- •III Несиелік портфельді басқаруды жетілдіру
- •1 Коммерциялық банктің несиелік портфелін басқару
- •Несиелік саясаттың элементтеріне келесілерді жатқызуға болады:
- •Несиелеу мерзiмiне байланысты:
- •2 Коммерциялық банктің несиелік портфелін басқарудың қажеттілігі мен басқару әдістері
- •«Банк Центр Кредит» ақ-ның несиелік портфелін басқару тәжірбиесі
- •Ішкі несиелік саясатты анықтайтын жалпы шарттар:
- •Ішкі несиелік саясаттың негізгі басымдылықтары
- •Заңды нормативтi актiлер
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Несиелік саясаттың элементтеріне келесілерді жатқызуға болады:
несиелік процесті ұйымдастырудың негізгі бағыттарын анықтайтын банк стратегиясы
несиелеуді ұйымдастырудың банк тактикасы
несиелік саясаттың іске асуын қадағалау
Несиелiк операциялар - ақша қаражаттарын пайдалануғу беру барысында пайда болатын несие мен несие алушы арасындағы қарым - қатынастар 1995 ж. 31.08 шыққан Қазақстан Республикасының "Банктер мен банктiк қызметтерi туралы № 2444 заңының 34 бабына сәйкес "несиелiк операция-банкпен басқа тұлғаларға мерзiмдiлiк, ақылық және қайтарылымдылық шартымен ақша беру болып табылады." Банктiң несиелiк немесе ссудалық операциялары банктiң директорлар кеңесiмен (жабық ақционерлiк қоғам болған жағдайда - акционерлерiнiң жалпы жиналысымен) бекiтiлген iшкi несиелiк саясаты туралы ережесiне сәйкес жүргiзiледi. Iшкi несиелiк саясатты жүзеге асыратын мүше - банктiң несиелiк комитетi.
Республика экономикасына салған банктердiң несиелiк қаражаттары 2013 ж. 58 млрд.теңге,ал 2014 ж. - 85,7млрд.теңге,яғни екi жылды қосып айтсақ 107,8млрд.теңге.Ал қысқа мерзiмдi несиелердiң үлесi төмендеп 2013 ж.-59% болса,орта және ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлесi 41% өстi. 2014 жылдың 1 наурызына бұл сандар былай өзгерiп отыр: несиелiк салымдар 95,1млрд.теңгеге дейiн өстi, олардың iшiнде қысқа мерзiмдi несиелер - 56,1%, яғни орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi несиелеу қарқыны күшейе түскенiн байқай аламыз.1
Банктердiң несиелiк потенциялының динамикасы құрылымдық жағынан ғана емес, сонымен бiрге өсiм қарқынына байланысты да өзгерiс байқалды. Егер 1999 ж. банктер 68,9млрд.теңге мөлшерiнде несие берсе (солардың iшiнде ұзақ мерзiмдi несиелер-1,5% немесе 1 млрд.теңгеге жуық), ал 2015ж несиелердiң жалпы көлемi 26,2млрд.теңгеге өстi (38%),оның iшiнде ұзақ мерзiмдi несиелер 44 есе өстi. Ұзақ мерзiмдi несиелердiң үлесi ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында көбiрек, ал қысқа мерзiмдi несиелер- сауда саласында. 2014 жылдың өзiнде айналым қаражаттары мен негiзгi қорды толтыруға берiлген несиенiң жалпы көлемiнен 69 % жiберiлдi
Кесте 1. Коммерциялық банктердің экономика салалары бойынша берген несиелері, млн.тг
Экономика |
01.01.2014 ж |
01.01.2015 ж. |
||
Салалары |
Млн.тг. |
Үлесi % |
Млн.тг. |
Үлесi % |
Өнеркәсiп |
16815 |
34,9 |
21748 |
25,3 |
Ауыл шаруашылығы |
2722 |
5,6 |
9042 |
10,5 |
Құрылыс |
2614 |
5,4 |
1960 |
2,4 |
Көлiк |
1007 |
2,1 |
4689 |
5,5 |
Байланыс |
92 |
0,2 |
1390 |
1,6 |
Сауда |
569 |
11,8 |
22159 |
25,9 |
Басқалары |
19300 |
40,0 |
24721 |
28,8 |
Барлығы: |
48244 |
100 |
85709 |
100 |
Несиелiк операциялардың көптеген түрлерiн атап көрсетуге болады. Олар төмендегi белгiлерiне қатысты топтарға бөлiнедi: несие алушыға байланысты; қамтамасыз етiлу әдiсiне қарай; несиелеу мерзiмiне қатысты; несиелеу объектiсiне; ашылатын шот түрiне; қаражаттарды беру тәртiбiне; несиенi қайтару тәсiлiне; өсiмақы есептеу және төлеу тәртiбiне; тәуекел дәрежесiне; т.б. байланысты.
Сонымен несиелiк операцияларды жiктеудiң әр бiр белгiсiне тоқталып кетейiк:
Несиелеу объектiсiне (қолдану бағытына) қарай бiздiң елiмiзде несиелердi: 1) мақсатты яғни өндiрiс процесiн қамтамасыз ету үшiн материалды құндылықтарды сатып алуға жұмсалатын несиелер, сауда -делдалдық операцияларды жүзеге асыру үшiн алынатын несиелер,құрылыс пен тұрғын үй сатып алуға алынған несиелер, айналым құралдарын құрауға алынған несиелер, т.б; 2) нақты мақсаты жоқ,яғни уақытша қажеттiлiктердi қанағаттандыруға алынған қаражаттар.
Дамыған елдер мен Ресей тәжiрибесi көрсеткендей нарық қатынастарының дами түсуiне байланысты несиелiк салымдар құрылымында жаңа несиелеу объектiлерiнiң пайда болуымен айтарлықтай өзгерiстер енуi мүмкiн.
Салалық белгiсiне қарай несиелер өндiрiс саласына, ауыл шаруашылық,сауда,көлiк,байланыс,т.с.с. салаларына бөлiнген несие болып жiктелiнедi.
