- •Қаржы нәтижелерінің теориялық сипаттамасы
- •1.2. Жшс «Игілік – Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы
- •2.1. Негізгі қызметтен түскен табыс есебі
- •2.2. Негізгі қызмет шығындар есебі
- •2.3. Жиынтық табыс /зиян/ есебі
- •2.4. Қаржы есептерін әзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме
- •3.1. Нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау
- •3.2. Қаржы нәтижелер есебін және олардың қолданылуын тексеру
- •Ќолданылѓан єдебиеттер тізімі:
- •Ќорытынды
- •Ќаржылыќ есептілік нысандарын бекіту туралы
2.4. Қаржы есептерін әзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме
Бұл тұжырымдамалық негіздеме мен пайдаланушылар үшін қаржы есептемелерін әзірлеу мен тапсырудың негізінде жатқан ұғым дарды айқындайды. Осы негіздеменің мақсаты:
Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын /БЕС/ дамытып, оларды қайта қарауда бухгалтерлік есепке алу мен қаржы есептемелері жүйесін реттеуші Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі комиссиясына;
БЕС – ті пайдалануда қаржы есептемелерін әзірлейтін адамдарға;
Аудиториялардың қаржы есептемесінің БЕС – ке сәйкестігі жайында пікір түйіндеуіне;
Қаржы есептемесіндегі ақпараттарды талдауда қаржы есептемесін пайдаланушыларға жәрдемдесу юолып табылады.
Бұл тұжырымдамалық негіздеме БЕС болып табылмайды.
Ұлттық комиссия шектеулі жағдайларда тұжырымдамалық пайда болуы мүмкін екенін мойындайды. Мұндай жағдайда БЕС – тің талаптары тұжырымдамалық негіздеменің талаптарынан басым болады. Ұлттық комиссия БЕС – ті әзірлеген кезде және оларды қайта қарағанда осы тұжырымдамалық негіздемені басшылыққа алып отыратындықтан тұжырымдамалық негіздеме мен БЕС арасындағы қайшылықтар біртіндеп азая береді.
Тұжырымдамалық негіздеме Ұлттық комиссияның қызмет тәжірибесін есепке ала отырып, қайта қаралады:
қаржы есептерінің мақсаттары;
бухгалтерлік есепке алу мен қаржы есептемесінің негізгі қағидаттары;
қаржы есептері элементтерінің айқындамасы, оларды танылуы мен өлшемі.
Бұл негіздеменің қаржы есептемесіне, соның ішінде біріктірілген қаржы есептемесіне қатысы бар.
Қаржы есептемесі мезгіл – мезгіл әзірленіп тапсырылады және оны пайдаланушылардың қалың тобының ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып отырады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржы есептемесіне қаржыға байланысты ақпараттың негізгі қайнар көзі ретінде сенім артуы тиіс.
Қаржы есептері қаржы есептемесінің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есепке алу стандарттары арқылы айқындалады. Қаржы есептемесі осы есептерде негізделген немесе солардан алынған және солармен бірге оқылатын түсініктеме жазбахатты, қосымша кестелермен ақпаратты қамтиды. Мұндай кестелер мен қосымша ақпарат өнеркәсіптік және географиялық аймақтардың қызмет түрлері туралы қаржы тұрғысындағы ақпаратты және баға өзгерісінің әсері туралы түсіндірілмелерді көрсетеді. Сонымен бірге, тұжырымдамалық негіздемені барлық субъектілер қаржы есептемесін әзірлеп таныстыру кезінде басылықа алып отырады.
Қаржы есептемесін пайдаланушылар: инвесторлар, кредиторлар, өнім берушілер, сатып алушылар, министрліктердің, ведомстволардың қызметкерлері және жұртшылық пайдаланушылар болып табылады.
Ақпаратқа қажеттіліктердің туындауы:
берілген инвестицияларға қатысты қауіпке байланысты инвесторларда оларға акцияларды сатып алу, оларды ұстау немесе сату қажет пе, жоқ па – осыны айқындауға көмектесетін ақпарат қажет. Субъектінің дивиденттер төлеу қабілетін өздерінің бағалауына мүмкіндік беретін ақпаратқа сондай – ақ акционерлер де мүдделі;
өздеріне тиесілі кредиттер мен проценттер уақытылы төленеме, жоқ па – осыны айқындауға мүмкіндік беретін ақпаратқа кредиторларда мүдделі;
өздеріне тиесілі сома уақытылы төлене ме, жоқ па - осыны айқындауға мүмкіндік беретін ақпаратқа мүдделі өнім берушілер мен басқа да суда – саттық кредиторлрында;
субъект қызметінің толассыздығы туралы ақпаратқа мүдделі сатып алушыларда, әсіресе оларда ұзақ мерзімді келісім барда немесе олар осы субъектіге тәуелді болып отырғанда;
субъект қызметінің тұрақтылығы мен рентабельділігі туралы ақпаратқа мүдделі қызметкелерде. Олар сондай – ақ субъек тінің өздерін жалақымен, зейнетақымен қамтамасыз ету қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін ақпарат алуға және бұдан былайғы жалданып жұмыс істеу мүмкіндігіне де мүдделі;
ресурстарды бөлу және субъектілердің қызметі туралы ақпаратқа мүдделі үкіметте. Оларға да субъектілердің қызметін реттеу, салық салу саясатын айқындау үшін және ұлттық табыс пен өзге де статистикалық дерек терді анқтаудың негізі ретінде ақпарат қажет;
жұртшылықта, өйткені субъектілер толып жатқан әдістер арқылы, соның ішінде халықты жұмыспен қамту және жергілікті экономикаға елеулі үлес қоса алады. Қаржы есептемесі субъектілерді дамыту бағыттары және олардың әл – ауқатын жақсартуадғы соңғы жетістіктер туралы жұртшылықты ақпаратпен қамтамассыз ете отырып, оларға көмектесе алады.
Қаржы есептемесінің мақсаты – субъектінің қаржы жағдайы, қызметі және оның қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат тапсыру болып табылады. Алайда қаржы есептемесі оны пайдаланушыларға экономикалық шшешімдер қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды, өйткені есептеме, негізінен өткен оқиғалардың қаржы нәтижелерін көрсетеді. Қаржы есептемесі сондай – ақ мыналар үшін:
инвестициялық шешімдер мен кредиттер беру жөніндегі шешімдер қабылдау;
субъектінің болашақ ақша тосқындарын бағалау;
субъектіге сеніп тапсырылған ресурстарға байланысты оның ресурстарын, міндеттемелерін бағалау;
басшы органдардың жұмысына баға беру үшін падалы ақпараттарды қамтиды.
Қаржы есептемесін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражатын жасау қабілетін бағалап, оларды жасау уақытын есептеп шығаруды және алынған нәтижеге сенімді болуды қажет етеді. Мысалы, өзінің қызметкерлері мен өнім берушілерге ақы төлеу, проценттер төлеу, кредиттерді өтеп, тьабысты болуы субъектінің қолынын келе ме, жоқ па – осыны айқындайды. Егер, пайдаланушылар субъектінің қаржы жағдайын, қызметін және оның қаржы жағдайындағыөзгерістерді ақпаратпен қамтамассыз ететін болса, олар ақша – қаражатын жасау қабілетін жақсылай бағалай алады.
Субъектінің өзі бақылап отырған экономикалық ресурстар, оның қаржы құрылымына, өтімділігі, төлем қабілеті және өзі жұмыс істейтін ортаның өзгерістерін сезіну қабілеті оның қаржы жағдайына әсер етеді. Қаржы құрылымы туралы ақпарат кредиттер жөніндегі болашақ қажеттіктерді айқындау үшін, сондай – ақ болашақ табыстар мен ақшаларын субъектігк мүдделі болып отырғандардың арасында бөлген кезде пайдалы. Сонымен бірге субъект өзінің қаржы жағдайын бұдан әрі қаншалықты жақсарта алатынын айқындаған кезде де пайдалы. Өтімділік және төлем қабілеті туралы ақпарат субъектінің қаржы міндеттемелерін өтегеннен кейін таяу болашақтағы қолда бар қаражатын білдіреді. Төлем қабілеті қаржы міндеттемелерін уақытылы өтеуге арналған қолдағы ақша қаражатын білдіреді.
Субъект қызметінің көрсеткіштрі, әсіресе оның рентабельділігі ықтимал өзгерістерге баға беру үшін қажет болады. Ол сондай – ақ субъектінің қосымша ресурстарының тиімді пайдаланылуы туралы шешімдер қабылданған кезде де пайдалы.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпарат субъектінің ақша қаражатын алу қабілетін бағалау кезінде пайдалы және пайдаланушыларға түрлі субъектілердің ақша қаражатының болашақтағы қозғалысын бағалау мен салыстыруға арналған жаңа үлгілерді жасауға мүмкіндік береді.
Қаржы есептері өзара байланысты болады, өйткені олар шаруашылық өмірдің бір ғана актілерінің әтрүрлі қорларын көрсетеді. Мысалы, қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, егер ол бухгалтерлік баланспен және ақшақаражатының қозғалысы туралы есеппен ұштастырыла пайдаланылмаса, қызметтің толық көрінісін бейнелемейді. Қаржы есептемесінде сондай – ақ түсініктемелік жазбахат, қосымша кестелер және басқа да ақпараттар болады. Мысалы, онда пайдаланушылардың қаржы есептерінің баптары туралы қажеттіліктеріне сәйкес қосымша ақпараттар болады. Ол субъектіге ықпал ететін қауіп пен екіұштылық туралы, сондай – ақ бухгалтерлік баланста көрсетілмеген ресурстар мен міндеттемелер туралы түсініктемелерді қамуы мүмкін.
Негізгі қағидалар:
Есептеу – қаржы есептері есептеу қағидаты негізінде жасалады, соған сәйкес кірістер ақша қаражатын алғанда немесе төлегенде емес, олар еңбек арқылы табылғанда, ал шығындар мен залалдар – олар жұмсалғанда танылады. Есептеу қағидатына сәйкес есептеу, мерзімін кейінге қалдыру және бөлу рәсімдерін бір ғана немесе жанама түрде байланысы бар операциялардың, оқиғалардың нәтижесінде алынуы мүмкін есепті кезеңнің кірістері мен шығыстары сәйкес келтіру үшін пайдалану қажет.
Толассыздық – субъект анықталмаған уақыт кезеңі ішін де өзінің қызметін жалғастыра береді және субъектінің таяу болашақта оны тарату немесе қызметін едәуір қысқырту ниеті бар екендігіне дәлелі жоқ деп юолжам жасалады.
Түсініктілік – қаржы есептерінде беріліп отырған ақпарат оны пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Мәнділік – қаржы ақпараты оны пайдаланушылар шешімдер қабылдау барысында өздерінің қажеттерін қабылдау барысында өздерінің қажеттерін қанағаттандыру үшін елеулі болуы және операциялық, қаржы және шаруашылық қызметті оқиғаларына баға беруге оларға көмектесуі тиіс.
Маңыздылық – ақпарат, егер оның ескерілмеуі немесе дұрыс көрсетілмеуі қаржы есептемесі негізінде ақпаратты пайдаланушылар қабылдаған экономикалық шешімдерге ықпал етуі мүмкін болса, маңызды болып табылады. Ақпараттың маңызды болуына оның мәні де, сонымен бірге бағалылығы да әсер етуі мүмкін.
Сенімділік – ақпаратта айтарлықтай қате немесе бұрмалау болмаса және пайдаланушылар оған сенімді болса, ол сенімді ақпарат болып табылады.
Әділетті әрі тура көрсету – қаржы есептері оны пайдаланушыларға субъектінің қаржы жағдайы, операциялардың нәтижелері, ақша қаражатының қозғалысы туралы әділеті әрі тура көріністі бейнелеуі тиіс.
Бейтараптық – қаржы есептемесінде беріліп отырған ақпарат сенімді болуы үшін бұрмалаудан аулақ болуы тиіс.
Сақтық – активтер мен табыстың асыра бағаланбауы үшін белгісіздік жағдайына баға беруге қажетті шешімдер қабылданған кезде сақ болған жөн.
Тиянақтылық – сенімділікті қамтамассыз ету мақсатында қаржы есептеріндегі ақпарат толық болуы керек.
Салыстырмалылық – қаржы ақпараты пайдалы әрі мазмұнды болуы үшін ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуы тиіс. Оны пайдаланушылр қаржы есептемесін әзірлеу кезінде субъект пайдаланылатын есп жүргізу саясаты, осы саясаттағы барлық өзгерістер және осы өзгерістердің нәтижелері туралы хабардар болуы тиіс.
Дәйектілік – есеп жүргізу саясаты бір кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде жүргізіп отыру көзделеді. Субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістер үрдісін айқындау үшін пкайдаланушылардың әртүрлі есепті кезеңдердегі оның қаржы есептерін салыстыру мүмкіндігі болады.
Мезгілділік – есептік ақпарат себепсіө кешіктірілген жағдайда ол өзінің маңызын жоғалтуы мүмкін. Ақпаратты мезгілінде беру үшін мәмілелердің немесе басқа да оқиғалардың барлық қырлары белгілі болғанға дейін кейінге қалдырыла берсе, тіпті өте сенімді деген ақпараттың өзінің де, оны пайдаланушылар бұдан бұрын шешім қабылдауға мәжбүр болғандықтан, оларға пайдасы аз болуы мүмкін. Маңыздылық пен сенімділіктің арасындағы балансқа қол жеткізу мақсатында экономикалық шешімдер қабылданған кезде пайдаланушылардың қажеттерін қайткенде жақсырақ қанағаттандыруға болатын шешім қажет.
Қаржы есептері мәмілелер мен басқа да оқиғалардың қаржы нәтижелерін көрсетіп, оларды өздерінің экономикалық сипаттамаларына сәйкес ауқымды сыныптарға топтастырып отырады. Осы ауқымда кластар қаржы есептерінің элементтері деп аталады. Активтер, меншікті капитал мен міндеттемелер бухгалтерлік баланстағы субъектінің қаржы жағдайын айқындауға тікелей байланысты элементтер болып табылады. Шығыстар мен кірістер субъектінің қызмет нәтижелері туралы есептегі көрсеткіштердің өзгеруіне тікелей байланысы бар элементтер. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп қызмет пен бухгалтерлік баланс элементтерін дегі өзгерістерді көрсетеді.
Активтер – бұл субъектінің құнмен бағаланатын мүлкі, мүліктік және мүліктік емес жеке игіліктері мен құқықтары. Активте көрініс тапқан болашақ экономикалық пайда – бұл субъектінің ақша қаражаты тасқынына қосылған әлеуметтік, тікелей немесе жанаматүрдегі үлес. Бұл үлес субъектінің негізгіқызметінің бір бөлігі ретінде туындау мүмкін. Ол сондай – ақ ақша қаражатының айырбасталатын нысанын алуы немесе өнімнің өзіндік құнын арзандатуға мүұмкіндік беретін ақша ақша қаражатының сыртқа ке туін қысқарту мүмкіндігіне айналуы мүмкін. Субъектілер активтерді әдетте сатып алып немесе шығара отырып иеленеді, алайда басқа да мәмілелер немесе оқиғалар активтерді жасауы мүмкін. Мысалы, субъектінің үкіметтен алған жылжымайтын мүлкі. Субъект өзінің актитерін меншікті басқару, тауар – материалдық қорлар шығару немесе қызмет көрсету үшін қолданылады. Активтерде көрініс тапқан болашақ экономикалық пайдаларды субъект әртүрлі жолдар арқылы іске асырылуы мүмкін:
тауар – материалдық қорлар өндіруде немесе қызмет көрсетуде жеке немесе басқа да активтермен ұштастыра пайдаланылуы;
басқа активтерге айырбасталуы;
міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылуы;
субъектінің меншікті иелері арасында бөліске түсуі мүмкін.
Шығындар шегу мен активтерді жасаудың арасында тығыз байланыс бар, бірақ бұл процесстер уақыты жағынан әрдайым бірдей тұспа – тұс келе бермейді. Субъкет шеккен шығындар болашақ экономикалық пайдаларды іздестіру жүргізілгендігінің куәсі болуы мүмкін, бірақ ол айқындалмаған сәйкес келетін активтік алынғандығы жайында түпкілікті дәлелдеме бола алмайды. Осы секілді, тиісті шығындардың болмауы объектінің активтік айқындамасына сай болуына кедергі жасай алмайды, сөйтіп ошл бухгалтерлік баланста тану үшін қағидатқа айналады.
Міндеттемелер – бұл тұлғаның басқа бір тұлғаның пайдасына белгілі бір іс әрекет жасау міндеттемесі: мүлікті тапсыру, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалары немесе борышқордан оның міндеттемелерін атқаруды талап етуге қарызгердің құқығы бар. Міндеттемелер жарға немесе шарт талаптарының нәтижесі ретін де күшіне енуі мүмкін. Мысалы, алынған тауар – материалдық қорлармен көрсетілген қызметтер үшін төленетін сома. Міндеттемелердің қазіргі немесе болашақтағы аралығын ажаырата білу қажет. Субъект басшысының болашақта активтер сатып алу жөніндегі шешімі міндеттемелердің пайда болуына себеп бола алмайды. Міндеттеме әдетте актив алынғанда немесе субъект активті сатып алу туралы келісімге қосылғанда ғана пайда болады.
Міндеттемені өтеу әртүрлі тәсілдермен:
ақысын төлеу;
басқа активтерді беру;
қызметтер көрсету;
бұл міндеттемені басқасымен ауыс тыру;
мін деттемені акцияға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Міндеттемелер өткендегі мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Мысалы, тауар – материалдық қорларды сатып алу және қызметтерді қабылдау ақысы төленуге тиісті шоттардың пайда болуын тудырады, кредиттер алу оларды қайтару міндеттемесін тудырады.
Меншікті капитал – бұл убъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері. Меншікті капитал бухгалтерлік баланста сыныпшыларға жіктеледі, яғни, акционерлік қоғамдағы капитал, резервтер, бөлінбеген табыс бөлек көрсетіледі. Мұндай сынаптаулар, олар субъектінің меншікті капиталды бөлу немесе өзгеше пайдалану қабілетінің құқықтық көрсеткіштері немесе басқа да шектеулер болғанда, шешімдер қабылдаған кезде қаржы есептемесін пайдаланушылар үшін маңызды болуы мүмкін. Лоар сондай – ақ өз меншігіне проценттер алу құқығы бар талаптардың дивиденттер алуға немесе мүліктің бір бөлігінің құнын төлеугеқатысты әртүрлі құқықтары болып отырғанын көрсетуі мүмкін. Жарғыда немесе заңда субъектіні және оның кредиторларын залал зардаптарынан қосымша қорғауды қамтамассыз ету үшін резервтер жасалады. Резервтер құру және олардың мөлшері туралы ақпарат шешімдер қабылданған кезде табылады. Бухгалтерлік баланстағы меншікті капиталдың мөлшері активтер мен міндеттемелердің құнын бағалуға байланысты болады. Қаржы көрсеткіштерін өлшеуге тікелей байланысты элементтер мыналар:
табыстар – бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы, болмаса міндеттемелердің кемуі;
шығындар - бұл есепті кезеңдегі активтердің кемуі немесе міндеттемелердің ұлғаюы.
Табыстар мен шығындар қызмет нтижелері туралы есепте шешімдер қабылдауға қажетті ақпарат беру үшін қызмет көрсетілуі мүмкін. Мысалы, субъектінің әдеттегі қызметі мен оның қызметіндегі төтенше жағдайлардың барысында пайда көздердің ара жігін ажырату болып табылады. Бұл жіктеу субъектінің болашақта ақша қаражатын жасау қабілетін бағалаған кезде табыс көздерінің маңызы болатыны негізінде жүргізіледі. Табыстар мен шығын көздерінің ара жігін ажырату және олардың әртүрлі амалдары субъектінің жұмыс нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдер әртүрлі табыс көздерін қамтиды.
Жиынтық табыс субъектінің негізгі және негізгі емес қызметтерінен алынған табыстарды қамтиды. Негізгі қызметтен түсетін ткабыс субъектінің негізгі қызметіне қарай тауарлы – материалдық қорларды өткізуден, сондай – ақ сыйақы, проценттер, дивиденттер, қаламақылар мен рента түрінде алынуы мүмкін. Субъектінің енгізгі қызметтен тыс алатын табыстары табыстың айқындамасына сәйкес келетін табыс көздерін қамтиды және тұжырымдамалық негіздеменің құрамдас жеке элементтері ретінде қарастырылмайды. Осы табыстар қызмет нәтижелері туралы есепте танылғанда олар, әдетте, бөлек көрсетіледі, өйткені экономикалық шешімдер қабылданған кезде олар туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін.
Шығын дар айқындамасы меншікті басқаруға, тауар – материалдық қорларды өндіруге жеке өткізуге, жұмыстар атқарып, қызметтер көрсетуге байланысты шығындарды және залаларды қамтиды. Олар, яғни, ақша қаражаты, материалдық қорлар, жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар секілді, активтердің сыртқа кетуі немесе пайдаланылуы нысанына ие болады. Залалдар экономикалық пайданың кемігенін көрсетеді және өзінің айырмасы жоқ әрі тұжырымдамалық негіздеменің жеке элементі ретінде қарастырылмайды. Залалдар айналымнан тыс активтерді сату кезінде немесе өрт және су тасқыны секілді табиғи апаттардың салдарынан пайда болуы мүмкін. Бұл залалдар қызмет нәтижелері туралы есепте танылып, олар жайындағы ақпарат экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдалы болуы мүмкін болғанда олар бөлек көрсетіледі. Қаржы есептерінің элементтерін тану – бұл элементтің айқындамасына сай келетін және танудың мынадай шарттарын қанағаттандыратын баптарды бухгалтерлік балансқа немесе қызмет нәтижелері туралы есепке еңгізу процесі:
Бапқа байланысы бар кез – келген экономикалық пайда субъектіге келіп түсуі немесе одан шығып қалуы мүмкін екендігінің ықтималы бар;
Баптың жоғары сенімділікпен өлшеуге болатын құны бар.
Бұл процесс осы баптың сөз жүзіндегі сипаттамасына да, оның ақшамен есептелген көрінісін де және осы солманың бухгалтерлік баланс пен қызмет нәтижелері туралы есепке еңгізілуін қамтиды.
Қаржы есептерінің элементтерін бағалау – бұл активтер мен міндеттемелер танылып, қаржы есептерінде тіркелетін ақша сомасын айқындау әдісі. Бағалаудың бірқатар әртүрлі негіздері қаржы есептерінде әртүрлі жәрежеде және әрқилы құрамаларды пайдаланылады. Олар мынадай ұғымдарды қамтиды:
Бастапқы құн.
Активтер төленген ақша қаражаты сомасы бойынша немесе оларды сатып алу кезіндегі тораптардың қол жеткізген келісімі бойынша ббелгіленген олардың ағымдағы құны арқылы көрсетіледі. Міндеттемелер міндеттемеге ауыстырып алынған түсім сомасы бойынша немесе белгілі бір жағдайларда /мысалы, табыс салықтары/ қалыпты өрістеген жағдайларда міндеттемені орындау үшін төленетін ақша қаражаты сомасы бойынша көрсетіледі.
Ағымдағы құн.
Активтер есептерде осы немесе осыған ұқсас актив сатып алғанда қандай болса, сондай жағдайда төленуге тиісті ақша – қаражаты сомасы бойын ша көрсетіледі. Міндеттемелер міндеттеменің ақысын төлеу үшін қажет болатын ақша қаражатының дисконттелмеген сомасы бойынша көрсетіледі.
Өткізу құны.
Активтер оларды сатудан алынуы мүмкін ақша қаражатының сомасы бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер оларды өтеу үшін қажет болатын ақша қаражатының дисконттелмеген сомасын бейнелейтін міндеттемелердің өтеу құны бойынша көрсетіледі.
Дисконттелген құн.
Активтер субъектінің қалыпты қызметі барысында активтерді жасауға тиіс болатын болашақ ақша қаражаты түсімдерініңдисконттелген құнын бейнелейтін ағымдағы құны бойынша көрсетіледі. Мін деттемелер субъектінің қалыпты қызметі жағдайында міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін ақша қаражатының болашақ таза аударымдарының дисконттелген құнын бейнелейтін ағымдағы құн бойынша көрсетіледі.
Баланстық құн.
Активтер мен міндеттемелерді есепті күнгі бухгалтерлік баланста көрсету құны.
Субъектілер қаржы есептерін дайындау кезінде бағалау үшін негіз етіп бастапқы құнды алады. Әдетте ол бағалаудың басқа негізгі ұғымдарымен бірге пайдаланылады.
Қаржы есептемесі бухгалтерлік баланстан, қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есептен, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен, оларға берілген түсініктеме жазбахаттан және басқа да қосымша ақпараттан, кестелерден тұрады.
Қаржы есептемесінің мақсаты пайдылынушыларды ұйымның қаржы жағдайы, оның қызметі және есепте кезеңдегі оның қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және шынайы ақпаратпен қамтамассыз ету болып табылады.
Қаржы есептерінің ашылымы пайдаланушыларға өздерінің көрсеткіштерінің дұрыс бағалап, негізделген экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажет. Ұйымдар, мекемелер қаржы есебін әзірлеу және ашу кезінде бухгалтерлік ,есепке алудың 2- стандартының, бухгалтерлік баланс және қаржы есептеріндегі негізгі ашылымдар талаптарын орындауы тиіс.
Барлық маңызды ақпарат қаржы есептері пайдаланушылар үшін анық, түсінікті болатындай етіп ашылуға тиіс. Қажет болған жағдайда түсініктеме жазбахатта қаржы есептерінде келтірілген баптардың жіктемесі мен ақша сомалары олардың мән – мағынасын түсіндіретін басқа ақпаратпен толықтырылуға тиіс.
Есептерде ұйымның атауы, орналасқан жері, есепті мерзім мен есепті кезең көрсетілуі тиіс. Сондай – ақ, ұйымның қызмет түрінің қысқаша сипаттамасы, оның заң жүзіндегі нысаны және қаржы есептері беріліп отырған өлшем бірлігі келтірілуі тиіс.
Түсініктеме жазбахатта мынадай ақпаратты ашып көрсету қажет: активтерді иелену құқығындағы шектеулер; мін деттемеге берілген ке пілдіктер; активтер мен міндеттемелер; зейнеткерлік қамсыздандыру сызбалары; болашақ ұзақ мерзімді инвестицияларды қаржыландыруға арналған қаражат.
Баланстың ағымдағы активі мен ағымдағы міндеттемелерінің бпатары арасында өзара есепке алуларға жол берілмейді. Баланстың жекелеген бартары басқа баптарға қосылуға немесе қосымша нұсқауларсыз тоқтатылуға тиіс емес. Ағымдағы активтер мен міндеттемелерді баланста айқындау және олардың жиынтық сомаларын ашып көрсету ұйымының қаржы жағдайына талдау жасау кезінде қаржы есептемелерін пайдаланушыларға көмектесетін анықтама береді.
Ұзақ мерзімді, ағымдағы активтердің, меншікті капиталдың, ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс.
Ұзақ мерзімді активтерге жататын негізгі құрал – жабдықтарда мынадай баптар ашып көрсетілуі тиіс: жер, үй – жайлар мен ғимараттар, малшылар мен жабдықтар, сыныптамаға сәйкес негізгі құрал – жабдықтардың басқа түрлері, қордаланған тозым, аяқталмаған күрделі құрылыс.
Түсініктеме жазбахатта олардың ішінде ұзақ мерзімге жолға алынған негізгі құрал – жабдықтар және қарызға алынған негізгі құрал – жабдықтар ашып көрсетілуі тиіс.
Ұзақ мерзімді активтердің мынадай баптары жеке ашылып көрсетіледі:
а) есепті кезеңдегі әдісі, амортизациясы мен есептен шығару кезеңі көрсетілген мынадай материалдық емес активтер;
- гудвилл;
- патенттер, тауар белгілері және басқалары;
б) ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары:
- еншілес ұйымдарға бөлінген инвестициялар;
- бағынышты заңды тұлғаларға инвестициялар;
- ағымдағы құны көрсетілген өзге де инвестициялар, егер бұл олардың баланстық құнынан өзгеше болса.
в) ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз:
- алуға берілген шоттар;
- алуға берілген вексельдер;
- фирмааралық дебиторлық қарыз;
- акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық қарызы;
- өзге де дебиторлық қарыз.
г) болашақ кезеңдердің шығындары.
Ағымдағы активтер ашып көрсетуге тиісті мынадай баптарды қамтиды:
а/ өздерінің өңделу және өткізу мерзіміне қарамастан тауар – материалдық қорлар;
б/ есеп берілген уақыттан кейін бір жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін болашақ кезеңдердің шығындары;
в/ пайдаланылуына шектеу қойылған ақша қаражаты, егер оларға қойылған шектеулер бір жыл ішінде алынатын болса, ағымдағы активтерге қосылады;
г/ ағымдағы құны көрсетілген қысқа мерзімді қаржы инвестициялар, егер бұл олардың баланстық құнынан өзгеше болса;
д/ есеп берілген уақыттан кейін бір жыл ішінде алынатын дебитолық қарыз;
ағымдағы активтерді сатып алу үшін;
алуға берілген шоттар;
алуға берілген вексельдер;
фирмааралық дебиторлық қарыздар;
акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының дебиторлық қарызы;
- өзге де дебиторлық қарыз.
Сонымен бірге түсініктеме жазбахатта есепті кезеңдегі ұйымның жарғылық капиталында болған өзгерістер туралы ақпаратты ашып көрсету қажет.
Акционерлік қоғамдарда акциялардың әрдір түрі бойынша мынадай мәліметтер ашып көрсетілуі тиіс:
хабарланған, шығарылған және айналымда жүрген акциялардың саны мен сомасы /хабарланған, жазылу жүргізілген және құны төленген капитал/;
құны төленбеген капитал;
акциялардың номиналдық және ағымдағы құны;
олардың иелерінің құқықтары, дивиденттерді бөлу және мүліктің бір бөлігін төлеу шарттары;
артықшылығы бар акциялар бойынша төленбеген дивиденттер;
ұйым сатып алған меншікті акциялар;
опциондар бойынша болашақта шығару үшін хабарланған және есепті кезеңде опциондар бойынша шығарылып, олардың шығарылуы шарттары мен сомалары көрсетілген акциялар.
Есепті кезең ішіндегі қозғалысы және оларды пайдалану жөніндегі шектеулер көрсетілген өзге де капиталдың мынадай баптары бөлек ашылып көрсетіледі:
акциялар бойынша сыйақылар;
негізгі құрал – жабдықтарды, қаржы инвестицияларын қайта бағалау сомасы;
резервтік капитал;
бөлінбеген табыс.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсету кезінде баланстық мына баптары жеке – жеке ашып көрсетілуі тиіс:
а/ қамтамассыз етілген кредиттер;
б/ қамтамассыз етілмеген кредиттер;
в/ фирмааралық кредиттер;
г/ кейінге қалдырылған салықтар.
Түсініктеме жазбахатта проценттік ставкалар, кредиттерді өтеу мерзімдері, төлемдердің кезектілігі және кредиттік келісімдер мен зайым беру шарттарынан туындайтын басқа да ерекшеліктер ашып көрсетілуі тиіс.
Ағымдағы міндеттемелердің, соның ішінде кредиторлардың талап етуі боынша төленуге тиісті міндеттемелердің ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бір бөлігінің мынадай баптары ашып көрсетілуі тиіс:
а/ қысқа мерзімді кредиттер;
б/ ұзақ мерзімді кредиттердің ағымдағы бөлігі;
в/ кредиторлық қарыз:
төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;
сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
салықтар бойынша қарыздар;
төленетін дивиденттер;
фирмааралық қарыз;
акционерлік қоғамның лауазымды адамдарына берешек қарыз;
өзге де дебиторлық қарыз.
г/ төленуге тиісті есептелген шығындар;
д/ болашақ кезеңдердің табыстары;
е/ күтпеген жағдайдайлар бойынша есептелген төлемдер.
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі, егер ұйым кредиттік шартқа сәйкес міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыруды ұйғарса, ағымдағы міндеттемелерден шығарылып тасталады. Бұл жағдайда міндеттемелердің сомасы мен қайта қаржыландыру мерзімдері ашып көрсетілуі тиіс.
3-бөлім. Қаржы нәтижелерін талдау
