Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Несие портфельдерін басару жне рылымы.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

2 Коммерциялық банктің несиелік портфелін басқарудың қажеттілігі мен басқару әдістері

Коммерциялық банктердiң несиелiк портфелi несиелердiң түрлерiне байланысты жiктелiнедi. Несиелiк портфель несиелердiң мерзiмiне, мақсатына, валютасына, т.б. негiзделiп жiктелiнуi мүмкiн. Банктердiң несиелiк портфелiн түрлi түрлi вариацияда жiктеуге болады, тек жiктеудiң принципiн таңдасаң болғаны.

Коммерциялық банктерде несиелiк портфелдi жiктеу несиелiк тәуекелдiң түрлi факторларына немесе одан қоршану әдiстерiне баййланысты несиелер критерилерiне негiзделiп жүргiзiледi.

Несиелiк тәуекел дегенiмiз қарыз алушының алған несиенi және несие бойынша өсiмақы сомасын өтей алмау нәтижесiнде банктiң өз пайдасынан, тiптi акционерлiк капиталының бiр бөлiгiн жоғалту ықтималдылығы.

Несиелiк тәуекел экзогендi факторларға (яғни экономикалық ортаның, конюнктораның жағдайына байланысты "сыртқы" факторлар) және эндогендi фактгорларға (яғни банктiң өзiнiң қателi iс әрекеттерәнәң нәтижесiнде пайда болатын "iшкi" факторлар) тәуелдi. Экзогендi факторларды бақылау мен реттеу мүмкiншiлiгi өте шектеулi, бiрақ банк өзiнiң уақтылы iс әрекеттерiмен олардың әсерiн жұмсартып iрi шығындарға ұрынуды алдын алу мүмкiн. Несиелiк тәуекелдi басқарудың негiзгi шаралары банктiң iшкi саясатына жатқызылады. Бұл шараларға жататындар:

  • банктiң несие және инвестициялық портфелiн диверсификациялау;

  • қарыз алушының несие қабiлеттiлiгiн алдын ала талдау;

  • берiлетiн несиелердiң құнын бағалау мен бұрын берiлген несиелердiң қайтарылуын үздiксiз бақылау;

Банктiң несиелiк портфелiн диверсификациялау нәтижесiнде банктiк тәуекелдер деңгейiн, оның iшiнде несиелiк қызметпен байланысты тәуелдер деңгейi жоғары экономика секторларын анықтау орын алады.

Жалпы банктердiң несиелiк портфельдi басқару оны жiктеуден басталады. Ссудалар сапасын бағалау критерийлерiне; ссуданың берiлуi мақсаты, несие түрi, ссуданың мөлшерi, оның мерзiмi, қарызды өтеу кестесi, тәуекелдi бағалаудың толықтылғы, қарыз алушының қай салада қызмет көрсететiндiгi, қарыз алушымен өзара қарымқатынастар, ол туралы ақпарат, несиенiң бағасы, несиенiң қайтарымдығын қамтамасыз ететiн кепiлдiң түрi, ақша ағымының мөлшерi жатады.

Жалпы несиелiк портфельдiң сапалы бағалануы құрылымдық талдау мен қаржылық коэффиценттер жүйесi негiзiнде жүргiзiледi.Қаржылық коэффицентер жүиесi несиелiк тәуекелдiн орташа шамасын (несие боиынша қүрылған провизия немесе резервтiң несиелiк портфель мөлшерiне қатынасы),тәуекелден сақтану деңгеиiн (несие бойынша құрылған провизияның меншiк капиталы сомасына қатынасы ) , құрылған резервтiң жеткiлiктiгiн, несиелiк портфельдiн табыстылығы мен оны басқарудың сапасын көрсетедi. Несиелiк портфелдiң сапасы бойынша классификацияны "Екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк портфелiнiң классификациясы мен несиелiк қызметiнен шеккен шығындарды жабуға арналған резервтердi (провизияларды) құру тәртiбi туралы" ережесiне сәйкес ұлттық банк берiп отыр:

Стандартты несиелер - өтеу мерзiмi әлi жетпеген, сапасы күдiк туғыздырмайтын несиелер;

Субстандартты несиелер - неисенiң қайтарылыуы 30 күнде кiдiрiп қалумен байланысты шамалы тәуекелi бар, бiр рет пролонгацияланған неиселер.

Қанағаттандырарсыз несиелер - қарызды мерзiмi өтiп кеткен ссудалар шотына шығарған күннен бастап есептегенде мерзiмiн өткiзiп алу ұзақтығы 30-60 күн аралығында болатын, бiр пролонгацияланған несиелер.

Күдiктi несиелер - қарызды мерзiмi өтiп кеткен ссудалар шотына шығарған күннен бастап есептегенде мерзiмiн өткiзiп алу ұзақтығы 60-90 күн аралығында болатын несиелер.

Үмiтсiз немесе шығынды несиелер - мерзiмiн өткiзiп алу кезеңi 90 күннен асып кеткен несиелер. Қарызды мерзiмi өтiп кеткен ссудалар шотына шығарған күннен есептегенде 90 күн өткеннен кейiн несие бойынша өсiмақы есептер тоқтатылады. Несие бойынша өсiмақы есептеудi тоқтату дегенiмiз банк балансында есептелген өсiмақы мөлшерiн өсiрудi тоқтату, яғни есептелмеген өсiмақы есебi ендi баланстан тыс шоттарда жүргiзiледi.

Кесте 3. Банкпен берiлген несиелер бойынша мiндеттi түрде провизиялар (резервтер) құрылуы керек

№

Несилер

Провизияның мөлшерi %

1

1. Стандартты

2

2. Күдікті

3

1) күдікті 1 категория

5%

4

2) күдікті 2 категория

10%

5

3) күдікті 3 категория

20%

6

4) күдікті 4 категория

25%

7

5) күдікті 5 категория

50%

8

3. Үмітсіз

100%

Шетелдiк тәжiрибеде де активтi операциялардың маңызды бағыты болып несиелеу саналады ол несиелiк портфель банктiң барлық активтерiнiң жаратысына дейiнгi мөлшерiн алып отыр. Несиелеу процесi барысында қарыз алушылардың өз мiндеттемелерiн орындамауы салдарынан пайда болтын банктердiн қаржылық шығындар шегу қаупi туады. Сондықтаң қандай да болмасын несиелiк саясатты жүргiзу кезiнде де несиелер бойынша шығындар бола бередi .Банктiң несиелiк портфелiндегi проблемдi несиелер үлесiнiң өсiп кетуi оның беделiн түсiруi мүмкiн, ал бұл өз кезегiнде банктiң несиелiк ресурстар нарығында алатын орнына әсер етуi мүмкiн .

Банк қызметiнiң көптеген тiуекелдерге душар болуына қарамастан банктер сенiмдiлiк пен қауiпсiздiктiң көзi болуы керек. Менiң ойымша АҚШ, Германия және Англиядағы несеилiк портфельдi басқару тәжiрибесi өте қызықры болып отыр. Бұл елдердiң банктерi өз активтерiнiң сапасын несиелiк портфельдi «секьюритизациялау» негiзiнде көтередi. Бұл аспектiде «өтiмдiлiк»түсiнiгi үлкен рол атқарады . Өтiмдiлiкке түрлi факторлар әсер етедi: несеилеу саласында дұрыс емес қабылданған шешiмдер, проценттiк ставкалардың күрт өзгерiп кетуi немесе жалпы экономикадағы өзгерiстер . Кез-келген банктiк операция өтiмдiлiкке әсер етедi , бiрақ банктiң өтiмдiлiгiн

Қарыз алушының репутациясы - бұл оның алған несиесiн қайтаруға дайындығы. Қарыз алушының репутациясы туралы ақпаратты оның сот процестерiнде, арбитраждарда қатысуы туралы мәлiметтерден, қолындағы мүлкiн кепiлге тапсырғаны туралы анықтамалардың болуынан, салынған айыптардан, бұрын төленбеген төлемдердiң бар болуынан ала аламыз.

Активтердiң мөлшерi мен құрылымы - несиелiк қарызды өтеудiң тағы бiр кепiлдiгi. Бiрақ та айта кететiн жайт - барлық активтер несиенiң қайтарылымдылығын қамтамасыз ете алмайды, олардың iшiнде тек меншiк қаражаттары (меншiк капиталы) есебiнен құрылған ғана активтер бұл қызметтi атқарады. Сол себептен Банк ссуданы беру туралы шешiм қабылдар алдында меншiк қаражаттарының жеткiлiктiлiгiне назар аударады.

Компанияның табыс ала алу қабiлеттiлiгiн зерттей отырып, Банк сыртқы факторлардың да әсерiн ескеруi керек. Ол үшiн Банк қарыз алушының жұмыс iстейтiн нарық түрiн, компанияның сол салада алатын ролi мен орнын, өткiзудiң салалық жағдайларын, саладағы бәсеке жағдайын бiлуi қажет. Сонымен бiрге Банк сол саладағы пайданың нормасының төмендеуiн не жоғарлауын анықтайтын маңызды iрi компаниялар туралы хабардар болуы мiндеттi.

Қалыптасып келе жатқан экономикалық жағдай несие қабiлеттiлiктi бағалау барысында қай фактордың әсерi басым екенiн көрсете жатар. Егер экономиканың өрлеу кезеңiнде мұндай фактор пайда алу қабiлеттiлiгi болса, керiсiнше құлдырау кезеңiнде - бұл несиенiң қайтарылымдылығын қамтамасыз ететiн кепiл факторы.

Бұған қарамастан «Банк Центр Кредит» АҚ үшiн қарыз алушының жұмыс қабiлеттiлiгi мен оның репутациясы маңызды болып отыр.

Клиенттiң несие қабiлеттiлiгiн талдау барысында түрлi ақпарат көздерi қолданыдлады:

  • клиенттiң өзiнен алынған мәлiметтер;

  • банк архивiндегi клиент туралы мәлiметтер;

  • клиентпен кәсиби қатынасқа түскен жабдықтаушылардан, кредиторлардан, оның өндiрген өнiмдерiн сатып алушылардан, банктерден, т.б.алынған мәлiметтер;

  • жеке немесе мемлекеттiк мекемелер мен агенстволардан алынған басқа да материалдар (несие қабiлеттiлiк туралы есеп берулер, салалық талдау жұмыстары, инвестициялар туралы анықтамалық және т.б)

Клиенттiң несие қабiлеттiлiгiн анықтау бөлiмiнiң қызметкерлерi ең

алдымен Банк архивiндегi бар материалдарды зерттейдi. Егер қарыз алушы бұрын Банктен несие алса, архивте қарызды өтеу барысында клиенттiң жасаған барлық бұзушылықтары жөнiнде мәлiметтер мiндеттi түрде сақталуы тиiс.

Клиент жұмыс iстеген басқа да банктер мен қаржылық мекемелерден де маңызды мәлiметтер алуға болады. Банктер, инвестициялық және қаржылық компаниялар клиенттiң депозиттерi, өтелмеген берешегi, шоттарды төлеудегi ұқыптылығы және т.б. туралы көп материал мен ақпарат бере алады. Ал компанияның сауда партнерлерi оған берген коммерциялық несие мөлшерi туралы мәлiметтер бередi. Бұл мәлiметтер бойынша қарыз алушының оның айналым капиталын қаржыландыру үшiн бiреудiң берген қаражаттарын пайдалану тиiмдiлiгi жөнiнде пiкiр қалыптастыруға болады.

Несие қабiлеттiлiктi анықтау бөлiмiнiң қызметкерлерi сонымен қатар арнайы маманданған несие агенттiктерден заңды немесе жеке тұлғаның қаржылық жағдайы туралы есеп берудi ала алады. Бұл есеп беруде компанияның тарихы, жүргiзетiн операциялары, өндiретiн өнiмi, филиалдары, төлемдердi өтеу жиiлiгi, берешегiнiң мөлшерi және т.с.с. туралы ақпарат бар.

Ақпарат жинаудың сыртқы көздерiнiң iшiнен берiлген клиент қызмет көрсеткен банктерден және оның жұмыс партнерлерiнен алынған мәлiметтер ең сенiмдi деп айтуға болады. Себебi бұл мәлiметтер берiлген компаниямен жақын қарым - қатынас тәжiрибесiне негiзделген.

Тағы бiр айта кететiн жайт - конфиденциялды ақпаратты қасақана бұрмалау немесе дұрыс емес қолдану екi қатысушы жаққа да керi әсерiн тигiзедi, әсiресе алынған мәлiметтердi тарату. Егер клиент өз жабдықтаушысының банкке өзi туралы жағымсыз пiкiр айтқаны туралы бiлiп қалса, ол жабдықтаушымен әрi қарай жұмысын тоқтатуы мүмкiн. Егер де конфиденциялды ақпараттың тарауы туралы мәлiметтер жұртқа мәлiм болса, "Банк Центр Кредит" АҚ-на мұндай мәлiметтi ендiгәрi ешкiм бермейдi. Сондықтан iскер әлемде конфиденциялды ақпаратты беру ережелерi өте қатаң сақталады.

Несие қабiлеттiлiк туралы сұрау-талап не ауызша, не жазбаша формада жасалынуы мүмкiн. Несие беру туралы өтiнiшiн зерттей отырып несиелiк инспектор фирманың инспекциясын орнында жасап, лауазымды адамдармен сөйлесуi мүмкiн. Фирманың қаржылық,операциондық, маркетингтiк қызметiн басқарушы адамдардың мамандану деңгейiн де анықтау маңызды орын алады.

Фирманың өзiне барған кезде алғашқы интервьюде қозғалмаған көптеген техникалық сұрақтарға шешiм табуға болады, сонымен қатар компанияның мүлкiнiң , ғимараты мен құрал - жабдықтарының жағдайы туралы, қызметкерлерiнiң әдеттерi мен мiнез - құлықтары жайлы пiкiр қалыптастыруға болады.

Жеке қаржылық есеп беру формасында жеке тұлғаның активтерi мен пассивтерi туралы мәлiмет жиналған. Сонымен қатар кепiлге берiлген активтер мен қамтамасыз етiлген пассивтер бөлiнiп қояды. Активтерге мыналарды жатқызады: қолма - қол ақшалай қаражаттар, қозғалмайтын мүлiк пен т.б., ал пассивтерге - банк алдындағы берешегi, салық бойынша қарыздар, кепiлге берген мүлiк құны, контрактiлер бойынша төлемдер мен т.б. жатқызылады.

Қорытындылай келгенде, банктiк шағын қарыз алушылардың несие қабiлеттiлiгiн анықтау жүйесi «Банк Центр Кредит» АҚ –да келесi элементтерден тұрады:

  1. кәсиби тәуекелдi бағалау;

  2. клиенттiң жұмысын қадағалау;

  3. кәсiпорын иесiмен банкирдiң жеке сұқпаттар жүргiзуi;

  4. кәсiпорын иесiнiң жеке қаржылық жағдайын бағалау;

Жеке тұлғаның несие қабiлеттiлiгiн бағалау сұралып жатқан қаражаттар

мөлшерiнiң оңың жеке табысына қатынасына, жалпы қаржылық жағдайдың және мүлiктiң жағдайын бағалауға, жанұясының құрамына, жеке мiнездемесiне, клиенттiң несиелiк тарихын негiзделедi. Сонымен, несиелеу процессi несиелiк шартқа отырушы екi жақтың да мүддесiн ескеру керек. Шаруашылық қажеттiлiгiнен пайда болған банктер клиенттiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға тырысады. Несиелеудiң басты мақсаты қарыз алушының шаруашылығын, оның несие қабiлеттiлiгiн және пайдалылығын дамыту үшiн алғы шарттар жасау, өндiрiс пен айналым процесстерiнiң үздiксiз жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен бiрге клиент мүддесi несиелiк операциялардың жүзеге асырылуының шешушi факторы болып табылмайды. Несиелеу процессiнiң тағы бiр шарты - несиелiк қарым - қатынастарда банк - кредитордың да мүддесi де ескерiлуi керек.