- •Әмір темір ортағасырлық шығармаларда
- •1.1 Темірдің жасөспірім және бозбала шағы
- •Низам-аддин Шами «Зафарнаме»
- •Шараф ад-Дин Али Йезди «Зафарнаме»
- •Зафар-наме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы
- •Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы әңгіме
- •Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы туралы әңгіме
- •1.4 Абд Ар Раззак Самаркади
- •Темір Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы әңгіме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы
- •1.5 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхонд
- •2 Аврвовпоапл
- •2.1 М.Н. Ибрагимова. Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы Әмір Темір және оның ұрпақтарының шығармаларында
- •2.2 А. Якубовский. Әмір Темірдің Алтын Орда хандарымен қарым–қатынасы
- •Тоқтамыс
- •2.3 И. Муминов. Орта Азия тарихында Әмір Темірдің рөлі мен орны
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер
2.2 А. Якубовский. Әмір Темірдің Алтын Орда хандарымен қарым–қатынасы
Темірдің өмірі мен қызметі, жазба және дәлелді дереккөздерімен жабдықталған. Жазба деректер, бір жағынан, ерекшелігі жағынан мінезін баяндап айтатын, Темірдің қызметі туралы шығармалармен, екінші жағынан оның жеке өзін көрген адамдардың өздері жазған естелік түріндегі шығармамен ерекшеленеді. Дереккөздердің арасында, Темірдің атымен байланысты, эпиграфиялық ескерткіштер – мәдениет шығармалары мен құрылыстарындағы жазулардың мәні аз емес. Темір жайлы баяндаушы деректердің көп бөлігі, ресми, апологеттік өзгешелікке ие және әдебиетке тән ерекшеліктер: шығарманы арнаған адамның пайдасына баяндаумен ерекшеленеді. Темір туралы ресми тарихнаманы мұқият зерттеу, ол өзінің жорықтарында, жорықтарының сипаттамасын жазып отыру үшін, ұйғырлар мен парсы ғалымдарының ішінен «дабиран-и хае» (жеке хатшылар) мен «фадилан-и аср» (дәуірдің оқымысты адамдарын) ұстады. Осылайша, оқымыстылардың бірі, «Насир ал-хакк ва шариат ва дин» салтанатты лауазымымен, Темірді Үндістанға жорықта еріп жүрген Омар, оның тапсырысымен «үнді жорығының күнделігін» жазды. Ол кітап бізге дейін жетіп келген жоқ. Кейде, жорықтарды сипаттап жазу бірнеше адамға тапсырылды. Темірдің патшалығының соңғы күндерінде, дабырлар мен оқымыстылардың қылқаламынан шыққан бірқатар шығармалар бар. Оның арасында, Гияс ад-дин Али құрастырған «үнді жорығының күнделігін» атаса болады. Өкінішке орай, күнделікте Гияс – ад – Диннің, Темірге Үндістанға еріп жүріп күнделікті өзі жазғаны немесе басқа адамның жазбаларын өңдегені туралы көрсеткіштер сақталмаған. Шығармада тек, еңбекті жазудың жайы ғана көрсетілген. Иезде тұратындардың бірі, авторға түсінікті, жай тілмен, қысқаша, Темірдің Үндістанға жорығын баяндап берді. В. В. Бартольд, Гияс – ад – Диннің шығармасы, ол жерде Темірдің немересі Мухаммед Султан туралы және жақын арада Египет пен Сирияны басып алуы туралы айтылғандықтан, 1403 жылдың 12 наурызында жазылғанын анықтады. Гияс ад-дина Алидің күнделігі тәрізді шығармалар, Темірдің саяси өмірбаянын көрсететін, өмірі мен қызметі туралы нақты ақпараттарды береді. Біздің уақытқа дейін жеткен, бірінші кітап - Низам ад-дина Шамидің «Зафар-Намэ» («Жеңіс кітабы»). «Зафар-Намэде» келтірілген Темірдің өмірбаянынан, сауатсыз бола отырып (не парсыша, не түрікше оқи білмейтін) өз кезеңінде , өте білімді және мұсылман әлемінің тарихын жақсы білетін адам болған. Темір өзінің жанына, жорықтарда немесе үйде, қолы бос кезде, өзін қызықтыратын түрлі шығармаларды оқыту үшін, оқымыстыларды ертіп жүрген. Темір, түрікше мен парсы тілдерін, нақтылап айтқанда, тәжік тілін бірдей білетін және жай және түсінікті тілмен жазылған кітаптарды жақсы көрген. Нияз ад-дин Шамидің шығармасы, бізге дейін келгендердің арасындағы біріншісі. «Зафар-Намэ»-нің кіріспесінде Низам ад-дин Шами 804 ж. (1401-1402 Темір өз жорықтарын сипаттауды бұйырған кезде, Темірдің жаулап алулары туралы жазылып қойылған болатын, бірақ ол Темірді қанағаттандырмады. Низам ад-дин Шамидің мағынасы, Темірдің тарихнамасында толық сенімділікпен анықталған. Низам ад-дин Шами Шамаға жақын Тебриз аймағында туып өскен. Темірмен, 795 ж. (1392 -1393) жылдары, Бағдадты жаулап алғаннан кейін кездесті, және сол кезде – ақ, Темірге қызмет жасауға кірісті. Низам ад-дин Шами «Зафар – Намэні», Темірдің көңілінен шығатын, өте жай және түсінікті буынмен жазған. Низам ад-дин Шамидің «Зафар – Намэсі» Гияс ад – Диннің шығармасынан түпкі айырмашылығы, біріншісі Темірдің саяси қызметін толығымен қамтыған. Низам ад – Дин өз кітабының кіріспесінде, 1360 жылы Темірдің тарихи аренаға келуінен алдыңғы Орталық Азияның жағдайын суреттеп берген. Ол осы жылдан бастап нақты әңгіме бастайды. Низам ад-дин Шами өз шығармасын Темірдің қаза болуынан алдын, яғни 1405 жылдарға дейін бітірген. «Зафар – Намэнің» соңғы тарауы, 1404 жылы көктемде Карабах Арандағы (Кеңес дәуіріндегі Әзірбайжан) той – томалақтарға арналған. «Зафар – Намэ», жоғарыда айтылған Темірдің хатшылармен жазылған жеке жорықтардың күнделіктеріндегі материалдардан жазылған. Гияс ад-дин Али шығармасын шығарушы Л.А. Зимин, Низам ад – Диннің Үндістан жорығының көрінісі, Гияс ад – Диннің әңгімесінен қысқартылып алынып жазылғанын дәлелдеді. Низам ад-Дин Шамидің «Зафар – Намэсі», Темір мен оның кезеңін зерттеуге арналған дерек ретінде өте үлкен мәнге ие. Ондағы берілген нақты материалдар, Темірдің өмірі мен қызметіне арналған басқа шығармаларға негіз болды. Уақыты бойынша Темір туралы, ресми сипаттағы екінші шығарма, Шереф ад-дин Али Иездидің, дәл осылай «Зафар – Намэ» - (Жеңіс кітабы) аталатын өте үлкен шығармасы болады. Автордың аты айтып тұрғандай, ол Иезда (Батыс Иран) қаласында туып өскен. Шереф ад-дин алдымен Шахрухтың (1405 – 1447) сарайында, кейіннен оның ұлы, Парсының билеушісі болған Ибрахим – сұлтанның сарайында тұрды. Шереф ад-дина Али Иезди өз өмірінің соңғы күндерін, Иездаға жақын жердегі Тафт елді мекнінде өткізді және сол жерде 1454 жылы қайтыс болды. Шереф ад-дин Али Иездидің Темірдің қаза тапқанынан кейін жазған шығармасы, (1424 – 1425) 828 жылы аяқталды. Шереф ад – Дин, жұмысты бастауды, Темірдің немересі Ибрахим – сұлтан және оның көмекшілері Шираз қаласындағы хатшыларының көмегімен болған дейді. Шереф ад-дин, бұл жұмыстың бастамасын Шираз қаласында, Темірдің немересі Ибрахим – сұлтан, хатшыларының көмегімен басталуы керек болатын. Шереф ад-дин, бұл шығарманы тек қана өңдеп шықты. По-видимому, Шереф ад-дин Али Иезди, «Зафар – намэні» жазған кезде, өз қолдаушысының ролін асыра мақтап жіберген сияқты. «Зафар – намэ» екінші кезеңінің авторы кім болмасын, мәтін негізі, екі кітапты оңай салыстырғанда, Низам ад – Диннің шығармасынан алынғанын білеміз. Бірақ та, Шереф ад-дина Али Иездидің шығармасында, негізін қалаушыға қарағанда, нақты материалдар көп келтірілген, мұны, оның қосымша дереккөздері бар болғанын білдіреді. Шереф ад-дин Низам ад-дин Шамидің тек еңбектеріне ғана жүгініп қоймай, соңғы жорықтардың күнделігінен көптеген деректерді шығарып алды. Шереф ад-диннің қарамағында, Низам ад-Дин Шами ешқашан пайдаланбаған ұйғыр хатшыларының өлең түрінде жазған, ұйғыр тілінде жазылған «Тарих-и-Хани» хроникасы дереккөзі болды. Өкінішке орай, бұл деректер шығыс тарихнамасында бірнеше рет ескертілген, бірақ бізге жетіп келмеген. Шереф ад-дин Али Иезди, ақпараттарды Темір жорықтарында жоғарыдағы күнделікте аты ешқашан аты аталмаған қатысушылардан алып құрастырған. Труд Шереф ад-диннің еңбегі, Темірдің өмірінің растығын дәлелдейтін дерек бойынша, Низам ад – Диннің еңбегіне қарағанда, көптеген жетіспеушіліктерге ие. Біз ең алдымен, оның еңбегі: «Зафар – Намэ» жұмсақ, мәнерлі фразеологияға толы тілде жазылған және көбінесе оның беттерін бірнеше жолмен бірлестірсе болады. Прозалық шығарма, Шереф ад-Диннің өзіне тиесілі өлеңдермен көмкерілген. Автор, барлық жерде Темірмен мақтанады. Оның бұл әрекеті, оның ниетінің түзулігін және оның адамгершілігінің мол екендігін көрсетеді. 1365 жылы Шыршық өзенінің жағасында болған «лайлы шайқаста», Темір әмір Хусейнмен бірге толығымен талқандалған кезде, Шереф ад – Дин, кінәні толығымен, Темірдің серіктесі, аға әмір Хусейнге жауып қояды. Керек десеңіз, 1387 жылы Исфаганда болған көтеріліс немесе сұлтан Махмудтың Үндістанмен шайқасудан алдын 100 мың адамды өлтіргені жайындағы Темірдің қатал әрекеттері де, толығымен ақталып жазылған. Алайда, бұл сұрақтарға, Темірдің басқа тарихнамашысы Низам ад-дин Шами өз пікірін білдірді.
