Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ревматология.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60 Кб
Скачать
☆

Вопрос 104.

8 жасар қыз баланың оң тізе буыны ісінді, дене қызуы 37,8С болды. Үш апта алды ЖРВИ-мен ауырған. Жүрек шекаралары ұлғаймаған, тондары ырғақты. ЭТЖ-12 мм/сағ. Бір апта ішінде артрит белгілері жоғалды. Болжам диагнозы:

(+) реактивті артрит

( ) ювенильді ревматоидты артрит

( ) созылмалы ревматоидты артрит

( ) анкилоздаушы спондилоартрит

( ) гемартроз

Вопрос 105.

8 жасар ұл балада бұлшықеттерінің ауыруы, әлсіздік, артралгия байқалады. Көз көру жылдам нашарлады, дистрофия. Қарағанда: сан терісінде дөңгелек жұмсақталған ошақ бар. Осы жерде қантамыр торы анық. АҚҚ – 160/120 мм.сын.бағ. Көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы бұл жағдайда болуы мүмкін?

(+) Түйінді периартериит

( ) Дерматомиозит

( ) Жүйелі склеродермия

( ) Ревматикалық қызба

( ) Жүйелі қызыл ноқта

Вопрос 106.

Жүйелi қызыл ноқтада жиi байқалады:

(+) LE-жасушыларының болуы

( ) Рейно синдромы

( ) периорбиталдық эритема

( ) дисфагия

( ) таңертеңгілік құрысу

Вопрос 107.

8 жасар балаға дерматополимиозит болжам диагнозы қойылған. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жүргізу қажет:

(+) Қандағы КФК, ЛДГ белсенділігін анықтау

( ) Протеинограмма және СРБ

( ) Райт-Хеддельсон реакциясы

( ) Антистрептококкты антиденелер титрін анықтау

( ) Le-жасушаларды және гематоксилин денешіктерін анықтау

Вопрос 108.

ЮРА-ның зерттеу жоспарына міндетті түрде жатады:

1) жалпы қан анализі

2) жалпы зәр анализі

3) Зимницкий сынамасы

4) холтеровлік мониторинг жасау

5) эхокардиография

6) ревматоидты факторды анықтау

( ) 1, 2

( ) 2, 3, 5,6

( ) 3,4

( ) 3,4,5

(+) 1,2,5,6

Вопрос 109.

Бала 11 жаста, шағымдары: тізе, сирақ-табан, білезік буындарының ауруы, қозғалысының шектелуі, субфебрилитет, 4 күннен бері ауырады. Анамнезінде: 2 апта бұрын ЖРВИ-мен ауырған, созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: улану белгілері, жүрек түрткісі ортаңғы бұғана сызығынан сыртқа қарай 5 қабырға аралығында, әлсіреген, жүрек шекаралары: оң жағы - оң жақ стернальды сызық, жоғарғы - 3 қабырға аралығы, сол жағы - сол жақ бұғана сызығынан 2 см сыртқа қарай, І тон дыбысының төмендеуі. Пульс 100 рет минутына. Науқастың болжам диагнозы:

(+) Жедел ревматикалық қызба, миокардит

( ) Тонзиллогенді миокардиодистрофия

( ) Ювенильді созылмалы артрит

( ) Реактивті артрит

( ) Инфекциялы-аллергиялық миокардит

Вопрос 110.

ЮРА кезіндегі жағымсыз болжам ... кезінде байқалады:

(+) омыртқа бағанының мойын бөлігінің зақымдануы

( ) тізе буындарының зақымдануы

( ) тобық буындарының зақымдануы

( ) аяқтың ұсақ буындарының зақымдануы

( ) иық буындарының зақымдануы

Вопрос 111.

Кардит көрінісі бар жедел ревматикалық қызбаның емінде тағайындалады:

(Тип: Множественный выбор, Баллов: 10, Попыток: 1)

[+] стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

[ ] аминогликозидтер

[ ] сульфаниламидтер

[+] глюкокортикоидтар

[ ] антигистаминді препараттар

[ ] цитостатиктер

[ ] фторхинолондар

Уведомить, если частично правильно: Частично правильно

Вопрос 112.

Жүректің ревматикалық зақымдануы бар науқастар антибиотиктермен профилактикалық емді қанша уақыт қабылдауы қажет:

(+) өмір бойы

( ) 5 жыл

( ) 3 жыл

( ) 1 жыл

( ) 6 ай

Вопрос 113.

10 жасар қыз балада қол саусақтарының фалангааралық буындардың деформациясы, олардың қозғалысының шектелгені, таңертеңгі бойкүйездік байқалады. Басқа өзгерістер табылған жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

(+) Ревматоидты артрит

( ) Дерматомиозит

( ) Түйінді периартериит

( ) Жүйелі склеродермия

( ) Жүйелі қызыл ноқта

Вопрос 114.

Сульфасалазиннің ең жиі кездесетін кері әсері:

(+) лоқсу және құсу

( ) тері бөртпесі

( ) агранулоцитоз

( ) қызба

( ) ауыз қуысының шырыш қабатының жаралары

Вопрос 115.

Бала Ж., 10жаста, соңғы бір жылда буындарында таңғы құрысу, қолдағы әлсіздік, жұдырығын түйе алмау байқалады. Қараған кезде қол саусақтарында буындардың ұршық тәрізді өзгеруі, олардағы қимылдың шектелуі анықталады. ЭТЖ – 25-35мм/сағ. Қандай болжам диагноз қоясыз:

(+) ЮРА

( ) Рейтер синдромы

( ) Реактивті артрит

( ) Ревматикалық қызба

( ) Бруцеллез

Вопрос 116.

Ревматоидты артриттің диагностикалық критерилеріне жатады:

(+) Таңартеңгілік құрысу

( ) Ұшпалы ауырсыну

( ) Екі жақты сакроилеит

( ) Тофустың болуы

( ) Асимметриялы зақымдануы

Вопрос 117.

Жүйелi қызыл ноқтадағы ерекше бөртпелер ... орналасады.

(+) мұрын үстiнде және беттерiнде

( ) құлақтарында

( ) аяқтарында

( ) шырышты қабаттарда

( ) денесiнде

Вопрос 118.

Кардиоревматологтың қабылдауына Рейно синдромымен педиатрда 4 жыл бойына бақыланып жүрген 12 жасар қыз бала келді. Дәрігер науқастан білезік буындарының дистрофиясы мен деформациясы, қол басы мен аяқ басының бұлшықет-буын контрактурасын, қол және аяқ терісінің тығыздығы мен жылтырлығын анықтады. Мүмкін болған диагноз:

(+) жүйелі склеродермия

( ) жүйелі қызыл жегі

( ) мукополисахаридоз

( ) ревматоидты артрит

( ) дерматомиозит