- •Әмір темір ортағасырлық шығармаларда
- •1.1 Темірдің жасөспірім және бозбала шағы
- •Низам-аддин Шами «Зафарнаме»
- •Шараф ад-Дин Али Йезди «Зафарнаме»
- •Зафар-наме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы
- •Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы әңгіме
- •Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы туралы әңгіме
- •1.4 Абд Ар Раззак Самаркади
- •Темір Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы әңгіме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы
- •1.5 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхонд
- •2 Аврвовпоапл
- •2.1 М.Н. Ибрагимова. Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы Әмір Темір және оның ұрпақтарының шығармаларында
- •2.2 А. Якубовский. Әмір Темірдің Алтын Орда хандарымен қарым–қатынасы
- •Тоқтамыс
- •2.3 И. Муминов. Орта Азия тарихында Әмір Темірдің рөлі мен орны
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер
Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы әңгіме
Қыс өте көктем сұлтанның бұйрығымен ояна бастаған көк әскері даланың бетін жаулап алғанда, әділ көктем патшасының көк шуағынан суық қыстың әскері қаша бастағанда, Темірдің ұшқыр ойы әскерді Тоқтамыс ханға қарай бастап, осыдан былай көрпесіне көселіп, аяғын аңдатып бастыру үшін оны қайтадан жазаламаққа шешім қабылдады. Осыдан кейін оләскер жарақтауға назар аударып, жауынгерлерге сыйлық таратты, және ханшайымдарды арбалы керуенмен Сұлтанияға жіберуді, Сарай Мүлк Ханым мен Тұман ағаға кішкентай балаларды алып Самарқанға кете тұру, ал Шолпан Мүлк ака мен кейбір әйелдері сонда қалдыруды бұйырды. Сұлтания қамалының коменданты міндеті жүктелген Ахи Мираншахпен бірге сол жақты басқару үшін Темір соларға Муса Рақмалды қосып берді. Бұйрық бойынша олар шыққан кезде Темір 797 жылдың жұмалысының 7-ші күні жексенбіде сол жерде әскер туы көтеріліп аттануға белгі берілді. Жасақтар бірінен соң бірі туларын желбіретіп және әрқайсысы тас түйін қатаң тәртіппен келе жатты, және олар батыс пен солтүстікке бағыт алғандықтан, ежелгі түркі салты бойынша алдыңғы жаққа сол қанатты жіберді. Соғысқа сылтау табу үшін қыстауға жатқан кезде-ақ Темір Тоқтамыс ханға хат жазады. Хатты ол әрі ақылды, әрі шешен, тәжірибесі мол, төр ережелері мен заңдарын жете меңгерген, қандай ортада әдемі сөз таба білетін, көздеген мақсатына жете білетін Алмалықтық Шемс-ад-динді жібереді. Ол Дербент арқылы Дешті Қыпшақтағы Тоқтамыс ханға келіп, Темірдің хатын қолына береді де, ұлы мәртебелінің сәлемін көркем және шешен сөзбен айтып жеткізеді. Бұл Тоқтамыс ханға қатты әсер етті де, ол татуласуға дайын екендігін білдіріп, ымырашылдықпен кешірім сұрап шын ниетімен тізе бүгіп, араларындағы араздықты жоймаққа ант су ішеді. Бірақ оның әмірлері ақылға салып ойланбай жатып оған қарсылық білдірді, олар бүлік шығарып, өркөкіректеніп менмендікке басып жарылқаушысының да, өздерінің де бағын байлап, біткелі тұрған істі аяқсыз қалдырады.Бұл бишаралардың сөзіне ерген Тоқтамыс хан әділ жолдан тайып, тәкаппарлық пен бос үміт тұңғиығына батты, қасіретке жол беріп, Темірдің жазған хатына дөрекі сөздермен жауап қайтарды. Алмалықтың Шемс-ад-динге шапан жауып, қайтарады. Ол Самур өзені бойындағы патша ордасына жетіп, жерге тағзым ету дәстүрін жасап болған соң, Тоқтамыс ханның хатын береді. Темір бұл әдепсіз жауабына қатты ашуланып, әскерді сапқа тұрғызып, тәртіпке келтіруге бұйырады. Самур өзені Эльбрус тауының бөктерінен өтеді, ал ол жерден Кулзум теңізіне дейін бес фарсах. Бұйрық бойынша әскер ретпен жүріп отырып, сол жақ қанаттың шебі Эльбрус тауының етегіне дейін, оң жақ қанаттың шебі Кулзум теңізінің жағасына дейін жетіп, тізіле орналасты. Саны жағынана мұндай қалың қолды Шыңғысхан заманынан бері ешкім көрмеген, ал көркемдігі мен жарақтануы жағынан Аджем патшалары туралы әңгімелерден де ешкім осындайды оқып, естімеген болар ау. Ұлы Темір құдайдың қуатында жеңімпаз әскердің сол қанатын, орталық және оң қанатын айнала өтіп сауыттарын тікелей өзі тексеріп шықты. Ол жақындағанда әрбір жасақтың әмірлері мен батырлары тізе бүгіп, шын ниетімен қызметке дайын екендерін айтып, оны мадақтап, адалдықтарын жеткізіп жатты. Олардың әрқайсысы үйреншікті әдетімен ерттелген аттарын жетектеп шығып, тізе бүгіп қарсы алады. Темір оларға өзінің қошеметін білдіріп, патшалық уәдесіне сендірді. Ол ортаға қайтып оралған соң, литавр ойнап дабыл қағылды, оң жақтан және сол жақтан да, ортадан да керней тартылды, жалаң қылыштарын жауға қарай сермеп, сарбаздар ұран салғанда тау қозғалып, теңіз толқығандай болды. Әмірлер-түмен басы, мыңбасылар және қосын жасақ жасағымен сап түзеп рет ретімен алға қарай қозғалды. Олар Дербенттен өткен кезде, Эльбрус тауының етегінде Тоқтамыс хан билігіндегі жұрттардың бірі қайтақ тайпасын кездестіреді. «Фатиханың басы – кітаптардың анасы» дегендей істің бисмилласын бастау үшін, Темір ол кәпірлерді қырып тастауды бұйырады. Жан алғыш әскер тап беріп, оларды о шеті мен бұл шетіне дейін мыңнан біреу де қалдырмай қырып, бәрін тонап, ауылдарын өртеп жібереді. Тоқтамыс хан Ұртақ есімді елшісін Темірге жібереді. Ол патша ордасына жақындап келіп, сан жетпес қалың қолды көргенде аң- таң болып қорыққанынан дереу кері бұрылып, Тоқтамыс ханға Темірдің адам айтқысыз әскерімен келіп авангарт ортаңғы қолын реттеп келіп қалғандығын жеткізеді. Оны естігенде не істерін білмей сандалған Тоқтамыс хан Қазаншыны үлкен қолмен алдын ала жібереді. Темір бас әскерімен Тарға жеріне келіп, қосын тіккен соң, оған Тоқтамыс ханның қазаншы авангарты Хой өзенінің бойына келіп тоқтады деген хабар келеді. Темір таңдаулы әскерімен өзі бастап түнделетіп шығып, таң ата өзеннің арғы бетіне өтіп, жауға шабуыл жасайды, жарқыраған жалаң қылышпен жауды қырып, даланы дұшпанының қанына бояйды, семсердің серпінімен бақыт келіп, жеңістің гүл шоқтары шашақ жаяды. Әлем жаулаушысы жеңімпаз әскерімен осы жерден шығып, Сунж өзенінің жағасына келіп тоқтайды, ал Тоқтамыс хан әскерін Терек өзенінің бойына жинап, алдыңғы шепке турларды, арбалар мен қойыпү өзінің позициясын нақтылап, шайқасқа дайын тұрады.Темір өз әскерін әскери тәртіппен орналастырып, басына қонған бағымен әскерінің құдіреттілігінің арқасында, Тоқтамыс ханның табандылығы мен сабырлығын шайқалтып, бойына қорқыныш пен үрей ұялатты. Ол төтеп бере алмай, әскері қазған бекінісін тастап, шегініп кетті. Темір өткел тауып, Терек өзенінің арғы бетіне өтеді, ал Тоқтамыс хан Қурай өзеніне жетіп, қалған әскерін жинауға кірісті. Темір әскерінің азық – түлігі таусылуға әзер қалғандықтан, сарбаздарына астықтан азық – түлік жинап, қорланып алып, жауды жоюға кірісу үшін , Темір өзен бойымен Жулат аймағына келеді. Сол кезде қарауыл күзеті Тоқтамыс хан әскерін екінші рет тәртіпке келтіріп, өзен жағалауымен жеңімпаз әскердің артынан келе жатыр деген хабар жеткізеді. Темір әскерінің оң – сол қанаттарын, орталық тобы мен шет – шеттерін ретке келтіріп, кері бұрылып, өзенді өрлейді. Екі жақтың ара қашықтығы жақындаған соң, доңыз жылына сәйкес 797 жылы жұмалының 22 күні сейсенбіде бір – біріне қарама – қарсы келіп тоқтайды. Жеңімпаз әскердің тавачийлері бұйрықты орындау үшін әр қайсысына тұратын жерлерін бөліп береді. Сарбаздар қосты айналдыра жыра қазады да, бой тасалайтын бекініс жасап, жерге қазықтар қақты, ол жыраның арғы жағынан екіншісін қазды. Түнгі шабуылдан сақ болу үшін осы түні ешкім өз орнынан қозғалмасын, дыбыс шығармасын деген қатаң бұйрық берілді. Жоғарыдан түскен бұйрық орындалып жатты, дәл сол түннің ортасында Тоқтамыс мәртебелі орданы састырып, берекесін қашырмақ болып, түнгі шабуыл жасауға әрекеттенді. Ол жақындап келіп, дабыл соғып, литавр қақтырып жіне керней тартып, ұраг шақырды. Жан алғыш әскер бұйрықты орындап, жаудың бұл қылығына назар аудармай, тым – тырыс жатты. Қарсыластарынан ешқандай қимыл байқамаған соң, олар жаудың мұншалықты сабырлығына қайран қалып, жақындауға батылы бармай, келі қайтады. Екінші күні сәрсенбіде екі жақтың әскері де у – шу болып, іс қимыл жасай бастайды. Құдіретті Темір әскерін тәртіпке келтірумен айналысты; жеті корпус жасақтап, бекініс турларды орнатып, алдыңғы шепке батырларды қойды; жаяу әскерлер бекіністің қалқасында, алдыңғы шепте тұрды. Мырза Мұхаммед Сұлтанды ол бас корпусқа тағайындады, ал корпустың шет – шептеріне жүрегінің түгі бар нағыз ержүректерді қойды. Өзі 27 қосынды алып, мықты қаруланып, артқы жаққа орналасты. Жаудың әскері де қарама – қарсыға тұрып, жалауын көтерді. Сол сәтте сол жақ қанаттан біреу жау әскерінің оң жақ қанатынан Күнше – оғлан, Бек – Жарық – оғлан, Ақта, Дәуіт Сопы, Тоқтамыс ханның күйеу баласы қалың қолмен Темір әскерінің сол қанатынан шабуылға шықты деген хабар жеткізеді. Темір тез арада солай қарай ұмтылып, сапта тұрған қосындарымен шабуылға шықты. Олар жан алғыш әскердің екпінді тегеурінін көріп, қашып құтылуға мәжбүр болды. Темірдің 27 қосынындағылардың біразы қашқындардың соңынан қуады. Қашқындар өз корпусына жеткен соң кенет бұрылып, қуып келе жатқандарға қарсы ұмтылады, оларды Темірге дейін қуып әкеліп, жартысын өлтіреді, жартысы жан-жаққа тарқап кетеді. Осыдан кейін қосындар қоян қолтық шайқасып кетеді, ал бойына батылдық қонған олар алға ұмтылып, Темірге қарай беттейді. Өзінің жарылқаушысы үшін жанын қиған Әмір Шейх-Нур-ад-дин жаратушыға сыйынып, жаумен айқасты, оған тағы 50 адам қосылды, және жүректі жаратын оқ жаудырып, дұшпанының жолын кесті. Мұқамед Азат, оның бауыры Әлишах және Түкел бауыршы жаудың бір-бір арбасын қолға түсіріп, оларды Темірдің алдына қалқан орнына байлап қойды. Бефадар қосынымен Алладан да көмекке келіп, Шейх-нур-ад-динге қосылды. Құлдарын ертіп Құсайын мүлік Қаушын да келді. Әмір Зерек Шағу да өз қосынымен келіп, оларға қосылды. Ортадағы қосын туын көкке көтеріп, дабыл соғып, керней тартып, әскери ұрандарын шақырды. Үстуй да өз қосынымен орталық қосынның соңына келіп орын алды. Жау әскері жасақ-жасағымен, қайта-қайта шабуыл жасап, бар күшін салып басқа да, аттан түсіп, тізерлеп отырып садақ атқан жеңімпаз сарбаздарды орнынан қозғай алмады. Сол жақ қанаттың шебінде орналасқан Худадад Құсайын жаудың оң қанатындағы Күнше оғланнан өтіп, Темірге қарама-қарсы тұрып соғысқан Ақтау қыр соңынан келіп, оқ жаудыртты. Сол кезде көмекке Мұхаммед Сұлтан мырза мықты қаруланған қосынымен келіп, Темірдің сол жағынан соғысқа араласты. Батырлар жаппай шабуылға кірісіп, бірден жаудың әскерлеріне тойтарыс беріп, жалаң қылышын сермеп, от шашыратқан найзаларымен жаудың оң жақ қанатын шегіндірді. Оң қанаттың шебінде орналасқан қажы Сейф-ад-дин әмір қиын жағдайда қалады, өйткені жаудың сол қанатының шебіндегі Иса би әмір мен Бақсы қожа оларды жан-жақтан айнала қоршап алады. Ол тайсалмай өз түменімен бірге аттан түсіп, алдарына қалқан қойып, қайсарлықпен ерлік көрсетіп, тізерлеп отыра қалып оқ жаудырып, жаудың тегеурінін басуға тырысты. Дұшпан қаншама бір-біріне көмекке келіп, қылыштарын сермеп, найзалары мен сүңгілерін лақтырса да, бұлар соққыны садақ оғын қайтарумен жаудырды. Ақыры екінші жақтан Жеханша-бахадур өз түменімен келіп, дұшпанмен ақтық шайқасқа түсті. Бұл екі дана әмірдің бірін-бірі қолдап, қосарлана жасаған әрекетінен жаудың оларға қарсы шыққан сол жақ қанатының шебі қаша жөнелді. Темірқожа-и-Ақ-Бұқа да ерлік көрсетіп , өзіне қарсы тұрған жаудың сол жақ қанатын ығыстырды. Рүстем-и-Омар-шейх м-ырза өз түменін бастап күндей күркіреп, найзағайдай жарқырап, дұшпанға соққы берді, қарсыласының мысын басып, шегіндірді, сөйтіп ол жас болсада, марқұм әкесінің атын тағы бір рет шығарды. Тоқтамыс ханның нөкерлері мен «ішкілерінің» бірі Яғлы би бахрин өз жасағының ержүректерімен алға шығып, дауыстап тұрып Осман бахадурды шайқасқа шақырды. Осман бахадур оларға өз әскерімен жақындаған соң, екі жақ бір-бірімен ұстасып, қылыштары мен найзаларын айқастырды. Ақыры, маңдайға жазған құдіретті бағының арқасында, жаудың әскерін тас талқан етіп, жан жаққа шашырата қуады. Тоқтамыс хан Жошы ұлысының ханзадалары, әмірлері мен нояндарын алып қашып құтылды, және олардың сарбаздарының көбі майданда мерт болды. Ханзадалар, әмірлер және нояндар тізе бүгіп, құттықтау рәсімі мен нисар жасады, ал Тимур оларды құшағына алып, мадақтап жатты. Жеңіс туы сол жерден шығып, көңілдері шат, салтанатты түрде Құрай өзенінің бойына келіп, орда тіккен соң, мәртебелі падиша көмекшілерінң жағдайын анықтап алып, әсіресе соғысқа қайсарлық көрсеткен Шейх-Нур-ад-диннің ерлігін ерекше атап, оған тұлпар, алтыннан зер салып, бағалы тастармен әшекейленген киім сыйлап, 100000 кепек динарын сиға береді. Қажырлық пен қайсарлық көрсеткен басқа батырлар мен әмірлерге ақшалай сыйлық таратып, патшаның әр түрлі сый құрметін көрсетеді.
