Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Несие портфельдерін басару жне рылымы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

«Банк Центр Кредит» ақ-ның несиелік портфелін басқару тәжірбиесі

«Банк Центр Кредит» АҚ Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық банк. Банктің несиелік саясаты әртүрлі деңгейдегі сараптаулардан өткен клиенттердің қаржылық ресурстарға деген қажеттілігін қанағаттадыруына, кәсіпкерліктің дамуына, жаңа үлгідегі, жемісті жұмыс жасайтын нарықтық құрылымдардың қалыптасуына барынша ықпал жасауға бағытталған. Бұндай шешімге банк активтерінің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі итермеледі. Несиелердің шоғырлануы өте жоғары: 10 ең ірі клиентке шаққанда несиелік портфельдің 54% сәйкес келеді.

Банктің пайымдауынша, бизнесі тұрақты дамып келе жатқан және банкпен бірнеше жылдар аралығында тығыз қарым-қатынаста болған клиенттерде несиелердің шоғырлану концентрациясының тәуекелі, банкке белгісіз жүздеген ұсақ кәсіпкерлерді несиелеу тәуекелінен әлдеқайда ұтымды. Банктің көзқарасы бойынша, мұндай шешім алға қойылған мақсаттарға жетудің бірден-бір дұрыс жолы.

Қарыз алушымен жұмыс істеу барысында банк жәй ғана дәстүрлі кредитор қызметі ауқымынан шығып, ендігі жерде кәсіпорынның қаржылық ағымдарды рационалды ұйымдастыру, несиелік ресурстарды тиімді орналастыру сияқты сұрақтар төңерегіндегі негізгі кеңесшісі рөлін атқарады.

«Банк Центр Кредит»АҚ-ның ішкі несиелік саясатының негізгі факторинг, форфейтинг, лизинг т.с.с несиелік операцияларды белсенді жүргізу барысындағы тәуекелдер деңгейін мейілінше азайтуда жатыр.

«Банк Центр Кредит» АҚ-ң несиелік саясаты несиелік қатынастардағы негізгі басымдылықтарды, шешім қабылдаудағы стандарттар мен параметрлерді анықтай отырып, банктің несиелік қызметтерін келесідей мәселелерді шешуге бағыттайды:

  • Тиімді жобалар мен тұрақты дамып келе жатқан субьектілерді қаржыландыру негізінде сапалы несиелік портфельді қалыптастыру;

  • Несиелік портфель мен баланстан тыс міндеттемелердің оптималды құрылымы мен көлемін қамтамасыз ету;

  • Орналастырылған банк активтерінің тиімділігі мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Ішкі несиелік саясатты анықтайтын жалпы шарттар:

Несиелеу мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік, қамтамасыздандыру және қарыздың мақсатты қолдану негізінде іске асады.

Банк, Қазақстан Республикасының Заңдарына, Жарғыға және ішкі ережелерге сәйкес экономиканың барлық секторларында, мемлекеттің барлық аумақтарында несиелік қызметті іске асырады.

Несие нарығында ақшалай қаражаттарды орналастыру мақсатында, банк өзіне тиесі қаржылармен қоса, корпорациялардан, мекемелерден, халықтан жинаған (депозит түрінде) ақшаларды, сондай-ақ ішкі және халықаралық қаржы нарықтарынан алған несиелермен депозиттерді және ресурстардың басқа да көздерін (несиелеуге келетін) қолдана алады.

Банк коммерциялық, инвестициялық, тұтынуға арналған несиелеуді іске асыра отырып, келісім-шарттарға сәйкес, мемлекеттік бюджеттің,банктік мекемелердің, корпорациялардың және халықаралық қаржы ұымдарының несиелік және басқа да несиелеуге болатын ресурстарды мақсатты орналастыру жөніндегі агент қызметінде орындайды.

Банктің несиелік саясатын, банк басқармасы және директорлар кеңесі анықтап белгілеген құзірет аясында, банктің несиелік комитеті іске асырады.