- •1 Алматы метрополитен аймағының геологиялық сипаттамасы мен жер асты құрлыстары туралы жалпы мәлімет
- •1.1 Алматы метрополитен аймағының геологиялық жағдайы
- •Геологиялық құрылымы
- •1.1.2 Құрылыс алаңының физикалық - географиялық жағдайлары
- •1.1.3 Климаты
- •1.1.4 Гидрогеологиялық жағдайлар сипаттамасы
- •1.1.5 Инженерлік – геологиялық жағдайлар
- •1.2 Метрополитен құрлысы жұмыстары
- •1.2.2.1 Эскалаторлық кешендерді тұрғызу
- •1.2.2 Эскалаторлық үңгірлермен мен бекеттер құрылысның
- •1.2.2.2 Құрылыс алаңы
- •1.2.3 Бекетті озба бекітпемен тұрғызу технологиясы
- •1.2.4 Тік оқпандарды тұрғызу технологиясы
- •2 Негізгі бөлім. Құрлыс жұмыстарын геодезиялық және маркшейдерлік қамтамасыз ету
- •2.1 Геодезиялық жұмыстар
- •2.1.1 Жалпы мағлұматтар
- •2.1.2 Рекогносцировка және торап пункттерін құру
- •2.1.4 Метрополитен құрылысы кезіндегі жер бетіндегі геодезиялық жұмыстарды қазіргі заманғы аспаптармен қамтамасыз ету
- •2.1.5 Нивелирлеу
- •2.1.6 Топографиялық түсіріс
- •2.1.7 Полигонометрия
- •Жобаланған метрополитен аймағындағы маркшейдерлік
- •2.2.1 Біріктіргіш үшбұрыштар арқылы тоннелдерге бағыт беру
- •2.2.2 Биіктік шамасын беру кезіндегі өндіріс алаңындағы маркшейдерлік жұмыстар
- •2.2.3 Метрополитен құрылысындағы макшейдерлік жұмыстарды қазіргі заманғы аспаптармен қамтамасыз ету ерекшеліктері
- •Жер асты қазбаларына бағыт беру
- •2.2.5 Щитті тоннельдер әдісті құрылысындағы геодезия – маркшейдерлік жұмыстар
- •3 Еңбек және қоршаған ортаны қорғау бөлімі
- •3.1 Еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру шаралары
- •3.2 Еңбек қауіпсіздігінің жалпы ережелері
- •Зиянды және қауіптті жағдайларды сараптау
- •3.4 Техникалық шаралар
- •3.4.1 Жабдықтар мен машиналарды пайдаланған кездегі орындалатын қауіпсіздік шаралары
- •3.4.3 Өртке қарсы су жабдығын есептеу
- •Шу және дірілмен күресу әдісі
- •3.6 Жарық
- •3.7 Тоо "дп" то-2 қауіпсіздік техникасы
- •3.8 Электір қауіпсіздік
- •4 Арнайы бөлім жер беті ғимараттарының
1.2.2 Эскалаторлық үңгірлермен мен бекеттер құрылысның
технологиясы
1.2.2.1 Эскалаторлық кешендерді тұрғызу
Эскалаторлы кешен терең жерастында орналасқан эксалаторлық кешенді жербетімен жалғастыруға арналған. Эскалаторлық кешен құрамына келесілер кіреді: 2- эскалаторлық үңгір, 1- кергіш тұғыр, 3- жербетіндегі және 7-жерасты дәліздері, оның төменгі бөлігінде 4- эскалаторлардың машиналық бөлмесі орналасқан. Жерасты дәлізі, тек жербетінде шығу 8- көше асты өтпесі арқылы қарастырылғанда ғана тұрғызылады.
Бекет терең орналасқанда, оның жербетімен жалғасуын эскалаторлардың бір иінімен қамтамасыз ету мүмкін емес жағдайда, эскалаторлардың екі иіні қарастырлады, олар аралық жерасты дәлізі арқылы бірегей кешенге айналады. Эскалаторлық кешендер тұрғызу бойынша жұмыстар аса күрделілерге және жауаптыларға жатады, бұл бірінші кезекте оларды қала ғимараттары мен құрылыстарына жақын жерде орындауға тура келетіндігіне байланысты. Эскалаторлық кешендерді тұрғызу ерекшеліктеріне үлкен диаметрлі (10,5 метр) эскалаторлық үңгірдің көлбеу орналасуы жатады. Эскалаторлық үңгір жердің барлық қыртыстарын кесіп өтеді, соның ішінде, әдетте мығым емес сулы қыртыстарды да. әр қыртыс бойынша жүргізу ұзындығы қыртыс қалыңдығынан екі есе артық. Осы жағдайды ескере, эскалаторлық үңгірлерді жүргізуді, басым көп жағдайда, үңгірді жиегі бойынша алдын-ала мұздата атқарады. Эскалаторлық кешендер тұрғызудың екінші ерекшелігі ол үңгірді жүргізу бойынша барлық жұмыстарды орындау және бір құрылыс алаңында жербетілік немесе жерасты дәлізін тұрғызу қажетімен анықталады.
6 –Сурет. Эскалаторлық кешен сұлбасы
Эскалаторлық кешендерді тұрғызғанда жұмыстарды ұйымдастырудың екі сұлбасын қолданады; тізбекте және қатар. 6-сурет бойынша алдымен эскалаторлық үңгірді кергіш тұғырды жүргізіп, олардың арасындағы қатынастарды тұрғызады, содан кейін машиналық бөлмемен дәлізді тұрғызады. Мұндай сұлбада дайындық және негізгі жүргізу жұмыстарын жүргізу қарапайымдалады, оларды орындаудағы өзара кедергілерді және құрылыс алаңын материалдармен жабдықтардың жауып қалуын болдырмайды.
Бірақ бұл жағдайда экскалаторлық үңгірмен кергіш түғырды және машиналық бөлмені тұрғызу жұмыстарын бастау аралықтары екі және оданда көп жылдарға созылып кетуі мүмкін, бұл бекетті қосуды, демек, бүкіл метропоалитен желісінің пайдалануға берілуін кешеуілдетеді. Екінші сұлба бойынша экскалаторлық үңгірді, машиналық бөлмемен дәлізді тұрғызу бойынша жұмыстар бір мезгілде жүргізіледі, бұл бүкіл экскалататорлық кешенді тұрғызу мерзімін 35-40 пайзға қысқартуға мүмкіндік береді.
Безендіру артындағы бәр бос кеңістікті бетенмен немесе цемент- құмертіндісімен толтырады.
Кеңістікте эскалаторлық үңгірді безендірудің алғашқы тұрақты сақиналарын бекіту үшін олардың шегінде уақытша темірбетонды бастаулар тұрғызады, оларды соңынан дәліздің бірегей темірбетонды конструкциясына кіргізеді. Безендендірудің бірінші тұрақты сақинасын темір бетонды бастауға болат дияфрагмалар арқылы тіркейді, олар бастау конструкциясында анкерленген. Басқа шешімде, эскалаторлық үңгірдің алғашқы екі сақинасын бетін сақинадағы анкерлермен бекітеді, олар тюбинг арасындағы тесіктер арқылы қойылған. Бірінші сақинаны уақытша жартылай сақиналармен болаттар арқылы байланыстырады. Төселетін жерге байлансты уақытша сақиналарды тікелей жерге төсейді соңынан бос қустарды бетонмен немесе цемент –құм ертпесімен толтырады, немесе тюбинг қабындағы тесіктер арқылы қойылған анкерлі бетон төсей барып орналастырады.
Жұмыстарды ұйымдастырдудың қатар сұлбасында уақытша жартылай сақиналар астындағы көлбеу арықты арықтың түбінен бастап машиналық бөлме табандары астынан жартылай сақиналардың ең аз сандарын қоя ашады, олар эректорды құрастыру үшін жеткілікті болуға тиісті. Эскалаторлық үңгірдің алғашқы сақиналармен бекіту жоғарыда суреттелгендей орындалады. Кергіш тұғырды эскалаторлық үңгірге тәуелсіз шахтының бекеттік оқпаны арқылы тұрғызады.
Жұмыстарды ұйымдастырудың тағы бір варианты мүмкін, онда төменгі эскалаторлық үңгір арқылы, аралық дәлізде қайта тиеу торабын орналастыра жүргізеді.
Дайындық жұмыстары: Дайындақ жұмыстарын екі кезеңде орындайды. Бірінші кезең жұмыстарының құрамына құрлыс алаңын бөлу және игеру, мұздатқыш ұңғылар бұрғылау және оларды ұстындармен жабдықтау, мұздату желісін құрастыру және белсенді мұздату, ал жұмыстарды қатар ұйымдастыру сұлбасында – қосымша машиналық бөлме үшін арық қазу үшін дайындық жұмыстары кіреді. Машиналық бөлмеге арналған арықтар едәуір тереңдікпен болады, әсіресе дәліз жерастында орналасқанда және көп жағдайда жерсаты сулары деңгейінен төмендегі нашар жерлер арқылы өтеді. Қала құрлысы ғимараттарының жақын орналасуын ескере, арықтарды тік қабырғалармен ашып, оларды қағылған қоршаумен бекітеді.
Тау-кен кешенін жұмыстарды тізбектей ұйымдастыруда тікелей жербетінде тұрғызады (7-сурет). Эскалаторлық үңгір кенжарындағы жерді шығару симдылығы 1,5 м3 скиптермен атқарылады, олар торпағы 1560 мм темір жолмен, көтерім машинасы немесе шахтылық сырықпен қозғалады.
7-сурет. Жер бетіндегі Тау-кен кешенінің сұлбасы
Жерді авто өзі төккіштерге механикаланра тиеуүшін үңгір өсі бойынша 2- көлбеу эстакада орнатады, оның соңына стандарььы бункерлік секция қояды, 7- бункер үстіне арнайы төгу құрылғысын орнатады, 3- скип, көлбеу эстакада бойымен көтеріліп, автоматты түрде бункер үстінде аударылады,1- көлбеу эстакадаға көлденең, 5- тельферлік эстакада орналастырады, 4- тельферлік эстакада астынан өтеді. Безендендіру тюбинтерін үңгірге арнайы тюбингтасы ғимараттармен береді, олар жіңішк торпақты скиптік жол торпрағы ішімен төселген жолмен қозғалады. Жербетінде жіңішке торпақты жол қысқа жазық участкеге көшеді, ол эстакада астында тельфер әсер ететін аймаққа дейін орналасқан. Тюбингтасы ғимараттарды түсіру және көтеру үшін, 8- машиналық ғимаратта жүк көтергіштігі 1,5 т он лебедка орнатылған.
Безендендір сақинасының ені 1 м болғанда кенжардағы жерді өндіру бір сақиналық кірмелермен жүргізіледі, ал сақина ені 0,75 м болғанда – жер мығымдымдылығына байлансты бір немесе екі сақиналық кірмелермен жүргізіледі.
Өндіру тәсілі жер беріктігіне байлансты. Жерді өндіруді кенжардың жоғарғы жағынан эректордың жылжымалы платформаларынан бастайды. Өндіру барысында жерті төмен арнайы тиеу платформасына тастайды, ол эректордың астына қыстырылған. Платформа швеллермерден жиналған шанақ, болат табандармен көмкерілген және ортасында люк бар, оның астына кенжарға түсірілген скип орналасады. Кенжардың көлбеу жазықтығы бойымен сырғыған өндірілген жер күректермен жартылай түзеліп, люк арқылы скипке түседі.
Жер мығымдылығы дәрежесіне байланысты оны өндіру сипаты өзгереді. Мығым жерде жоғарғы яруста биіктігі 1,5-1,8 м кеспелер жасап кірменің бүкілтереңдігіне кемер құрайды. Содан кейін, кемерлерде жұмыс істейді, жерді тиеу платформасының деңгейіне дейін өндіреді. Мығымдылығы нашар жерлерді кенжеардың жоғарғы жағынан тереңдігі 25 см кемерлермен өндіреді. Жоғарғы ярустағы жер өндіріліп болғаннан кейін, тиеу платформасын екі лебедкамен кері эректор астына тартады, ал төменгі ярустағы өндіріліп жатқан жерді тікелей скипке тиейді.
Кенжардағы жерді өндірудің басқа тәртібіде мүмкін, онда бірінші кезеңде кенжардың ортасынан тік тілмені кірменің бар тереңдігіне өндіреді (Төбеден тиегіш платформа теңгейіне дейін). Ені 2 м бұл тілмені төгілген жерді бағыттағыш науа ретінде пайдаланады. Содан соң қалған жер тілменің екі жағынан биіктігі 1,6 м-ге дейінгі бес-алты кемерлермен өндіріледі.
Жүргізу жұмыстары мұздату арқылы жүргізілетін кенжар участкелерін өндіргенде қазба жиегіндегі мұздатылған жер күйін тұрақты бақылап отыру қажет. Мұздататын ұстындар үңгір қимасына тап болған учаскелерге ерекше көңіл бөлу керек. Ондай орынға тоқтағанда ұстынды алдын-ала мұздату желісінен ажыратылып, одан ерітінділер әкетілуге тиісті. Тек содан соң ғана кенжар жерін өндіруде оны кесуге болады.
Тас және жартылай тас жерлерде, қатты саздарда кенжарды өндіруді бұрғылай аттыру тәсілімен екі кезеңде жүргізеді: алдымен жоғарғы ярустың аттырылған массасын тазалаған соң тиегіш платформаны эректор астына тартады және төменгі ярус жынысын аттырады. Ол жынысты тазартқан соң платформаны бастапқы қалпына қайтарады.
Кенжар төбесін жазық диаметріне жуық деңгейге дейін бекітеді. Не инвертарлық металл кронштейдер қолданады, олар болаттармен алдыңғы сақинаның тюбингтарына бекітіледі, немесе тоқтай белдеулер қолданылады, оның бір ұшы алдыңғы сақина тюбингіне кіргізіледі, ал екінші ұшы кенжар жиегі бойынша 10-15 см тереңдікке өндірілген штрабқа кіргізіледі.
Безендендіру артына ерітінді айдау эректор алаңшасын пайдалана бірден әр екі-үш сақиналарды құрастырудан соң жүргізіледі. Кенжардан кейінгі бірінші сақина мен қазба жиегі арасындағы тұтқылдық жікті тәптіштей жаңқалар немесе сыналармен тығыздайды. Айдауға арналған жабдық жербетінде ерітпе торабында орналасады. Дайын ерітпені кенжарға диаметрі 50мм болат құбырмен береді, ол үңгірдің жоғарғы жағындағы безендендіргіштерге қыстырылады. Кенжарда құбырға ұштамасы бар иілгіш шланг жалғанады. Қыста құбырды жылыландырады.
Айдауды мұздатылған аймақта орындағанда құрамы 1:3 цемент-құмды ерітпелерді арнайы қоспалармен пайдаланады, олар ерітпелердің қатып қалуын болдырмайды немесе олардың қатаюын жеделдетеді, мысалы, 5-7% хлорлы кальций қосу арқылы. Ұштамадан шыға берісте ерітпе қызуы 200С -тан кем болмауы керек.
Цемен сүтін 1МПа -ға дейін қысыммен бақылап айдау поршынды сорғымен, атқарылады. Бұл жұмысты мұздатылған аймақта оларды толық еріткеннен кейін атқарады, ал мығым мұздатылған жерлерде –гидротығыздау жұмыстарын орындау барысында атқарады. Бақылап айдау бойынша жұмыстарды не металл бесіктермен безендендіруге қыстырылатын алмалы-салмалы көпірлерден, немесе инвентарлық арбашадан орындайды, оны айдаудың орындалуына байланысты лебедкалармен төмен түсіреді, ол арбашада орналасқан
