- •Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал»
- •Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал» Әлеуметтанулық зерттеу і кезең (2016 жылдың 1 тоқсаны) нәтижелері «Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығы» кмм
- •Бадамша – 2016
- •Зерттеу мақсаты мен міндеттері
- •Іріктемені қалыптастыру
- •Мәліметтерді жинау әдісі
- •Құралдар құрылымы
- •Диаграмма 4. Қарғалы ауданы тұрғындары арасында адаптантар мен дезадаптанттардың үлес салмағы (жалпы респонденттердің жауаптары)
- •Аудан тұрғындарының жергілікті мемлекеттік органдар, хқко жұмысына қатынасы және қарғалы ауданы тұрғындарының мемлекеттік органдарымен өзара қатынасы
- •Диаграмма 7. Қарғалы ауданы тұрғындар мазасыздануының көздері 1
- •Кесте №2. Қарғалы ауданы жас тұрғындарының бағалауы, %-бен
- •Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының, әсіресе жастар арасындағы елжандылық деңгейі
- •Кесте 3. Сіздің пікіріңізге сай, патриот болу деген нені білдіреді? (%-бен)
- •Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдауы
- •Диаграмма 11. Халықтың жемқорлыққа қарсы шаралар туралы ақпараттануы4
- •Диаграмма 12. Тұрғындардың ұсыныстары бойынша жемқорлыққа қарсы шаралар (%бен)
- •Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар
Зерттеу мақсаты мен міндеттері
Осы зерттеудің мақсаты ретінде Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси, діни ахуалды зерттеу, аудан тұрғындарының мемлекеттік органдарға, БАҚ, жастар саясатының жүзеге асырылуына қатынасын зерттеу мен бағалау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей маңызды міндеттерді шешу қарастырылған:
1. Аудандағы қоғамдық саяси ахуалды зерттеу, шешімді талап ететін әлеуметтік ахуалды анықтау;
2. Аудан тұрғындарының жергілікті мемлекеттік органдар мен, ХҚКО жұмысына қатынасын анықтау;
3. Қарғалы ауданы тұрғындарының мемлекеттік органдармен өзара қатынасын талдау;
4. БАҚ-қа тұрғындардың қатынасы мен сенім деңгейін зерделеу, олардың бұқаралық ақпарат құралдарын таңдаудағы басымдылығын анықтау;
5. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы тұрғындарының жемқорлық көріністерін қабылдау деңгейін анықтау.
6. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы жастары арасындағы елжандылық деңгейін зерделеу.
7. Қарғалы ауданы жастарының құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алуға қатынасын анықтау.
ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Негізгі түсініктердің түсіндірілуі
Қоғамдық-саяси ахуал – қоғамдық-саяси өмірге қатысушылар бір-біріне әсерімен, қоғам мен мемлекетті басқарумен, осы жерде туындайтын істерді және проблемалардың шешімдерімен байланысты туындайтын қатынастар жиынтығы мен қоғамдық және саяси мүдделерді қозғайтын жағдай.
Әлеуметтік хал-жай – әлеуметтік топ өкілдерінің өз қоғамдық жағдайына, әлеуметтік-экономикалық және рухани қажеттіліктеріне, мүдделеріне қанағаттану деңгейін бағалаудың эмоциялық аспектісі.
Діни ахуал – нақты зерттеу нысанына (тұрғылықты, өндірістік, әкімшілік немесе территориялық бірлік) белгілі бір уақыт мезетінде діни көріністер кешенінің жинақтаушы сипаттамасы, олардың арасындағы және әлеуметтік тұтастықпен (социуммен, қоғамдық өмірдің басқа саласы мен тараптарымен) өзара байланысы.
Жастар – бұл жастық шектер және қоғамда өзінің мәртебесімен: балалық пен жасөспірімдіктен әлеуметтік жауапкершілікке көшумен ерекшеленетін айрықша әлеуметтік-жастық топ. Бірқатар ғалымдар жастар ретінде- қоғам оларға жеңілдіктермен қамтамасыз етіп, әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін беретін, дегенмен, социум өмірінің белгілі бір салаларында белсенді қатысу мүмкіндігін шектейтін жас адамдардың жиынтығы ретінде анықтайды.
Дін – моральді нормалар мен ғадет, ғұрыптар, культік әрекеттер мен адамдардың ұйымдарға бірігу типтерінің жиынтығын құрайтын, табиғаттан тыс дүниеге сеніммен шартталған ғаламды сезінудің ерекше формасы.
Мемлекеттiк жастар саясаты - мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтiк-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесi.
Инфляциялық таргеттеу — елдегі инфляция деңгейін бақылау мақсатында мемлекеттік билік органдары қолданатын шаралар кешені.
Инфляция — бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ, оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Девальвация – алтын стандарт жағдайында ақша бірлігінде алтын мөлшерінің төмендеуі. Қазіргі жағдайда термин халықаралық қаржы нарығындағы, ұлттық қаржы курсының төмендеуі, қаржы резервінің азаюы, мемлекеттің төлейтін балансы және тез арадағы сауданың төмендеуімен байланысты ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының заңды дәрежеде төмендеуі, құнсыздануы.
Жемқорлық - мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ , соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты, бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы;
Жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі, шараларды қоса алғанда келесі тапсырмалардың шешіміне бағытталған: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру; сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай туғызатын жағдайлар мен шарттар жиегінің тарылуы; жемқорлық құқық бұзушылықтар табылуы тиімділігінің жоғарылауы және олар үшін жазалауы; жемқорлық құқық бұзушылықтар субъектілер жайының себептеріне әсер ету; жемқорлықтың және оның барлық жағынан көрсетілетін жағымсыз қоғамдық атмосферасының құрылуы;
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - жемқорлықтың алдын алу бойынша, соның ішінде, жемқорлықтың себептерін анықтау және жою (жемқорлық профилактикасы), сондай –ақ, жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын кесу және олардың салдарын жою бойынша өз құзыреті шеңберінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі;
Жемқорлық жасау тәуекелі – лауазымды тұлғалар және мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестiрiлген адамдардың, жауапты мемлекеттік лауазымға ие тұлғаларда мемлекет пен қоғам мүдделеріне қайшы келетін жеке өзі немесе басқа тұлғалар, немесе ұйымдар үшін өз мәртебесін пайда табумен ұштастыратын(мүліктік жеңілдіктер және/немесе артықшылық, соның ішінде мүліктік емес сипаттағы) заңсыз пайдалануға мүмкіндігі бар жағдайлар;
Жемқорлықтық фактор – жемқорлық құқық бұзушылықты тудыратын немесе олардың таралуына ықпал ететін құбылыс немесе құбылыстардың жиынтығы.
