- •Әмір темір ортағасырлық шығармаларда
- •1.1 Темірдің жасөспірім және бозбала шағы
- •Низам-аддин Шами «Зафарнаме»
- •Шараф ад-Дин Али Йезди «Зафарнаме»
- •Зафар-наме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы туралы
- •Темір әскер жасақтап Тоқтамыс ханға қарсы екінші рет жасаған жорығы туралы әңгіме
- •Темірдің Тоқтамыс ханның соңына түскен шапқыншылығы туралы әңгіме
- •1.4 Абд Ар Раззак Самаркади
- •Темір Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы әңгіме
- •Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы
- •1.5 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхонд
- •2 Аврвовпоапл
- •2.1 М.Н. Ибрагимова. Ақ Орда мемлекетінің саяси тарихы Әмір Темір және оның ұрпақтарының шығармаларында
- •2.2 А. Якубовский. Әмір Темірдің Алтын Орда хандарымен қарым–қатынасы
- •Тоқтамыс
- •2.3 И. Муминов. Орта Азия тарихында Әмір Темірдің рөлі мен орны
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер
Темір Тоқтамыс ханды Темір Мәлік оғлан ханға қарсы соғысқа жібергендігі туралы әңгіме
Темір-Мәлік ханның қамсыз жатқаны турлы естіген Темір Тоқтамысқа тағы да түрлі сыйлықтар мен қошаметтер жасап, оған қоса Әмір Бияс ад дин тарханды, Әмір Тұман–Темірді, Жақия қожаны, Өзбек Темірді, Никиді көп әскермен аттандырды. Оларға Сығанақта Тоқтамыс ханды сұлтанның тағына отырғызуға бұйырды. Темір–Мәлік–оғлан Қараталда қыстап жатқан еді. Тоқтамыс Темір–Мәлікке қарсы шайқас ашып, нәтижесінде Темір–Мәлік жеңіліп, Тоқтамыс жеңіске жетті. Осы қуанышты хабарды жеткізуге ол Темірге орыс қожаны жіберді. Ұлы мәртебелі Темір оғлан қуанып, бірнеше күн той жасап, хабаршыны сый–сияпатқа бөлеп, кері қайтарды. Тоқтамыс хан Сығанақта қыстап шыққаннан кейін, көктемде Камак аймағын жаулап алды. Оның билігі күшейе түсіп, өз байрағын жоғары көтерді. Ал Темір Мәлік өзінің Мұхаммед оғлан берген алғашқы мыңдығына келіп, Тоқтамыс ханды қуу туралы кеңес құрды. Бірақ Мұхаммед оғлан шарасыздық танытты. Оның бұл ойын теріс пиғылда түсінген Темір–Мәлік кінәсыз Мұхаммед оғланды өлтіріп, өзінің мыңдығымен Тоқтамысты қуу үшін жүріп кетті. Олар Қараталдың төңірегінде кездесіп, шайқасты. Бірінші ұрыста Темір–Мәлік тұтқынға алынып, өлтірілді. Темір–Мәліктің жанындағы жақын адамдарының бірі Балыншақ тұтқынға алынды. Ол өзінің тақсырына адал бахадур болғандықтан, Тоқтамыс оны тірі қалдырып, әмірінің қатарына қосты. Балыншақ сол сәтте тізерлей құлап: «Темір Мәліктің кезінде өмірінің жақсы кезеңдерін өтті. Мен өзімді оның тағында көргенімше менің көзім ойылып түссін. Маған жақсылық жасағың келсе, менің басымды шабуға бұйрық берде, менің денемнің үстіне оның денесін қой, себебі оның жаны қорлық көрмесін», – деді. Осы сөзден кейін Тоқтамыс адал және ержүрек батырдың жанын о дүниеге аттандырды.
Темірдің Дешті Қыпшаққа жорығы
Темір Дешті Қыпшаққа жорыққа аттануға дайындалып жатып, табашыларды әскер жинауға жіберді. Олардан бір жыл бойы уәлият пен аймақтардан әскер беруді, түріктер мен тәжіктерді азық түлікпен қамтамасыз етуді талап етті. Әрбір адамда төрт түрлі қаруын болуды міндеттеді: садақ, 30 жебе, қалқан мен қорамса, әрбір екі адамға бір қосар ат, екі күрек, бір кетпен, бір орақ, бір ара, бір балта, бір біз, 100 ине, мықты қайыс, үлкен қазаннан болуын бұйырып, тексерген жағдайда осы аталған заттардың дайын тұруын талап етті. Осыдан соң, Ташкенттен шыққаг соң әскердің әрқайсысы 1 айда 1 қамбаның салмағындай талқан жесін, ешкім нан пісірмесін, тек қана быламық ішсін деген бұйрық келді. Осылайша істі тиянақтаған соң Темір Ташкентті қыстап, Сафардың жартысында әйелдері мен ханшайымдарын Самарқанға жіберіп, өзімен бірге тек Шолпан–Мәлік аруды қалдырды.
1.5 Мұхаммед Ховент–Шах Мирхонд
Толық аты Мұхаммед ибн Ховент–шаж ибн Махмұд Мирхонд – «Раузат ас–сафа фи сират аал–анбия ва–л–мулук» (Пайғамбарлар, патшалар және халифтерге қатысты тазалық бақшасы) атты көлемді тарихи еңбектің авторы. Ол 1433 жылы Балхта дүниеге келген. Оның әкесі, Бурхан–ад–Дин, Бұқараның сейттер көне руынан, Балхқа келіп, сол жерде өмір сүріп, дүние салған. Мирхонд өмірінің басым бөлігін Гератта Темірліктер әулетінің ең соңғы өкілі – Сұлтан Құсайын Байғараның сарайында өткізді. Бұл жерде ол атақты ақын және мемлекет қайраткері Мир Али–Шер Науаидің қамқорында болып, соның талабымен өзінің ірі шығармасын жазуға кірісті. Өмірінің жартысын көптеген тарихи кітаптарды оқумен өткізгендігін Мирхондтің өзі де айтады. Мирхонд Гератта 1498 жылы қайтыс болады. «Раузат–ас–сафа» («Тазалық бақшасы») – Мирхондтың Темірліктер әулетінің Мәуреннахр мен Хорасанды билеген соңғы жылдарында жазған әлем тарихындағы қомақты тарихи құрастырмасы. Мирхондтың өз шығармасын жазуда Темірліктердің бай кітап қоймалары мен кітапханаларында сақталған өзіне қажетті барлық мәліметтерді кеңінен әрі кедергісіз қолдануға мүмкіндігі болмаған. Мирхонд өзінің жол салушылары сияқты, жазба ескерткіштерден басқа өз замандастарының аузынан естігендерін көп пайдаланған, сол оқиғалардың көпшілігіне өзі не куәгер болған, себебі мемлекеттің саяси өміріне, сұлтан сарайына бір табан жақын болды, әрі өз қамқоршылары тарапынан оң көзқарасқа ие болды. «Раузат–ас–сафа» кіріспеден, жеті томнан және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде маңызды автобиографиялық мәліметтер келтірілген, Сондай ақ Мирхонд өзінің ойы бойынша нағыз тарихшыға тән қасиеттерді суреттейді және тарих ілімі «ақыл мен білім адамдарына» өоятын талаптарды атап шыққан. Өзі оқыған араб тіліндегі және парсы тіліндегі ескерткіштердің барлығын, хронологиялық не басқада тәртіпке сүйенбей, толық санап шықты. «Раузат–ас–сафа» шығармасын зерттеушілер оны жалпы тарих бойынша үлгілі әрі таңдамалы еңбек деп санайды, оның ерекше мәнерін, материалдарының молдығы мен қызықтығын атап айтады, бірақ та сонымен қатар, авторда тарихи сын мен әдістің жоқтығын да айтады. «Раузат–ас–сафаның» бірінші томында тіршіліктің пайда болуынан бастап Сасанилер әулеті басқаруының соңғы уақыттарына дейінгі оқиғалар суреттелген, екінші том ислам діні мен Мұхаммед пайғамбардың пайда болуынан төртінші Али халифтің дәуіріне дейінгі уақыт қамтылған, омейяд пен аббас халифтері мен имамдарының тарихы үшінші томда келтірілген , ал төртінші том әмір Темірге дейін мұсылман шығыста билік еткен болмашы әрі кіші әулеттерге арналған, Шыңғыс хан мен оның ізбасарларына арналған бесінші том, Темірдің билік жүргізу тарихы мен оның Абу Саидке дейінгі көптеген ұрпақтарына алтыншы том арналған, ең соңғы, жетінші томда 1457 мен 1521 жылдар аралығындағы оқиғалар мен Сұлтан Құсайын Байқараның билікке келу, басқару және тақтан кету тарихы жазылған. Осы «Раузат–ас–сафандан» алынған материалдар 1939 жылғы «Түркімендер мен Түркімен тарихы бойынша материалдар» басылымынан келтірілген.
