Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PatFizSessia.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
301 Кб
Скачать
☆

37.Ұйқы безі қызметінің бұзылысын қант диабеті арқылы түсіндіріңіз

Ұйқы безі (лат. pancreas — үйқы безі) — сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай үйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, үйқы безі аралшықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағы- нан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.

Бездің сөл бөлетін соңғы бөлімі көпіршік тәрізді болады. Олардан шығатын шығару өзектері негізгі без өзегін түзеді. Ұйқы безінің өзегі он екі елі ішекке ашылады. Ұйқы безінің эндокринді бөлігін панкреаттық (лангерганс) аралшықтары құрайды. Олардың пішіні дөңгелек немесе сопақ¬ша болып, әр түрлі без бөлікшелерінде орын тебеді. Аралшық жасушалары А, В, Д, Д және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Ең көп кезіесетін В- жасушалар инсулин гормонын түзіп, қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны гликогенге айналдырады. А- жасушалар түзетін глюкагон гормоны, керісінше, гликогенді глюкозаға айналдырып, оны қанға өткізеді. Д- жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Бұл жасушалардың гормоны А- жасушалар гормондарының түзілуін тежейді. Д- жасушалар қан қысымын төмендететін, үйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормон бөледі. РР- жасушалар гормоны қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің түзілуін реттейді.Ұйқы безінің жалпақтау болып келетін бас жағы ұлтабарға жабысып кірігіп тұрады.[1]

Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі[өңдеу]

Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорганизмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады.

Панкреатит — бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы Ұйқы  безі — грек  тілінен  аударылғанда –«барлығы еттен» деген  мағына  береді. Ұйқы безі ұзынша келген ағза, асқазанның артында орналасқан. I-II бел омыртқасының алдында, ал құйрығы X-XI қабырға маңайына барып бітеді. Ұзындығы 10-23см, ені 3-9см, қалыңдығы 2-3см, салмағы 70-80гр. Оның  түтігі 1642 ж. Вирсунг, 1720 ж. Одди суреттеуі бойынша 75 процент үлкен  еміздікшеге ашылады (12 елі ішектің). 4 процент жағдайда  Вирсунг түтігі 12 елі  ішекке өздігінен ашылады. Вирсунг түтігі холедохпен бірге –Фатер түтігіне 33,6 процент ашылады. 2 түтікте  қосылып жалпы   ампуланы және  Одди  сфинктерін 5  проц. құрайды. 2 түтікте Фатер бүршігі мен Одди  сфинктерімен алыс  орналасқан. Вирсунг түтігі – холедохқа түседі. Ұйқы безін қанмен қамтамасыз ететін тамырлар: А Gastroduodenalis,  a. Hepatica communis  А.Pancreatoduodenalis inferior, a. mesenterica superior  A. Lienalis – көбінесе бездің денесімен құйрық жағын қамтамасыз етеді Панкреатикалық шырынның құрамы: Амилаза – активті жағдайда бөлінеді, көмірсуларды ыдыратады, крахмальды гидролиздейді және оны мальтозаға айналдырады. Липаза – жартылай активті түрде шығады, оны активтендіретін өт қышқылдары мен кальций тұздары – майларды және май қышқылдарын, глицеринді қорытады. Протеаза – белоктарды аминқышқылдарына дейін ыдырататын фермент. Және протеолизге қатысатын ферменттер –трипсиноген, карбопептидаза, коллагеназа, дезнуклеаза т.б.

Этиологиясы мен патогенезі Жедел панкреатиттің этиологиясы әр түрлі себептерден болуы мүмкін: Өт қабы және өт шығару жолдарының аурулары:  Холецистит, өт тас ауруы, холедохтың қабынуы, т.б. Асқазан және ұлтабар аурулары:  Созылмалы гастрит, ойық жара аурулары т.б. Алкогольдың жедел панкреатитке әкелу себебі. Этанол асқазанға барғаннан кейін оның секрециясын көбейтеді және ұлтабардың секретин деген ферментінің көбеюіне әсер етеді, ал секретин ұйқы безінің панкреатикалық сөлін көп шығуына мәжбүр етеді. Артық ішкен тағам және зат алмасудың бұзылуы:  И.П.Павловтың жұмыстарымен дәлелденген — әсіресе ащы, майлы тағам ішкеннен панкреатикалық сөл көп бөлінеді. Кейбір адамдарда май алмасуының бұзылуынан қан тамырында патологиялық өзгерістер (атеросклероз) және қан тамырының қысымының жоғарлауы, іш қуысы ағзаларында қанның көбеюі ұйқы безінің қан айналысын және паренхимасын бұзады Ұйқы безіндегі қан айналысының бұзылуы Аллергиялық реакциялар әсерінен Жарақаттардан соң: nVIII. Жүктілік және босанғаннан кейінгі уақыт: Жатырдың ұлғайғандығынан іш қуысындағы қысым жоғарлайды, соның салдарынан өт және ұйқы безінің өзектері қысылып панкреатикалық сөлдің ұлтабарға құюлуы бұзылады және гормональді өзгерістер салдарынан. Химиялық заттармен улану:  Қышқыл, сілті, фосфор және т.б. Жұқпалы аурулар:  Іш сүзек , қызамық(скарлатина), сепсис, вирустық гепатит және т.б.   Панкреатит патогенез: 1-ші трипсинді кезең (протеолиз) активтенген трипсин өзектерден бездің паренхимасына кіріп калликреинді шығарады, ол барып безде ісіну шақырып және қан құйылтады – ұйқы безінде геморрагиялық ісік пайда болады. 2-ші липазалы кезең – процесс арықарай өршігенде бездің бұзылған клеткаларынан липаза шығады, оның белсенділігін трипсин мен өт қышқылдары арттырады. Липаза майларды ыдыратады, ұйқы безінде майлы некроз – майлы немесе стеаринді некрозды дақтар пайда болады. Патогенезінің негізінде –  без өз ферменттері (трипсиноген, химотрипсин және липаза) активтенуі салдарынан тіндері зақымдалады. Жедел панкреатиттің жіктелуі: (1978 жылы Свердловск қаласындағы V-ші жалпыодақтық хирургтар съезді бойынша) Ұйқы безі ісігі Деструктивті: а) геморрагиялық некроз б) майлы некроз Іріңді панкреонекроз Жедел холецисто-панкреатит Панкреатит классификациясы (хирургтардың ХХҮІІІ съезді, 1965ж.

38.Жыныс бездерінің қызметінің бұзылуынан ағзаға әсер ететін бұзылыс механизмдерін сипаттаңыз

Ұрпақ жаңғырту (көбею) - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Көбею - түрдің тіршілігін жалғастырып сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы. Басқа тірі ағзалар сияқты адам да жынысты жолмен көбейеді. Жыныс жасушаларының түзілуі ағзада болатын физиологиялық өзгерістерге байланысты. Жыныстық мүшелер жүйесін аталық және аналық жыныс мүшелері деп 2 топка бөледі. Олардың жынысбездерінен жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан дүниеге жаңа ұрпақ келеді. Жыныс бездері аралас бездерге жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]