Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ ЕРНАР.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2.1.5 Нивелирлеу

Геодезиялық пункттердің биіктігін нивелирлеу әдісімен анықтайды.

Маркшейдерлік жұмыстарды жүргізгенде шахта оқпанына жақын жерде орналасқан тірек пункттерінің болуы өте қажет, оқпаннан алыстығы 300 м аспауы керек.

Нивелирлеу арнайы аспаптың көмегімен пункттер биіктігінің айырмасын, яғни биіктік өсімшесі арқылы пункттердің абсолют биіктіктері Н – есептеледі.

Өз кезегінде нивелирлеу геометриялық, тригонометриялық, барометрлік, механикалық – барометрлік болып бөлінеді (9-сурет).

Тригонометриялық нивелирлеу дегеніміз сәулемен жердегі нүктелердің биіктіктерінің айырмашылықтарын анықтау тәсілі. Бұл үшін 1 нүктеден екіншіге еңкіш бұрышты – α , болмаса арақашықтықты өлшеу керек.

Соңғысын есеп арқылы табуға болады.

Тригонометриялық нивелирлеу нәтижесінде тік рефракция өте көп. Соның өлшенген тік бұрыштарға және зениттік арақашықтықтарға тиісті түзетулер кіргізу керек.

Дәлдігі IV класс нивелирлеу теңдігіне тең.

Арақашықтық пен биіктік айырмашылығын шешу жер бетін белгілеуден басталады, яғни бастапқы, соңғы нүктелер бекітіледі.

9-сурет. 4Н-3КЛ, нивелирі

Рейкалардың биіктік қателігін алдын – ала есептеуді қажет етеді.

Реперлік әр жүрістегі орташа квадраттық қателігі мына формуламен есептелінеді

, (2.4)

мұндағы η – 1 км жүрістің орташа кездейсоқ қателігі;

δ – 1 км жүрістің орташа жүйесінің қателігі;

Li – км есебімен алынған жүріс ұзындығы.

2.1.6 Топографиялық түсіріс

Теодолиттік, тахеометрлік және мензулалық түсірістер нетрализация арқылы құрылады. Торлардың тығыздығы түсіріс масштабында, жердің рельефіне тікелей байланысты.

А рақашықтықтарды өлшеу қиынға түсетін жерлерде түсіру және кері қиылыстыру әдістері арқылы геодезиялық төртбұрыштар көмегімен, ал ойлы – қырлы, орманды жерлерде түсіру пункттер арқылы анықталады.

Тахеометриялық әдісті таңдаймыз. Тахеометрлік түсіріс – тахеометр деген аспаппен жүргізіледі. Тахеометр арқылы горизонталь – α, вертикаль бұрыштар, қашықтықтар және биіктік өсімше анықталады (10-сурет).

Тахеометрлік түсірісте жер бетінің топографиялық планы тік және жазық бұрыштарды, сонымен қатар, арақашықтықтарды өлшеу арқылы салынады.

10-сурет. 3T-30П, Теодолиті

Тахеометрлік түсіріс пункттеріне 1, 2, 3, және 4 кластық, пландық және биіктік торлардың пункттері жатады. Планда горизонтальдар әрбір 2.5 м сайын жүргізіледі. Өлшеулер 3ТА5 тахеометрмен жүргізіледі.

2.1.7 Полигонометрия

Полигонометрияда бұрылу бұрыштары теодолитпен, ал арақашықтықтар болат немесе инвар лентамен өлшенеді. Кейінгі кезде электрооптикалық және радиоактивті қашықтық өлшегіш аспаптардың пайда болуына байланысты геодезиялық торларды бұрыш өлшенбей, тек қана үшбұрыш қабырғалары анықталатын болды. Бұл әдіс трилатерация әдісі деп аталады.

Полигонометриялық 1 разрядты бір жүйелі триангуляциялық 1 разряд және 3 – 4 кластар пунктеріне жалғасып құрылады. Жүрістер ұзындығы 0.5 ÷ 1 км, бір немесе екі түйіндік пункттермен жобаланған. Жақтар ұзындығы СМ – 3 қашықтық өлшегішпен екі қайтара өлшенеді, жақтардың орташа квадраттық қателігі ms = 0.01 м, бұрыштар 2Т2 теодолитпен екі қайтара өлшеп, орташа квадраттық қателігі mβ = ± 5" және барлық өлшеулер электрондық тахеометр 6 – ЗТА5 өлшенеді.

Жүйеге кіретін әрбір жүрістің орташа квадраттық қателігі былай анықталады

. (2.5)

Жүрістің салыстырмалы қиылыспаушылығы:

, (2.6)

мұндағы: S – жүріс периметрі ;

n – қабырғалар саны ρ" - 206265".