- •Жоба түйіндемесі
- •Маркетинг бөлімі
- •2. Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1. Жалпы сұрақтар
- •2.2. Орналасатын жерін таңдау
- •2.3. Нысан ауқымы
- •2.4. Жобаның аймақ инфрақұрылымына және жиынтық (біріктірілген) салалардың дамуына әсер етуін бағалау
- •2.5. Жобаның технологиялық кестесі
- •2.6. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс шешімдеріне технологиялық талаптар
- •2.7. Жобаның инженерлік жарақтармен қамтамасыз етілуі (көлік тасымалы және энергия , жылу құралдары, сумен қамтамасыз ету және канализация, өрт қауіпсіздігі)
- •2.8. Жобаның орындалу кестесі
- •3. Еңбекті қорғау
- •4. Экологиялық блім
- •5. Институционалды бөлім
- •6. Қаржы бөлімі
- •6.1. Күрделі шығындар
- •Нысанды іске қосу кезеңіндегі құрылыс құнының жиынтық есебі
- •7.Экономикалық бөлім
- •7.1. Жобаның алдын-ала құнын есептеу:
- •7.2. Экономикалық ахуалды жобамен (бағдарламамен) және жобасыз (бағдарламаларсыз) талдау
- •7.3. Ең аз шығындарды талдау
- •7.4. Жобаның (бағдарламаның) бюджеттік тиімділік және жобаның (бағдарламаның) экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есебі
- •8. Әлеуметтік бөлім
- •8.1. Жобаның (бағдарламаның) тұрғындардың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаты тұрғысынан қарағандағы негізділігі
- •9. Жалпы қорытынды
2.7. Жобаның инженерлік жарақтармен қамтамасыз етілуі (көлік тасымалы және энергия , жылу құралдары, сумен қамтамасыз ету және канализация, өрт қауіпсіздігі)
Ғимараттар мен құрылыстардың жабдықталуы мен қауіпсіздігімен қамтамасыз етілуі үшін олар:
Лифтпен, мүмкіндік бойынша мүмкіндіктерге басқа да тік көлік құралдарымен;
Су, канализация, жылу беру, желдеткіш және энергожабдықтарымен ;
Өртті ескертетін байланыс және дабыл қызмет жүйесімен;
Дыбыс күшейткіш және дыбыс шығарушы қондырғылары, - арнайы көмекші құралдарымен, соның ішінде: қозғалу үшін тіреу қондырғылары, кресло-коляскалар көмегімен қозғалатын адамдарға арнайы жабдықталған орындар, арнайы жиһаз, инвентарьлық пандустармен қамтамасыз етілуі қажет.
Жоба алдындағы шешімдерге сәйкес энергожабдықтау энергожабдықтау орнатылған жүйежен алынады. Ғимараттың электрожабдықтау санаты – III. Электжабдықтау жұмыс жасап тұрған транформаторлық кішкене станциядан қамтылады. 0,4 кВ кабельдік сызығы басты жәшікке ажыратқышпен ғимараттың қалқанына жіберіледі. Балалар үнемі болатын қалыпты ортада люминисцентті лампалары бар шамдар, техникалық және қойма ғимараттарында қатты қыздыратын шамдар қолданылады.
Сумен қамтамасыз етілу қалалық сумен қамту жүйесінен жүргізіледі. Салқын сумен қамтамасыз етілу санитарлық-техникалық және технологиялық жабдығына су беруді қамтамасыз етеді. Су ГОСТ Р 51232-98, СанЕмН 2.1.4..1074-01 талаптарына сәйкес болуы қажет.
СНмЕ 2.04.01-85 и СНмЕ 2.10.03-84 талаптарынан ішкі және сыртқы өрт сөндіру жобасы алынады.
Тұрмыс және олардың құрамына жақын ағынды суларды ғимараттан бұрып жіберу үшін, құрылыстар СНжЕ 2.04.01-85*, СНжЕ 2.04.03-85* орындалатын канализациямен жабдықталады.
Ағынды сулардың жіберілу талаптары жергілікті Мемсанэпидқадағалау органдарымн келісіледі және 2.1.5.980-00 СанЕмН талаптарына сәйкес келуі қажет.
Жылу жүйесін жылумен қамтамасыз етуге, вентиляция мен жиынтықты ыссы сумен қамтамасыз ету үшін жобаланған қазандық қарастырылған. Жылу тасымалдаушы – су параметрі150-170оС, жылу жүйесінде жылу тасымалдаушының параметрлері 95-70оС. Алдын-ала төрт су жылытатын қазандар орнатылған, отын - суйық немесе табиғи газ. Қазандық жабдығының сипаттамасы ЖСҚ дайындау кезеңінде есепке алынады. Қазандардан түтін газдары металлдық түтін құбырына металлдық газ қалдықтары арқылы шығарылады. Жылумен қамтамасыз ету жүйесі – жабық.
Ғимараттың өртке қарсы тұра алатындғы – II. Жобамен күзет және өрт сөндіру дабыл қызметі қарастырылған.
Жобамен әлсіз тоқты құрылымдар қарастырылған – телефонизациялау, дыбыс дабылы, радиофикациялау, спутниктік теледидарлы антенна.
Жобамен коррозияға қарсы шаралар қарастырылған. Ғимаратта жанбайтын өңдеу материалдары қолданылады.
Байланыс құрылымдары көру қабілеті төмен жандар үшін түсті және тактильді танып айыратын құрылғысы болуы қажет, ал есту қабілеті кем адамдарға – қалыпты күйге келтіретін дыбыс күшейткіші болуы қажет.
Есту қабілеті кем адамдарға қызмет көрсету, демалу, күту орындарында дыбыс күшейтетін және дыбыс шығаратын қосымша орнатылған құрылымдар жасалады.
Жобалардың электротехникалық бөлімін, соның ішінде автоматизация және тоқ күші аз құрылымдар ЭҚЕ, ТЭЕ, ІОБ, ЖТЖН сәйкес және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес дайындалады.
34.21.122-87 БҚ талаптарына сәйкес найзағайдан қорғау жобаланды.
110-03 ӨҚН сәйкес автоматты өрт сөндіру дабыл қызметі және автоматты өртті тоқтату құрылғысы орнатылған. Өртке қарсы құрылғылардың электжабдықталуы ЭҚЕ талаптарына және басқа да нормативті құжаттарға сәйкес қамтамасыз етіледі.
ВҚН 1991 және СНмЕ 23-05-95 талаптарын есепке ала отырып, ПМК-нің жарықпен қамтылуы жобаланады.
ат спорты мектептерінде малдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 46180-85 салалар стандарттарына сәйкес электр әлеуетін теңестіру қаралады.
