Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ ЕРНАР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

1.2.2.2 Құрылыс алаңы

Жұмыстық оқпаның құрлыс алаңы Гагарин даңғлы, Абай даңғлы, Жароков көшесі, Сәтбаев көшелерімен шектелген квадратта орналасқан, оған Байтурсынов көшесі жағынан кіруге болады.

Құрлыс алаңында келесілер орналасады:

Біртұтас темірбтонды бекітпемен орындылған оқпан, жыныс көтеруге адамдарды түсіріп- көтеруге, жабдықтар мен материалдарды беруге, коммуникацияларды өткізуге, желдетпе құбырларын, бетон өткізгіш, т.б.жүргізуге арналған.

Оқпанмен скип және клеть қозғалады, сондай-ақ саты бөлмшесі бар, онымен клетьапаттық тоқтағанда және т.б. жағдайларда адамдар жербетіне көтеріледі.

Оқпан үстінде дің орнатылған, онда шкивтер орналасқан, байланыс және белгі беру құрылғылармен, скипті төгу құрылғысымен жабдықталған. Жанында көтерім машинасының ғимараты, кран, ашық қойма бар, онда оқпанға беруге дайындалған материялдар сақталады (тюбингтер, металл аркалар және т.б), сондай-ақ желдеткіш қондырғылармен электржартылай станса ғимараттары орналасқан. Сондай-ақ құрлыс алаңында қойма мен механикалық шеберхана, гараж және авто шеберхана, әкімшілік, тұрмыстық комбинат ғимараты орналасқан.

Шыға берісте машиналар жууға арналған алаңша бар.

Барлық коммуникациялар орталық қалалық желілерден келтірілген.

Түнгі уақытта құрлысалаңы прожекторлармен жарықтандырылады.

1.2.3 Бекетті озба бекітпемен тұрғызу технологиясы

Бекетті тұрғызуды алдын ала жүргізілген озу үңгірлерінде, жылжымалы опалубкалар кешені көмегімен 6м кірмелермен күмбез тіреуін тұрғызудан басталды. Әр кірмені бетондау алдында қабырғаларға арматуралық торлар мен толықтыруға элементтер орнатады ( 8-сурет ).

Күмбез тіреуін бетондағаннан кейін және бетон қажетті беріктікке ие болған соң, баластық қатпар төселеді және жүргізгіш бесік пен опалубкаға арналған темір жол құралыстырлады.

8-сурет. Бекетті озба бекітпемен тұрғызу технологиясының сулбасы

Бекетті тұрғызу екі кемермен экран астындағы қорғаныспен жүргізіледі, ол қиылған ұстындардан “ағымдық цементтеу ”технологиясы бойынша орындалады. Қорғағыш экранды тікелей калоттан тұрғызады, бұл ретте жер цементті ұстындарды безендендірудің жободан тыс қимасында, бекет осіне қатысты 80 көлбеулікпен орындайды.

Экран жеке секциялардан жасалады, олар бір-бірін 3м қапсырады .

Одан әрі экранның астында жер асты экскаваторының көмегімен калоттау жүргізіледі, ол тек жынысты бұзады, ал өзі төккіштерге тиеу, тиеп – тасымадағыш машинамен атқарылады. 1м кірме құрайтын жынысты өндіргеннен кейін арнайы пішінді (СВП27)металл аркалар орнатады және қалыңдығы 200 мм фибро шашыратпа бетон бүркеді .

Кенжардан 18 м кешеуілдетіп армокаркас, опалубка қояды және опалубка сыртына бетон сорғы көмегімен бетон құяды, ол сорғылар оқпан албарында орнатылған (бекеттің бірінші жартысын бетондағанда) және көлбеу жүрменің құрылыс алаңында орнатылады (бекеттің екінші жартысын бетондағанда).

Күмбездік бөлімді бекітумен қатар және кен жардан 30 м қалыс аталған жабдықтарды қолдана штросстарды өңдеу жүргізіледі (калоттарды жүргізгендегі жабдықтармен).

Штросстарды өңдеумен қатар кері күмбездің қатты біртұтас негізін тұрғызу ақтарылады .

Одан арі платформа тұрғызу, жол төсеу, безендендіру және басқада жұмыстар атқарылады.