- •Қаржы нәтижелерінің теориялық сипаттамасы
- •1.2. Жшс «Игілік – Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы
- •2.1. Негізгі қызметтен түскен табыс есебі
- •2.2. Негізгі қызмет шығындар есебі
- •2.3. Жиынтық табыс /зиян/ есебі
- •2.4. Қаржы есептерін әзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме
- •3.1. Нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау
- •3.2. Қаржы нәтижелер есебін және олардың қолданылуын тексеру
- •Ќолданылѓан єдебиеттер тізімі:
- •Ќорытынды
- •Ќаржылыќ есептілік нысандарын бекіту туралы
2.2. Негізгі қызмет шығындар есебі
Жалпы, шығындар есебін жүргізу үшін 80 «Өткізілген тауарлардың /жұмыстардың, қызметтердің/ өзіндік құны, 81 «Тауарларды /жұмысты, қызметті/ өткізу бойынша шығыстар», 83 «Проценттер бойынша шығыстар», 84 «Негізгі емес қызмет бойынша шығыстар», 85 «Табыс салығы бойынша шығыстар», 86 «Төтенше жағдайлар мен тоқтатылған операциялардан түскен табыс /залал/», 87 «Басқа ұйымдардағы үлестік қатысудан түскен табыс /залал/ бөлімшелер шоттары арналған.
Бұл бөлімнің өткізілген өнімнің /жұмыстың, қызметтің/ өзіндік құны, және осы өнімді /жұмысты, қызметті/ айналымнан тыс активтерді, бағалы қағаздарды және басқаларды көрсетуге арналған.
Ал, субъектінің өнім /жұмыс, қызмет/ өндіруге жұмсаған шығыстар, сонымен бірге қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтардың жұмыс орындау мен қызмет көрсетуге байланысты шығыстары туралы ақпаратты жинақтап қорытуға 90 «Негізгі өндіріс», 91 «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 92 «Көмекші өндіріс», 93 «Үстеме шығыстар», 94 «Әлеуметтік сала», 95 «Өндірістегі ақау» бөлімшелеріндегі шоттары арналған. Басқару есебінде комплекстік шот – бұл жинақтаушы шоттағы жалпы шығыстарды 900 – ші шотқа кіргізеді. Бұл шот активті, бірақ, балансқа кірмейді.
Есептік мерзімнің соңында басқару есебіндегі шығыстар есептен шығарылып, қаржылық бухгалтерияға өткізіледі.
Сатып - өткізілген дайын өнімнің /жұмыс, қызмет/ өзіндік құнын есептеу үшін 80 бөлімше «сатып - өткізілген дайын өнімнің /жұмыс, қызмет/» тауарлардың өзіндік құны шоттары арналған.
Бұл бөлімшеге синтетикалық 801 – 808 шоттары кіреді.
801 «Сатып - өткізілген дайын өнімнің /жұмыс, қызмет/ өзіндік құны»
802 «Сату үшін алынған тауарлардың өзіндік құны»
803 «Істелінген құрылыс – монтаж, жобалық – іздестіру, геологиялық барлау, ғылыми – іздестіру және т.б. жұмыстардың өзіндік құны»
804 «Көлік ұйымдарының жүк және жолаушылар тасымалдау қызметтерінің өзіндік құны»
805 «Жалгерлік жөнінде істелінген қызметтердің өзіндік құны»
806 « Байланыс мекемелерінің көрсеткен қызметкелерінің өзіндік құны»
807 « Сақтандыру ұйымдарының көрсеткен қызметкерлерінің өзіндік құны»
808 «Басқалары»
811 «Тауарларды /жұмыс, қызмет/ сатып - өткізу шығыстары»
821 «Жалпы және әкімшілік шығыстар»
851 «Табыс салығы бойынша шығындар»
801 «Сатып - өткізілген дайын өнімнің /жұмыс, қызмет/ өзіндік құны» шоты, өнім өндіретін жұмыс, қызмет көрсететін материалдық өндіріс салаларында өткізілген дайын өнім, орындалған жұмыс және қызметтердің нақты өзіндік құндарын есептеу үшін арналған.
Осы шот бойыншакелесі өткізбе ұүралады:
1/ складтан құжат бойынша сатып алушыға нақты өзіндік құнымен дайын өнімді жіберді:
Дебет 801 Кредит 221 300.000 тг
2/ тапсырыс берушілерге жасалған жұмыс және қызметті акт бойынша өткізу:
Дебет 801 Кредит 900.920 120.000 тг
3/ ай соңында дайын өнімнің өзіндік құны түгелдей шығысқа шығарылады:
Дебет 571 Кредит801
Жасалған жұмыс көрсетілген қызметтердің құны, яғни, «негізгі өндіріс», 920 «көмекші өндіріс», 940 «Әлеуметтік сфера»
Шоттарында есептелген нақты өзіндік құны 803, 804, 806, 807, 808 шоттар дебитіне есептеп шығарылады. Есеп беру мерзімінің соңында өткізу бойынша нақты шығындар 571 «жиынтық табыс /зиян/ шотына» кредиттеледі.
