Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дайын. ажымхан Дипломды жмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126 Кб
Скачать
☆

Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы

Сол 792 ші жылдың (20.12.1389-8.12.1390) күзінде Темір Дешті-Қыпшаққа басып алу жоспарын орындау мақсатымен олардың әскері мен оның құрамы туралы мәлімет жинауға кіріседі. Жанына күзет алып және құдайдың қуатымен ол Самарқаннан шығып, Ходжент өзенінінен өтеді. Парсин мен Чинас аралығында Тәшкенде қыстап шығады. Сол кезде ол өзінің рухани және пендешілік ойларын жүзеге асыру үшін атақты Маслахаттың қабірінің басына баруды ұйғарды. Осы мақсатпен ол гүлденіп келе жатқан Ходжент қаласына жетеді. Шын ынта-тілегімен барлық ырымдарды орындапү мүдделілерге 10000 кепек динар таратып, Тәшкенге оралады. Сол жерде оның денсаулығы сыр беріп, науқастанып қалады: ұстамалы ауруы қырық күнге созылып, әмірлері мен уәзірлері абыржып, уайымдайды. Біраз күннен кейін Темірдің денсаулығы орнына келіп, Мираншах мырза Хорасаннан өз әскерлерімен келіп, патша кілемін сүю бақытына ие болады; Темір әскер құрамына көңіл аударып, әмірлер мен нояндарды патшалық рақымшылдыққа бөлеп, барлық сарбаздарға сыйлық үлестіреді. Әскерді тәртіпке келтіргенсоң, Темір әр әмірге бір жол бастаушыдан береді; жеңіс туы тігілген орталықта Темір Құтлық оғлан, Темір Мелік ханның ұлы, Күнче оғлан және Идигу өзбек бастаушы болды. 792 жылы қыркүйек айының 12 жаңасында күн Суқұйғыштың 8 градусына іліккенде әскери керуен күзет күші мен бір құдайға сиынып жорыққа аттанды. Пір Мұқамед и Жәңгір мырза мен Шахрух мырзаны Темір мемлекетті басқару үшін қалдырып, оларға Лал әмір мен Малкут әмірді көмекке береді. Осы ұлы жорыққа ұлы мәртебелінің қосағы болу бақытына ие болған қажы-бек-Жеттің қызы мәртебелі ханым Шолпан-Мелік-ағадан басқа әйелдерінің бәрін Темір кері қайтарады. Жеңіске деген сеніммен және құдайдың қуатымен көтерілген жеңіс туына ілесіп әмір-түмендіктер, мыңдықтар, кошун жорыққа рет ретімен аттанды. Қарасемен жеріне демалуға аялдаған уақытта Тоқтамыс ханның елшілері келеді. Әмірлер мен нояндар оларды жақсылап жайғастырып, тиісті құрмет пен қошемет көрсетеді. Жауған қар мен жаңбыр бұлардың бұл жерде бірнеше күн аялдауына себеп болады. Тоқтамыс ханның елшілері келді деген сыбыс Темір құлағына жеткен соң, ол оларды алдына алып келуді бұйырды. Жерді сүю ырымын жасаған соң елшілер ханға 1 сұңқар мен 9 жүйрік атты сыйға тартады. Темір сұлтандардан дәстүр бойынша сұңұарды қолына аладыү бірақ хандық абыройын түсірмей, аса көңілін аудармайды. Елшілер құрметпен әрі көнгіштікпен, әр түрлі кешірім сөздер айтумен, тізе бүгіп отырып, аға әмірлер арқылы Темірге Тоқтамыс ханның мына сөздерін жеткізеді: «Ұлы мәртебелі, сіз мен үшін әке орнына әке, жарылқаушым едіңіз, маған жасаған сансыз мейірімділік пен жақсылықтарыңызға айтар алғысымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, олардың маңының бірін, ал көпшілігінің біразын жеткізе алсам да жетер еді. Егер патша ием ханға тән рақымшылдығымен және кішіпейілдігімен менің рақымсыз тағдымен жамандыққа жетелеген адамдардың ықпалында жасаған, тіптен өзімді ұялтатын, әрі өкіндіретін ақылға симайтын қылығым мен орынсыз өшпенділігімді кешірсе, ол-бұрынғы жасаған жақсылықтарына қосылатын еді. Мен өз әлімді біліп, бұдан былай ырқыңызда болып, өзіңізге бас ұрудан бір сәтке де бас тартпаймын, әдеп сақтап, тіл алу шарттарын толығымен орындаймын». Сонда Темір оған былай депті: Істің басында ол жауынан жасқанып, жаралы, әрі науқыс күйінде бізге келгенде, оны өз ұлдарымнан баға көрмей қаншалықты мейірім көрсеткеніме жұрт біледі. Әрі ол үшін мен Орыс ханға әскер жібердім және қанша ат, сарбаз, мүлік пен қару-жарақ зая кетті. Онымен де қоймай мен оның елін Орыс ханның елінен бөліп алып, оған бердім және ол Жошы ұлысының хан тағында билігін шыңдап, күшін нығайтып алғанша қолдау көрсетіп отырдым. Ұлы- мемлекет құдайдың ісі, бірақ оған себебші мен болдым. Мен оны әрдайым ұлым деп қадірледім, ол мені әке деді. Оның билігіндегі мемлекеті күшейіп, ол өзінің күш қайратына сенген соң, жасаған жақсылықтар үшін парызын орындаудың орнына, балалық борышын ұмытып кетті. Біз Иран жеріне қол бастап жорыққа аттанып Парсы мен Иракты басып алумен айналысып жүргенде, ол антын бұзып біздің патшалығымыздың шет жақтарын тонауға әскерін жіберді. Біз оның тіптен де қолдауға тұрмайтын , аңдаусыз да, арсыздықпен жасаған қылығына өзі өкініп, бірақ билік шарабына мас болған ол жамандық пен жақсылықты ажырата алмайтындай болып басы айналды. Ол екінші ретте әскер бастап келіп, алғы шептегі әскери тобын жіберіп, олар біздің жерімізді басып кірді. Біз дереу оған қарсы аттандық, ал оның әскері біздің қалың қолмен бетпе-бет келмей жатып-ақ қашып құтылды. Енді, міне, біздің ниетімізді біліп, өзінің әлсіздігін сезініп, кешірім сұрап отыр. Жасаған келісімдер оның тарапынан бірнеше рет бұзылғаны белгілі болғандықтан, біз оның сөзіне сенуден қалдық, құдайдың қуаты бір алланың пәрменімен құрған және сол үшін әскер жинаған жоспарымызды орындамауға қақымыз жоқ, содан кейін жасаған алла не бұйырады деп оның айтқаны: «Оларға барып айт, біз олрға күші жетпейтін қалың қолмен шығамыз және оларды ол жерден қорлап қуып шығамыз: олар қорқақ». (Бұл құранның XXVII сүресінен алынған сөз.) Дегенмен, егер Тоқтамыс шынымен ымыраға келуді қаласа , біз әмірлермен келіскенмен кейін қажеттілікті орындау үшін Әлібекті жіберсін. Той дәстүрін атқарғаннан кейін ол елшілерге алтынмен әшекейленген шапан кигізіп, оларға жататын үй жай тағайындап, құрмет пен қошемет салтын сақтап күтуді бұйырады. 16-шы сәрсенбі күні құрылтай шақырып, ол ханзадалармен және әмірлермен кеңеседі де, Тоқтамыс ханның елшілерін алып, жақсылық нышанымен күннің сәтіне орай , қалың әскерімен жаулап алу жорығына аттанды. Ясы, Қарашық пен Сайраннан өткен соң, жазық пен шөл далады үш аптадай аялдама жасады. Ұзақ уақыт жолда жүргендерінен және сусыздықтан аттар шалдығып қалады. Бірінші жұмалының I бейсінбісінде Сарық-өзенге келіп аттарды суғарып, аллаға ризашылығын білдіреді. Су тасығанынан болып сол жерде бірнеше күн кідіріп, ақыры өткел тауып, дабыл қақтырып, өзенді кешіп өтеді. Сол түні Едіге өзбектің екі нөкері шөл даламен Тоқтамыс ханға қашып кетті. Темір олардың артынан қуғыншы жібереді, бірақ олар қуып жете алмайды. Жеңіс туын көтерген әскер шұңқырларда қалған суды ішіп, шөл даламен жүріп жылжып отырады. Аталған айдың 21 ші сәрсенбі күні олар Кішік тағ тауына келеді. Ол жерден қозғалып екі түн жол жүріп, жұма күні Ұлығ тағ жеріне келіп тоқтайды. Жазық даланы көру үшін Темір таудың шыңына көтеріледі; дала көк майсаға оранған екен. Ол сол күнді осында өткізеді, сарбаздарына тас жинап, сол жерге мұнара тәрізді биік белгі қоюды бұйырады. Шебер тас қашаушылар күндердің естелігін тасқа ойып жазады. Ол жерден қозғалып, жолда аң аулай жүріп, Иланшың өзеніне келіп тоқтайды. Демалған соң, өзеннен өтіп, 8 күн дегенде Атақарағай жеріне келіп жетеді. Жорыққа шыққалы бері 4 айдай уақыт өткендіктен, сарбаздардың ішетін азығы таусылады, ал көз жеткісіз жазықтық қай жағына да 5 айлап, 7 айлап жүрсең де, жолда елді мекен кездеспейтін. Сондықтан сарбаздарының ат, түйелерінің көптігінен толқып тұрған теңізге немесе айқай-шуға толы әлем сияқты үлкен қосында тапшылық пен қымбатшылық байқала бастайды. Бір қойдың бағасы 100 кепек динар тұрса, шари 16 маңына тең едәуір салмақты нанның 1 маңы 100 кепек динарына дейін жетті және оның өзі табылуы мұң болған кезде Темір түменбасы әмірлерге, мыңбасы, жүзбасы мен ондық басшыларына арнап жарлық шығарып, қостағы бірде бір адам нан, шелпек, үзбе кеспе, кеспе, ришта, тұшпара және басқа да сол тәрізді тамақ жасамасын, піскен тамақ орнына тек арпадан жасалған шалап ішсін деген қолхат алады. Әмірлер мұны жасап көреді және шари 8 маңына тең анбар салмақты ұнның 1 маңынан, «мутр» деп аталатын көкөнесті қосып жасағанда, 60 меске шалап шағатыны анықталады. Нәтижесінде әрбір сарбаз 1 меске шалапты қанағат етсін деген үкім шықты, бірақ көпшілігі оны қанағат тұтпай дала кезіп, тапқан құс жұмыртқасымен, жануарлармен және жеуге болатын өсімдіктерден күн кқріп алға жылжи берді. II жұмалының 1-ші күні сенбіде Темір аң аулауды ұйғарып, қалың әскер қаумалап аң аулауға шықты. Мидай жазықты жан-жағынан қоршап алып, саны жетпес аңдар мен құстарды ортаға қаумалап жинап, екі күннен кейін олардан қырма жасады. Патшаның бақ жұлдызының арқасында, сарбаздар сойған бұғы, сайғағы мен бұланы, жабайы құстарының санының көптігі соншалықты – осының алдында ғана болған тапшылықты ұмытып семізін ғана таңдап алып, арығын тастай берген. Айтпақшы, осы жазықта олар бұрын-соңды көрмеген, үлкендігі су сиырындай бөкен кездестіреді. Монғолдар оны қандағай десе, далалықтар бөлен дейді. Олар да көп сойылды және көп уақыт сарбаздардың тамағы ауланған аң етінен жасалды.