздер қолданылған. Ал кейінгі Р.Сыздық, Т.Қордабаев, С.Рахметова, К.Бозжанова, И.Ұйықбаев, А.Әбілқаев, Т.Әбдікәрім, Г.Уәйісова, Ә.Исабаев, Ә.Жұмабаева, М.Ермекбаевтардың зерттеулерінде – түсініксіз сөздер мен қиын сөздер терминдері қатар қолданылғанымен, екеуінің ара жігі ашылмаған. Оқушылар тілдегі лексикалық құбылыстарды меңгеруге кіріскен кезде жеке күйінде-ақ жинақтау процесінің жемісі болып табылатын сөздерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай тағы да жинақтайды. Сөйтіп жеке тұрғанда өздеріне бұрыннан таныс алыс, шалғай сияқты сөздердің синонимдер деп аталатынын бірдей айтылғанмен мүлде екі түрлі мағына білдіретін ара (жәндік), ара (құрал) сияқты сөздердің омонимдер деп алатынын, сондай-ақ қарама-қарсы мағынадағы үлкен-кіші, биік-аласа сөздерінің антонимдер деп аталатынын түсінеді. Мектепте балалардың қарсы мәндес сөздер туралы түсініктері де кеңейеді. Көпмағыналы сөздің мағыналары сөздікте бөлшектеніп, жеке-жеке беріледі. Бұл жеке мағыналар сөздің лексика-семантикалық варианты болып табылады. Демек, лексика-семантикалық вариант – көпмағыналылығынан ажыратылған, контекстегі мағынаны иеленіп отырған сөз. Демек, сөз мағынасымен жұмыс – күрделі жұмыс.Мектеп оқушыларының қиын сөздерді меңгеруі үшін қиын сөздер сөздігі мен жаттығулар қамтылды. Біз бұл жерде әр сыныпқа арналған қиын сөздер сөздігінен тек «мәуе» сөзімен жүргізілген жұмыстан үзінді беріп отырмыз. Мәуе: Жеміс, жидек, миуа Т үбірлес сөздер: мәуелі, мәуеле Тіркесу қабілеті: мәуелі ағаш, мәуелі жеміс Сөйлем: Бауының мәуесін көрген бағбанның көңіл-күйі көтеріңкі («Қаз.әдеб»). Мақал: Мәуелі ағаш майысқақ (мақал). Семген ағаш мәуесін бермейді, Қысыр сөзден ешкім пайда көрмейді (мақал).