- •2.Патологиялық процестер түрлеріне қысқаша түсінік беріңіз
- •3.Жеке патологиялық физиологияның бөлімдерін атап сипаттаңыз
- •Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары.
- •Бездердің өздерінде орналасқан дерттер
- •Инфекциялық үрдістер мен уыттардың әсерлері.
- •4.Аурулардың патогенезі мен этиология түсініктері жайлы айтыңыз Жалпы патогенез
- •5.Этиологиялық факторларды атаңыз
- •7.Аурудың негізгі туындау формалары,аурудың жүруі,аурудың соңы,кезеңдері жайлы сипаттаңыз
- •9.Эритроциттердің осмостық тұрақтылығының маңызын түсіндіріңіз.Гемолиз
- •10.А.Сали бойынша қандағы гемоглобин санын анықтау әдісін түсіндіріңіз
- •11.Гипоксия түсінігіне анықтама беріңіз
- •Толығырақ[өңдеу]
- •12.Гипоксияның туындау себептерін және түрлерін атаңыз.Гипоксиялық күй жіктелуін анықтаңыз
- •Толығырақ[өңдеу]
- •13.Организмнің оттектік ашығу кезіне қорғаныш-бейімделуін сипаттаңыз
- •14.Жүрек және қан айналым қызметінің жеткіліксіздігін түсіндіріңіз
- •15.Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің негізгі гемодинамикалық көрінісін сипаттаңыз
- •16.Өткір жүрек жетіспеушілік симптомдарын атаңыз.Патогенезі мен этиологиясын түсіндіріңіз
- •Жүрек жетіспеушілігінің симптомдары
- •17.Тыныс алу жеткіліксіздігін түсіндіріңіз.Өкпе жетіспеушілігі:туындау себебін,түрлеріне,түсінігіне анықтама беріңіз
- •18.Ас қорыту жүйесінің жетіспеушілігіне жалпы түсінік беріңіз:ағза үшін салдары,туындау себептері,көрінісі
- •Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары.
- •20.Ішектердегі ас қорыту бұзылысы:ішек қабырғасында ас қорыту патологиясын,алкоголь мен никотин әсерін сипаттап беріңіз
- •Адам ағзасына тигізетін психотроптық әсері[өңдеу]
- •Никотин және шизофриния[өңдеу]
- •22.Резус-фактор дегеніміз не?Қанның қан тобына бөлінуі неге негізделген
- •23.Қалтырауға(лихорадка)заманауианықтамаберіңіз.Терминге,лихорадка этиологиясы,лихорадкалық реакциялардың этиологиялық жіктелуін сипаттаңыз
- •24.Пирогендер және олардың туындауы жайлы заманауи анықтама беріңіз
- •Қызбаның сатылары
- •25.Лихорадкалық реакциялардың патогенезі:қосу механизмдері,пирогендер әсері,пирогендердің спецификалық эффектісінің дамуындағы нейрогендік механизммен гуморальдық реттелу рөлінің маңызын түсіндір
- •27.Аллергия термині,түсінігіне сипаттама беріңіз.Аллергиялық реакциялар этиологиясы(аллергендер:түсінігін анықтау,түрлері,жіктелуі)сипаттаңыз
- •Аллергияның шығу себептері:
- •28.Организм тұрақтылығы мен реактивтілігін,жіктелуін,туындауына анықтама беріңіз
- •29.Организм реактивтілігін анықтаудың негізгі факторларын айтыңыз
- •30.Тромб түсінігі.Тромбо түзілу фазасы,тромбтар жіктелуіне анықтама беріңіз
- •31.Бүйрек қызметінің жетіспеушілігін:бүйректің абсорбциялық және сүзгіштік бұзылыстарына сипаттама беріңіз
- •32.Гипер және гипогидаратация түсініктеріне анықтама беріңіз.Ісік түсінігіне,түрлеріне,бүйрек ісігіне сипаттама беріңіз
- •33.Жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарын сипаттап жазыңыз
- •Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы.
- •Мазмұны Эндокриндік жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Гормондар[өңдеу]
- •Ішкі секреция бездері[өңдеу]
- •Гипоталамус-гипофиздік жүйе[өңдеу]
- •Қалқанша без[өңдеу]
- •35.Жүйке жүйесінің бұзылыстарына мысл келтіріңіз.Невроз,депрессиялық күй,күйгелектік жайлы түсінік
- •Толығырақ[өңдеу]
- •37.Ұйқы безі қызметінің бұзылысын қант диабеті арқылы түсіндіріңіз
- •Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі[өңдеу]
- •Аталық жыныс мүшелері[өңдеу]
- •Аналық жыныс мүшелері[өңдеу]
- •39.Эпифиз бен тимустың рөлін сипаттаңыз.Олар қандай гормон бөледі,және олардың функциясының бұзылыстарын сипаттаңыз
- •Айырша безі[өңдеу]
- •40.Наркомания мен алкоголизм патофизиологиясы жайлы айтыңыз
- •Токсикомания
- •Марихуана
- •Экстази
Адам ағзасына тигізетін психотроптық әсері[өңдеу]
Күштi улағыштығы болғанымен, никотиннің аз мөлшердегі дозасын қолдануда жүйке стимуляторы есебінде жұмыс iстейдi. Адамның көңіл күйіне оның әсерi әр түрлi болады. Ол бауырдан глюкозаны және бүйрек үстi ми затынан адреналинынді бөлу арқылы ағзаны қоздырады. Ал адамда босаңдықтың сезiнулерi мен тыныштық , сонымен бiрге аздап - эйфориялық күймен сипатталады. Кейбiр адамжарда тәбеттiң төмендеуі мен метаболизмның үлкею дене массасының төмендетуiне әкеліп соғады
Никотин және шизофриния[өңдеу]
Шизофренияға шалдыққандарда шылымға әуестік ерекше байқлады. Бұл талпыныс антипсихотиктердің әсеріне қарсы ағзаның қарсы тұруға ұмтылуымен түсіндіріледі. Тағы бір болжам бойынша никотиннің шизофренияға ұрындырады-мыс.
21.СОЭ анықтау әдісі
22.Резус-фактор дегеніміз не?Қанның қан тобына бөлінуі неге негізделген
Резус-фактор[1] (rhesus) — адамдар мен макака-резус маймылының (аталуы осыған байланысты) эритроциттерінің құрамында болатын антиген. Резус-факторды 1940 ж. австриялық иммунолог К.Ландштейнер (1868 — 1943) мен америкалық ғалым А.Винер (1907 — 78) ашты. Адамдардың 85%-нда эритроцит құрамында оң Резус-фактор, ал 15%-нда теріс Резус-фактор. болады. Резус-фактор жүйесінде бірнеше әр түрлі антигендер, сондай-ақ Hr тобы болады. Осы топ пен резус (Rh) қосылып, ортақ жүйе Rh — Hr құрады. Rh-тің құрамында Д, С, Е, ал Hr-те д, с, е агглютиногені бар. Hr агглютиногені адамдардың 83%-нда эритроцит құрамында кездеседі. Резус-фактор тұқым қуалайды және өмір бойына өзгермейді. Қан құйғанда қан топтары сияқты Резус-фактор да қатаң есепке алынады, себебі, бұл кезде Rh — Hr агглютиногендер жүйесінде арнайы антидене түзіледі; организмге антигенді қайталап құйғанда, “антиген — антидене” реакциясы пайда болуы мүмкін, ал бұл организмнің қалыпты қызметін бұзады. Мыс., қанының Rh-ы оң реципиентке теріс Rh-ы бар қан құйылса, гемотрансфуз. реакция (адамның денесі қалтырайды, температурасы көтеріледі, белі ауырады) жүреді. Ал жүктілік жағдайында, ананың Rh-ы теріс болып, құрсақтағы нәрестенің Rh-ы оң болса, иммундық өзгеріс болуы мүмкін. Бұл құрсақтағы нәрестенің өліміне әкеліп, әйел түсік тастайды, мұны Rh-конфликт деп атайды. Егер мұндай жағдайда әйел аман-есен босанса да, кейін жаңа туған сәби тұқым қуалайтын қан ауруына шалдығады. Жүкті әйелдерде Rh-конфликт болмау үшін оларға антирезус-гамма-глобулин егіледі.
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан[өңдеу]
Ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттермен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.
Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе — судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.
Қанның қызметі[өңдеу]
Қан келесі қызмет атқарады:
асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.
