Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Несие портфельдерін басару жне рылымы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

Ішкі несиелік саясаттың негізгі басымдылықтары

Банктің қабылданған даму стратегиясын және мемлекеттегі экономикалық ахуалды ескере отырып, банктің несиелік саясатының негізгі басымдылықтары келесідей:

Бір қарыз алушыға бір-бірімен байланысы байқалатын компаниялар топтарына берілетін несие бойынша тәуекел мөлшерінешектеулер;

Кесте 4. Несиелерді мерзімі бойынша шектеу

Берілетін несиенің мақсаты

Несиенің шекті мерзімі

Мекеменің айналым капиталын толықтыру

1,5 жылға дейін

Жеке тұлғаларға берілетін түтыну несиелері

2 жылға дейін

Банк қызметкерлеріне берілетін несие

15 жылға дейін

Инвестициялық қаржыландыру

5 жылға дейін

Ломбардтық несие

1 жылға дейін

Лизинг

5 жылға дейін

Несие желісі бойынша берілетін несиелер

Несиелік желінің шарттарына байланысты


Несие алушыларға қойылатын негізгі талаптар

А) банктер

1. Конрагент банктің Қазақстан Республикасының территориясындағы және шет мемлекеттердегі банктердің қызметтерін реттейтін барлық нормативті талаптарды орындауы

2. Оң бағаланатын несиелік тарихтың болуы. Бұрындағы банкаралық несиелік нарықтан тартылған барлық міндеттемелердің орындалуы

3. Қарыз алушы банктің тұрақты қаржылық жағдайы

4. Қаржылық ағымдар бойынша берілген ақпараттардың дұрыстығын растайтын аудиторлық тексерудің нәтижесі

5. Тәуекел Менеджмент Департаменті қабылдайтын, активті операциялар жүргізу лимитінің болуы

Б) жеке тұлғалар

1. басқа мекемелердің алдындағы міндеттерінің болмауы

2. несиені өтейтін тұрақты табыс көзінің болуы

3. өтімді кепіл

4. несие алушының жауапкершілігі

Коммерциялық банктің несиелік портфелі- оның табысының, әрі активтерді орналастыру тәуекелінің негізгі көзі. Несиелік портфельдің сапасы мен құрылымынан банктің қаржылық тұрақтылығы, беделі, болашақтағы жағдайы – тәуелді. Сондықтан да кез-келген коммерциялық банк несиелік портфеліндегі несиелер сапасын қатал бақылаудың астында ұстайды. Белгіленген стандарттардан әртүрлі аутқулардың бар-жоқтығын тәуелсіз анықтайды.

Несиелік портфельдің жағдайын қадағалайтындар:

  • Несиелік бөлімшелердің жауаптв қызметкерлері;

  • Несиелік бөлімдердің басшылары мен филиалдар директорлары;

  • Банк төрағасының несиелеуге жауапты орынбасары;

  • Банктің несиелік коммитеті;

  • Банк басқармасы;

Несиелік портфельдің сапасы туралы есеп Несиелік Комитетке және Банк Басқармасына тапсырылды.

Несиені қадағалау несие алушының қаржылық есептері қайта талдау, кәсіпорын жұмысын, кепіл затын тексеру арқылы жүргізілуі мүмкін. Мұндай қайта тексеру кезінде, несиенің банктік несиелік саясатының аясында болуы тексеріледі.

Кесте 5. Несиелеу көлемінің динамикасы

Мерзімі

2014 ж қарашасы

305

4.977.321

126

3.652.949

179

1.351.372

2014 ж желтоқсаны

282

12.045.12

0

116

11.276.47

7

166

768.643

2015ж қаңтары

194

5.678.932

60

4.635.521

134

1.043.411

2015ж ақпаны

273

6.699.734

68

4.708.545

205

2.000.189

2015ж наурызы

302

6.558.544

95

4.675.000

207

1.883.544

Несиелердің

көлемі

Соның ішінде

Бас банк

Филиалдар

Несие-

лердің

саны

Сомасы

мың тг.

Несие-

лердің

саны

Сомасы мың тг.

Несие-

лердің

саны

Сомасы мың тг.

305

4977321

126

3652949

179

1351372

282

1204512

116

11276

477

166

768643

194

5678932

60

4635521

134

1043411

273

6699734

68

4708545

205

2000189

302

6568544

95

4675000

207

1883544

Бұл таблицадан 2015 жылдың наурызындағы берілген несиелердің көлемі осы жылдың ақпанына қарағанда асып түскен, бірақ наурыздағы несиелердің сомасы 2,1%-ке кеміді.

Наурыз айында несиелерді келесідей сомалары филиалдар бойынша берілген:

  • «Банк Центр Кредит» АҚ-ның Астана қаласындағы филиалда-1.040.734 мың теңге. Ақпан айымен салыстырғанда 1.8 есе көп (587.743 мың теңге)

  • Ақсай қаласындағы филиалда- 28 млн.тг. (ақпанда-6,4 млн.тг.)

Бірақ наурызда несиелердің жалпы сомасы 6% кеміген. Ең үлкен төмендеулер Қарағанды қаласындағы филиалда (85%), Атырауда (59%), Оңтүстік Қазақстан филиалында (51%).

1. Қарағанды қаласындағы филиалдың ірі клиенті «Қарағанды-Нан» ААҚ наурыз айында несие алған жоқ, бірақ 140 млн.тг. өтемдерін төлеген.

2. Атыраулық филиалдың ірі қарыз алушысы «Прикаспийбурнефть-Казахстан» ЖШС. Наурызда ашылған несиелік желіні олар аккредетив түрінде игереді.

3. Оңтүстік-Қазақстандық филиал несиелік қызметкерлерінің толық еместігінен несиелерді берген жоқ.

Мерзімі

Берілу көлемдері

Соның ішінде

Бас банк

Филиалы

Несиелер

саны

Сомасы

мың.тг

Несиелер

саны

Сомасы

мың.тг

Несиелер

саны

Сомасы

мың.тг

2015ж.

қаңтары

528

5.521.579

141

3.770.138

387

1.751.441

2015ж.ақпаны

575

9.705.671

167

6.344.934

408

3.360.737

Кесте 6. Несиелерді беру және өтеу көлемінің динамикасы.

Кестеде көрініп тұрғандай, 2015 жылдың ақпанында 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда несие беру көлемі 75 % -ке өскен немесе 4,184,092 мың теңгеге; бас банк бойынша 68,3 %, ал филиалдар бойынша 91,9 %-ке.

Кесте 7. Несиелік портфель көлемінің былтырғы жылмен салыстырғандағы өсу динамикасы.

Мерзімі

Несиелік

портфель

Соның ішінде

Бас банк

Филиалдар

01.02.2014 ж.

25.785.476

21.291.721

4.493.755

01.01.2015 ж.

34.601.406

24.024.945

10.576.461

01.02.2015 ж.

34.844.989

24.493.796

10.351.193

01.03.2015 ж.

36.839.136

25.567.990

11.271.146


1) 01.03.2015ж. Несиелік портфельдің өсуі 5,7 % немесе 1,994,147 мың теңгені құраған; бас банк бойынша 4,6 % және филиалдарбойынша 8,9%.

2) Несиелік портфель активтер портфелінің 55,9 %-н құраған. Макроэкономикалық анализ бойынша бұл үлес 55 % болады деп жорамалданған, ал шын мәнінде 09 % артық болып шыққан.

3 НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Алдындағы бөлімдеріде банк жүйесінің үлкен алға басуларын жақсылап айта тұрып, сандық және сапалық көрсеткіштерді көрсетіп, талдау жасадық. Бірінші реттен қарағанда, барлығы керемет сияқты. Алайда ол оң жайлардың барлығы салыстырмалы сипатта екендігін ұмытуға болмайды.

  • Соңғы кезде несиелер қысқа мерзімді сипаттқа ие болып кетті. Бұл республикадағы экономикалық тұрақсыздыққа байланысты банктердің несиелік ресурстарды қысқа мерзім аралығына ғана орналасуын жөн көрумен байланысты. Ал несие алушыларға несиенің мұндай түрлері ресурстар тапшылығын тек қысқа мерзім аралығында ғана жабуға мүмкіндік береді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек қысқа мерзімді несиелер несиелік портфельдің 50%-ке дейін мөлшерін алып жатыр.

  • Тағы бір үлкен проблеманың қатарына несиелік келісім-шарттың экономикалық дамытылмағанын қосуға болады. Дәлірек айтсақ, келісім-шартта мерзімдік талаптарды орындамауға қарсы шаралар жоқ немесе турасы көрсетілмеген. Ал құқықтық жағынан, олар тіпті, несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етуін ынталандыр-майды. Материалдың сотта қаралуы кезінде де несиелік келісім-шарттардың жағдайы толық қамтылмайтыны байқалды. Көптеген келісім-шарттар заңды тұрғыдан дұрыс рәсілдемеген, кейде оларды қол қою құқы жоқ тұлғалар куәлендіреді. Батыс елдерінде несие-лік келісім-шарт қатысушы жақтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын негізгі құжат болып есептеледі. Мүмкін, сондықтан болар, келісім-шартты оқып зерттеуге несие алушылар арнайы адамдарды шақыртып, оған біраз уақыт бөледі

Коммерциялық банктердің қалыпты қызмет жүргізуі үшін, сәйкесінше дұрыс қызмет ететін құқықтық орта болуы керек.

  • Келесі үлкен,әрі түбегейлі проблема – республикада қолданылатын кепіл ақаулары. Мысалы, қозғалмайтын мүлікті кепілге қоюды, жақын арада ғана қабылданған жер заңы қиындатады. Кепіл шарттарына қатысты, кредитордың алдындағы борыш кепілдің бағасымен өтеледі. Бұл жерде міндеттеме ретінде тек негізгі қарыз сомасы мен пайыз өсімақысы ғана емес, сондай-ақ өтемеу айыппұлдары мен банк шығындары да түсулері қажет.

Егер кепіл-дің бағасы жоғарыда айтылғандардың сомасын жаба алмаса, онда банк қарыз алушының басқа мүліктерін бұл мақсатта қолдануға құқылы. Бірақ, заңдар мен олардың орындалу механизмдерінің көптеген ақауларына байланысты, түбінде банк үлкен шығындарға ұшырайды.

Бұл көтерілген проблемалардың шешімі тек құқықтық базаны жетіл-діруді жатқан жоқ, көп жағдайда банк қызметкерлерінің біліктік деңгейде біраз шешімдер шоғырланған. Қызметкер дегенде тек төменгі және орта буындарда жұмыс істейтін адамдар емес, сондай-ақ, қабылдайтын шешімдері банк үшін өте маңызды болып келетін басқарушы буындардағы тұлғалар да кіреді.Қызметкер дегенде тек төменгі және орта буындарда жұмыс істейтін адамдар емес, сондай-ақ, қабылдайтын шешімдері банк үшін өте маңызды болып келетін басқарушы буындардағы тұлғалар да кіреді.

Менің ойымша, несиелік инспектор ең басынан бастап жұмыс жүргізген несиеге толықтай жауапты болу керек. Бұнда инспектордың өзіндік, жеке мүддесі де болғаны дұрыс, яғни ол анализдеп, берген және артынан уақытында қайтарып алған несие үшін сыйақы алуы керек.Сонымен қатар керсінше, егер несие сәтсіз болып шықса,банктің басқармасы инспектордың несие бойынша кателіктерін анықтап, шара қолдануға құқы болғаны дұрыс, мысалы жалақыдан ұстау арқылы.Сонымен, инспектордың материалды қызуғышылығы, коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін төмендету тәсілі бола алады. Қорытындылай келе, несиелік портфельді басқаруды жетілдіру жолдары әр –алуан екеніне көз жеткіздік. Экономикалық дамуымыз қаншалықты маңызды болса, несиелеу портфельді басқарудың дамуыда соншалықты маңызды болмақ.