- •2.Патологиялық процестер түрлеріне қысқаша түсінік беріңіз
- •3.Жеке патологиялық физиологияның бөлімдерін атап сипаттаңыз
- •Орталық реттеу тетіктерінің бұзылыстары.
- •Бездердің өздерінде орналасқан дерттер
- •Инфекциялық үрдістер мен уыттардың әсерлері.
- •4.Аурулардың патогенезі мен этиология түсініктері жайлы айтыңыз Жалпы патогенез
- •5.Этиологиялық факторларды атаңыз
- •7.Аурудың негізгі туындау формалары,аурудың жүруі,аурудың соңы,кезеңдері жайлы сипаттаңыз
- •9.Эритроциттердің осмостық тұрақтылығының маңызын түсіндіріңіз.Гемолиз
- •10.А.Сали бойынша қандағы гемоглобин санын анықтау әдісін түсіндіріңіз
- •11.Гипоксия түсінігіне анықтама беріңіз
- •Толығырақ[өңдеу]
- •12.Гипоксияның туындау себептерін және түрлерін атаңыз.Гипоксиялық күй жіктелуін анықтаңыз
- •Толығырақ[өңдеу]
- •13.Организмнің оттектік ашығу кезіне қорғаныш-бейімделуін сипаттаңыз
- •14.Жүрек және қан айналым қызметінің жеткіліксіздігін түсіндіріңіз
- •15.Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің негізгі гемодинамикалық көрінісін сипаттаңыз
- •16.Өткір жүрек жетіспеушілік симптомдарын атаңыз.Патогенезі мен этиологиясын түсіндіріңіз
- •Жүрек жетіспеушілігінің симптомдары
- •17.Тыныс алу жеткіліксіздігін түсіндіріңіз.Өкпе жетіспеушілігі:туындау себебін,түрлеріне,түсінігіне анықтама беріңіз
- •18.Ас қорыту жүйесінің жетіспеушілігіне жалпы түсінік беріңіз:ағза үшін салдары,туындау себептері,көрінісі
- •Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары.
- •20.Ішектердегі ас қорыту бұзылысы:ішек қабырғасында ас қорыту патологиясын,алкоголь мен никотин әсерін сипаттап беріңіз
- •Адам ағзасына тигізетін психотроптық әсері[өңдеу]
- •Никотин және шизофриния[өңдеу]
- •22.Резус-фактор дегеніміз не?Қанның қан тобына бөлінуі неге негізделген
- •23.Қалтырауға(лихорадка)заманауианықтамаберіңіз.Терминге,лихорадка этиологиясы,лихорадкалық реакциялардың этиологиялық жіктелуін сипаттаңыз
- •24.Пирогендер және олардың туындауы жайлы заманауи анықтама беріңіз
- •Қызбаның сатылары
- •25.Лихорадкалық реакциялардың патогенезі:қосу механизмдері,пирогендер әсері,пирогендердің спецификалық эффектісінің дамуындағы нейрогендік механизммен гуморальдық реттелу рөлінің маңызын түсіндір
- •27.Аллергия термині,түсінігіне сипаттама беріңіз.Аллергиялық реакциялар этиологиясы(аллергендер:түсінігін анықтау,түрлері,жіктелуі)сипаттаңыз
- •Аллергияның шығу себептері:
- •28.Организм тұрақтылығы мен реактивтілігін,жіктелуін,туындауына анықтама беріңіз
- •29.Организм реактивтілігін анықтаудың негізгі факторларын айтыңыз
- •30.Тромб түсінігі.Тромбо түзілу фазасы,тромбтар жіктелуіне анықтама беріңіз
- •31.Бүйрек қызметінің жетіспеушілігін:бүйректің абсорбциялық және сүзгіштік бұзылыстарына сипаттама беріңіз
- •32.Гипер және гипогидаратация түсініктеріне анықтама беріңіз.Ісік түсінігіне,түрлеріне,бүйрек ісігіне сипаттама беріңіз
- •33.Жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарын сипаттап жазыңыз
- •Нерв жүйесі бұзылыстарының этиологиясы.
- •Мазмұны Эндокриндік жүйенің қызметі[өңдеу]
- •Гормондар[өңдеу]
- •Ішкі секреция бездері[өңдеу]
- •Гипоталамус-гипофиздік жүйе[өңдеу]
- •Қалқанша без[өңдеу]
- •35.Жүйке жүйесінің бұзылыстарына мысл келтіріңіз.Невроз,депрессиялық күй,күйгелектік жайлы түсінік
- •Толығырақ[өңдеу]
- •37.Ұйқы безі қызметінің бұзылысын қант диабеті арқылы түсіндіріңіз
- •Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі[өңдеу]
- •Аталық жыныс мүшелері[өңдеу]
- •Аналық жыныс мүшелері[өңдеу]
- •39.Эпифиз бен тимустың рөлін сипаттаңыз.Олар қандай гормон бөледі,және олардың функциясының бұзылыстарын сипаттаңыз
- •Айырша безі[өңдеу]
- •40.Наркомания мен алкоголизм патофизиологиясы жайлы айтыңыз
- •Токсикомания
- •Марихуана
- •Экстази
Аталық жыныс мүшелері[өңдеу]
Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы аталық мушелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г.
Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұмақуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.
Аналық жыныс мүшелері[өңдеу]
Аналық жыныс мүшелері 2 топқа (сыртқы және ішкі) бөлінеді. Сыртқы аналық мушелерге - үлкен, кіші жыныстық жапсарлар және шүртекей (клитор) жатады. Жыныстық жапсарлар май ұлпасы мол терілі қатпарлардан тұрады. Ал ішкі аналық жыныс мушелеріне - екі аналық без, жатыр, екі жатыр түтігі және қынап жатады. Ішкі аналық жыныс мүшелерінің бәрі де жамбас шоңқимасы — кіші жамбас қуысында орналасады. Аналық бездердің (яичники) пішіні сопақша, ұзындығы 3-4 см. Салмағы 5-8 г. Аналық бездер де аралас бездерге жатады, яғни жұмыртқа жасушаларын және гормондар (экстрогендер, т. б.) бөледі. Аналық бездер көптеген безді көпіршіктерден - фолликулалардан тұрады. Олардан бірте-бірте жұмыртқа жасушалары жетіледі. Аналық бездердің үстіңгі жағын жатыр түтігінің сыртқы шашақты шеті көмкеріп тұрады. Бойжеткендерде (екінші реттік жыныстық жетілу кезінде) әрбір ай сайын гипофиз гормондарының әсерінен безді көпіршіктің біреуі жетіледі. Оның ішінде жұмыртқа жасушасы болады, ол алдымен құрсак қуысына, одан соң жатыр түтігіне түседі. Бездік көпіршік жарылып, ішінен жұмыртқа жасушасының сыртқа шығуын, анабездің жетілуі (овуляция) деп атайды. Бұл үдеріспен етеккірдің (менструация) келуі тығыз байланысты. Етеккір екінші реттік жыныстық жетілуден бастап, шамамен 50 жасқа дейін созылады.
Жүктілік кезінде жұмыртқа жасушасының жетілуі де, етеккір де токтайды. Жарылған безді көпіршіктің іші май тектес сары дене деп аталатын затпен толады. Сары дене уакытша гормон бөледі. Егерде жұмыртқажасушасы сперматозоидпен ұрықтанса, сары дене жүктілік кезінде сақталады. Ал жүктілік болмаған жағдайда, сары дене жойылып кетеді де, етеккір шамамен әр 28 күнде қайталанып отырады. Жатыр түтігі де аналық без сияқты екеу (жұп) болады. Жұмыртқа жасушасы жатыр түтігі арқылы жатырға өтеді.
Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Олар жыныс торшаларымен қатар аталық және аналық гормондар бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, негізгі және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталық және аналық дарақтарға тән мінездерді, жыныстық дағдылы әрекеттерді (инстинкг), организмнің пісіп-жетілуін реттейді. Жыныс гормондары холестериннің туындылары болып табылады. Аталық және аналық гормондар аталық бездерде де, аналық бездерде де қатар түзіледі. Мысалы, ер адамның тәуліктік зәрінде 3-10 мкг аталық гормондар және 5-15мкг аналық гормондар, ал әйелдер зәрінде 3-10 мкг андрогендер, 18-36 мкг эстрогендер болады.
Аталық гормондар (андрогендер) аталық бездің (еннің) аралық ұлпаларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Ал, бездің Сертоли торшаларында эстрогендер (аналық, гормондар) түзіледі.
Аталық гормондарға алъдостерон, изоандростерон, дегидроандростерон, тестостерон жатады. Олардың арасындағы ең белсендісі -тестостерон. Аталық гормондар анаболизмдік гормондарға жатады. Олар бұлшық етте белоктың түзілуін және жиналуын күшейтіп, оң азоттық тендестік қалыптастырады, денеге салмақ қостырады, денеде майдың жиналуын азайтады, бейорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий-калий хлоридтерінің қорға жинақталуын күшейтеді.
Аналық гормондар аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста ұстап, жыныстық айналымды, сүт безінің қызметін реттейді. Эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) аналық организмге тән белок пен майдың, су мен минералды тұздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, капилляр қабырғасының өтімділігін жоғарылатады.
Аналық безде эстрогендермен қатар сары дене гормоны (геста-гендер) және андрогендер түзіледі. Сары дене гормондары — прогестерон, прогненол — ұрықтану және ұрпақ көтеру процестерін реттейді. Прогестерон буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың дамуын, жатырдың жиырылуын бөгеп, ұрықтың өсуіне, сүттену процесінің басталуына ықпал етеді. Аналық бездің аралық, торшаларында түзілген андрогендер фолли-кулаларда қуыстың пайда болуын, овуляция (фолликуланың жарылуын) реттеуге қатысады.
Сары дене, жолдас, жатырдың кілегей қабығы (эпидометрия) релаксин гормонын бөледі. Буаздық барысында бұл гормонның бөліну мөлшері өсе түседі. Релаксин босаңсу (төлдеу) процесінің дұрыс өтуі үшін қажет, оның әсерімен шат сүйектерінің байламы (симфиз) жібіп, жатыр мойыны босаңсып, ашылады.
Буаздық кезінде планцента (жолдас) да ішкі секрециялық қызмет атқарады, одан эстрогеңдер, прогестерон, релаксин және жолдас гонадотропині бөлінеді. Бұл гормоңдар буаздықтың сәтті өтуі үшін қажет.
Жыныс гормондарының түзілуі және бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Нерв жүйесі жыныс бездерің қызметін рефлекстік жолмен гапофиздің гормон бөлу қабілетін өзгерту арқылы реттейді. Гипофиздің фолликуланы жандандырушы гормоны аналық организмде фолликуланың пісіп-жетілуін, ал аталық организмде — сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гормон жыныс гормондарының түзілуін, ал пролактин — сары денеде прогестеронның бөлінуін және сүттену процесін жандандырады. Эпифиз мелатонині жыныс бездерінің өсіп-дамуын тежейді.
