Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-аржы-нтижелер-есебін-йымдастыру.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3.2. Қаржы нәтижелер есебін және олардың қолданылуын тексеру

Нарықты экономика кезеңінде аудит тәжірибе жөнінде кәсіпкерлік қызметкердің бір түрі ретінде басты рөл атқарды. Осыған байланысты төмендегідей функцияларды орындауға тиіс.

Аудит функциясы

Эксперттік тексеру

Аналитикалық

Кеңес беру

өндірістік

- есеп беру - талдау - сұрақтар - есеп реттеу

- есеп жағдайы - жобалау - есеп жөнінде - жаңа форма

- есептілік - ұсыныс - салық туралы - еңгізу

- ішкі тексеру - жасау - құқық туралы - әдіс кіргізу

жағдайы -тағы басқа - менеджмент - декларация

- маркетинг - отчет

жасау

тұрақты

түрде

Келтірілген аудиттің функцияларына қарасақ ең алдымен аудитор экспорттық жұмыспен, содан, аналитикалық, шоттардағы жазулар бастапқы құжаттар, мәліметтердің, көрсеткіштердің істелген жұмыстарға болған операцияларға сәйкес болуы керек. Қаржылық отчетты толық тексерген соң аудитор толық жазып, оны тапсырыс берушіге беруі қажет. Осы қорытындының нәтижесі бойынша тапсырыс берушілер өздерінің шешімдерін қабылдауына, бухгалтерлік есеп пен қаржы отчеттарын одан әрі жақсартуға әсерін тигізеді.

Аналитикалық функцияның атқаратын ролі зор, өйткені, аудитор қаржы отчетын және қаржылық жобаларын жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын береді және сол кәсіпорынның келешекте дамуы жөнінде өз пікірін айтады, сонымен қатар аудиторлық жұмыс жүргізілген мерзімде, сол кәсіпорынның әртүрлі сұрақтары бойынша кеңес беріп отырады.

Ал соңында, бухгалтерлік есеп, салық, табыс, құқ, басқару, декларация жасау және басқа сұрақтарға жауап беріп, кәсіпорын тиімділігін жақсарту үшін ұсыныстар жасайды.

Осыған орай аудиттің ең негізгі міндеті: қаржы нәтижесі бойынша жасалған есептікке аудиторлық қорытынды беру және бухгалтерлік есеппен қаржы нәтижелері бойынша жасалған көрсеткіштерінің заңдарға, стандарттарға, нормативтерге сәйкестігін дәлелдеп көрсету және дұрыстығын анықтау.

Қаржы нәтижелері есебін тексеру кезінде аналитикалық және син тетикалық есеп 7 мен 8 мәліметтері, сонымен бірге пайда мен зиянға есеп беруі /ф. №2/ мәліметтері қолданылады.

Кәсіпорын жұмысының қаржы нәтижелері оның баланстық пайдасын немесе зиянын көрсетеді: дайн өнімдерді /жұмыстар мен қызметтерді/ сатып - өткізуден түскен пайда /зиян/, басқадай өткізулерден пайда және өткізуден табыстар мен зияндар сомасы.

Аудитор бәрінен бұрын кәсіпорынның есеп саясатын да өнімді сатып - өткізудің қаржылық нәтижелерін қалай есептеуін қарастыруын анықтайды. Көретіоген есеп айырысу құжатымен бе, әлде, төленген құжат арқылы ма.

Аудитор аналитикалық құжаттарды есепке алу тіркеулерін тексереді және көрсетілген пайда мен зиянға заңдылық, дұрыстық, нақтылық, анықтылықты орнатады.

Өнімді сатып - өткізудің қаржылық нәтижесі қосылған құн салығы мен акциссіз өнімді өткізуден түскен түсіммен өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнының арасындағы айырмашылығы болып анықталады. Басқа да сатып - өткізудің қаржы нәтижелері – негізгі құралдарды, тауарлы – материалды құндылықтарды, материалды емес активтерді, бағалы қағаздар және тағы басқа сатып - өткізу нәтижелерінен тұрады.

Сатып - өткізуден тыс табыстарға жататындар:

Басқа кәсіпорындар қызметіне үлестк қатысудан алған табыстар, кәсіпорынға тиісті акциялардан, дивиденттер, облигация және басқа бағалы қағаздар боынша табыстар:

  • басқа кәсіпорындардан қайтарымсыз алынған құралдар сомасы;

  • мүлікті ағымдағы жалға өткізуден табыстар;

  • өндірістік қорларды қайта бағалаудан табыс;

  • борышкерлердің белгілі болған айыбы, өсім айыбы, айып төлемі;

  • бірігіп қызмет етуден алынған пайда;

  • есеп беру жылында шыққан өткен жыл пайдасы;

  • валюталық шоттар бойынша оң ку рстық айырмашылықтар;

  • өнімді өндіру және сатумен байланыссыз операциялар бойынша табыстар.

Өткізуден тыс шығындарға жататындар:

  • жойылған өндірістік тапсырыстар бойынша шығындар;

  • соттық ұсталымдар мен арбитаждық жинақтар;

  • шаруашылық шартының бұзылуына айыптар, өсім айыптары, соымен бірге келтірілген зиянның орнын толтыру үшін шығындар;

  • басқа кәсіпорындар мен есептесудің күмәнді қарыздар сомасы;

  • алашағын талап ету мерзімінің аяқталуынан дебиторлық қарыздарды есептен шығару шығындары;

  • ағымдағы жылда шыққан өткен жыл операцияларының шығыны;

  • табиғи апаттардың орнына төлем өтелмейтін зияндар;

  • валюталық шотбойынша теріс курстық айырмашылықтар;

  • кәсіпорынның заңға сәйкес және мақсаттық төлемдері /мүлік салығы, жарнама, тұрғын үй қор объектісін қамтамассыз ету, білім беру мекемелеріне тағы басқаларға жинақтар/.

Жалпы қаржылық нәтиже /баланстық пайда немесе баланстық зиян/ есеп берудің /ф. №2/ 14 – ші жолда көрсетіледі.

Таза пайданы салықтар төленгеннен кейінгі кәсіпорын иелігінде қалатын баланстық пайданың бөлігі деп түсінуге болады.

Есеп жүргізу кезінде баланстық пайдамен бірге таза қолданылған пайда, қайтарылып алынған табыс, бөліндеген пайда және жабылмаған зиян, салық салынатын табыс ұғымдары көрсетіледі.

Қолданылған пайда – кәсіпорынның пайдадан ұлғаймалы ұдайы өндіріске, өндірістік негізгі құралдарға, әлеуметтік өріс объектілеріне, әлеуметтік қажеттіліктер және басқа мақсаттарға шығыны.

Қайтарылып алынған пайда – ақша қаражаттарының сомасы, шаруашылық субъектісінің пайда шотына есеп беру кезеңінде меншік иесі немесе акционерлік қоғамға қатысушылырынан алынған, басқа мүлік құны.

Бөлінбеген пайда – ол құрылтайшылар арасында бөлінбеген және оның мүлікті жинақтауға бағытталған таза пайда бөлігін көрсетеді.

Жабылмаған зиян – есеп беру жылындағы баланстық зиян сомасы, резервтік капитал және резервтік қорлармен жабылмаған, сонымен бірге, бұрынғы жинақталған бөлінбеген пайда көлемінен баланстық пайда сомасының жоғарылауы.