- •Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны
- •Қазақ тілін оқыту әдістемесі – жеке ғылым саласы
- •Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
- •Қазақ тілі пәні арқылы меңгерілетін құзіреттіліктер
- •Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі
- •Білім беру технологиялары
- •Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері, оқуәдістемелік кешені
- •Сөзжасамды оқыту әдістемесі
- •Морфологияны оқыту әдістемесі
- •Мәтінді оқыту әдістемесі
- •Тіл дамыту әдістемесі
- •Сөз мәдениетін оқыту әдістемесі
- •Шешендік өнерді оқыту әдістемесі
- •3.3. Төменде берілген ақпараттарды салыстыра отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз:
Мәтінді оқыту әдістемесі
Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері – жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан көрінеді.
Мәтін ғылыми тұрғыда сұрыпталған, өңделген болуы тиіс. Сабаққа қолданылатын мәтін тыңдаушының психофизиологиялық ерекшелігіне бейімделініп немесе бейімделмей де алынуы мүмкін. Мәтінді сұрыптағанда мынадай факторлардың кешенді жүйесін ескерген жөн: магистранттардың мамандығы бойынша актив сөздер мен түсіндірме терминдердің ауқымы; лексико-грамматикалық материалдың ерекшелігін қамтамасыз ету; мәтіннің қиындық деңгейін анықтау критериі: контекстік көркемдік пен жанрлық шектеулік; тақырыптық принцип; мәтіннің композициялық-мәндік құрылымы мен стилі. Сондай-ақ, мәтін мазмұнын түсіну, оның ішіндегі негізгі және жанама ойдың бөліну заңдылығын айыра білумен айқындалады. Сондықтан, тілді оқытып, үйретудің кез келген кезеңінде оқытушы магистранттарға оның құрылымдық элементтерінің қайсысы негізгі, қайсысы қосымша ойды беріп тұрғанын түсіндіріп, көрсеткені дұрыс. Мәтінді толық және дәл ұғыну оның ішіндегі сөздердің мән-мағынасын түсініп, білуге де байланысты.
Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқытушы алдына төмендегідей мақсаттар қойғаны дұрыс:
- Магистрантты берілген мәтіндер бойынша қазақша тілдесуге үйрету. - Тілдік қатынасқа түсу үшін әр түрлі ситуациялар құру арқылы тілдік қатынастың қажеттілігін арттыру. - Дұрыс сөйлеу, жазу нормаларын үйрету.
Мәтіндер ғылыми тұрғыда сұрыпталынып алынады. Мәтінмен жүргізілетін жұмысты мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:
1) мәтінмен жұмыстың алдыңғы кезеңі;
2) мәтінмен жұмыс кезеңі;
3) мәтін соңындағы жұмыс кезеңі.
Бірінші кезең бойынша, мәтінді оқығанға дейін, мәтінге байланысты немесе басқаша логикалық сұрақтар берілуі арқылы жасалады. Мәтінді оқымай тұрып, мәтіннің ішіндегі сөйлемдерге сұрақ қою дұрыс емес. Тыңдарманның алдында сабақтарына байланысты мәтін жатуы қажет. Мәтіннің ішінен таныс емес сөздерді теріп жазып алғаннан кейін, оқытушының көмегімен тілдерін дамыту мақсатында актив сөздер, сөз тіркестері бөлек сөздікке жазылады. Бұлай жазып алу сөздің дұрыс жазылуын, айтылуын тексеруге, өзін-өзі тексеруге, бірін-бірі тексеруге көмегі тиеді. Мәтінде берілетін сөздердің ішінде таныс емес сөздер мейлінше аз болғаны дұрыс. Өткен сабақта берілген сөздерді қатыстырып, байланыстырып отыру керек. Бұл жерде байланыстылық қағидасы сақталады.
Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымын трансформациялау жаттығулары орындалады. Сондай-ақ мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әр түрлі тәсілмен орындауға болады. Мәтінмен жұмыс кезеңі былайша ұйымдастырылады: - шағын мәтінмен жеке-жеке сөйлемдердің сапасын саралап салыстыру; - мәтіннің негізгі мәнін, мазмұнын түсіну; - мәтінге тақырып беру; - мәтінді тақырыпшаларға бөлу; - мәтіндегі басқы, ортаңғы, соңғы ойларды анықтау; - мәтінге жоспар жасап, ол бойынша тараушаларды анықтау; - мәтінді баяндай білу, басталар, аяқталар ойды дұрыс жеткізу; - жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу; - мәтіндегі сөздермен түрлі жұмыс жасап, сөздік қорды толықтыру;
Тыңдаушыларға мәтінді оқыту барысында қолданылатын тапсырмалардың түрлерімен танысып кетсек. 1.Мәтіннің тақырыптарына қарап, мәтіннің негізгі мазмұнын бағдарлау
бағытындағы тапсырма: - Тақырыпты оқып шығып, мәтіннің негізгі мағынасы не туралы екенін айтыңыздар. - Мәтіндегі оқиғаның қалай өрбитінін болжаңыздар. - Тақырыптың аты мәтін мазмұнын бере ала ма деген сұрақтар төңірегінде өз ойларыңызды ілдіріңіздер.
2. Мәтіннің мағыналық жағын ашатын негізгі сөздерді, сөз тіркестерін, т.б. бөліп көрсету мақсатындағы тапсырма: - Мәтінді оқып шығып, ерекше көрсетілген сөздерге назар аударыңыздар. Ол сөздер сіздерге мәтін не туралы айтылатындығын анықтауға көмектеседі. - Бөліп көрсетілген сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді оқыңыздар. Мәтіндегі қамтылатын негізгі мәселелерді анықтаңыздар. 3. Мәтінді санаулы уақыт аралығында игеру мақсатында жүргізілетін тапсырма: - «...» атты мәтінді ... минутта оқыңыздар. Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуге тырысыңыздар. - Мәтінді уақытты үнемдей отырып, шапшаң оқып шығыңыздар. - Мәтінде не туралы айтылғандығын 2-3 атаулы сөйлем арқылы білдіріңіздер.
Орфографияны оқыту әдістемесі
Мұғалім оқушылардың фонетика саласынан алған білімдерін сабақта сұрақ-жауап әдісі арқылы естеріне түсіруіне болады. Дауысты және дауыссыздыбыстардың классификациясын таблица түрінде жазып шығуларын талап ету арқылы, төменгі сыныптарда өткен материалдарын естеріне түсіріп, бекітеді. Дыбыс пен әріптің өзара айырмашылығын, дыбыстың тілдегі сөз құрайтын фонема, ал әріптің солардың таңбасы екендігін түсіндіргеннен соң, графика, шартты таңбаның қалай болса солай емес белгілі бір кағидаға сүйеніп жазылатынын айтады. Тілдегі сөздердің жазылу нормалары үш түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы нәтиже береді. Орфография мен орфоэпиядан өткен білімдерін бекіту ретінде оқушыларга жеке өздік жүмыстарын жасатқызу оларды өз бетінше жүмыс жасауға төселдіреді. Мәселен, тарихи-дәстүр принципі бойынша жазылатын сөздерді көркем шығармалардан теріп, мысал жинатуға, орфоэпиялық заңдылықтан ауытқып айтылған сөздерді талдату /себебін дәлелдету/ т.б. тапсырмаларды орындату өз нәтижесін берері сөзсіз. Тіл мәдениеті, окушылардың сөйлеу мәдениетін ңалыптастыру және тіл дамыту жүмыстары. Тіл, сөйлеу мәдениеті дегендер көп ұғымды қамтиды. Ең алдымен, бұл - адамдардың тілді дұрыс қолдаиуы деген сөз. Ашып айтсақ, бұған білдірмек ойға сөздерді сай етіп дұрыс, дәл таңдай білу, ой мен сөздің кұр дәлдігін табу емес, сонымен қатар сөздердің тыңдаушыға (оқушыға) әсер ететіндей орынды, көркем варианттарын тауып қолдану жатады. Сондай-ақ сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстыра білу, дұрыс орналастыра білу де, сөйлемдерді тым шұбалаңқы, түсінуге ауыр тиетін етіп те емес, тым қарапайым келте етіп те емес, дұрыс құрастыра білу де - тіл, сөйлеу мәдениетіне қатысты жайттар. Ғасырлар бойы қалыптасқан фразаларды (тұрақты сөз тіркестерін), мақал-мәтелдерді әрі орынды, әрі бұзбай, мағыналарын дәл түсініп пайдалану да - тіл мәдениетін көтерудің бір шарты. Стилистиканың лингвистикалық міндеті стильдік әсердің өзін емес, сол әсерді туғызатын тілдік тұлғаларды зерттеу болып табылады. Стилистиканы оқытуды жоспарлағанда мұғалім стилистикалық қателердің түрлерін, олардың көпшілікке ортақ топтарын айқындап алу, оқушыларға стилистикалық талдаулар жасату, сөйлемдер мен қысқа мәтіндер, стилистикалық диктанттар жазғызу т.б. жұмыстарды саралап алғаны жөн.
Стилистика қағидаларын меңгерткенде мұғалім жеке адамның өзіне тән лексикасы болатынын, кейбіреудің сөздік қоры бай, ал біреулердің сөздік қоры аз болатынын да айтып өткені дұрыс. Әр адамның сөйлеу мәнері, сез екпін түсіріп айтудың өзіндік дағдысын қальштастыратынын, көркем әдебиеттің әр жанрына тән стильдік ерекшеліктердің болатынын назарда ұстауы қажет. Оқушыларға стильдің түрлеріне байланысты әр түрлі жүмыстар орындату керек. Тілдік суреттеме құралдарының /теңеу, әпитет, метафора, метонимия/ мәнісін мысалдарды салыстыру арқылы білдіруге болады: Жылқының тұлпары - талаптың тұлпары: Республика сарайы - өмір сарайы, ой сарайы; есіктің кілті - дүниенің кілті, жүректің кілті: Тілдік көркемдегіш құралдарын /гипербола, литота, грация, перифраз, қайталау, инверция, антитеза т.б. да салыстыра түсіндірген тиімді. Оқушыларға бірнеше тіркестер беріп, мысалы жылы жүрек, шыбын құрлы көрмеді т.б. жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін құратуға болады. Мұғалім сөйлеу мен жазудың түрлі стильдік ерекшеліктеріне тән тілдік қолданыстар туралы ұғымды тіл дамыту кезінде жүргізілетін тапсырмалар арқылы кеңейтіп отыруы қажет. Тілдік тәсілдерді, стильдік құбылыстарды дұрыс, орынды қолдану арқылы сауатты сөйлеуге, ой дәлдігіне, сөйлеу әдептілігіне үйретіп, дағдыландырады. Сөйлеу мәдениетін арттырады. Әр типтегі шығарма, мазмұндама жазуға жаттықтыру арқылы жазбаша жұмыстың мазмұн, идеясымен қатар ондағы тілдік фактілерге назар аудартады. Сөз тіркестерін көркем қиыстырып, сөйлемдерді стильдік жағынан мінсіз құра білуге үйретеді. Жазу жұмысында орфографиялық, пунктуациялық сауаттылықты арттырады.
Орфография мен орфоэпияның бір-бірімен байлыныстылығымен бірге олардың өзара айырмашылығын жете түсіну үшін оқушылар фонетиканы жетік білуі керек. Мұғалім оқушылардың фонетика салаларынан алған білімдерін сабақта сұрақ- жауап әдісі арқылы еске түсіреді. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың классификацмясын таблица түрінде жазып шығуларын талап ету арқылы төмендегі сыныптарда өтілген материалдарды естеріне түсіріп бекітеді. Қазақ тіліндегі сөздердің жазылу нормалары 3 түрлі принципке негізделіп жазылатынын оқушыларға кестені пайдалана отырып түсіндірген жақсы. Қазақ орфографиясының принциптері: фонетикалық, морфологиялық, дәстүрлі тарихи принцип.
Орфографияны оқытқан кезде тақтаны екі бөлікке бөліп, бір жағына жазылуын, екінші жағына айтылуын жазып, салыстыра түсіндірген жөн. Дұрыс, сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға біпсыпыра көмектеседі. Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т.б. сөздерді тек есту дағдысына сүйеніп жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ -ма,-ме,-ба,-бе, па,- пе сұраулықтарын етіс тіктің болымсыз түрімен, иен, пен бен шылауларын септік жалғауларымен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп. Сонымен, оқушыларды сауаттты жазуға үйрету үшін есукерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей: 1. Мұғалім жазылытын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткенннен кейін барып жаздыруға тиіс. 2. Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады. 3.Үнемі талдау жасау: түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру - мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды. 4. Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік твалдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. 5. Сөздік жұмысы үздіксіз жүргізіліп отырылуы керек. Әрбір оқушының әлсіз жақтары болады. Мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі факторларға негізделеді: Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу. Есту арқылы қабылдауына негізделетін тексті жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған тексті жазу). Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады.
Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б. Балалардың орфографияға үйренген дағдылары мен шеберліктерін байқау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім тексті, сөйлемді немесе жеке сөздерді оқиды. Оқушылар оны аяғына дейін тыңдап, естерінде ұстайды, жазады. Диктанттың мектепте жүргізілетін мынадай түрлері бар:
1. Ескерту диктанты; 2. Іріктеу диктанты; 3. Түсіндіру диктанты; 4. Творчестволық диктант; 5. Бақылау немесе тексеру диктанты;
Қорыта келгенде, орфографиялық немесе пунктуациялық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруда оқушылардың зейнін, ойы- есін, қиялын т.б. таным қабілеттерін дамытуға, сондай- ақ олардың ауызша, жазбаша тілін дамытуға көп күш салу қажет.
Пунктуацияны меңгерту әдістемесі
Пунктуация тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы, жазу емлелерімен бірге белгілі бір мәтінді өз ішінде бір бірінен айыруға мүмкіндік беретін, графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады. Пунктуация – жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба. Ол автордың айтайын деген ойын сол қалпында, өз дәрежесінде жеткізуге жол ашады. Сөз – қыр-сыры мол құбылыс. Сөйлем құрамындағы әр сөзді, тұтас сөйлемді жазушы сан құбылтып беруі мүмкін. Егер тыныс белгілері болмаса немесе дұрыс қойылмаса, мәтінді оқу да қиын, тіпті түсіну мүмкін емес. Ауызекі сөйлесуде айтушы өз ойын толық жеткізу үшін бет-жүзінің құбылысын, қолының әр түрлі қимылдарын, дауыс ырғағын барынша қолданады. Бұларды қағазға түсіре алмайсың. Бірақ, қағазға түскенде, жазу тілі арқылы қарым-қатынас жасауда бізге тыныс белгілері көмекке келеді. Олар жазба тілдің барлық мағынасын ашып, түсінуге мүмкіндік береді.
Тілдегі ең қысқа сөздің өзін әр түрлі мәнмен айта аламыз. “Бар” немесе “жоқ”, “жақсы” сөздерін айтқан кезде сөйлеуші жайбарақат болуы да, ызалы, ашулы болуы да немесе өте көңілді болуы да мүмкін. Ауызба ауыз әңгімеде осының бәрі сөйлеушінің дауыс ырғағы арқылы көрінеді, ол бәсең, көтеріңкі, жұмсақ, қатты да шығады. Жазуда бұл жансыз әріп-таңбамен беріледі. Жаңағы көңіл-күйі ғайып болған сияқты. Егер олардың тыныс белгілерін дұрыс қойсаңыз, сөз жанданып шыға келеді. Бар. Бар! Бар?Бар?! Бар... Жақсы. Жақсы! Жақсы? Жақсы?! Жақсы...
Бар. Жақсы. – нүкте қойылғанда, жайбарақат дауыспен айтылады, бірақ шешімді естіледі.
Бар! Жақсы! – көтеріңкі көңіл күйін білдіреді.
Бар? Жақсы? – екіұшты мағына береді.
Бар?! Жақсы?! – түк те түсінбеген, сенбеген күйді көрсетеді.
Бар... Жақсы... – аяқталмаған, іште кеткен ой, сенімсіздік, реніш, кекесін сарынды мағынаны көруге болады. Тыныс белгілерін сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қою принципін грамматикалық принцип дейміз. Сөйлемнің және сөйлем құрамындағы сөздердің мағынасын ашып, ерекшелеп тұру тыныс белгілерінің мағына айқындаушы қызметі болып табылады. Белгілі сөйлемдерді, сөзді, тұтас мәтінді оқығанда дауыс ырғағының құбылуы, тыныс белгілерінің қосымша, көмекші қызметі интонациялық принцип деп аталады. Сөйлемнің, жалпы мәтіннің тыныс белгілерін қою үшін үш белгіге сүйену керек. Олар: сөйлемнің құрылысына негізделген – грамматикалық принцип; сөйлем және сөйлем құрамындағы сөздердің мағынасын айқындаушы – мағыналық принцип және дауыс ырғағы – сөйлем интонациясы.
