- •Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал»
- •Қарғалы ауданындағы «қоғамдық-саяси ахуал» Әлеуметтанулық зерттеу і кезең (2016 жылдың 1 тоқсаны) нәтижелері «Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығы» кмм
- •Бадамша – 2016
- •Зерттеу мақсаты мен міндеттері
- •Іріктемені қалыптастыру
- •Мәліметтерді жинау әдісі
- •Құралдар құрылымы
- •Диаграмма 4. Қарғалы ауданы тұрғындары арасында адаптантар мен дезадаптанттардың үлес салмағы (жалпы респонденттердің жауаптары)
- •Аудан тұрғындарының жергілікті мемлекеттік органдар, хқко жұмысына қатынасы және қарғалы ауданы тұрғындарының мемлекеттік органдарымен өзара қатынасы
- •Диаграмма 7. Қарғалы ауданы тұрғындар мазасыздануының көздері 1
- •Кесте №2. Қарғалы ауданы жас тұрғындарының бағалауы, %-бен
- •Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының, әсіресе жастар арасындағы елжандылық деңгейі
- •Кесте 3. Сіздің пікіріңізге сай, патриот болу деген нені білдіреді? (%-бен)
- •Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдауы
- •Диаграмма 11. Халықтың жемқорлыққа қарсы шаралар туралы ақпараттануы4
- •Диаграмма 12. Тұрғындардың ұсыныстары бойынша жемқорлыққа қарсы шаралар (%бен)
- •Жалпы қорытындылар мен ұсыныстар
Ақтөбе облысы қарғалы ауданы тұрғындарының жемқорлықты қабылдауы
Осыған ұқсас әлеуметтік сауалнамалар әдетте халықтың пікірі мен қатынасын анықтауға тырысады, ал аталмыш зерттеуде респонденттердің жемқорлықпен жеке өмірлік тәжірибеде нақты кездесуі туралы сұрақтар қойылды. Зерттеу деректеріне сәйкес, респонденттердің басым көпшілігі (78,5%) жеке өмірлік тәжірибесінде Қарғалы ауданында жемқорлықтың көріністерімен кездеспеген, ал барлық респонденттердің 15%ы өздерінің жемқорлықты жағдайларға түскендігін мойындады.
Респонденттер соңғы уақытта елде жемқорлыққа қарсы шаралар жайлы ақпараттанудың жоғары деңгейін білдірді. Респонденттердің 55,5% кез келген деңгейдегі билік органдары жүргізетін шаралар жайлы хабардар екенін атады. Дәл солай, сұрау алынғандардың 39,5%ынан бұл бағытта қандай да бір хабарға ие емес екенін анықталды.
Оған қоса, жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған шаралар туралы ақпараттану деңгейін кеңінен қарастырған кезде, респонденттердің тек 36,5 %ының бұл сұрақ бойынша «ештеңе білмейтіні», хабардар емес екендігі анықталды (толығырақ диаграмма 11 көруге болады).
Диаграмма 11. Халықтың жемқорлыққа қарсы шаралар туралы ақпараттануы4
Халықтың басым көпшілігі жемқорлықпен ұсталған лауазымды тұлғаны қызметтен босату, жұмыстан шығару және парақорлар мен жемқорларға қарсы сот істері туралы көбірек хабардар. Жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған заңнамалық актілерді қабылдау мен арнайы органның құрылуы туралы аз хабардар. Жемқорлықтың алдын алу және болдырмау үшін, жоғарыда аталып өткен фактілерді ескере шараларды әзірлеу ұсынылады.
Дәл осылай, жемқорлыққа қарсы шаралар өткізу бойынша зор жұмыстарға қарамастан, мемлекеттік шаралардың тиімділігі салыстырмалы түрде жоғары, алайда қайшы әсер пайда болады – жемқорлық туралы көбірек айтылып, жазылған сайын азаматтарда осы әлеуметтік залалға оң көзқарас байқалады. Бұл жерде «жарнама әсері» және жемқорлық PR деп аталатын құбылыс орын алуы мүмкін.
Сауалнаманың басты маңызды аспектілерінің бірі, жемқорлықпен күресте қандай шаралар оның деңгейін төмендетіп, келешекте тиімді болуы мүмкін деген сұрақ болды. (Толығырақ диаграмма 12)
Диаграмма 12. Тұрғындардың ұсыныстары бойынша жемқорлыққа қарсы шаралар (%бен)
Сұрау алынғандардың көпшілігі, билік органдары жемқорлықтың алдын алу шараларын өткізуі қажет деген басымдылықты берді: билік органдарында ішкі бақылауды күшейту, соның ішінде - бюджеттік қаржыны бөлу және шығынын қатаң бақылау, лауазымды тұлғалардың мүліктік жағдайын, ресми түрде алатын кірісін шығынмен қадағалау, сондай-ақ, тиымдар мен шектеулерді шенеуніктердің сақтауына тұрақты ведомстволық бақылауды орнату (8,5%), биліктің ашықтығы мен айқындығын көтеру (3%), жемқорлықтың алдын алуға бағытталған заңнама мен қылмыс үшін жазаны жетілдіру (24%). Анағұрлым төмен пайызға - заң жобаларын, заңдардың мәнін жемқорлыққа итермелеушілікте тәуелсіз сараптама жүргізу секілді шара ие болды (0,5 %). Осы категориядағы шаралардың жинақты пайызы– 54% құрайды. Кейбірі билікте жемқорлықтың алдын алу шарасы ретінде жалақыны көтеру деп атайды, сұрау алынғандардың 3,5%, егер билік органдарында жалақыны көтерсе, онда жемқорлық деңгейі төмендейді деп санайды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында бұндай пайыммен тек 9,1% ғана келісті.
Әлеуетті тиімді ретінде ағартушылық шаралар шоғырын тек 68,5% атады, соның ішінде, халықтың құқықтық сауаттылығын көтеру – 34,5% және жемқорлық көріністеріне төзімсіздікті қалыптастыру бойынша халықпен үгіт жұмысын жүргізу – 34%.
Тиімді шаралар ретінде құқық қорғау шараларын респонденттер анағұрлым аз атады: құқықтық қорғау органдарының қызметтің тиімділігін көтеру – 19,5%, жемқорлық бойынша істерді қарастыруда сот қызметтің тиімділігін көтеру – 0,5%.
18-25жас топтарының өкілдері, басқаларына қарағанда билік органдарында қатаң бақылауды енгізу, билік органдарының есептілігін көтеру, билік органдарының ашықтығы мен айқындылығын жақсарту бойынша шараларды атады.
Әйелдер ерлерге қарағанда тиімді шаралар ретінде билік органдарына қоғамдық бақылау мен жемқорлық әкелетін залал туралы халықты үгіттеу секілді шараларды жиірек атады.
