Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
03_Сауытыру орталыы рылысыны лгі есебі.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
236 Кб
Скачать
☆

2.2. Орналасатын жерін таңдау

Нысанның орналасатын жері:

Бөлінген жер телімі жоспарының алаңы 1,11 га. Бұл орын санитарлық Ережес талаптарының ескерілуімен таңдалды. Топырақ ерекшеліктерін анықтау мақсатында геологиялық және инженерлік-іздестіру жұмыстарын өткізу қажет.

Қалпына келтіру орталығының айналасындағы аумағы СНжЕ талаптарына сәйкес көгалдандырылады және абаттандырылады.

2.3. Нысан ауқымы

Жоба масштабы, орындар саны ТЭН дайындау техникалық тапсырмасы негізінде анықталған.

2.4. Жобаның аймақ инфрақұрылымына және жиынтық (біріктірілген) салалардың дамуына әсер етуін бағалау

Жоба үлкен әлеуметтік мағынасы бар және мемлекеттің конституциялық кепілдемелерінің, мүгедектерді құқықтық, экономикалық және әлеуметтік қорғау үшін ұйымдастыру жағдайларының орындалуына, олардың өмір сүруіне және қоғаммен бірігуіне тең мүмкіндік жасалуына бағытталған.

Қосымша дәрігерлерге, жаттықтырушыларға және қызмет көрсететін қызметкерлер құрамына 20 жұмыс орындары ашылады.

2.5. Жобаның технологиялық кестесі

Мүгедектерді қалпына келтіру орталығы 65 орындық оңтайландыру және мүгедектердің кәсіби дайындау бөлімі (өзіне-өзі қызмет көрсетуді оқып үйрену, кәсіби дайындау және қайта даярлау), емдік-диагностикалық бөлім (мүгедектердің медициналық оңтайландырылуы), дене шынықтыру сауықтыратын жиынтығы (спорттық және тренажер залы, бассейн), мәдени-оңтайландыру бөлімінен (кітапхана, асхана, акт залы, клубтық-үйірмелік жұмысын ұйымдастыру үшін және 25 адам тұратын бөлме) тұрады.

2.6. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс шешімдеріне технологиялық талаптар

Келушілерге қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен аймақтарды жобалаудың ҚР СЕ 3.06.-15-2005 сәйкес мүгедектердің және қартайған адамдардың эргономикалық параметрлері ескерілген.

Мобильді келушінің қызмет көрсету орынының жобалануының тапсырмасы бойынша барлық келушілер топтарына жан-жақты немесе белгілі бір денсаулығының бұзылысы бар адамдар үшін арнайы бағытта жабдықталуы мүмкін.

Мобильдігі аз келушілерге қызмет көрсету орнындағы алаңда қасында алып жүретін адам үшін, қызмет көрсететін құрылым үшін (мүмкіндік болса); функционалды жабдық және қызмет көрсеткенде пайдаланылатын жиһаз үшін (өзіне-өзі қызмет көрсету); кресло-колясканы уақытша сақтау үшін алаң қосу қажет.

Мобильдігі аз келушілерге қызмет көрсететін ұжымдық қызмет көрсету ғимараты біреу/бірнеше орындардан тұратын арнайы бағыттағы аймақтарынан және бейімделген кіру және шығу жолдарынан тұрады.

Кейбір ұжымдық қызмет көрсету ғимараттарында арнайы бағыттағы аймағы орнатылмайды, бұл жағдайда қызмет көрсету орындары халықтың барлық категорияларына сәйкес жан-жақты жобаланады.

Келушінің орнын ауыстыруға байланысты функционалдық қызмет көрсететін ғимараттарда (мысалы, спорттық зал, кітапхана және т.б.) қауіпсіздік аймағы, қабырғада және стационарлық жабдықтың периметрі бойынша буферлік және ақпараттық жолақтар көрсетіледі.

Стационарлық жабдығы бар қызмет көрсету ғимараттарында жалпы ғимаратқа жеке қозғалу құралдарын уақытша сақтау үшін резервтік алаң ескеріледі немесе қызмет көрсету орындарында қарастырылады.

Мүгедектерге қызмет көрсету орындарында кресло-коляскаларында үстелге қосымша қойылған (қайырмалы, суырмалы) еденнен 0,6 м ұзындығынан кем емес және 0,9 м көп емес, соның ішінде кресло-колясканың жұмыс бетіне жартылай кіруге мүмкіндігі бар, жұмыс бетін қолдану қарастырылған.