Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Сауытыру орталыы рылысыны лгі есебі.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
236 Кб
Скачать
☆
  1. Маркетинг бөлімі

Мүгедектер қызметін ұйымдастыру және оларға көмек көрсету үшін 6 қоғамдық мүгедектер бірлестіктері: облыстық мүгедектер қоғамы, облыстық соқырлар қоғамы, облыстық саңыраулар қоғамы, сал болған азаматтарды қорғау қоғамы, мүгедек әйелдер қоғамы, жергілікті соғыстың әскери мүгедектері қоғамы жұмыс істейді.

Мүгедектер істері жөніндегі кеңес мемлекеттік органдар, мүгедектерді қолдау, әлеуметтік қорғау және мүгедектердің қоғамға біругуі жөніндегі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдар қызметін үйлестіреді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаментінде мүгедектердің деректер қоры қалыптастырылған. Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы деректер қоры негізінде 7798 мүгедекке арналған жеке бағдарлама әзірледі. 2006 жылы, толтырылған жеке реабилитациялау бағдарламаларына сәйкес, 2855 мүгедек санаториялық-курорттық ем қабылдаумен, жүріп-тұруға арналған арнайы құралдармен, протезді-ортопедялық көмекпен, сурдо-тифло техникалық, гигиеналық құралдармен, оқытумен, жұмысқа орналастырумен, медициналық- әлеуметтік мекемелерге жолдамалармен қамсыздандырылды.

2006 жыл ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы сомасы 18,1 млн. теңгеге мүгедектер үшін 215 кресло-коляска, 231 есту аппараты, 208 бірлік сурдотехника, 580 тифлотехника сатып алынды.

455 мүгедектің аяқ-қолдары және есту жолдары 14,1 млн. теңгеге протезделді.

Одан бөлек, 394 мүгедек республикалық бюджет есебінен гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді және 40 мүгедекке жеке көмекшілер тіркелді, осы мақсат үшін 17,2 млн. теңге шығын шықты.

Қалада Брайль жүйесі бойынша арнайы мектеп қызмет етеді, бұл мектепте көру қабілеті бойынша 25 мүгедек оқытылады, көздері дұрыс көрмейтін және шамалы көретін азаматтарға арнайы кітапхана жұмыс жасайды. Көру қабілеті бойынша облыс мүгедектеріне 2005 жылдың желтоқсанында «Компьютерлік тифлокомплекс» деген арнайы техника және «Книголюб» оқитын машинасы сатып алынды, олар көпшілік орнында көру қабілеті бойынша мүгедектер қолдана алатын мамандандырылған облыстық кітапханада орнатылған.

Соқыр және саңырау мүгедектер кітапханасына аудиокассеталарда шыққан көркем әдебиеті, бедерлі-таңбалы Брайль қаріпімен жазылған дискілер және сурдоаудармасымен видеокассеталар сатып алынды.

Облысымызда мүгедектердің қатысуымен әртүрлі спорттық және мәдени шаралар өткізілді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру шаралары қолдануда. 2007 жылдың 1 қаңтарында барлық мекендерде 493 жұмыс берушілерде мүгедектерге жұмыс орындар квотасы белгіленді. Барлығы 2054 жұмыс орны квотталды, соның ішінде 472 орында мүгедектер жұмыс жасап жатыр. 2006 жылы еңбекпен және әлеуметтік бағдарламаларының органдары көмегімен 80 жұмыссыз мүгедек жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік орындарға 14 мүгедек жұмысқа орналасты, 113 мүгедек жеке еңбек қызмет жасап жатыр.

Бейімдеу және құқығын қалпына келтіру мақсатында қазіргі заман жағдайында арнайы орта және курстық оқыту орындарында мүгедектерді оқыту өткізіледі. Жеке құқығын қалпына келтіру бағдарламалары бойынша 2006 жылы 66 мүгедек 2009,3 мың.теңге сомасына оқытылды. Сонымен қатар, жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар райондық және облыстық органдары арқылы 37 жұмыссыз мүгедек кәсіби дайындық және қайта даярлаудан өтті, оқытуға кеткен 395,1 мың.теңге жұмсалды.

Орта кәсіби білім беру оқу орындарында барлық талапкерлер санынан 0,5% мөлшерінде мүгедектерге квота белгіленді. 2006 жылы 5 оқу орнына түсу үшін 14 мүгедекке квота берілді. Орта кәсіби оқыту орындарында оқитын 47 студент-мүгедекке стипендиялары төленеді, бұл мақсатта кеткен шығындар 1410,0 мың.теңгені құрады.

2006 жыл бойы қалалық, аудандық және облыстың бөлек ауылдық әкімдіктерінде орналасқан әлеуметтік көмек көрсету 16 бөлімшелерімен 1764 жалғыз басты, еңбекке жарамсыз адамдарға үй басында әлеуметтік көмек көрсетілді, олардың ішінде 308 – мүгедектер.

2006 жыл бойы 1651,7 мың.теңге сомасына аудандық бюджет қаржысынан 343 мүгедекке біржолғы материалдық көмек көрсетілді, облыстың 304 кәсіпорын мен ұйымдар қаржысы есебінен 1554 мүгедекке 4752,3 мың.теңге сомасын құрайтын қайырымдылық көмек көрсетілді.

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 Заңына сәйкес тұрақты әрекет ететін облыстық және қалалық психологиялық медициналық-педагогикалық консультациялар құрылған. 7 түзету білім ұйымдары және 2 түзету кабинеттері қызмет етеді. 448 мүгедек балаларға үй басында қызмет көрсетіледі, қызмет көрсетуге шыққан шығын 18,4 млн.теңге. 109 мүгедек балаларды үйде оқытуға кеткен 712 мың.теңге шығынның есесі қайтарылды.

Мемлекеттің күтуінде екі интернат үйлерінде 587 жалғыз басты қартайған азаматтар мен мүгедектер орналасқан, оларға тұрақты әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетіледі. 4 мүгедек-бала ақыл-ойы кем балалардың балалар үй интернатына жіберілді. Қалада тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарға 65 орындық әлеуметтік бейімделу орталығы қызмет етеді. 2006 жылы бұл орталықтан бейімделуден 200 адам өтті, оның ішінде 48 адамға құжаттарын қалпына келтіруге, интернат-үйлерге орналастыруға, зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы рәсімдеу бойынша көмек көрсетілді. 2007 жылдың 1 қаңтарына орталықта 74 адам тіркелді.

Психоневрологиялық үй-интернаты 54,6 млн. теңге сомасына капиталдық жөндеуден өтті.

Қартайған адамдар мен мүгедектер күніне үй-интернаттарға облыстық бюджет қаражатынан екі жеңіл автокөлік берілді.

Құқығын қалпына келтіру комплекстік бағдарламасы қалпына келтіру ұйымдарының және мекемелердің жетілуін, олардың материалдық-техникалық қорын күшейту, мүгедектерді техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарымен, арнайы қозғалу құралдарымен, санаториялық-курорттық емделуін, әлеуметтік қызмет және әлеуметтік инфраструктура объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін, мүгедектерді қалпына келтіру сұрақтарымен айналысатын қызметкерлерді дайындық және қайта даярлаудан өткізуін қамтамасыз ету болып табылады.