- •Жоба түйіндемесі
- •Маркетинг бөлімі
- •2. Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1. Жалпы сұрақтар
- •2.2. Орналасатын жерін таңдау
- •2.3. Нысан ауқымы
- •2.4. Жобаның аймақ инфрақұрылымына және жиынтық (біріктірілген) салалардың дамуына әсер етуін бағалау
- •2.5. Жобаның технологиялық кестесі
- •2.6. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс шешімдеріне технологиялық талаптар
- •2.7. Жобаның инженерлік жарақтармен қамтамасыз етілуі (көлік тасымалы және энергия , жылу құралдары, сумен қамтамасыз ету және канализация, өрт қауіпсіздігі)
- •2.8. Жобаның орындалу кестесі
- •3. Еңбекті қорғау
- •4. Экологиялық блім
- •5. Институционалды бөлім
- •6. Қаржы бөлімі
- •6.1. Күрделі шығындар
- •Нысанды іске қосу кезеңіндегі құрылыс құнының жиынтық есебі
- •7.Экономикалық бөлім
- •7.1. Жобаның алдын-ала құнын есептеу:
- •7.2. Экономикалық ахуалды жобамен (бағдарламамен) және жобасыз (бағдарламаларсыз) талдау
- •7.3. Ең аз шығындарды талдау
- •7.4. Жобаның (бағдарламаның) бюджеттік тиімділік және жобаның (бағдарламаның) экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есебі
- •8. Әлеуметтік бөлім
- •8.1. Жобаның (бағдарламаның) тұрғындардың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаты тұрғысынан қарағандағы негізділігі
- •9. Жалпы қорытынды
6. Қаржы бөлімі
6.1. Күрделі шығындар
Қалпына келтіру орталығының құрылысына кететін күрделі шығындарды анықтау үшін 3.02-24-2004 ҚР СНмЕ сәйкес нысандардың орналасуымен талап ететін мөлшерде құрылыс жер телімінің ахуалдық жоспары дайындалды.
8.02-01-2002 ҚР СН сәйкес техникалық-экономикалық негіздеу кезеңінде құрылыс құнын есептеу жасалды.
Талап етілетін құрылысқа қажетті күрделі шығын түрлері 1- кестеде көрсетілген және 271 183,645 мың.теңгені құрайды.
Құрылыстың, оның ішінде құрылыстың орналасатын жерін дайындау, жалпы құрылыстық жұмыстар, энергетикалық шаруашылық нысандары, сыртқы жүйелер мен құрылыстар, абаттандыру мен көгалдандыру шығындары алдын ала есептемесі бойынша 188 911,864 мың.теңгені құрайды.
Құрылыс құнының жиынтық есебінің құрамы (3-кесте):
3 -Кесте
Нысанды іске қосу кезеңіндегі құрылыс құнының жиынтық есебі
№ |
Шығын түрлерінің атаулары |
Жалпы құны, мың.теңге |
1 |
Жалпы құрылысқа күрделі қаржы бөлу |
200 545,880 |
2 |
Технологиялық жабдық, керек-жарақтар, техника және құрал-сайман құны |
51 800,700 |
3 |
Технологиялық жабдықты монтаждау құны |
430,841 |
4 |
Қазандық жабдығын монтаждау құны |
4 200,000 |
5 |
Жобалық жұмыстар |
7 029,089 |
6 |
ТЭН дайындау |
3 000,000 |
7 |
Авторлық қадағалау |
513,955 |
8 |
ТЭН сараптамасы |
443,356 |
9 |
Жұмыс жобасының сараптамасы |
886,712 |
10 |
Геологиялық-инженерлік іздеулер |
1 073,923 |
11 |
Жобаның техникалық түсіндіремелері |
1 259,189 |
|
Жалпы сомасы |
271 183,645 |
Сауықтыру орталығын «Құн/сапа» критерийі бойынша қамтамасыз ету үшін маркетингтік зерттеулер жүргізілді, соның арқасында ресейлік және қазақстандық өндірушілердің ең жақсы жабдықтары таңдап алынды және олар батыс аналогтарынан 25-30%-ға арзан.
Сауықтыру орталығын қажетті керек-жарақтармен және жабдықтармен қамтамасыз етуге кететін шығындар есебі Алматы қаласының «Пелагея» ЖШС –мен берілген құндық ұсыныстар негізінде берілген.
7.Экономикалық бөлім
7.1. Жобаның алдын-ала құнын есептеу:
Балабақшаның бастапқы жалпы сметалық құны, соның ішінде ҚМЖ:
С = N х С баз х К НДС х (J смр тек/J смрбаз)
С = 50 х 402,51 х 0,956 х 1,14 х (138,936/100,519) х 1,06= 32 135,268 мың. теңге
Соның ішінде 50 орын – нысанның жобалау қуаты
402,51 – нысанның өндірістік қуат бірлігінің орташа базалық құны
0,956 – Ақтөбе облысы бойынша құрылыс құнының аудандық коэффициенті
1,14 – ҚҚС ескеретін коэффициент
138,936 – ағындағы индексі (шілде 2007 жыл)
100,519 – 1991 жылғы сметалық құндарына 2001 жылдың 01 шілдесіндегі салыстармалы базалық аудандық индексі.
1,06 – 2007 жылдың 2008 жылға қатынасы бойынша инфляция индексі
Қазандықтың аналогтық жобалары бойынша бастапқы жалпы сметалық құны (10 м х 6 м), соның ішінде ҚМЖ: 8 200,000 мың теңгені құрайды.
Қазандықтың технологиялық жабдығының бастапқы жалпы сметалық құны 3 300,000 мың теңгені құрайды.
Бала бақшаның технологиялық жабдықтары мен мүлкінің бастапқы жалпы сметалық құны 19 534,208 мың теңгені құрайды.
Бала бақшаның технологиялық жабдығын бастапқы монтаждау құны 116,910 мың.теңгені құрайды.
Балабақшаның бастапқы құны төмендегідей:
1. Балабақша құрылысының есептеу құны – 67 184,622 мың. теңге, соның ішінде:
ТЭН дайындау құны – 390,0 мың. теңге
ТЭН сараптамасы – 225,375 мың. теңге
Жобалық жұмыстар – 1 332,645 мың. теңге
Жұмыс жобас сараптамасы – 450,751 мың. теңге
Авторлық қадағалау – 82,670 мың. теңге
Техникалық түсіндірме – 124,795 мың.теңге
Геологиялық-инженерлік іздеулер – 1 292,000 мың. теңге
Қазандықтың технологиялық жабдық құны– 3 300,000 мың. теңге
Технологиялық жабдық, керек-жарақтар, техника және құрал-сайман құны - 19 534,208 мың. теңге
Технологиялық жабдықты монтаждау құны - 116,910 мың. тенге
2. Жалпы құрылыстың күрделі қаржысын есептеу құны – 40 335,268 мың. теңге, соның ішінде ҚМЖ - 34 688 ,053 мың. теңге.
