- •Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал»
- •Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал» Әлеуметтанулық зерттеу і кезең (2016 жылдың 1 тоқсаны) нәтижелері «Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығы» кмм
- •Бадамша – 2016
- •Зерттеу мақсаты мен міндеттері
- •Іріктемені қалыптастыру
- •Мәліметтерді жинау әдісі
- •Құралдар құрылымы
- •Диаграмма 4. Қарғалы ауданы тұрғындары арасында адаптантар мен дезадаптанттардың үлес салмағы (жалпы респонденттердің жауаптары)
- •Аудан тұрғындарының жергілікті мемлекеттік органдар, хқко жұмысына қатынасы және қарғалы ауданы тұрғындарының мемлекеттік органдарымен өзара қатынасы
- •Диаграмма 7. Қарғалы ауданы тұрғындар мазасыздануының көздері 1
- •Кесте №2. Қарғалы ауданы жас тұрғындарының бағалауы, %-бен
- •Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының, әсіресе жастар арасындағы елжандылық деңгейі
- •Кесте 3. Сіздің пікіріңізге сай, патриот болу деген нені білдіреді? (%-бен)
- •Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдауы
- •Диаграмма 11. Халықтың жемқорлыққа қарсы шаралар туралы ақпараттануы4
- •Диаграмма 12. Тұрғындардың ұсыныстары бойынша жемқорлыққа қарсы шаралар (%бен)
- •Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар
Құралдар құрылымы
Мәліметтерді жинау техникасы логикалық құрылымдалған сауалнама – әлеуметтік зерттеу сауалнамасы – бастапқы мәліметтерді жинау құралы, белгілі бір ереже бойынша құрастырылған және бір-бірімен байланысты сұрақтар жиынтығынан тұратын таралымы көбейтілген құжат болып табылады. Әлеуметтік сауалнама қасиеті мен сапасы, оның көлемі, құрылымы, сұрақтарды құрастыру ерекшелігі аталмыш құрал қолданылатын сауалнама типімен (жаппай), сонымен қатар зерттеу нысаны ерекшеліктерімен тығыз байланысты және сонымен анықталады.
Әлеуметтік сауалнама құрылымы үш блоктан тұрады:
1) кіріспе, жолдамадан, респонденттерге зерттеу туралы мәліметтерден, толтыру бойынша нұсқаулардан және т.б. тұрады;
2) негізі, зерттеу мәселесі бойынша сұрақтардан тұрады. Бұл блок зерттеу мәселесінің әр түрлі аспектілері немесе жеке тақырыптарға арналған бірнеше бөлімдерден тұруы мүмкін;
3) әлеуметтік-демографиялық, респонденттердің жынысы, жасы, білімі, кірісі және т.с.с. сипаттамалары туралы сұрақтар жиынтығынан тұрады.
Сауалнама тілі:респонденттің таңдауына байланысты қазақша және орысша.
Мәліметтерді жинауда зерттеудің далалық кезеңінде арнайы дайындалған сұхбаттасушылар қатысты. Жалпы жаппай сауалнамаға 1 өңірлік супервайзер басшылығымен 5 сұхбаттасушы өткізді.
Мәліметтерді өңдеу әдістемесі
Бастапқы мәліметтерді енгізу, өңдеу, бір өлшемдік, екі өлшемдік және үш өлшемдік кестелерді, кластерлі, факторлы талдауларды шығару SPSS 23 нұсқасы компьютерлік бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылды.
Сауалнама мәліметтерінің статистикалық талдауы келесідей рәсімдерден тұрады:
Сызықтық және тоғыспалы үлестірім талдауы.
Факторлы талдау
Корреляциялық талдау (әр түрлі параметрлердің өзара байланыстарының талдауы).
Мәліметтерді жалпылау және нәтижелерді интерпретациялау.
ЖАППАЙ САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСҚАН РЕСПОНДЕНТТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Респонденттердің негізгі әлеуметтік-демографиялық параметрлерін қарастыралық. Өткізілген жаппай сауалнамаға 48,2% ер және 51,8% әйел адамдар қатысты (1 диаграмма қараңыз).
Диаграмма 1. Гендерлік белгілері бойынша респонденттердің үлестері, %
Жас топтары бойынша іріктеме жиынтықтың үлестірімі келесідей беріледі: респонденттер саны бойынша 14-18 жас аралығындағы топ өкілетті болып табылады (2 диаграмма қараңыз).
Диаграмма 2. Жас топтары бойынша респонденттердің үлестері, %
Өткізілген зерттеу ерекшелігіне негізделе, іріктеме жиынтықтың бас жиынтық қасиеттерін бейнелеп қана қоймай, зерттеу мақсаттарына да жауап береді. Сауалнама барысында халықтың әр түрлі топтарынан жауап алынды, алайда, қоғамның әлеуметтік белсенді тобы сұрау алынғандардың барлық жиынтықтары арасында ең өкілді болып келеді.
Білім деңгейі респонденттер сипаттамаларының ең маңыздыларының бірі болып табылады. Ең басым топ жоғары білімге, соның ішінде ЖОО-нан кейінгі білімге ие болып табылады – 37%. Сонымен қатар, 1%ында сауалнама кезінде аяқталмаған жоғары білімі бар болатын. Оған қосып, сауалнамаға қатысушылар арасында арнайы орта білімі бар топ өкілді болып келеді (диаграмма 3 қараңыз).
Диаграмма 3. Респонденттердің білім деңгейі, %
Этникалық тиістілігіне қарай және метрикалық мәліметтеріне сәйкес; 71,5% қазақ респонденттер, 23% − орыс және 5,5% басқа ұлт өкілдері: немістер, украиндар, татарлар, белорустар, қырғыздар және т.б. сұрау алынды.
Дәл осылай, зерттеу іріктемесі негізгі әлеуметтік-демографиялық параметрлер бойынша халықтың құрылымын бейнелейді.
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ҚАРҒАЛЫ АУДАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ
Аудан тұрғындарының, әсіресе ауыл жастары арасындағы әлеуметтік ахуал мен хал-жағдайын анықтау және баға беру мақсатында, бейімдік ғадет модельдерін, эмоциялық жағдай, соңғы жыл ішіндегі әлеуметтік ахуалдың динамикасы, толеранттық (төзімділік) деңгейі мен тұрғындарды толғандыратын мәселелері анықталды. Аудан тұрғындарының бейімділік ғадет модельдерін анықтау үшін, респонденттерге «Жалпы, Сіздің қазіргі тұрмыс жағдайыңызға көзқарасыңыз қандай?» деген сауал қойылды. Төменде көрсетілген диаграммада берілгендей, аудан тұрғындары арасында адаптанттардың (бейімделген) үлес салмағы жоғары, яғни респонденттердің 95,5% позитивті тұрғыда жауап қайтарды, оның ішінде белсенді адаптанттардың үлесі 58% құраса, респонденттердің 37,5% пассивті (белсенді емес) адаптанттар. Дезадаптантардың (бейімделмеген) үлес салмағы сұрау алынған респонденттердің 0,5% құрайды. Өз жауаптарына күмәнданып, жауап беруге қиналған респонденттер 4%.
