- •Вопрос 1.
- •Вопрос 15.
- •Вопрос 16.
- •Вопрос 17.
- •Вопрос 28.
- •Вопрос 55.
- •Вопрос 56.
- •Вопрос 68.
- •Вопрос 69.
- •Вопрос 66.
- •Вопрос 67.
- •Вопрос 92.
- •Вопрос 93.
- •Вопрос 104.
- •Вопрос 105.
- •Вопрос 119.
- •Вопрос 120.
- •Вопрос 132.
- •Вопрос 147.
- •Вопрос 192.
- •Вопрос 193.
- •Вопрос 194.
- •Вопрос 203.
- •Вопрос 204.
- •Вопрос 210.
- •Вопрос 211.
- •Вопрос 212.
- •Вопрос 229.
- •Вопрос 230.
- •Вопрос 231.
- •Вопрос 232.
- •Вопрос 233.
- •Вопрос 234.
- •Вопрос 235.
- •Вопрос 236.
- •Вопрос 237.
- •Вопрос 238.
- •Вопрос 239.
- •Вопрос 240.
Вопрос 66.
11 жасар ер балада оңтүстікке сапар кезінде 38-39С дене қызуы, қалтырау, ұрт пен мұрында бөртпелер, аяқ-қолдың ірі буындарында ауырсыну пайда болған, ЭТЖ-38мм/сағ. Соңынан жүрек аймағының ауырсынуы, миалгия қосылған, жалпы әлсіздік күшейген. Мүмкін болған диагноз:
(+) жүйелі қызыл жегі
( ) ювенилді ревматоидты артрит
( ) ревматикалық қызба
( ) бруцеллез
( ) дерматомиозит
Вопрос 67.
13 жасар балада баспамен ауырғаннан кейін, алдын оң, кейіннен сол тізе буындарының ісінуі байқалды. Объективті қарағанда: жүрек шекаралары солға кеңейген, І тон әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шуыл есітіледі. Болжам диагнозы:
(+) ревматизм, кардит, артрит
( ) ревматизм, хорея
( ) ревматизм, митральды қақпақша жетіспеушілігі
( ) ревматизм, аортальды қақпақша жетіспеушілігі
( ) ревматизм, митральды қақпақшаның бірлескен ақауы
Вопрос 68.
14 жастағы қыз бала 1,5 ай бойы ауырған. Бетінде «көбелек» тәрізді бөртпе шыққан, қайталамалы полиартрит көріністері, деформация қалдырмаған. Ауыз қуысында ұсақ жаралар болды. Аускультацияда перикардтың үйкеліс шуы есітіледі. Нв - 73 г/л, Эр - 2.8х10 12/л, ЭТЖ - 61 мм/сағ. Протеинурия - 0.33-0.66 г/л. Бұл көріністер ... тән.
(+) жүйелі қызыл ноқтаға
( ) ювенильді ревматоидты артритке
( ) жедел ревматикалық қызбаға
( ) жүйелі склеродермияға
( ) сепсиске
Вопрос 69.
Бала 7 жаста, стационарға дене қызуының жоғарылауы, жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарының қимылының ауырсынуы, бұлшық ет әлсіздігі шағымдарымен түсті. Ата-анасы бұл белгілерді 2 апта бұрын байқаған. Жақында тұмау ауруымен ауырған, мектепте вакцинация алған. Соңғы күндері өз бетімен төсектен тұра алмайды, қасықты ұстай алмайды. Жағдайы өте ауыр. Баланың қалпы мәжбүрлі. Периорбитальді аймақта эритема, буындарда эритематозды бөртпелер. Жамбас, балтыр, иық бұлшықеттері – ісінген, тығыздалған, қамыр тәрізді, ауырсынулы, активті қимылдар мүмкін емес. Буындар өзгеріссіз. ЭТЖ- 55 мм/сағ. Гаммаглобулин фракцияларының сарысу ферменттерінің (альдолаза, трансаминаза, креатининфосфокиназа 0,2 мкмоль/л-ге дейін) жоғарылауы. Ең ықтимал болған диагноз:
(+) Дерматомиозит
( ) Полиомиелит
( ) Дифтериялы полиневрит
( ) Бруцеллез
( ) Энтеровирусты миопатия
Вопрос 70.
Кардит көріністері бар ревматизмнің жедел шабуылының емінде міндетті түрде тағайындалады:
1) пенициллин қатарының антибактериальды препараттары
2) ацетилсалицил қышқылының препараттары
3) глюкокортикоидтар
4) сульфаниламидтар
5) седативті препараттар
( ) 1, 5
( ) 2, 3
( ) 3,4
( ) 4,5
(+) 1,2,3
Вопрос 71.
Буындардың ревматикалық зақымдануында ... байқалады.
(+) полиартриттiң қатерсiз ағымы
( ) таңертеңгiлiк құрысу
( ) ұсақ буындардың зақымдануы
( ) зақымданған буындардың анкилозы
( ) зақымданған буындардың деформациясы
Вопрос 72.
8 жасар науқастың бұлшық еттері ауырады, әлсіздік, артралгия байқалады, АҚ 160/120 мм.сын.бағ. Көру қабілетін жылдам жоғалту, дистрофия байқалады. Санының терісінде - домалақ пішінді жұмсарған жер анықталды, үстінде айқын қантамырлық торы бар. Диагноз қойыңыз:
(+) түйінді полиартериит
( ) дерматомиозит
( ) жүйелі склеродермия
( ) жүйелі қызыл ноқта
( ) ревматикалық қызба
Вопрос 73.
Ыстықкөлде жаздық демалыстан кейін 13 жасар науқаста созылмалы қызба, дене салмағының күрт төмендеуі, терісінде кезеңді бөртпелер, бетіндегі айқын эритема, алақанның майда буындарының ісінуі, қатты таңдайда энантема, стоматиттің пайда болуы, шашының үдемелі түсуі, ентігу, үнемі құрғақ жөтел. Өкпесінде әлсіреген тыныс, төменгі бөлігінде анық емес ылғалды сырылдар, жүрек үндері тұйық, тахикардия. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ жоғарылауы, лейкопения, анемия. Ең ықтимал болған диагноз:
(+) Жүйелі қызыл ноқта
( ) Кавасаки ауруы
( ) Түйінді полиартерит
( ) Ревматикалық кызба, кардит, артрит
( ) Вислер - Фанкони аллергиялық субсепсисі
Вопрос 74.
Балаға Ревматикалық қызба диагнозы қойылған, ауру ұзақтығы 6 ай, клиникалық көрінісінде ревмокардит, жүрек ақауының қалыптасуы байқалады. Аурудың ағымы:
(+) баяу созылмалы
( ) жеделдеу
( ) үзіліссіз-қайталамалы
( ) баяу
( ) жасырын
Вопрос 75.
Ревматоидты артрит кезіндегі рентгенологиялық өзгерістер келесі буындарда ерте дамиды:
(+) алақан-саусақтық және проксимальды саусақ аралық буындарда
( ) шынтақ буындарында
( ) иық буындарында
( ) тізе буындарында
( ) тобық буындарында
Вопрос 76.
Дәнекер тіннің диффузды ауруларының емінде міндетті түрде тағайындалады:
(Тип: Множественный выбор, Баллов: 10, Попыток: 1)
[+] глюкокортикоидтар
[ ] витаминдер
[ ] антибактериальды ем
[+] цитостатиктер
[ ] стероидты емес препараттар
[ ] вирусқа қарсы препараттар
[ ] иммуностимуляторлар
Уведомить, если частично правильно: Частично правильно
Вопрос 77.
Жүйелі қызыл ноқтаның лабораториялық диагностикасында анықталатын Хазерик триадасыга жатады:
(Тип: Множественный выбор, Баллов: 10, Попыток: 1)
[+] Ноқталық жасушалар
[ ] Антинуклеарлы антиденелер
[ ] Sm-антиденелер
[+] Гематоксилин денешіктері
[ ] Лимфоцитоз
[ ] ЭТЖ жоғарылауы
[+] Розеткалардың болуы (ноқталық денешіктермен қоршалған нейтрофилдер)
[ ] Оң ревматоидты фактор
Уведомить, если частично правильно: Частично правильно
Вопрос 78.
С. есімді 12 жасар балаға “Жүйелі склеродермия” диагнозы қойылды. Қандай зерттеулер жүргізу қажет:
а) ЭхоКГ
б) ФГДС, өңешті бариймен рентгенография жасау
в) LE-жасушаларын анықтау
г) стрептококкты антиденелердің титрін анықтау
е) буындардың рентгенографиясы
(+) а, б
( ) б, в
( ) в, г
( ) г, д
( ) д
Вопрос 79.
Пуриндік зат алмасуды бағалау үшін ... зерттеледі.
(+) қан сарысуындағы зәр қышқылы
( ) мочевина және қалдық азот
( ) креатинфосфокиназа белсенділігі
( ) креатинин деңгейі
( ) шумақшалық фильтрация жылдамдығы
Вопрос 80.
Синовий сұйықтығының қалыпты жағдайдағы құрамына кірмейді:
(+) рагоциттердің болуы
( ) жоғары жабысқақтық
( ) цитоз 1.5*109 /л
( ) жалпы белок көлемі 10-20г/л
( ) глюкоза көлемі 3.5-5.5 ммоль/л
Вопрос 81.
Ревматоидтық артритте байқалмайтын белгіні көрсетіңіз:
(+) буындардағы ұшпалы ауырсынулар
( ) ұсақ буындардың зақымдануы
( ) таңертеңгiлiк құрысу
( ) артриттiң ағымының ұзақтығы
( ) буындардың деформациясы
Вопрос 82.
8 жасар балада баспамен ауырғаннан 12 күннен кейін, екі тізе буынының ісінуі пайда болды, үш күннен кейін бұл белгілер жоғалды. Жүрегінде кардит белгілері бар. Денесінің және иығының терісінде сақина тәрізді эритема анықталды. ЭТЖ-45 мм/сағ. Болжам диагнозы:
(+) ревматикалық қызба, ревмокардит
( ) дерматополимиозит
( ) жүйелі қызыл ноқта
( ) ревматоидты артрит
( ) миокардит
Вопрос 83.
4 жасар ер бала дерматологта беттің және аяқ-қол буындарының лилиялы эритемасынан емделген. 1 жылдан кейін терідегі өзгерістерге аяқ пен қолдық бұлшықеттерінің ауырсынуы қосылған. Жүрген кезде құлай бастаған, өздігінен керуеттен тұра алмаған. Стационарға жолданған. Сіздің диагнозыңыз:
(+) дерматомиозит
( ) жүйелі склеродермия
( ) жүйелі қызыл жегі
( ) ювенилді ревматоидты артрит
( ) бруцеллез
Вопрос 84.
Синовий қабығын биопсия жасау ... анық диагноз қоюға мүмкіндік береді.
(+) буын туберкулезі кезінде
( ) ревматоидты артрит кезінде
( ) анкилоздаушы спондилоартрит кезінде
( ) реактивті артрит кезінде
( ) инфекциялық артрит кезінде
Вопрос 85.
Иридоциклит (увеит) жиі кездесетін аурудың түрін көрсетіңіз:
(+) Ювенильді ревматоидты артрит
( ) Шенлейн-Генох ауруы
( ) Ревматикалық қызба
( ) Пертес ауруы
( ) Жедел лимфобласты лейкоз
Вопрос 86.
Деpматомиозитке тән клиникалық симптомдар:
(+) Бұлшықеттердің тығыздануы, ауыруы, терінің зақымдануы (ісіну, эритема)
( ) Бүгу контpактуpасы, буындардың аз қозғалғыштығы
( ) Таңертеңгі бойкүйездік
( ) «Көбелек» симптомы
( ) Рейно синдромы
Вопрос 87.
Буындардың ревматикалық зақымдануында ... байқалады.
(+) полиартриттiң қатерсiз ағымы
( ) таңертеңгiлiк құрысу
( ) рецидивтiк ауырсыну
( ) түнгi ауырсыну
( ) зақымданған буындардың деформациясы
Вопрос 88.
Ревматоидты артриттің бастапқы кезеңінде келесі буындар ең жиі зақымданады:
(+) алақан-саусақтық және проксимальды саусақ аралық буындары
( ) білезік буындары
( ) тізе буындары
( ) омыртқаның мойын бөлігі
( ) шынтақ буындары
Вопрос 89.
Дерматополимиозит диагностикасындағы ақпаратты лабораториялық және аспаптық зерттеулер:
1) жалпы қан анализі
2) қанда креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы
3) гиперпротеинемия
4) электромиография
5) бұлшық ет тінінің биопсиясы
( ) 1, 2, 3
( ) 2, 3
( ) 3,4
(+) 2, 4, 5
( ) 1,5
Вопрос 90.
Дерматополимиозит кезіндегі кальцинозды емдеуде қолданылады:
1) колхицин
2) димексид
3) Na2 ЭДТА
4) хинолин қатарының препараттары
5) висмут препараттары
(+) 1, 2, 3
( ) 2, 3
( ) 3,4,5
( ) 4,5
( ) 1,5
Вопрос 91.
5 жасар баланың 1 айдан бері дене қызуы 38,5 С-қа жоғарылайды. Тізе және фаланга аралық буындары ісінген, ауырсынады, жергілікті қызуы жоғары. Перифериялық лимфа түйіндері-тізе асты, кубитальды, мойын ІІІ-көлемге дейін ұлғайған. Бауыры қабырға доғасы астынан 2-3-4 см шығыңқы. Көкбауыры қабырға доғасы тұсында. ЖҚА: L-15*10/л, ЭТЖ-47 мм/сағ. Болжам диагнозы:
(+) Ревматоидты артрит буындық-висцеральды (Стилл ауруы)
( ) Ревматоидты артрит, буындық түрі
( ) Вислер Фанкони субсепсисі
( ) Жедел ревматикалық қызба
( ) Рейтер синдромы
